- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстан экономикасы бірқатар мәселелерге тап болды. Ондағы басты мәселелер: шикізаттық бағытталу, әлемдік экономикамен интеграцияланудың әлсіздігі, ел ішіндегі әлсіз салааралық және аймақаралық экономикалық интеграция, ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының жоғары болмауы (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы және т.б. Қазақстандық экономиканың шикізаттық бағытталуы, әлеуметтік топтар мен кластардың даму мәселелері, ұлтаралық қатынастар сияқты мәселелер бүгін туындамады. Олар ұзақ уақыт бойы қалыптасып, Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін, әсіресе елдің индустрияландырылуымен байланысты болды.
ХХI ғасырға Қазақстан Республикасы мұнай мен газдың барланған қоры бойынша алдыңғы қатардағы державалар ретінде енді.
Әрине, өндірілген мұнайдың үлкен көлемі, ең алдымен, елдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылуы керек, ал артық қалғандары сыртқы мұнай нарығына экспортталуы тиіс. Бүгіндері республикамыз өндірілген мұнайдың басым бөлігін экспорттайды (жыл сайын 1 миллион баррель экспорттайды) және Қашаған кен орнының жобалық деңгейге жеткеннен кейін, яғни аталмыш көрсеткішті 10 жылдан кейін үш еселеуді жоспарлайды. Мұнайды пайдаланудың мұндай сызбасы мұнайға бай барлық елдерде әрекет етеді.
Әлемдік тәжірибе шикізат ресурстарына ие кейбір дамушы елдердің тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауарлы нарықтарындағы конъюнктураның өзгерісінен үлкен тәуелділікте қалатынын көрсетеді.
Экономиканың шикізаттық секторларынан айтарлықтай табыстарға ие бола отырып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сол уақытта ресурстары аз елдер үнемі экономиканың жаңа секторларын дамытуға ұмтылады. Алайда ұзақ мерзімді перспективада шикізат қорларың сарқылуы пайдалы қазбалардың кен орындарын толық өңдегеннен кейін тұрақты дамуға қатысты айтарлықтай мәселелерді туындатады.
Сондықтан еліміздің 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының басымдықтарына шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларында әрекет ететін потенциалды бәсекеқабілетті, оның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуды жатқызуға болады. Ұзақ мерзімді стратегиялық мәселелерді шешу мақсатында ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайдың жасалуына ерекше назар аудару қажет.
Мұнайдың экспортерлері болып табылатын барлық елдерде өзінің экономикасын әртараптандыру мәселелері аса өзекті болып табылады. Әлемде осы бағыттағы біршама тәжірибе жинақталған.
Қазақстандағы экономиканың құрылымын әртараптандыру үшін қолайлы орта болып мұнай-газ өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың ұлғаймалы көлемі табылады.
Моносалалары аймақтар, ең алдымен, депрессивті территорияларға жатқызылады. Шығарылатын өнімге сұраныстың жоғалтылуы, өндірістің рентабельді болмауы аймақтағы өнімді шығару көлемінің төмендеуі, территорияның орташа даму деңгейінен депрессивті аймаққа айналуының басты себептеріне айналды. Көбінесе нарыққа өту жағдайында тау-кен өңдеуші өнеркәсібі бар моносалалық территориялар депрессивті аймақтарға айналған (сурет 6.1.). Әлемдік тәжірибе ондай аймақтардың дағдарыстан дербес шыға алмайтынын көрсетеді.
Моносалалық аймақтарды қарастыратын болсақ, жоғарыдағы суреттен моносалалық аймақтардың біріне Маңғыстау облысының жатқызылатынын байқауға болады. Онда экономиканың моносалалық бағыттылығы тұрақты даму үшін айтарлықтай тәуекелге ие (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық). Алайда, 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясымен анықталған Маңғыстау облысының даму басымдықтары (мұнайды қайта өңдеу, мұнай-газ секторындағы сервистік қызмет көрсету, энергетика, арнайы экономикалық аймақ территориясындағы өңдеуші өнеркәсіптер, халықаралық логистика, туризма) аймақтық экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау) міндетіне жауап беріп, елдің шикізаттық емес секторын дамытуға ықпал ететін болады. Себебі олар Қазақстан Республикасының ғаламдық экономикаға толыққанды қатысуына бағытталған.
Сонымен қатар, бизнесті басқарудың заманауи формалары мен әдістерін енгізу, ресурс жинақтаушы технологияларды енгізу, ұқыпты өндірісті игеруге қатысты кәсіпорындарға да мемлекеттік қолдау көрсеткен жөн.
Сурет 6.1. Қазақстан Республикасындағы аймақтардың жіктелуі
Өңдеуші сектордағы ірі компаниялар экономиканың өзге секторларын дамытуда негіз болып, макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканың жаңаруы және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының артуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
