- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
Қазір Қарағанды облысы 428 мың шақырым (15%) жерді алып жатыр және Қазақстан Республикасындағы ең үлкен аймақ. Облыс аумағы Қазақстанның орталық бөлігіндегі қыратты, ұсақ-шоқылы жерлерін қамтиды.
Қарағанды облысы Еуразияның ең орталық континентін алып жатыр. Ол Солтүстік Мұзды мұхитты және Үнді, Атлант сол сияқты Тынық мұхиттардан бірдей дерлік қашықтықта.
Орталық Қазақстан – бүгінде қайта жаңғырған, нарық әлемінде бағыты дұрыс табиғи қазбалардың және алып өндірістің өлкесі.
Өлкенің негізгі байлығы пайдалы қазбаларды өндіру арқылы облыс зор өндірістік даму мүмкіндігіне ие болды.
Облыстың әлеуеті – 100 % марганец қоры, 80 % астам триоксид вольфрам, 54 % қорғасын қоры, 40 % шамасында мырыш қоры, 36 % мыс қоры, 32 % көмір қоры, 100 % воластонит және родусит-талшықтасы, 70 % барий қорынан тұрады.
Ауыл шаруашылығы тыңайған жерді өңдеу, егістік алқапты кеңейту, дәнді дақыл, картоп, көкініс, мал азығы дақылдарынан тұрады. Мал басы мен құс өнімділігінің өсуіне байланысты негізгі өндірістік өнім артуда.
1997 жылдан бері облыста өндірісті дамытудың қосымша көздері пайда болды - шетел инвестициясы.
Облыста күрделі қаржы салымын негізінен тау кен, көмір, жылу энергиясы, метеллургиялық және азық-түлік кәсіпорындарына салу саясаты басым бағытта.
1995-1996 жылдардан бастап облыс аймағында инвесторларды энергетикалық қамдау кәсіпорындарына тарту шаралары жүргізілді, нәтижесінде электр энергиясын өндіру және пайдалануда ілгері басу байқалды.
Аймақтың даму барысындағы шешуші бағыты импорттың орнын басу байқалды. Аймақтың даму барысындағы шешуші бағыты импорттың орнын басу, яғни өзімізде жаңа өндіріс орындарын ашып, өндірілген өнімдерді өткізудің ішкі және сыртқы рыногын кеңейту. Импорттың орнын басу бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қарағанды облысы Республикада бірінші орынға ие болып Қазақстан Республикасы үкіметінің Құрмет дипломымен марапатталды.
Экономиканың жандана өсуі жаңа астана құрылысының жұмысына қатысып маңызды үлес қосуға мүмкіндік берді. Астананы абаттандыруға және оның құрылысына қатысу өз кезегінде өзіміздің құрылыс индустриясын жетілдіруге мүмкіндік береді. "Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" бағдарламасы бойынша облыстың 36 кәсіпорны жұмыс істейді. Аймақ экономикасына шағын бизнестің әсері ықпалды. Бұл сала бойынша 130 мың адам жұмыспен қамтылған.
Облыс кәсіпорындары:
"Арселор Миттал Теміртау" компания;
"Арселор Миттал Теміртау" Көмір департаменті;
Балқаш кен-металлургия комбинаты;
Жезқазған мыс балқыту зауыты;
"Қарағанды – Нан" ААҚ;
"Қарағанды Конфеттері" ААҚ;
Қарағанды маргарин зауыты.
Облыстың аймақтық өнімінің жалпы көлемі 786 млрд. теңгеден асты. Экспорттық бағыттағы өнімге сұраныстың артуы өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 6,6 пайызға өсуіне ықпал етті.
Жыл басынан бері 12 жаңа өндіріс іске қосылып, 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.
Қазақстандық үлесті арттыру - үдемелі индустриалдық даму бағдарламасындағы ең басым бағыттардың бірі. Бүгінгі күні облыстың тауар өндірушілері ұлттық компанияларға 20 млрд. теңгеге жақын сомаға өнім жеткізген. Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алу көлемдері 300 млрд. теңгені құрап, қазақстандық үлес 62 % шамасында болды. Бұлар көңіл толтырарлық көрсеткіштер.
Агроөнеркәсіп кешенінде де оң тенденция сақталып отыр. Ағымдағы жылы 330,5 мың тоннадан астам дәнді дақылдар, 117,6 мың тонна картоп және 180 мың тонна көкөніс жиналды. Мал шаруашылығындағы өсім 1,5 пайызға қамтамасыз етілді.
Биылғы жыл экономика өсімінің маңызды факторы - тұтыну сұранысының қалпына келуімен де ерекшеленді. Оны бөлшек тауар айналымы көлемінің 18,2 пайызға өсу көрсеткіші айғақтайды. Бұл ретте тұтыну сұранысының негізгі қозғалтқышы халықтың ақшалай кірісінің өсуі екендігін ерекше атап өткен жөн.
«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жалпы сомасы 7,3 млрд. теңгеге 27 жоба, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 446 млн. теңге мақұлданды. Сонымен қатар «Өңірлердің дамуы» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңге бағытталды.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артып, 188,1 млрд. теңгеден асты. Экспортқа бағытталған секторлардағы өндірістің өсуі ішкі сауда айналымының 31 пайызға ұлғаюына ықпал етті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Көлік жұмыстары көрсеткіштерінің де оң динамикасы қамтамасыз етілді. Тасылған жүктер көлемі 24,8 пайызға, жолаушыларды тасымалдау көлемі – 12,5 пайызға артты.
Қарағанды облысы экономикасының негізін кен өндіру және өңдеу өнеркәсіптері құрайтыны белгілі. Аймақтың жалпы қосымша құнының 50 пайызынан астамы аталған салалар есебінен құралады. Осы ерекшелікті ескере отырып, және Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша әзірленген үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде бізде «Базалық өнеркәсіп салаларын дамытудың тұжырымдамасын» жасалды. Мақсат – шикізатты өңдеу және жоғарғы бөліністе бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруда озық әдістер мен технологияларды ендіруге бағытталған аймақтың қазіргі заманғы индустриялық жүйесін жасау.
Дәстүрлі салалармен қатар облыстың мамандануына болашағы зор өндіріс салалары да бар. Бұл арада сөз, машина жасау, металлургия комбинаттарының өнімдері, металл өңдеу, химия және фармацевтика өнеркәсібі, бейметалл құрылыс материалдарын шығару жайлы болып отыр.
Облысқа ежелден тән дәстүрлі алты саланы, атап айтқанда: көмір өнеркәсібін; қара және түсті металлургияны; кен өндіру секторын; металл өңдеу және машина жасау; химия және фармацевтика өнеркәсіптерін; құрылыс индустриясын дамытуға баса назар аударылып отыр.
Жоғарыда аталған базалық өнеркәсіп салаларын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру негізінде, мамандардың есептеуі бойынша 2014 жылдың өзінде, ішкі аймақтық өнімнің (ІАӨ) өсуі 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 32 пайызға, ал базалық салалардағы еңбек өнімділігі 111 пайызға артуы тиіс.
Базалық салаларды дамыту тұжырымдамасы бизнес құрылым өкілдерімен және даму институттарымен бірге жасалды. Осының нәтижесінде инвестициялық жобаларды дамыту мен облыс инфрақұрылымын жақсарту және ресурстық әлеуетін арттыруға бағытталған байланыстың күшейе түсуі қамтамасыз етілді.
Тұжырымдама шеңберінде машина жасау бойынша мастер – жоспар жасалды. Оның мақсаты - өнеркәсіптің осы саласын қайта қалпына келтіру, оның өнімдері үлесін технологиялық негізде жаңарту, еңбек өнімділігін арттыру есебінен арттыра түсу. Осыған байланысты, 2014 жылға қарай, жалпы қосымша құнды 78 пайызға көбейту, және машина жасау саласында жұмыс істейтін әрбір адам үшін еңбек өнімділігін 59 пайызға арттыруға қол жеткізу көзделіп отыр.
Мастер – жоспарды нақты жүзеге асыру үшін өңірдегі машина жасау зауыттары, аймақтық ғылыми мекемелер мен Технопарк базасында «Қарағанды машина жасау консорциумына» біріктірілді.
Сонымен қатар «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы тарапынан да «Бірлескен машина жасау зауыты» ұйымдастырылды. Оның құрамына «Тау - кен машиналары зауыты», «Стандартты емес құрал-жабдықтар мен шағын механикаландыру», «Тау – кен техникасы құрал – жабдықтарын жөндеу зауыты» және «Энергозауыт» кірді.
Бүгінгі күні мемлекеттік – жекеменшік механизмін пайдалану арқылы 9 пилоттық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың арасында Қарағанды мен Теміртауда барлығы 4760 орындық және жалпы құны 10 млрд. теңгеден аса сомаға 15 балабақша құрылысы, Қарағанды, Жезқазғанда жылуэнергия үнемдеу нысандарының құрылысы, Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту сияқты жобалар бар.
Жүзеге асып жатқан жобалардың ауқымдылығы Қарағанды облысының ұланғайыр өнеркәсіптік әлеуетінің барлығын айғақтайды. Бұл бізге экономиканы еселей арттырып, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойған міндеттерін жүзеге асыруға нақты үлес қосуға мүмкіндік береді.
