- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1) Аймақтардың дамуында бюджеттік қатынастардың ролі қандай?
2) Нысаналы трансферттер деген не?
3) Нысаналы трансферттер қандай экономикалық мәселелерді шешеді?
4) Жалпы сипаттағы трансферттер қандай мақсатты көздейді?
Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттар
13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
Аймақтық мәселелер әлемнің көптеген елдерінде зор маңызға ие. Территория ауқымы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени дәстүрлері, халықтың этникалық құрамы, мемлекеттік құрылғысы бойынша елдердің аймақтық мәселелері арасында айтарлықтай ұқсастықтар бар.
Аймақтық мәселелерді шешуде дамыған үлкен елдерден (АҚШ, Канада, Австралия) көп мысал алуға болады. Бұл мәселелер – территориялық еңбек бөлінісінің өзгеру мәселелері, аймақаралық кооперацияның күшею, ескі өнеркәсіптік және аграрлы аймақтардың қайта құрылымдану, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша жақындау, табиғи ресурстарға бай перифериялық аймақтарды игеру, қала мен ауылды аймақ арасындағы миграцияны реттеу, аймақтардағы экологиялық жағдайды сауықтыру мәселелері. Аталмыш елдерде аймақтық мәселелердің шешілуі үнемі үлгі тұтарлықтай болмағанымен, барлық жағдайларда олар жаңа тәжірибе үшін білімдер кешенін береді. Елдің көптеген орта және шағын территориялары да аймақтық мәселелерді шешуде құнды тәжірибе беруі мүмкін. Мұндағы бастысы – ел көлемі емес, оның аймақтық алуандығы мен мемлекеттің аймақтық саясатының белсенділік дәрежесі (кесте 13.1).
Кесте 13.1
Шет елдердегі аймақтық саясатты салыстырмалы талдау
Экономикасы дамыған елдер |
Өтпелі экономикалы елдер |
Аймақтық саясаттың мақсаттары |
|
1. Барлық аймақтардың қызығушылықтарын ескере отырып, территориялық құрылымды реттеу және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету; |
1. Капиталдарды минималды салу барысында максималды пайда беретін аймақтарды игеру |
2. Өнеркәсіпті басымды дамыту |
2. Территориялардың игерілуі үшін алғышарттар жасау (табиғи-ресурстық потенциалға ие) |
Заңнама актілерін қалыптастыру ерекшеліктері |
|
1. Өнеркәсіп, кәсіпкерлік, инфрақұрылымды дамыту және орналастырумен байланысты заңдарды қабылдау |
1. Фрагменттік заңдарды қабылдау |
Мемлекеттік реттеудің сипаттамасы |
|
1. Мемлекет пен барлық аймақтардың қызығушылықтарын қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы негізінде тұтастай экономиканың тиімді дамуын ескере отырып жоспарлау |
1. Фрагменттік жоспарлау |
2. Мемлекет, ғылым және кәсіпкерліктің өзара әрекеттесуі |
2. Қаражаттардың болмауынан әлсіз мемлекеттік реттеу |
3. Экономиканың дамуына ықпал ету механизмдерінің неғұрлым жетілген жүйесі |
3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың ойластырылған стратегиясының болмауы |
- |
4. Аймақтық жобалар мен бағдарламалардың төменгі сапасы |
- |
5. Экономика дамуының сыртқы нарыққа бағдарлануы |
- |
6. Түрлі ведомстволар арасында координацияның болмауы |
- |
7. Білікті кадрлардың жетіспеуі |
- |
8. Территорияның әлсіз зерттелуі |
- |
9. Аймақтық статистиканың нақты болмауы |
- |
10. Реттеу механизмдерінің экономиканың дамуына әлсіз ықпалы |
Дамыған елдердегі аймақтардың тұрақты дамуы мен «орталық-аймақтар» жүйесінің сенімді әрекет етуі көбінесе орталық, аймақтық және муниципалды биліктер арасында істі жүргізу заттарының нақты бөлінуімен, бюджеттік федерализмнің нақты жүйесімен, мемлекеттік реттеудің түрлі формалары және құралдарын пайдаланумен анықталады.
Сырттан гүлденуші елдер өздерінің аймақтық мәселелерін толығымен шешті деген пікірдің қалыптасуы дұрыс емес. Тәртіп бойынша, дәстүрлі мәселелер жөнге келтіріледі, жаңа сапаға өтеді, бірақ мүлдем жойылмайды. Сонымен қатар, әлемде постиндустриалды, ақпараттық қоғамға өтумен және экономиканың жаһандануымен байланысты жаңа аймақтық мәселелер туындауда. Қазақстан үшін де үнемі қуып жетуші қалпында қалмас үшін, туындаушы сапалы өзгерістерден қалыс қалмаған жөн.
Заманауи Қазақстан тек дамыған елдермен ғана емес, сонымен қатар дамушы елдермен де аймақтық мәселелерді шешуде көптеген ортақ сипаттарға ие. Бұл, ең алдымен, Қытай, Бразилия, Мексика сияқты елдер. Аталмыш елдердің өз аймақтарын халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа белсенді енгізуі (Қытайдың еркін экономикалық зоналары, Мексиканың шекаралас поясы), жаңа аймақтардың экономикалық игерілуі (Бразилия), көліктік және энергетикалық құрылыс (Бразилия, Қытай), аймақақаралық интеграцияның ынталандыруы сияқты нәтижелерін атап өтуге болады.
Аймақтық дамудың әлемдік тәжірибесін зерттеудегі басты мәселе – қандай да бір аймақтық мәселелердің мәнін жақсы түсініп қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық жағдайларда қолдану мақсатымен оларды шешу тәсілдерін меңгеру. Мұнда қандай да бір елдің тәжірибесін көшіруге үміт артпау керек, себебі әлемдік тәжірибені тек толық іріктеу ғана табыс әкелуі мүмкін.
