- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
Таным объектісі ретіндегі қазіргі таңдағы аймақтық экономикалық жүйе көп қырлы. Оған басқарудың иерархиялылығы мен жекелеген жүйелердің белсенділігі, ішкі және сыртқы ортадағы интеграция мен дифференциация процестері, өзге аймақтық жүйелермен бәсекелік өзара әрекеттесудің үйлесімділігі тән. Алайда аймақтық билік пен аймаққа енетін шаруашылық етудің сыртқы субъектілері ақпараттық тапшылық ортасында әрекет етуге мәжбүрлі. «Аймақтық құраушыларды» зерттеудің ақпараттық-сараптама базасының тар болуының салдары – қызығушылық танытатын тұлғаларда қоғамды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қайта құру мәселелерін жүзеге асыруға кедергі жасайтын аймақтық процестер жайлы нақты бейненің болмауы. Аймақтық экономикалық жүйелердегі есептік-сараптама функцияларының күшеюіне қарамастан, тіркеуіштерде ресурстар мен факторлардың алуан түрлерін есепке алудың тәжірибесі белгілі қиындықтар тудырады. Объективті және субъективті факторлардың басым бөлігін талдап, құраушы элементтердің қызмет ету шарттарын есепке алуға тура келеді.
Қазіргі таңдағы экономикалық ғылым аталмыш мәселелерді шешу үшін аймақтық шоттар жүйесінің (АШЖ) танымдық және қайта құру мүмкіндіктерін ұсынады, ол, өз кезегінде, аймақ жағдайының формальды бейнесі емес, керісінше, территорияның дамуын бағалауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Оның көмегімен жекелеген көрсеткіштер қарқынын емес, жалпы аймақтың қозғалысын талдауға болады: аймақтық билікпен қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасы, аталмыш шешімдердің уақыт талаптарына сәйкес келуі, аймақ қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі.
Аймақтық шоттар жүйесін құру (АШЖ) — аймақтық статистиканы жетілдірудің басты бағыты.
Аймақтық экономикалық зерттеулер құралы ретіндегі аймақтық шоттар жүйесіне деген қоғамдық қажеттілік белгілі түрде құрылымданған. Аталмыш құрылымнан қажеттіліктердің екі түрлі деңгейін бөліп қарастыруға болады (сурет 5.1).
Біріншіден, бұл интегралды субъект және АШЖ құрамындағы барлық материалды емес активтердің меншік иесі ретіндегі аймақтың есептік-сараптамалық ақпаратына деген қажеттілік. АШЖ-гі ақпараттық қажеттіліктердің туындауына себеп болған басты фактор - қоғамдық өндіріс. Мұнда аймақтың ақпараттық қажеттіліктерін аймақтық шаруашылық жүйе дамуының эндогенді факторларымен байланысты болған жалпы және ерекше ақпараттарға деген әрекет етуші қажеттіліктер ретінде анықтайтын М.Кущевтің ғылыми бағдарымен келісуге болады.
Аймақтың ішкі қажеттіліктерін зерттеу барысында есептік-сараптамалық ақпаратта оның стратегиялық мақсаты болып қажетті инфрақұрылымды құру арқылы аймақтық жүйе резиденттерінің хабардар болу деңгейін қамтамасыз ету табылатындығын ескеру қажет. Хабардар болуды қамтамасыз ету, өз кезегінде, аймақтық жүйе субъектілерінің қажеттіліктерін қанағатандыру арқылы жүзеге асырылады.
Сурет 5.1. Аймақтық шоттар жүйесіне деген қоғамдық қажеттіліктер
Аймақішілік ақпараттық қажеттіліктердің қалыптасуына ықпал ететін факторларға келесілер жатқызылады:
- географиялық орта;
- экономикалық және әлеуметтік жағдайлар;
- ұлттық, тарихи және мәдени ерекшеліктер;
- іскерлік айналым дәстүрлері;
- әлеуметтік-демографиялық факторлар (әсіресе, білім беру деңгейі);
- нарық қатысушыларының территориялық орналастырылуы және т.б.
Тұтынушыларға тән және олардың ақпараттық қажеттіліктеріне тән факторлар:
- әрекет ету саласы;
- атқарылатын жұмыс сипаты;
- жұмыс орны, лауазымдық міндеттемелері;
- тұтынушылар ой-өрісінің бағыты мен кеңдігі;
- жұмыс өтілі, тілді меңгеру, ақпараттық бағдарлану деңгейі және т.б.
Екіншіден, бұл трансакциялар негізінде қолданатын қолданушылардың есептік-сараптамалық ақпаратқа деген қажеттіліктері.
Сондықтан аймақтық шоттар жүйесін дамыту мәселелері қазіргі таңда өзекті болып табылады. Аталмыш ақпараттық база мыналарды жүзеге асыруы тиіс:
- тауарлар мен қызметтердің жалпы шығарылымын, аймақтағы аралық тұтыну мен қосылған құнын бейнелеу;
- аймақ экономикасының түрлі салалық және секторлық пропорцияларын сипаттау;
- аймақ экономикасындағы табыстардың қалыптасу процесін зерттеу;
- күрделі салымдарды қаржыландырудың маңызды көзі ретіндегі аймақтың жалпы және таза жинақтарының қалыптасуын зерттеу;
- аймақтың салааралық, аймақаралық және халықаарлық экономикалық байланыстарына талдау жасау;
- резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы қаржылық ағындарды сипаттау;
- экономикалық нәтижелердің өсім факторларының ықпалын анықтау;
- аймақтың қоғамдық өндірісінің интенсивтілігі мен тиімділігін айқындау.
Аймақ шоттарында экономикалық іс-әрекеттің барлық түрлерінің нәтижелері көрініс табуы тиіс:
- материалды игіліктер мен қызметтердің өндірісі;
- түрлі табыстарды, трансферттердің барлық түрлерін қалыптастыру;
- табыстарды пайдаланып, мүліктің жинақталуы.
Осылайша, АШЖ-ң ақпараттық мүмкіндіктері аймақта орын алатын негізгі экономикалық процестер мен олардың нәтижелеріне талдау жасауға мүмкіндік береді.
Жалпыланған күйде АШЖ аймақтың экономикалық процесіне қатысатын барлық шаруашылық субъектілер мен операциялар жайлы реттелген ақпаратты қамтуы тиіс:
- заңды тұлғалар (кәсіпорындар, корпорациялар, банктер, сақтандыру компаниялары, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, аймақтық басқарма органдары) мен үй шаруашылықтары;
- материалды игіліктер мен қызметтердің өндірілуімен байланысты экономикалық операциялар, сондай-ақ табыстың бөлінуі және қайта бөлінуімен, халықтың соңғы тұтынуымен, активтерді жинақтаумен және зерттелетін аймақтың өзге де аспектілерімен байланысты операциялар;
- аймақтың ұлттық байлығын құрайтын экономикалық активтер мен пассивтер (негізгі қорлар, материалды айналым құралдары, қаржылық активтер және т.б.).
