Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пособие РЭУ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

4.3. Салааралық өзара әрекеттесу

Қазіргі уақытта аймақтық басқарудағы өзекті мәселеге теңестіру тәжірибесінен аймақтық даму тұжырымдамасына өтуді қарастыратын қазіргі таңдағы экономикалық саясат шеңберіндегі қолданылмайтын ресурстардың бірі ретіндегі аймақтар мен салалардың экономикалық өзара әрекеттесу потенциалын белсендендіру есебінен аймақтың қызмет ету тиімділігін арттыруды жатқызуға болады. Сонымен қатар, дәстүрлі географиялық және ресурстық тәсілдемелерден басқа, қазіргі таңда белсенді қолданылып отырған кеңістіктік даму теориялары да процестік тәсілдеменің қолданылуына сүйенеді. Оның шеңберіндегі дамудың маңызды параметрлерінің біріне экономикалық кеңістіктің жекелеген субъектілерінің өзара әрекеттесу процестерінің сапасын жатқызуға болады.

Аймақаралық өзара әрекеттесу табиғатына қатысты ресурстық тәсілдеме Ю.Яременкомен өңделген жаппай және сапалы ресурстарды қолдану теориясында ұсынылған. Аталмыш теория қолданылатын ресурстар мен технологиялардың сапасына байланысты шаруашылық деңгейлердің иерархиясын қарастырады. Қазіргі таңда белсенді қолданылатын әдістемелік база ретіндегі экономиканы кластерлік қайта құрылымдау теориясы дәл осы тәсілдемеге сүйене алар еді, себебі ол кеңістіктік дамуды құрылымдық-инвестициялық, инновациялық саясаттың жүзеге асырылуымен байланыстыра отырып, қолданылатын технологиялардың прогрессивтілігін ескере отырып, кластерлерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталмыш теория шеңберінде аймақаралық өзара әрекеттесудің тиімділігі неғұрлым жоғары сапалы ресурстарды пайдаланып, өндіретін шаруашылық субъектілердің артуымен бағаланады.

Жекелеген зерттеулер деңгейаралық өзара әрекеттесуді бағалау мәселесін бюджеттік саясат жазықтығына ауыстырады, олардың пікірінше, қаржылық ресурстарды бөлу механизмі аймақтың экономикалық саясатын жүзеге асырудағы неғұрлым әрекет етуші құрал болып табылады. Сондай-ақ, тауарлар мен қызметтерді өндіру көлеміне қатысты экспорт (импорт) көлемі қатынасының динамикасы негізінде өзара әрекеттесуді бағалауға қатысты жеңілдетілген тәсілдемелер әрекет етеді. Алайда аталмыш тәсілдемелер деңгейаралық өзара әрекеттесу әсерлерінің тұтастай спектрін толық көлемде сипаттамайды.

Микродеңгейде салааралық өзара әрекеттесу теориясының дамуы кең дамуға ие болды, оның шеңберінде шаруашылық субъектілердің интеграциялануының түрлі экономико-ұйымдық аспектілері бағалауға алынады.

Аймақаралық өзара әрекеттесудің тиімділігін бағалау және аймақтардың экономикалық дамуының оңтайлы сценарийлерін қалыптастыру үшін 1960 жылы мультиаймақтық салааралық модельдер класы өңделген болатын. Ол әдістемелік база ретінде жалпы тепе-теңдік теориясын, көпмақсатты оңтайландыру теориясын, кооперативтік ойындар мен топтық таңдау теорияларын пайдаланған болатын.

Модельдердің аталмыш класы шеңберінде аймақаралық өзара әрекеттесу тиімділігін анықтау мәселесінің классикалық қойылымы жалпы барлық аймақтардағы соңғы тұтынудың максимумына қол жеткізілетін аймақтар арасындағы эквивалентті айырбас параметрлері бағалауға алынады. Бұл жекелеген аймақ үшін соңғы тұтыну максимумына қол жеткізіледі дегенді білдірмейді. Алайда нәтижесінде барлық аймақтар үшін өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін нұсқа есепке алынады. Мұнда аймақтардың тиімді өзара әрекет етуінен алынатын әсер аймақаралық айырбастың болуы және болмауы барысында критериялық көрсеткіштің деңгейлері арасындағы айырма ретінде анықталады.

Аймақаралық әсер – бір аймақтың екіншісінің мақсатты көрсеткішіне салымы. Барлық аймақаралық әсерлердің жиынтығы аймақаралық өзара әрекеттесу матрицасын құрайды.

Аймақтық салааралық модельдердің осындай кешені А.Гранберг, В.Суслов, С. Суспицынмен өңделген болатын. Ұсынылып отырған тәсілдеменің артықшылығы - оның кешенділігі, реттелетін мәселелердің кең спектрі, өзара әрекеттесуден синергетикалық әсер алуды өлшеу мүмкіндігі, имитациялық модельдеу мен республикалық және аймақтық деңгейдегі басқарудың экономикалық саясаты саласындағы басқарушылық шешімдерді негіздеуде үлкен қызығушылық тудыратын сценарийлік есептеулерді алуға мүмкіндік беру.

А.Янтовский макроэкономикалық салааралық модельдің аймақтық модулін (RIM) өңдеген болатын. Оның шеңберінде ҰШЖ жүйесіндегі салааралық баланс құрылады. Аймақтық салааралық балансты модельдеудің бастапқы алғышарты – аймақтық даму көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы экономикасының даму көрсеткіштерінен тәуелді болуы туралы гипотеза.

Тауарларды аймақтан шығару салалық шығару, ҚР бойынша салалық бағалар индекстері, аралық тұтынудың салааралық ағындары матрицасынан регрессиялық теңдеулер көмегімен модельденеді. Ал тауарларды аймаққа енгізу тауарлар мен қызметтерді тұтыну көрсеткіштеріне байланысты есептеледі.

Модель «енгізу-шығару» параметрлерін ескере отырып, аймақтың аймақтық даму стратегиясын оңтайландыруға мүмкіндік береді, бірақ ол аймақаралық өзара әрекеттесу әсерін кешенді бағалау мүмкіндігін қарастырмайды.

Осылайша, аймақтардың экономикалық өзара әрекеттесу тиімділігін бағалау үшін салааралық баланс модельдерін қолдану тәжірибесі әдістің кең сараптамалық мүмкіндіктерінің әрекет етуші статистикалық базамен айтарлықтай шектелгенін көрсетеді, соның негізінде қандай да бір процестердің жүзеге асуы туралы эксперттік гипотезалардың басым бөлігі қабылданады.