- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
Аймақаралық экономикалық байланыстардың формалары. Нарық жағдайындағы аймақаралық экономикалық байланыстардың негізгі формалары болып еңбек нәтижелері мен материалды тауар айырбасы, аймақтардың жұмыстар мен қызметтерді өзара тиімді орындауы, өндірістік және өндірістік емес сипаттағы жұмыстарды бірлесіп орындау, аймақаралық туризмнің дамуы, бірдей аймақтық салықтық, демографиялық саясатты, баға құру саясатын жүргізу табылады.
Аймақаралық экономикалық байланыстарға қатысты өзара әрекет етуші аймақтар жүйесі құрылады, ұлттық және әлемдік экономиканың қызмет етуі жүзеге асырылады. Аймақаралық экономикалық байланыстардың әлсіреуі аймақтық экономиканың өзара толықтырылу артықшылығын пайдалануға мүмкіндік бермей, мемлекеттің экономикалық тұтастығына қауіп төндіреді.
Қазіргі таңда аймақтарға экономикалық мәселелерін дербес шешу, аймақаралық және сыртқыэкономикалық байланыстарын дербес орнату құқығы берілген. Аймақаралық экономикалық байланыстар ҚР аймақтары, қалалары, жекелеген кәсіпорындары арасындағы келісімдермен реттелетін өнімнің өзара тиімді аймақаралық айырбасына негізделуі керек. Қазіргі жағдайда аймақаралық айырбастың дамуында мемлекеттік реттеу маңызды орынды иеленеді. Бірақ аймақаралық экономикалық қатынастардың негізгі субъектілері кәсіпорындар болғандықтан, аймақтық басқару органдарының қызметтері аймақаралық өзара әрекеттестіктерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасаумен ғана шектеледі.
Аймақтарда өткізілетін реформалар жалпымемлекеттік қызығушылықтарға сәйкес келіп, өзге аймақтарға залал келтірмеуі керек. Еркін экономикалық даму құқықтарын пайдалана отырып, аймақтар экономикалық іс-әрекеттің өзіндік модельдерін өңдейді: ауылшаруашылық өніміне деген ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыратын аграрлы секторы дамыған аймақтар өнімге жоғары сатып алу бағаларын орнатады, аймақаралық экономикалық байланыстарды қысқартып, оларды тұтынудың төмендеуі мен азық-түлік өнімдеріне бағалардың өсуін бәсеңдету үшін бартерлік негізге ауыстырады; бай табиғи ресурстарға ие аймақтар дербес әлемдік нарыққа шығады; өнеркәсіптің өндіруші салалары басым және ауылшаруашылығы әлсіз дамыған аймақтар дағдарыстың әлеуметтік салдарларын азайту үшін индустриалды, сондай-ақ ауылшаруашылық мемлекеттер және аймақтармен бартер ұйымдастыруға тырысады.
Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс аймақтар арасындағы қатынастардың қайшылықты болуына әкелді, олар мынадан байқалады: тұйық жүйелерді білдіретін экономикасы дамымаған аймақтарда тек аталмыш аймақтың кәсіпорындары мен халқына қызмет көрсететін аймақтық нарықтар қалыптасады. Дамыған өнеркәсібі, ашық экономикасы бар аймақтарда ішкі нарыққа емес, шетелге жабдықтауларды жүзеге асыруға назар аударылады және ол экономикалық тұрғыдан неғұрлым пайдалы болып табылады. Аймақішілік нарықты нығайту процесі аймақтардың халықтың күнделікті мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірілуін тұрақтандыруға ұмтылуынан тұрады. Алайда аймақтық нарықтың сыйымдылығы құрылымы аталмыш аймақта өндірілетін өніммен ғана емес, сондай-ақ өзге аймақтар мен шетелде сатып алынатын өніммен де анықталады. Сондықтан аймақтық нарықтарды нарық пен сыртқыэкономикалық байланыстардан оқшау қарастыруға болмайды. Аймақтар арасындағы айырбастың, горизонталды байланыстардың дамуы территориялық нарықтардың құрылу негізі болып табылады.
Қазіргі таңда ел экономикасы мен жекелеген аймақтардың дамуында сыртқыэкономикалық фактордың ролі артуда, сыртқыэкономикалық іс-әрекет неғұрлым ашық сипатқа ие. Сыртқыэкономикалық қатынастарға қатысушылар саны да айтарлықтай кеңеюде, себебі сыртқыэкономикалық іс-әрекетті жүзеге асыру құқығына тікелей аймақтар, жекелеген кәсіпорындар мен компаниялар ие болды.
Алайда сыртқы сауданың ырықтануы аймақаралық экономикалық байланыстарға және аймақ экономикасы дамуының негізгі көрсеткіштеріне жағымсыз ықпал етіп, аймақтардың шет елдермен сауда жасауына ауысуына, отандық өндіріс көлемінің төмендеуі барысында экспорт пен импорт көлемінің артуына, импорттың ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді ығыстыруына әкелді.
Тасымалданатын өнімнің бағаларымен салыстырғандағы көліктік тарифтердің жедел қарқынмен өсуі, тасымалдау жұмыстары көлемінің қысқаруы, өндіру көлемі мен тауарлы нарықтар сыйымдылығының қысқаруы ішкі нарықтағы көптеген өндірістердің бәсекеқабілеттігін жоғалтуы аймақаралық айырбастың жылдам қарқынмен төмендеуіне әкелді, мұндағы аймақаралық айырбастың төмендеуі өндірістің құлдырауынан да жылдамырақ жүзеге асады.
Аймақаралық байланыстарды дамыту мен келісім-шарттар негізінде сыртқыэкономикалық қатынастарды жанжақты кеңейту үшін аймақтағы кең мүмкіндіктерді пайдалану, аймақтарға потенциалды инвесторларды тарту мақсатында ірі қаржылық институттармен тікелей байланыстар орнату, негізгі тауарларды өндіру бойынша әріптестер іздестіру, аймақ кәсіпорындарының өнімдерін өткізудің аймақтық, отандық және халықаралық нарықтарына шығу қажет.
Аймақаралық экономикалық байланыстарды жетілдіру экономикалық ынтымақтастық немесе аймақаралық интеграцияның жаңа экономикалық формаларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды талап етеді.
Аймақаралық интеграция — бұл белгілі ауқымдағы және белгілі кеңістіктік-уақыттық шектеулердегі территориялық интеграция. Дамыған аймақаралық интеграция тең құқықтарда және өзара пайда табу арқылы аймақтар, тауарлар мен қызметтерді өндірушілер және халық әрекет ететін елдің бірегей экономикалық кеңістігінің негізін құрайды (ол, өз кезегінде, бірегей мемлекеттің негізін құрайды).
Аймақаралық интеграциялық процестердің экономикалық, саяси және мәдени аспектілерінің арасында экономикалық интеграция ерекше орынға ие. Елдің түрлі аймақтарының кәсіпорындары мен ұйымдарының өзара әрекет етуі аймақаралық ынтымақтастықтың маңызды формасы болып табылады.
Теориялық тұрғыдан түрлі кәсіпорындардың өзара әрекет ету формалары алуан түрлі болып келеді. Шаруашылық етуші субъектілер нарықтық экономика жағдайында территориялық орналасуынан тәуелсіз түрде өзара ынтымақтастық мәселелерінде, өндірістік, сауда, ғылыми-техникалық және өзге де байланыстарда кең мүмкіндіктерге ие. Түрлі аймақтар кәсіпорындарының ынтымақтастық процесі бір аймақ кәсіпорындарының өзара әрекет етуінен айрықшаланбайды. Сондай-ақ, кәсіпорынның бірнеше аймақтардың қызығушылықтарын ескеру қажеттілігі мемлекеттік билік пен өзге басқару құрылымдары органдарының кәсіпорындардың қаржы-ұйымдық қолдаудан бастап көптеген мәселелер бойынша кәсіпорындардың ынтымақтастық процесіне экономикалық ықпал ету мүмкіндігін туындатады.
Осылардан басқа өндірушілердің аймақаралық кооперациясының қазіргі таңдағы формаларына келесілерді жатқызуға болады:
- холдинг-кәсіпорындар, олардың ең қуаттылары жанармай, оның ішінде мұнай-газ, өнеркәсіп саласында пайда болды. Олардың ұйымдық құрылымдарын қалыптастыру барысында саланың қызмет ету тұрақтылығын сақтау, ел бюджетіне ірі экспорттық кірістердің келіп түсу көлемін арттыру сияқты мақсаттар көзделген болатын. Сондықтан осындай монополист-кәсіпорындардың басым бөлігі ел территориясында филиалдар мен бөлімшелер құра отырып, қазіргі таңда өз кәсіпорнының ішінде аймақаралық ынтымақтастықты ұйымдастыра отырып, түрлі аймақтардағы өз іс-әрекетінің координациясын жүзеге асырады;
- қаржы-өнеркәсіптік топтар (ҚӨТ). Оларды құру тәжірибесі жаңа өндірістік кооперациялық байланыстарды қалыптастыру мақсатында өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құру мен инвестициялық ресурстарды шоғырландыру қажеттілігімен байланысты болды. ҚӨТ іс-әрекеті аймақ басқармасына өзіндік экономикалық, ең алдымен, өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырудың нақты құралын ұсынуы мүмкін;
- банктік және несиелік ұйымдар. Коммерциялық банктер үшін аймақаралық ынтымақтастық бірнеше жолдармен жүзеге асырыла алады. Банк секторындағы аймақаралық ынтымақтастықтың ең кең таралған механизмі – ол банктердің корреспонденттік қатынастарды орнатуы екені анық.
Кең аймақтық бағдарланған корреспонденттік желі банктің маңызды артықшылығы болып табылады және оған ел территориясы бойынша төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Түрлі аймақтар банктері ынтымақтастығының өзге формалары – ірі инвестициялық сияқты нақты жобаларды жүзеге асыру үшін стратегиялық одақтарға отыру, несиелік ұйымдардың қаржы-өнеркәсіптік топтарды құру жолымен өзге аймақтардың несиелік мекемелерімен тікелей байланыстар орнату, көптеген аймақтарда жүре алатын пластикалық карточкаларды кеңінен тарату.
Осылайша, өндірістік және өндірістік емес секторлар кәсіпорындарының аймақаралық өзара әрекеттесу процесін талдау елдің бірегей экономикалық кеңістігін сақтаудың қажетті элементі ретіндегі осындай ынтымақтастықтың позитивтік сипатын көрсетеді.
