- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
Қазақстандық экономиканың қазіргі таңдағы кеңістіктік құрылымының көптеген қасиеттері бірқатар физико-географиялық, табиғи-ресурстық, экономикалық және өзге де факторлардан тәуелді. Көп ғасырлық тарихи мұра: орасан зор территория, оның Еуразиядағы тереңдей орны, қатаң климаттық жағдайлары мен территорияның көп бөлігіндегі халықтың төменгі тығыздығы, табиғи ресурстар, халық және өндірістің шоғырлануы арасындағы кеңістіктік алшақтық - осының барлығы Қазақстан аймақтарының дамуына ықпал ететін факторлар. Оған қоса кеңестік кезеңде жүзеге асырылған шаруашылықтың кеңістіктік ұйымдастырылуының салдарларын да жатқызуға болады.
ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңына дейін өндіргіш күштерді орналастырудың белсенді саясаты жүзеге асырылды, оның нәтижесі болып Қазақстанның табиғи ресурстарын ауқымды игеру табылады. Республикадан үлкен көлемде табиғи-шикізаттық ресурстар экспортталып, тек экологиялық ластанған қоршаған орта ғана қала берді. Елдің барлық өнеркәсіптік орталықтарында атмосферадағы зиянды заттардың болуы шекті рұқсат етілетін нормалардан едәуір басым келеді.
Қазақстаннан ауылшаруашылық шикізат та үлкен көлемде сыртқа шығарылды. Одақтық қорға өндірілетін ет өнімінің 33%-ы бағытталды, алайда республикада еттің тұтынылуы жалпы Одақпен салыстырғанда төмен болды: Қазақстанда халықтың жан басына шаққанда жылына 32 кг ет, ал КСРО-да – 42 кг ет тиесілі болды. Астық, мақта, былғары, жүннің жартысынан көбі елден сыртқа шығарылды. Жердің 20 млн. га-дан астамы ЖӨК-ң иелігінде болды.
Осындай саясаттың салдары – осында тұратын тұрғын халықтың өмір сүруінің төменгі деңгейі (әсіресе ауылды аймақтардағы). 214 ауылды аймақтардан 184 (84%) дотациялы болды, 70 аудан экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі бойынша өте артта қалған деңгейде болса, ал 30 – өте нашар жағдайда болды.
Экономикалық реформалардың басына қарай қазақстандық экономика деформацияланған құрылымға, яғни шикізаттық салаларды интенсивті дамыту бағытына ие болды. Көптеген өндірістерді шамадан тыс шоғырландыру, аймақтардың тар мамандануы, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы үлкен алшақтық, моноқалалардың әрекет етуі (оның ішінде жабық), экологиялық жағдайы нашар зоналардың басым болуы, шағын қалалардың нашар жағдайы, көптеген ауылды жерлердің деградациясы (кері кету) сияқты экономиканың кеңістіктік ұйымдастырылуының қасиеттері тәуелсіз қазақстандық экономиканың қалыптасуында үлкен экономикалық, әлеуметтік және саяси қиындықтар туындатты. Олар аймақтық дамуға да кері ықпал етті.
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру жылдарында Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы және оның аймақтарының да жағдайы айтарлықтай өзгерді. Әсіресе соңғы 5-6 жылда аймақтық дамуда оңды қарқындар байқалды. Олар:
- республиканың барлық аймақтарындағы өнеркәсіптік өндірістер көлемінің өсімі;
- барлық аймақтардағы инвестициялық белсенділіктің күшеюі;
- жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі.
Дегенмен де бұрынғы дамудың тарихи тамырлары әлі де етек жайып, аймақтар экономикасының тиімсіз кеңістіктік ұйымдастырылуын дәлелдейді. Көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша аймақтардың дифференциациясы күшеюді жалғастыруда. Осылайша, халықтың жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім көрсеткіші бойынша айырма 12 есені құрайды, 2004 жылы ол Атырау облысында 1099,4 млн.тенгені, Жамбыл облысында – 91, 2 млн. тенгені құрады; Атырау облысындағы максималды мән (24,4 мың теңге) мен Оңтүстік-Қазақстан облысындағы минималды мән (6,5 мың теңге) арасындағы халықтың жан басына шаққандағы орташа айлық ақшалай табыстардағы айырмашылықтар 4,6 есені құрайды.
Неғұрлым көрнекі түрде аталмыш дифференциация адамзат дамуының индексі (АДИ) сияқты неғұрлым жалпылаушы көрсеткішті талдаудан байқалады. 1998 жылдан бастап республика аймақтары АДИ көрсеткіштері бойынша 4 топқа біріктіріледі:
1. 0,800-ден басым түсетін салыстырмалы жоғары АДИ (Атырау, Маңғыстау облыстары, Алматы және Астана қалалары).
2. 0,760 – 780-ге тең АДИ-ң орташа республикалық деңгейі (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары);
3. 0,750-ге тең АДИ-ң орташа республикалықтан төмен деңгейі (Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары);
4. 0,700 – 0,730-ге тең салыстырмалы төмен АДИ деңгейі (Ақмола, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары).
Нарықтық интеграция дегеніміз тек аймақтардың бірігуінің ғана емес, сондай-ақ экономикалық кеңістіктің біртектілігінің күшеюін білдіреді. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы дифференциацияның күшеюі өзін-өзі реттеу мүмкіндіктерін шектеп, мемлекеттің «әлсіз» аудандарды қолдауға қатысты ресурстарын өзге салаларға жұмсауына әкеледі. Өкінішке орай, көміртегі шикізатына бай, сондай-ақ металлургиялық базаға ие Қазақстанның аймақтары өзге аймақтардан оқшаулана түсіп, экспорттық потенциалдарының күшеюімен шет елдермен ынтымақтастыққа бағдарланды. Аталмыш процесс аталмыш аймақтардың шикізаттық бағытталуын күшейтіп, оларды моносалалы аймақтарға айналдырып, аталмыш аймақтар халқының төлемқабілетті сұранысына қызмет ететін импортты тауарлар ағынына ықпал етеді. Бұл сыртқы сауданың ішкі салааралық өндірістік байланыстарды аз көлемде қозғап, нақтырақ айтсақ, аталмыш аймақтардың әлемдік экономиканың субъектілері болып табылатындықтан аймақаралық байланыстарды басып-жаншиды дегенді білдіреді.
Осының барлығы ұлттық экономиканың кеңістіктік дезинтеграциясының көріністері болып табылады. Осындай жағдайды болдырмас үшін Орталық пен аймақтық органдарға аймақаралық экономикалық қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Дезинтеграциялық қарқынды жою экономикалық өсімнің қалпына келуімен байланысты. Сыртқы сауданың өсім қарқынымен салыстырғандағы ЖІӨ басым деңгейдегі өсімі интеграциялық қарқындардың қалпына келуіне әкеледі.
Аймақтық экономикалық саясаттың негізгі мәселелері:
- аймақтардың балансталған әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
- мәселелік шағын қалалар мен депрессивтік алшақ ауылды аудандарға мемлекеттік қолдау көрсету;
- ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекаралас аймақтардың экономикалық потенциалын нығайту бойынша мемлекеттік саясатты өңдеу және жүзеге асыру;
- Орталық және жергілікті басқару органдары арасындағы қатынастарды әрі қарай жетілдіру;
- республика территориясы бойынша халықты тиімді орналастыру.
