- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
Соңғы жылдары аймақтар арқылы мемлекетті басқару жүзеге асатындықтан мемлекеттік басқарудың жалпы жүйесіндегі аймақтық басқарудың ролі артуда. Аймақтық басқару аймақтық ерекшелікті ескере отырып ұлттық қызығушылықтардың өткізушісі болып табылады. Халықтың өмірлік іс-әрекетінің барлық өзекті мәселелері республика аймақтары арқылы шешіледі. Субъектілерді басқару органдары аймақтағы жағдай үшін халық пен орталық алдында жауапты болып табылады.
Аймақтық басқару – барлық ведомстволық салалармен әкімшілік-территориялық шекараларда Қазақстан Республикасы аймақтарының мемлекеттік билік органдарымен жүзеге асырылатын мемлекеттік басқару.
Аймақтық басқару ҚР аймақтар территориясындағы, яғни облыстар мен қалалар территориясындағы шекараларды басқарумен ұқсастырылады. Мұндай аймақтық басқарудың құқықтық, ұйымдық, қаржы-ұйымдық қамтамасыз етілуі ел аймақтарының әкімшілік территорияларында территориялық негізге ие жергілікті өзін-өзі басқарудан алыстатыла алмайтынын ескеру керек.
Әлемдік тәжірибеде аймақтық деңгейдегі басқару жүйесін жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлестіру аса күрделі мәселе болып табылады. М. Стронгина былай көрсеткен: «құқықтық актілерге қарамастан жергілікті өзін-өзі басқару аймақтың атқарушы билік жүйесіне енуде, бұл, өз кезегінде, территориялық құрылымдардың өзін-өзі басқару бастамаларын бұзады». Оның пікірінше, жергілікті өзін-өзі басқарудың неғұрлым перспективалы бірлігі болып аудан табылады.
Аймақтық басқарудың басты мақсаты – кешенді дамыту негізінде нақты территорияда өмір сүретін халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін арттыру. Өзінің қызметтерін жүзеге асыруға аймақтық биліктің қабілеттілік тұрғысынан негізделген аймақтың шаруашылық-экономикалық дербестік деңгейі аймақтық басқарудың тиімділігіне ықпал етеді. Аймақтарға нақты дербестік берілуіне байланысты қызығушылықтар мен жауапкершіліктің жаңа аймақтық саласы қалыптасады. Маңызды аймақтық қызығушылықтарға жататындар:
- Халықтың өмір сүру деңгейінің мемлекеттік және өзге де стандарттарға сәйкес келуі;
- Бюджетті-қаржылық және өзге де материалдық қайнар көздердің (меншік) болуы;
- Қолда бар ресурстарды, интеллектінің пайдалану потенциалы;
- Аймақішілік және аймақаралық байланыстарды дамыту инфрақұрылымының болуы;
- Аймақтың табиғи ресурстық және экологиялық потенциалы;
- Қоғамдық-саяси және ұлтаралық жағдайдың тұрақтылығы.
Аймақтық қызығушылықтарды ескере отырып аймақтық басқарудың мақсаттары, қағидалары мен әдістері қалыптасады.
Аймақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге мақсатты ықпал ету қағидаларының жиынтығы ретіндегі аймақтық басқарудың қазіргі таңдағы негізгі қағидалары: орталықсыздандыру, әріптестік, субсидиарлық мобильділік пен бейімділік, өкілеттілік қағидалары.
Орталықсыздандыру қағидасының мәні шешім қабылдауды орталық басқару органдарынан нарық агенттеріне ауыстырудан тұрады. Аталмыш қағида жалпы билікті қолға алуға қатысты аймақтық басқарудың монополиясын шектейді, аймақтағы шаруашылық субъектілерінің экономикалық еркіндігін қамтамасыз етеді, жоғарыдан төменге дейінгі басқару қызметтерінің делегирленуін қамтамасыз етеді.
Аталмыш қағидаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы мынадай түсініктерді ажыратқан жөн:
- жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
- жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
- жергілікті мемлекеттік басқару – тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
- жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын нормативтік-құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдары — нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
- жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Осының барлығы территориялық деңгейде халықтың өмір сүруіндегі маңызды тұтыну мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Тәртіп бойынша, аталмыш тұтыну мұқтаждықтары халық өмір сүріп, экономикалық процеске белсенді немесе белсенді емес қатысатын жергілікті деңгейде жүзеге асырылады.
Осылайша, жергілікті басқарудың міндеті - әлеуметтік-экономикалық процестерді белсендендіру, халықты барлық қажетті қызметтермен қамтамасыз ету (оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін күшейту жолымен).
Мәселенің құқықтық аспектілерінің жағдайын талдай келе, Қазақстан Республикасының Конституциясында (89 бап) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет ету қажеттілігі танылып, бекітілген өкілеттік шеңберінде олардың дербестігіне кепілдік берілетінін айта кету керек.
Аталмыш мәселелер территориялық деңгейдегі басқару жүйесінің заңнамалық базасын құру жолымен шешілуде. Аталмыш процесс шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң қабылданған болатын. Ол жергілікті мемлекеттік басқарудың өкілеттігін және мәслихаттардың құқықтық жағдайын анықтай отырып, қоғамдық қатынастарды реттейді.
Әріптестік қағидасы вертикаль бойынша қатаң иерархиялық бағыныштылықтан алшақтауды білдіреді. Ол заңды түрде тең әріптестердің өзара әрекет ету процесінде аймақтық басқару объектілері мен субъектілерінің әрекет ету ережелерін анықтайды.
Субсидиарлық қағидасы алдын ала анықталған мақсаттарға қаржылық ресурстарды бөлуді білдіреді. Ол аймақтық басқаруда аймақтың барлық халқы үшін минималды мемлекеттік әлеуметтік стандарттар мен минималды бюджеттік қамтамасыз етілуді қамсыздандыру мақсатында қаржылық ресурстарды қайта бөлу механизмдерін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Мобильділік пен бейімділік қағидасының мәні аймақтық басқару жүйесінің сыртқы орта өзгерістеріне жылдам әрекет ету қабілеттілігінен тұрады. Аталмыш қағида басқару субъектілеріне нарықтық қызмет етудің жылдам өзгеруші шарттарына бейімделуіне мүмкіндік беретін аймақтық менеджменттің функционалды және аймақтық құрылымдарының тұрақты трансформациясы арқылы байқалады.
Өкілеттілік қағидасы (қызметтерді бөлу қағидасына қарағанда) қызметтерді аймақтық басқару салалары арасында емес, олардың ішіндегі қызметтерді бөлуден тұрады. Осы қағида бойынша республикалық, аймақтық және жергілікті басқару субъектілері қызметтерінің қайта бөлінуі мен әр қызметті жүзеге асырудың ресурстық қамтамасыз етілуі жүзеге асырылады.
