- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
Экономикалық потенциал деген не?
Экономикалық потенциалды қалыптастырудың қандай маңызды факторларын білесіз?
Салалық еңбек бөлінісін қалай түсінесіз?
Еңбек потенциалы деген не?
Аймақтың өндірістік потенциалы деген не?
Аймақаралық әсер терминін қалай түсінесіз?
Аймақаралық интеграция дегеніміз не?
Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
5.1.Аймақтық талдау әдістері
5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
5.4. Аймақтың салааралық байланысы
5.1.Аймақтық талдау әдістері
Аймақтық экономика мен территориялық жоспарлау саласындағы зерттеулер үшін жүйелік талдау және экономико-математикалық модельдер қолданылады.
Жүйелік талдау қағидаларын қолдану әрбір ірі экономикалық проблеманы (салалық, территориялық) өзге салалармен өзара әрекеттесетін ерекше жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Жүйелік талдау көптеген ақпаратты халықшаруашылығы үшін тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. Жүйелік талдаудың негізінде мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін теориялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар жатыр. Аталмыш талдау әр мәселенің нақты қойылуын, мақсаттарын анықтап, оны шешудің неғұрлым тиімді әдістерін анықтауды талап етеді.
Аймақтық экономикадағы ғылыми зерттеудің мақсаты ел шаруашылығын жоспарлау мен территориялық ұйымдастыру мақсатына ұқсас. Жалпы түрде – бұл елдің бірегей халықшаруашылық кешенін қалыптастыру, өндіргіш үштерді рационалды орналастыру негізінде, елдің барлық аймақтарының шаруашылығын дамыту негізінде оны тұрақты жетілдіріп отыру.
Осындай жалпы мақсат үлкен жүйе ретіндегі территориялық шаруашылықтың дамуын сипаттап, белгілі жүйелілікке ие:
- сала кешендерін тиімді орналастыру;
- жекелеген аймақтар экономикасын мақсатты түрде қалыптастыру.
Елдің территориялық шаруашылығындағы өзара байланыстардың күрделілігі аймақтық экономиканың басты мәселелерін қамтитын экономико-математикалық модельдер жүйесінің өңделуін талап етеді.
Аймақтық экономикалық процестерді экономико-математикалық модельдеудің мынадай негізгі бағыттарын атап өтуге болады:
- ел экономикасы дамуының территориялық пропорцияларын модельдеу;
- халықшаруашылығының салалары бойынша өндірістің орналастырылуын модельдеу;
- ел аймақтарының шаруашылығын қалыптастыруды модельдеу (экономикалық аудан, аймақтық халықшаруашылық кешен).
Территориялық пропорциялардың жалпы экономико-математикалық моделі экономикалық даму мен өндіргіш күштерді орналастырудың салалық, аймақтық, салааралық және ауданаралық пропорцияларын талдау негізінде болашаққа макроаймақтар шаруашылығын дамытудың тиімді нұсқаларын анықтайды.
Салалық экономико-математикалық талдау өнеркәсіптік кешендерді, ірі өнеркәсіптік объектілерді орналастыру нұсқаларын бағалау барысында қолданылады.
Экономико-математикалық әдістер ірі өнеркәсіптік объектілерді тұрғызу үшін аудандарды таңдауға қатысты мәселелерді шешу үшін қажет. Экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді аудан немесе орналастыру пункттерін таңдау үшін аудандардың табиғи және экономикалық сипаттамаларын ғана ескеріп қоймай, сонымен қатар түрлі аудандарда орналастырылған ұқсас өнеркәсіптік өндірістермен байланыстарды, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуді, көлік байланыстарын да ескеру қажет.
Салалық талдаудың пайдалылығын көрсете отырып, салалық экономико-математикалық модельдердің шектеулілігін ескеру қажет, себебі олар аймақтық тәсілдемені кеңінен қолданбай-ақ негізінен салалық ақпаратты пайдаланады.
Сондықтан тек бір ғана салалық экономико-математикалық талдау өндірістің тиімді орналастыру факторларының барлық жиынтығын қарастыруға мүмкіндік бермейді.
Аймақтық экономико-математикалық модельдер мынадай ережелерге негізделуі тиіс:
- нақты аймақтың экономикасы мен әлеуметтік аспектілері ел аймақтарының тұтастай жүйесінің құраушы бөлігі ретінде қарастырылады; сәйкесінше, аймақты тиімді қалыптастыру нұсқаларын бағалау белгілі кезеңге қатысты халықшаруашылығының оптималды территориялық пропорцияларына байланысты болады;
- аймақтық модель еңбектік және табиғи ресурстар, табиғи жағдайлар, тұрғылықты пункттер желілері, көлік байланыстарының перспективалық балансының территориялық экономикалық және әлеуметтік ақпараты негізінде өндірісті орналастырудың салалық модельдеріне түзетулер енгізеді;
- аймақтық модельдер территориялық пропорциялардың модельдері, салалық экономико-математикалық есептеулермен байланысты болып, өндіргіш күштерді орналастыру мен аймақтардың тұтастай жүйесінің экономикалық тиімді қалыптастыруды бағалаудың жалпы ғылыми-әдістемелік тәсілдемесіің органикалық бөлігін білдіреді.
Бірнеше жекелеген блоктар бойынша аймақтық жүйені экономико-математикалық талдауды талап ететін ірі аймақтық модельдер бойынша ақпараттық ағынның бірқатар қиындықтары бар:
- аймақтың өндірістік мамандануы;
- өндірістік инфрақұрылым;
- әлеуметтік инфрақұрылым;
Аймақтың өндірістік мамандану блогы қажетті қосымша өндірістерді және аймақтық, сырттан әкелетін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, нақты аймақтағы өндірісті тиімді орналастырудың нұсқаларына талдау жасайды.
Энергетикалық, құрылыс базасы, тасымалдау жүйесі, еңбек ресурстарының болуы мен пайдаланылуы, тұрғылық пункттердің болуы, халықтың өмір сүру деңгейін дамытудың экономикалық сипатын бейнелейтін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым блоктары нақты аймақ бойынша техникалық, экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кеңінен пайдалану нұсқаларын бағалау жөнінде көрініс береді.
Аймақтық экономика мен өндіргіш күштердің орналастырылуын бағалау үшін халықтың өмір сүруінің аймақтық деңгейі мен аймақтық әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын болжамдауды салыстыру әдісі зор маңызға ие.
Халықтың өмір сүру деңгейін аймақтық талдау көптеген ерекшеліктер мен әдістемелік күрделілікке ие.
Өмір сүру деңгейін талдау үшін синтетикалық және жеке көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайтын синтетикалық көрсеткіштерге төмендегілер жатқызылады:
- қолданылатын ұлттық табыстағы тұтыну қоры;
- халықтың нақты табыстары;
- жұмыскерлердің орташа жалақысы;
- жұмыскерлердің нақты жалақысы;
Халықтың өмір сүру деңгейі азық-түлік өнімдері мен азық-түлік емес өнімдерді тұтыну көлемі мен қарқынынын, тұрғын үй және коммуналды қызметтерді, көлік пен байланыс қызметтерін салыстыру жолымен талданады.
Халықтың өмір сүру деңгейін территориялық талдаудың негізгі міндеті – өмір сүру деңгейінде қалыптасқан айырмашылықтарды айқындап, елдің барлық аймақтары халқының қажеттіліктерін тең дәрежеде қанағаттандыру.
Сөздің кең мағынасында халықтың өмір сүру деңгейі аймақтық әлеуметтік инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты.
Әлеуметтік инфрақұрылым, оның ауқымы мен даму сипаты материалды өндірістің өсімі нәтижесінде анықталады – өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік. Мұнда қызмет көрсету салалары аймақтың барлық халықтарына қызмет көрсетеді. Әлеуметтік инфрақұрылым келесілерді қамтиды: КШТ, сауда мен қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, білім беру.
