- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
Қоғамда болып жатқан өзгерістер оларды бейнелеудің адекватты формаларын талап етеді. Қоғам дамуының неғұрлы маңызды нәтижесіне материалды өндірісті, қоршаған орта ресурстарын сақтау мен ұдайы өндіруді қамтып, адамның ұдайы өндіріс процестерін қарастыратын экономикалық қатынастар саласын кеңейтуді жатқызуға болады.
Экономикалық процестерді, олардың ерекшеліктерін түсіну үшін белгілі территорияда орналасқан тұйық әлеуметтік-экономикалық құрылымды қарастыру қажет, дәлірек айтсақ, территориялық (аймақтық) ұдайы өндіру процестері.
Ұдайы өндіру процесінің сипаты өнімнің бөлу немесе айырбас арқылы жүзеге асатын өндірушіден тұтынушыға берілу тәсілімен анықталады.
Территорияның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының тұтастығына, осы құрылымдардың келісілген қызмет етуін қамтамасыз етуге ұдайы өндіру процестерін басқару жүйесі мен аймақтық нарықтың әрекет етуі арқылы қол жеткізуге болады. Басқару мен нарықтық реттеу параллельді әрекет етеді, яғни ұдайы өндіріс процестерінің қалыпты жүзеге асуын қамтамасыз ету жағымсыз құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ұдайы өндіріс – бұл материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді өндірудің үздіксіз қалпына келу процесі. Ұдайы өндіріс 4 негізгі фазалардан құралады: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну.
Қоғамдық ұдайы өндірістің алғашқы фазасы – өндіру. Экономикалық қатынастар өндірістегі жұмыскерлер мен құралдардың келісілген қозғалысын білдіретін өндірісте жүзеге асырылады. Өндірістің нәтижесі – саны және сапасымен сипатталатын белгілі өнім.
Аймақтық экономикалық жүйеде өндіру процесі өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтынумен аяқталады. Экономикалық теорияда тұтынудың 2 түрі қарастырылады: өндірістік тұтыну және жеке тұтыну. Тұтыну барысында нақты территория шеңберінде әрекет ететін экономикалық қатынастар көрініс табады.
Қоғамдық өндірісте өндіру мен тұтынудың байланысы бөлу және айырбастау сияқты қоғамдық процестермен сипатталады. Экономикалық категория ретінде бөлу – бұл соңғы тауарлар мен қызметтерді, өндіріс факторларын (ресурстарды) бөлу. Ол 2 жақты сипатқа ие: салалық және әлеуметтік бөлу.
Салалық бөлу өндірістік тағайындаудағы өнімдердің белгілі салаларда тұтынылу үшін өндіріліп, тұтынылған өндіріс құралдарының өтелуін қамтамасыз ететіндей бөлінуіне негізделген. Ал жеке тұтыну заттарын бөлу салалық құрылым мен территориялық бөліністен тәуелді болса да, өзіндік өндіріс шекарасынан шығады.
Әлеуметтік бөлу өзге мазмұнға ие. Ол меншік институтынан тәуелді, себебі өндіріс құралдары олардың меншік иелеріне тиесілі болады, ал нарықтық шаруашылық ету жүйесіндегі ресурстардың бөлінуі бағалық механизмнің ықпалымен жүзеге асады. Нәтижесінде өндіріс құралдары мен тұтыну тауарларының бөлінуі табыс деңгейіне байланысты қалыптасатын халықтың әлеуметтік топтары бойынша жүзеге асырылады.
Бөлу сияқты айырбастау да өндіріске негізделеді. Айырбастау ұдайы өндіріс процесінің күрделі фазасы болып табылады және келесілерден құралады: а) кәсіпорындар, салалар мен қоғамдық өндіріс салалары арасындағы еңбек іс-әрекетінің айырбасы; б) осы іс-әрекет нәтижелерін шаруашылық буындар арасында айырбастау (мысалы, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп); в) жеке тұтыну үшін тауарлар және қызметтердің айырбасы.
Территориядағы ұдайы өндірістік процестер аймақ экономикасының тек максималды пайда алуымен ғана емес, сонымен қатар өмір деңгейі мен сапасын анықтайтын адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен де байланысты. Дәл осы халық қажеттіліктерін қанағаттандыру аймақтық экономиканың қызмет ету және дамуының негізгі қағидаларының бірі болып табыалды. Бұл, ең алдымен, адам өміріндегі «тұрғын үй – жұмыс – қызмет - демалу – тұрғын үй» сияқты кеңістіктік-уақыттық циклдарының (тәуліктік, апталық, жылдық) негізінен аймақ шекарасында тұйықталуымен байланысты, сондықтан территорияда адамдардың өмірлік іс-әрекетінің ұдайы өндірілуі жүзеге асырылады. Осыған байланысты жергілікті билік органдарының ролі төмендегілерді қамтамасыз етуден тұрады:
1) аймақ халқының өмір сүру сапасы (энергия, су, жылумен қамтамасыз етілу, қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік);
2) халықтың өмір сүру деңгейі (рационалды жұмысбастылық);
3) халық ұдайы өндірісінің материалды негізі ретіндегі аймақтың тиімді экономикасын қалыптастыру;
4) аймақтағы дағдарыстық құбылыстарды, шаруашылықтардың теңсіздігін жою.
Аталған функцияларды орындау үшін территориядағы ұдайы өндірістік процестің эндогенді (территориялық ішкі факторлар) және экзогенді (территорияға қатысты сыртқы) факторлармен анықталатынын ескеру қажет.
Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйе мен оның құрамдас бөліктері қалпына келтіріледі.
Аймақтық ұдайы өндірістің тұтастай процесі кеңістіктік бөліктерге бөлінеді:
- жалпы материалды игіліктерді ұдайы өндіру саласы;
- жұмыс күшінің ұдайы өндірілу саласы;
- қоршаған орта ресурстарын ұдайы өндіру саласы;
- қатынастарды ұдайы өндіру саласы.
Аймақтық ұдайы өндірістік процесс – уақыт пен кеңістіктегі экономикалық қатынастардың көрініс табу және жүзеге асырылуының неғұрлым жалпы формасы. Қалыптасқан жағдайда аймақтық ұдайы өндіру процесін зерттеу қажеттілігі, ең алдымен, экономикалық қатынастар мен басқарушылық құрылымдардың қайта құрылуының, құрылымдық дағдарыстың, аймақтық айырмашылықтардың жалпы ұдайы өндірісті реттеуге мүмкіндік бермеуімен түсіндіріледі.
Аймақтық ұдайы өндірістік процесс – салалық және территориялық еңбек бөлінісінің үйлесу нәтижесі.
Аймақтық ұдайы өндіріс циклдарына жатқызылатындар: еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі; қаржы-несиелік және ақшалай ресурстардың ұдайы өндірісі; инвестициялық-құрылыс процесінің ұдайы өндірісі; азық-түлік ресурстарының ұдайы өндірісі; табиғи ресурстардың ұдайы өндірісі; өндірістік қызметтердің ұдайы өндірісі; әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің ұдайы өндірісі; нарықтық инфрақұрылым қызметтерінің ұдайы өндірісі; ақпарат пен білімнің ұдайы өндірісі.
Аймақтық экономиканың әр деңгейі үшін түрлі рангтағы территориялық құрылымдардың шекараларымен тұйықталатын ұдайы өндірістік циклдарының барлық жиынтығы тән. Олар аймақтық жүйенің құраушы элементтері мен олардың ұдайы өндірістік өзара байланыстарының қызмет ету үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Аймақтық ұдайы өндірістің аймақішілік аспектісі аймақтың кешенді даму мәселелерін қамтыса, ал аймақтық ұдайы өндіру процесінің әлеуметтік мағынасы, ең алдымен, халықтың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуден тұрады. Сондықтан аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұйымдастырылуы аймақ мүдделеріне сәйкес келіп, табиғи жүйелердің сақталуы мен ұдайы өндірілуін, өмір сүрудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
