Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары

Елдің қандай да бір аймағында арнайы экономикалық аймақты құру, бір жағынан, нақты аймақ мәселесін шешуге мүмкіндік береді (әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарының жылдамдауы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі), ал екінші жағынан, жалпымемлекеттік мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді (елге шетелдік инвестицияларды, алдыңғы қатарлы технологияларды тарту және т.б.). Жалпы түрде АЭА-мен шешілетін мәселелер мынадай блоктарға топтастырылады:

1. Экономикалық блок мәселелері: арнайы жеңілдікті экономикалық механизмнің, тұрақты заңнамалық базаның, түрлі ұйымдық мәселелерді жеңілдету есебінен шетелдік және ішкі капиталды тарту; дайын өнім экспортын кеңейту, импортты оңтайландыру және тауарлар өндіруде импорттың орнын басу механизмін құру мақсатымен халықаралық еңбек бөлінісі мен капитал айналысынан артықшылықтарға ие болу; АЭА барлық ұйымдары мен кәсіпорындарының сыртқыэкономикалық іс-әрекеттің түрлі формаларына қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, сыртқы сауда монополиясын жою; ел мен аймақтар бюджетіне валюталық түсімдердің артуы.

2. Әлеуметтік блок мәселелері: нақты аймақтардың дамуын жылдамдату; жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың жұмысбастылығын арттыру; ұйымдастыру, басқару, қаржылар саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеу мен енгізу жолымен жұмыс күшінің біліктілігін арттыру; басқару технологиясына қатысты әлемдік талаптарға бағдарланған менеджмент мәдениетін тәрбиелеу; халықты сапасы жоғары тауарлармен қанағаттандыру.

3. Ғылыми-техникалық блок мәселелері: алдыңғы қатарлы технологияны тарту; инновациялық процестерді жылдамдату; шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту; қуаттылықтарды пайдалану тиімділігін арттыру.

Алғашқы еркін экономикалық аймақтардың Батыс Еуропада пайда болуына қарамастан, қазіргі таңда олар бүкіл әлем бойынша кеңінен таралған. Бүгіндері әлемде шамамен 4000-ға жуық еркін экономикалық аймақ түрлерінің болуы олардың үлкен тиімділігін дәлелдейді. Мұнда еркін экономикалық аймақтардың құрылуын елдердің басым бөлігі инвестициялық салаға шетелдік және ұлттық капиталды тарту, өнімнің (қызметтер мен жұмыстар) экспортын кеңейту, валюталық түсімдердің өсімін қамтамасыз ету, жаңа технологияларды пайдалануға жол ашу, халықтың жұмысбастылығын арттыру, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға жаңа мүмкіндіктер алу, ұйымдастыру мен басқару саласына алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені енгізу, ішкі нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырады.

Әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда еркін экономикалық аймақтар аймақтық саясаттың айтарлықтай тиімді құралы ретінде пайдаланылады. Осылайша, елімізде әрекет етуші экономикалық аймақтар алдына қойылған стратегиялық мақсаттар мен мәселелер ретінде жаңа және жоғары технологияларға негізделген өндірістерді дамыту үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға, экспорттың кеңейтілуі мен аймақтардың экономикалық өсімі үшін қолайлы жағдай жасауға аса назар аударылады. Арнайы экономикалық аймақтар республиканың ғылыми-инновациялық және инвестициялық саясатының элементі ретінде де қарастырылады, себебі оларда экономиканы басқарудың жаңа механизмдері, экономиканың инновациялық, ресурс жинақтаушы, әлеуметтік-бағдарланған сипатын анықтайтын басымды салалар мен өндірістердің дамуына инвестицияларды тарту мүмкіндігі пайдаланыла алады.

Арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде оның қызметінің басым түрлерінің тізбесі айқындалады. 

Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты жергілікті және (немесе) орталық атқарушы органдар, кәсіпкерлер қауымдастықтары мен одақтары арнайы экономикалық аймақ құрудың қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, өтінішті, арнайы экономикалық аймақ құрудың тұжырымдамасын, экономикалық негіздемесін және арнайы экономикалық аймақ туралы ереженің жобасын ұсыну арқылы өкілетті органға енгізеді.

Өкілетті орган мынадай жағдайларда арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайды:

1) сарапшылық кеңестің қорытындысы негізінде арнайы экономикалық аймақ құру мақсатқа сай болмаған;

2) арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;

3) ұсынылған материалдар толық болмаған немесе дәйексіз болған;

4) ұсыныстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген.

АЭА 25 жылға дейінгі мерзімге құрылады. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың иелігінен мәжбүрлеп шығарылған жер учаскелерінде құрылады. Бұл үшін қажет жер учаскелері мемлекет меншігінде болмаған жағдайда арнайы экономикалық аймақтар құру осылай иеліктен мәжбүрлеп шығаруға негіз болып табылады. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жер учаскесіне қатысты арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі кезеңінде жерге меншік иесі ретінде мемлекеттің құқығын жүзеге асырады.

ҚР-ң 2007 жылғы 6 шілдедегі N 274 «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі кезеңінде сатуға және өзге де иеліктен шығаруға тыйым салынады. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан, қызмет жүргізу туралы келісім шеңберінде тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісінің иесі арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша тиісті жер учаскесін басымдықпен сатып алу құқығына ие болады.

Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде жеке меншікке сатып алынбаған жер учаскелерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің балансындағы инфрақұрылымдық ресурстарды арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына береді.