Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

Аймақтық дамудағы жоспарлау қызметі мақсаттарды анықтаудан, оларға қол жеткізуге қажетті ресурс шығындарын, тәсілдері мен мерзімдерін анықтаудан, басқару объектісінің іс-әрекетін кезеңдік бақылау формалары мен әдістерін анықтаудан тұрады.

Жоспарлау болжамдаумен тығыз байланысты болуы керек. Болжам стратегиялық басқару шешімін қабылдаудың сенімді құралы болып табылады.

Жоспарлау мен болжамдау аймақтардың песпективалық даму жолдары мен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың функционалды блоктарын айқындауға бағытталған. Олар аймақтық зерттеулердің ажырамас бөлігі мен аймақтық басқарудың буыны болып табылады. Модельдеу мен болжамдау табиғат, қоғам, ойлау заңдылықтарын тануға негізделген дамудың мүмкін болатын бағыттарын сипаттаушы ретінде түсіндірілетін ғылыми болжамдау құрамына енгізіледі.

Аймақтық дамудың алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін экономикалық саясат аймақтық басқару органдарының өзра келісілген құжаттардың белгілі жүйесін өңдеуді талап етеді. Осындай маңызды құжаттардың бірі - жоспар-болжамдар. Оларда мыналар көрініс табады:

- біріншіден, аймақ экономикасы дамуының неғұрлым тиімді бағыттары;

- екіншіден, олар осы бағыттардың бағдары мен әлеуметтік-экономикалық негіздемесі болып табылады.

Осындай жоспар-болжамдарды өңдеу қажеттілігі нақты экономикалық жүйе, тұтас ағза ретіндегі аймақ экономикасының түрлі қоғамдық салаларда қызмет ететін, өндірістік мамандануы әр түрлі шаруашылық субъектілерді қамтуымен байланысты болады. Олардың қарқынды дамуы үшін олардың экономикалық іс-әрекетінің белгілі келісімділігін қамтамасыз етіп, іс-әрекеттерін координациялап, бақылап, жалпы аймақтық мәселелерді шешу шеңберіне бағыттап, аймақтың тиімді дамуының барлық талаптарына жауап беретін аймақтық даму стратегиясын өңдеу қажет. Осындай келісімділікті қамтамасыз етудің басты әдістері – жоспарлау және болжамдау.

Болжамдау – бұл қалыптасқан параметрлер мен болашақтағы технико-технологиялық өзгерістерді ескеретін, экономиканың болашақта даму қарқындарын ғылыми және нұсқаулық болжау процесі. Осындай болжам болжамдау мақсатын, қайнар көздері мен көлемдері, аймаққа даму ресурстарын тарту мүмкіндіктері мен шарттарын, тауарлы нарықтарды, экономиканың тиімділігін арттыру көздерін сипаттайды. Ол ұзақ мерзімді (10 жылдан астам), орта мерзімді (5 және одан жоғары), қысқа мерзімді (1жылға дейін) болады. Осындай болжамдар келесі қағидаларға негізделеді: жүйелілік, ғылыми негізділік, объективті заңдылықтарға адекваттылық, баламалылылық. Тәжірибеде болжамдаудың келесі әдістері қолданылады: интуитивті, математикалық.

Жоспарлау – бұл бастапқы ақпаратты өңдеуге негізделген және мақсаттардың ғылыми дайындығын, мақсатқа қол жеткізу құралдары мен жолдарын анықтауды қамтитын басқарушылық шешімді дайындау процесі.

Жоспарлау – мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастыру қызметі мен экономикалық саясатты жүзеге асыру тәсілі. Жоспарлаудың маңызды бөлігіне бағдарламалау жатқызылады. Ол болжамды өңдеулерге негізделіп, мақсатты кешенді бағдарламалар жобаларын құру мақсатын көздейді.

Аймақтық мақсатты бағдарламалау жоғарғы деңгейге мәселелік аймақтарға белсенді ықпал етіп, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айырмашылықтарды азайтуға бағытталған ағымдық және стратегиялық мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік береді.

Аймақтық процестерді болжамдау – басқарудың күрделі процесінің маңызды да ажырамас бөлігі. Одан аймақтық дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарлары, еңбек, табиғи және материалды-заттай ресурстардың пайдаланылу толықтығы айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.

Аймақтық болжамдау әдістемесінің негізінде тек тұтастай мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жүйенің ғана емес, сондай-ақ оның құраушыларының жүйесінде де әрекет ететін заңдарды тану мен пайдалану жатыр. Аймақтық болжамның құрылымы аймақтағы өндіріс пен орналастырудың түрлі деңгейлерімен қатар, ұдайы өндіріс аспектілерін де қамтиды. Тікелей және кері байланыстардың әрекетін ескере отырып, болжамдардың тұтастай спектрін байланыстары жалпыланған аймақтық боджам қамтамасыз етеді. Ал оның негізінде аймақтың тұжырымдамасы мен стратегиялық жоспары қалыптасады.

Аймақтық болжамдардың өңделуі 2 әмбебап тәсілдемелерге негізделеді:

1. генетикалық тәсілдеме аймақтың өндіргіш күштерінің қол жеткен даму деңгейіне байланысты, анықталған аймақтық мәселелерге байланысты аймақтың даму бағыттарын негіздейді;

2. нормативті-мақсатты тәсілдеме барысында аймақтың даму жолдары алдын ала бекітілген мақсаттардан тәуелділікте болады.

Аймақтық дамуды болжамдау прогностика мен территориялық болжамдаудың жалпы қағидаларына сәйкес құрылады. Осы қағидалардың ішінде жүйелілік пен келісімділік, нұсқалылық пен үздіксіздік, сондай-ақ шынайылық пен нақтылылық аса маңызды. Территориялық болжамдар аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы, қаржылық жағдайының, өндіргіш күштерді орналастыру сызбаларын өңдеу барысында қолданылады. Орта және ұзақ мерзімді кезеңдер үшін олардың қажеттілігі территориялық мәселелердің ұзақ мерзімділігі және кешенді сипатымен, макроэкономикалық саясаттың аймақтық кешендер мен нарықтардың қалыптасуына ықпалымен байланысты болады. Мысалы, Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын қарастырсақ, ол мынадай бөлімдерден құралады:

  • кіріспе;

  • 1. Қарағанды облысының экономикалық дамуының тенденциялары;

  • 1.1. 2008-2009 жылдардағы экономикалық өсім;

  • 1.2. 2010 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары;

  • 2. Қарағанды облысы экономикасының 2011-2015 жылдардағы даму жағдайы мен факторлары;

  • 2.1. Дамудың ішкі және сыртқы факторлары;

  • 3. 2011-2015 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен нысаналы индикаторлары;

  • 4. Қарағанды облысының бюджеттік параметрлерінің болжамы;

  • 4.1. Салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары;

  • 4.2. Кірістер түсімдерінің болжамы;

  • 4.3. Бюджет бөлігінің болжамды шығындары.