- •1. Аж. АЖді құрудың итерациялық процедуралары. ДҚның концепциясы.
- •2. Деректер банкіндегі қолданылатын тілдер: деректерді сипаттау тілі, деректерді түрлендіру тілі, сұраныс тілі.
- •3. ДҚның түсінігі мен анықтамасы. Дқ-ның архитектурасының түсінігі.
- •4. Деректер үлгілерінің классификациясы. Үлгілердің сипаттамасы.
- •5. Қатынастарды нормалау. I, II, III, IV нормалау формалары. Нормалау шарттары.
- •6. Атрибуттардың функционалдық, транзитивтік тәуелділігі.
- •8. ДҚның қолданушылары. Дқ администраторының негізгі функциясы.
- •9. Инфолог-қ модельдеу-ң нег-гі аспаптық жабдық-ры. Па-ң er- диаграммасы. Физ-қ модельге көшу.
- •10. Логикалық ж/е физикалық модельдеудің аспаптық жабдықтары. Деректер сұлбасы ж/е түсінігі, бүтіндігі.
- •Деректер қорлары жүйелері
1. Аж. АЖді құрудың итерациялық процедуралары. ДҚның концепциясы.
АЖ – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу ж/е беру жүйесі. АЖні қазіргі заманғы түсіну жеке компьютерді ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде пайдалануды білдіреді.
Итерациялық модель
Тізбекті модельдің альтернативті түрі болып итеративті ж/е инкрементальді өңдеулер жатады (ағыл. iterative and incremental development, IID), оны 70ші жылдары Т. Гилб эволюциялық модель деп те атап кеткен. Сонымен қатар бұл модельді итеративті модель немесе инкрементальді модель деп те атайды. IID моделі өмірлік циклдың жобаларын итерациялар тізбегіне бөлуді меңзейді, ол тізбектердің әрқайсысы «мини-жобаны» еске түсіреді, ж/е толық жобамен салыстырғанда функционалдықтың кішкене фрагменттерін құрудағы қолданылатын өңдеулердің барлық процестерін қамтиды. Әр итерацияның мақсаты программалық жүйенің істейтін версиясын алу.
Итерациялық тәсілдің артықшылықтары
Итерациялық өңдіру тапсырыс берушінің талаптары өзгергенде өзгеріс еңгізуді жеңілдетеді.
Спиральді модельді пайдаланғанда ақпараттық жүйенің жеке элементтері бір тұтасқа бірте бірте интеграцияланады. Итерциялық тәсілде интеграция үзіліссіз жүреді. Интеграция жүрген кезде элементтердің аз санынан басталғандықтан, оны орындағанда аз мәселелер туындайды.
Тәуекелділік деңгейін азайту. Бұл артықшылық алдыңғы артықшылықтан туындайды, өйткені тәуекелділік интеграция кезінде анықталады. Сондықтанда тәуекелділік деңгейі бастапқы кезде жоғары болады. Өңдіру кезінде тәуекелділік деңгейі азая береді. Итерациялық өңдіру жобаны басқаруда үлкен икемділікпен қамтамасыз етеді. М/ы өңдірудің мерзімін құрамы бөліктерге басқа фирмалардың өнімдерін пайдалану арқылы азайтуға болады. Бұл бәсекелестік кезінде актуалды болады.
Итерациялық тәсіл компоненттерді қайталап пайдалануды жеңілдетеді. Бірнеше бастапқы итерация жүргізгеннен кейінгі жобаны талдау көп пайдаланылатын компонеттерді анықтауға мүмкіндік береді, оларды кейінгі итерацияларды жетілдіруге болады.
Спиральді модель сенімді ж/е берік жүйе алуға мүмкіндік береді. Ол жүйенің дамығаны сайын қателеіктер әр итерацияда анықталып түзетіліп отырылады. Бір уақытта тиімділіктің критикалық параметрлері түзетіледі.
Итерациялық тәсіл өңдіріс процесін жетілдіруге мүмкіндік береді, өйткені әр итерция сонындағы анализ өңдіріс кезіндегі ұйымдастыруды бағалауға ж/е келесі итерация кезінде жақсартуға мүмкіндік береді.
ДҚ - компьютер арқылы тез арада іздеу ж/е керек құжатты алу мүмкіндігін арттыру үшін ұйымдастырылған деректер мен ақпараттар жиынтығы..
ДҚның концепциясы.
1. АЖдің мәліметтері операциялық жүйелерді сақтайтын файлдарда орналасады;
2. файлдардың физикалық құрылымы белгіленеді, ал мәліметтердің логикалық құрылымы оның негізінде көрсетіледі (мәліметтердің физикалық ж/е логикалық құрылымы ж/е бөлінуі);
3. мәліметтердің сұранысын өңдеу мәлiметтердi манипуляция жасайтын (ұйымның мәліметтерінен программаның тәуелсіздігі) арнайы интерфейс арқылы жүзеге асады;
4. программалар біртұтас пікірдің негізінде мәлiметтердi өңдейтiн процедурада жасалады.
