- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Аймақтық экономикалық механизм деген не?
Жалпы аймақтық өнім түсінігін қалай түсінесіз?
Аймақ дамуының қандай жалпылама көрсеткіштері бар?
Территориялық еңбек бөлінісі деген не?
Территориялық еңбек бөлінісінің қандай деңгейлері бар?
Аймақтық ұдайы өндіру процесі қандай фазалалардан құралады?
Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері.
4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары.
4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары.
4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
Қазіргі таңда территориялық экономикалық жүйелердің дамуы олардың экономикалық потенциалын пайдалану толықтығынан тәуелді болады.
Кең мағынада, потенциал – қандай да бір қатынастағы жасырылған мүмкіндіктердің дәрежесі. Аталмыш түсініктің мазмұнды мәніне алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін пайдаланыла алатын мүмкіндіктер, резервтер сияқты категориялары сәйкес келеді.
Аймақ – территориялық және қоғамдық еңбек бөлінісіндегі аймақтың орнымен анықталатын халықтың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің әлеуметтік және экономикалық потенциалдары ұдайы өндірілетін нақты әкімшілік шекараларға ие территориялық құрылым.
Бұрындары ғылыми зерттеулердің басым бөлігінде аймақ потенциалын сипаттау барысында оны ресурстардың жиынтығы ретінде анықтаған. Мүмкіндіктер ретінде қарастырылатын потенциалдың жалпы түсінігіне сәйкес, потенциал және ресурстар түсініктерін ұқсастыруға болмайды.
Территорияның потенциалын бағалаудың кешенділігіне қол жеткізу мақсатында экономикалық емес, әлеуметтік-экономикалық потенциалды зерттеген жөн. Аймақтың экономикалық потенциалының барлық құраушыларын зерттеу әлеуметтік аспектіні құрау, дамыту және тиімді пайдалану процесіндегі адамдар арасындағы қатынастармен сипатталатын әлеуметтік аспектіні есепке алу мен қарастыруды талап етеді. Сондықтан территориялық әлеуметтік-экономикалық потенциал барлық ресурстарды іске қосып, шаруашылықтың ерекшеліктері мен әрекет етуші перспективалы құрылымдарын пайдалану барысындағы аймақтың мүмкіндіктерін анықтайды.
Территорияның әлеуметтік-экономикалық потенциалын сипаттау барысында оның өсіміне салымдардың бағытталуы мен потенциалдың жинақталған деңгейін тұтынуды бөліп қарастырған жөн. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық потенциалдың мынадай құраушыларын қарастыруға болады:
1) Жинақталған ресурстар қорына қатысты:
- қаржы-мүліктік;
- әлеуметтік-демографиялық;
- табиғи-экологиялық;
- технико-технологиялық;
- кәсіпкерлік;
- интеллектуалды-ерікті.
2) Макропотенциалды пайдалануға қатысты ішкі жүйлердің мүмкіндіктерін анықтайтын:
- нарықтық инфрақұрылым потенциалы;
- кинетикалық;
- интеграциялық.
3) Басқару ішкі жүйесінің потенциалы:
- консолидациялық;
- микроэкономикалық.
Аймақтар мен жалпы ел экономикасының қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін қоғамдық өндірісті дамытудың территориялық факторларын, олардың салалық факторлармен оптималды үйлесімділігін күшейту қажет. Осыған байланысты аймақтық экономикадағы еңбек бөлінісінің территориялық және салалық қағидалары мынадай негізгі бағыттарға негізделуі тиіс:
- өндірісті тұтынуға жақындату сияқты салалық ұдайы өндіріс салаларының өзара байланысын оңтайландырудың экономикалық сипаты;
- аймақ мамандануы мен оның алдында тұрған әлеуметтік мәселелер кешенін шешудің материалдық негізі ретіндегі өндіріс пен оның негізгі салаларын территориялық шоғырландыру;
- аймақтық шикізатты қайта өңдеуден одан дайын өнім жасауға дейінгі барлық кезеңдердің үйлесімділігіне негізделген комбинацияланған өндіріс.
Осылайша, салалық спецификасын толықтыра отырып, территориялық еңбек бөлінісі аймақтық өндірісті кеңістіктік оқшауландыру механизмі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың қуатты факторы болып табылады.
Жалпы, тәуелсіздік жылдары мен күрделі экономикалық реформалар жағдайында аймақтардың мамандану бағыттары айтарлықтай өзгермей, тек салалардың даму деңгейлері ғана өзгеріске ұшырады. Мұнда қазақстандық экспорттың дәстүрлі тауарларына қатысты әлемдік нарық конъюнктурасы айтарлықтай ықпал етеді.
Негізгі экономика салалары болып мұнай өндіру, мұнайды қайта өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары айтарлықтай дамуға ие болып, олардың үлесіне облыстардың барлық өнеркәсіптік өнімінің 90 %-ы тиесілі.
Ақтөбе облысында хром рудасы, мұнай мен газ өндіріледі. Құрылыс материалдары өнеркәсібін кеңейту мүмкіндігі де әрекет етеді.
Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары экономикасының негізгі салалары – түсті және қара металлургия. Аталмыш облыстардың терриорияларында түсті және қара металлургия рудаларының барланған кен орындары орналасқан. Қазақстанның минералды-шикізаттық ресурстарының тізімінде бірінші орынды мыс иеленеді, оның айтарлықтай қорлары Қарағанды облысының кен орындарында барланған.
Павлодар облысы елдегі көмір өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Оның үлесі елдегі көмір өндіру көлемінің 72,3 %-ды құрайды.
Жоғары ғылыми-техникалық, интеллектуалды потенциал, моральдық және физикалық тозбаған құрал-жабдық Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қ. қорғаныс кәсіпорындарында орналасқан.
Елдің мәдени және интеллектуалды орталығы болып Алматы қаласы қала береді, оның мамандану бағдары біртіндеп қаржылық орталық сипатына қарай өзгеруде. Елдің жаңа астанасы Астана қаласында іскерлік және мәдени орталық белсенді қалыптасуда.
Республиканың астық өндірісі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған.
Ауылшаруашылық өндірісіне, оның ішінде көкөністер мен жеміс-жидектерді өсіруге мамандану республиканың аграрлы оңтүстігінде сақталады - Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Аймақтың кеңістіктік ортасының ұдайы өндірісі оның экономикалық, әлеуметтік және табиғи базаларының ұдайы өндірісін қамтиды. Бұл орта түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылғанымен, материалдық аймақтық базаны сипаттаудың негізіне аймақтың экономикалық бағалануын немесе экономикалық потенциалын жатқызуға болады.
Осыған байланысты аймақтың экономикалық потенциалы 4 негізгі элементтерден құралады.
1.Табиғи-экологиялық потенциал, ол үнемі тікелей бағаланбаса да, жер, өткізу нарықтарына жақындығы немесе алшақтығы, климаттық жағдайлар, территорияның экономикалық сыйымдылығы сияқты өзінің құраушылары арқылы аймақ іс-әрекетінің соңғы шаруашылық нәтижелеріне жанама ықпал етеді.
2.Ресурсты-өндірістік потенциал, ол өндірістік капиталдың түрлі элементтерінің нақты формаларында қызмет етіп, нақты ақшалай формаға ие болады: негізгі және айналым капитал, айналыс қорлары және айналым құралдары.
3.Еңбек потенциалы, ол жұмыс күші құрылымының көлемі мен сапасын білдіріп, жұмыскерлердің біліктілік деңгейі және білімімен сипатталады.
4.Аймақтың сыртқыэкономикалық байланыстары (экспорт пен импорттың ара-қатынасы) және бюджетті-қаржылық қатынастары (бюджетаралық қатынастар жүйесі, трансферттер, субсидиялар мен субвенциялар жүйесі).
Аймақтың экономикалық потенциалын бағалаудың әмбебап көрсеткіші – жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) көрсеткіші, ол қалыптасқан даму деңгейін ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының ерекшеліктерін, жекелеген салалардың қызмет ету тиімділігін, аймақтың интеграциялық процестерге тартылу дәрежесін сипаттайды.
Соңғы уақытта ЖАӨ есептеудің неғұрлым жетілген әдістемелері пайда болып, жаңа макроэкономикалық көрсеткіштер енгізілуде. Алайда аймақтарда олар таяуда ғана қолданыла бастады, ЖАӨ өндірістік әдістің көмегімен анықталса, ал аймақ ішінде әкімшілік-территориялық бөлініс бойынша ол есептелмейді. Сонымен қатар, аталмыш көрсеткішті есептеу мен жанжақты бағалаудағы күрделіліктер аймақтық экономика секторларының іс-әрекеті жайлы шынайы ақпараттың болмауынан тұрады.
Аймақтың экономикалық потенциалын сипаттауға арналған бірнеше тәсілдемелер әрекет етеді:
1. Басты индикаторды анықтап, шектеуші шарттар ретіндегі өзге де маңызды индикаторларды реттеу.
2. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қолайлы жағдайына қол жеткізу процедурасы ретінде бірнеше индикаторлар бойынша көп мақсатты оңтайлылық.
3. Интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық индикаторларды қалыптастыру.
Қол жетімділігіне байланысты үшінші әдіс неғұрлым кеңінен таралған, оның шеңберінде таңдау қағидаларымен және индикаторларды өлшеу қағидаларымен айрықшаланатын интеграцияланған көрсеткіштерді қалыптастырудың әдістемелік ұсыныстары да белгілі. Аталмыш көрсеткіштерді есептеудегі басты қиындықтың қолданылатын ақпараттың жоғары дәрежеде шынайы болмауы және осындай жұмыстарды орындаудың қиындығынан тұратынын айта кету қажет. Оларды қолданудың басты мақсаты – аймақты дамыту стратегиясын өңдеу шеңберінде теңдестірілген шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, мынадай блоктар бойынша құрылған көрсеткіштер жиынын қамтитын әдістеме әрекет етеді:
- аймақ дамуының жалпы деңгейі;
- өндірістің маңызды салаларының жағдайы;
- аймақтың қаржылық жағдайы;
- инвестициялық белсенділік;
- халық табыстары;
- жұмысбастылық пен еңбек нарығы;
- әлеуметтік сала жағдайы;
- экологиялық жағдай;
- халықаралық экономикалық белсенділік.
Экспортты кеңейту және әртараптандыру саясатын өткізу жолымен аймақтардың сыртқы нарыққа шығуын есепке ала отырып, экономикалық потенциалды бағалау барысында бағалау балдарның мынадай жүйесі қолданылады:
1. Ресурстық базис: 3-жоғарғы, 2-орташа, 1-төменгі.
2. Монополист-кәсіпорындардың шоғырлануы.
3. Экономикалық жағдайдың өзгеруі: 3-тұрақты, 2-өндірістің құлдырауы, 1- өндірістің өте төмен деңгейде болуы.
4. Тасымалдау жағдайы: 3-орталық, 2-жартылай периферия, 1-периферия.
5. Сыртқыэкономикалық байланыстар: 3-интенсивті, 2-орта, 1-әлсіз.
6. Инвестициялық тартымдылық: 3-жоғары, 2-орташа, 1-төмен. Жалпы балдардың қосындысы бойынша аймақтарды экономикалық қатынаста дамыған және әлсіз дамыған деп бөледі.
Кешенді критериялардың есептелуіне экономикалық потенциалдың әр құраушысы бойынша параметрлердің есептелуі мен ақпараттың жинақталуы негіз болады. Аталмыш көрсеткіштің құрылымы әр аймақтар үшін бірқатар себептерге байланысты түрліше болады:
- түрлі географиялық жағдай;
- табиғи-климаттық жағдай;
- минералды-шикізат базасының болуы;
- өндіргіш күштердің орналастырылуы;
- әлеуметтік-демографиялық сипаттама;
- экологиялық жағдай;
- аймақ мамандануының бағыттары;
- инфрақұрылымдық салалалардың жағдайы және т.б.
