- •1. Комп-к желi түсінігі. Желi тип-і. Нег-гi топология-р. Желiлердi жiктеу. Жергiлiктi ж/е ауқымды желілер.
- •2. Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы.
- •3. Көп деңгейлі osi жүйесі ж/е стандарттау проблемасы.
- •4. Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Дин-қ маршрутизация. Rip хаттамасы. Ospf хаттамасы.
- •5. Жергілікті есептеу желілерінің негізгі техн-ы. Ethernet, Token Ring, AppleTalk техн-ы.
- •6. Желi-гi маршрутизация. Iр-желі-гі адрестеу. Iр-адрестерінің кластары. Dhcp қызметі.
- •7. Tcp/ip хаттамалар стегінің көп деңгейлі құрылымы. Тср хаттамасы. Тср хаттамасының негізгі функциялары. Қосылуды процедурасы орнату.
- •8. Көпiрлер. Маршрутизаторлар. Шлюздар.
- •9. Түйiндердiң аттарын анықтау. Hosts файл. Dns қалыптастыру. Қызметі wins. NetBios атауларын анықтау.
- •10. Isdn желiлер. Х.25 желiлер. Frame Relay желiлер.
- •Компьютерлік желілер
1. Комп-к желi түсінігі. Желi тип-і. Нег-гi топология-р. Желiлердi жiктеу. Жергiлiктi ж/е ауқымды желілер.
Комп-к желі (ағ. Сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен деректер алмасуына мүмкіндік беретін байланыс желілері арқ. қосылған комп\ң ж\е басып шығарғыштар мен мәтін алатындар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында н/е одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды ж/е интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету. Желіге қосылған компьтерлер дерек-р, принтерлер, модемдер,басқа құрылғыларды ортақ пайдалана алады.
К.ж\ні пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде: деректерді ж/е сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге; қосымшаларды стандарттауға; деректерді уақытында алуға; тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.
Жергілікті желі – жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқ. желіге қосылған өзара жақын орналасқан компьютерлер тобы. ЖЕЖ шектеулі территорияның аумағында, м\ы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқ. қосылған бірнеше компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады.
Ауқымды желі – байланыс жолы ретінде модемдерді ж/е алыс байланыс жолдарын(телефон н/е жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы. Желінің екі типі кең тараған:
1) Бір рангілі желілерде әрбір комп. клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді. Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны 10 аспаса; қолданушылар өзара жақын орналасқан болса деректерді қорғаудың маңызы болмаса; фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.
2) Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны көп; деректерді кең ж/е кешенді түрде қорғау қажет болса.
Желі топологиясы д\з – компьютер, кабель, желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:
1)«Шина»–комп\р магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған. «Шина» желісіндегі деректердің осал жері— бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді. Кабельді үнемдейді. Беріліс ортасын пайдалану құны төмен, қарапайым, сенімділігі жоғары. Желіні жеңіл ұзартуға болады
2)«Жұлдызша»–компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады. Негізгі жетістігі: комп\р мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Кемшілігі:егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
3)«Сақина»–кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған. «Сақинаның» «Жүлдызшадан» бір ерекшелігі—оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» осал жері-бір компьютердің істен шығуы желіні түгелдей тоқтатады. Желі конфигурациясын өзгерту үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келеді.
2. Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы.
Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа ж/е коаксиалды деп бөлінеді.
UTP н/е Айналмалы жұп сымдар (ағылш. twisted pair) - Кабель сымдарының түрі. Сыртынан пластик қапталған. өзара айналмалы оратылған бір н/е бірнеше жұп айырылған электр өткізгіштер.
Қос ширатпа деп,екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз. Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады.«Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады.Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair) ж/е экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді. Соңғысы екіге бөлінеді: әр жұбы экрандалған ж/е жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) ж/е тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair). Кабельдегі экранның бар болуы н/е жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді. Экрандалмаған кабельдерде экранның болмауы кабельдерді майысқақ ж/е өзгеріске төзімді етеді. Экрандалмаған кабельдерді ғимаратттардың ішінде жүргізген дұрыс, ал экрандалған кабедерді көбінесе ерекше эксплуатация жағдайлары бар жерлерде қолданады, мысалы электромагниттік сәулеленуі өте жоғары жерлерде.
Коаксиалды кабель (коаксиальный кабель; coaxial cable) — 1) орталық өткізгіштен ж/е металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран осьтерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбит/с шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас,сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар кабель. Олар жоғары жылдамдықты терминалдарда ж/е басқа да компьютер кұрылғыларында пайдаланылады.
Оптоталшықты желілер
Оптикалық кабельді локальды жүйеге қосудың бір түрі ол сақина. Әрбір компьютердің Интерфейсі сәулені сақинаға өткізеді, ж/еде компьютерге мәліметтерді алуға жіберуге көмекткседі. Бұнда интерфейістің екі типі қолданылады.Кіретін сәулелі импульсты электрик сигнал бар, онда керісінше алып сосын ол сәулелі пучокқа айналады. Компьютердің интерфейсі қарапайым жез сымнан сигналды ренераторлап қосатын сымнан құрылған. Таза оптикалық қайталанушыларды қазіргі жағдайда қолданылуы мүмкін. Бұл құрылғылар жоғары жылдамдықтан жұмыс істей алады. Белсенді қайталайтын сақина бұзылып қалса онда барлық жүйе жұмысын тоқтатады.
Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс. Сымсыз Комп-к желілер бұл кабельді қолданусыз толығымен қарапайым сымды желілер (мысалы, Ethernet) стандартына сәйкес келетін есептеу желілерін құруға мүмкіндік беретін технология. “RadioEthernet” стандартына сәйкес желі мәліметтерді жіберу ортасына коллизионды механизмдік рұқсатыбар Ethernet қарапайым кабельдік желісіне ұқсас. Айырмашылығы тек орта мінездемесіне байланысты. Radio Ethernet толығымен ғимарат ішінде мәліметтерді сымсыз жіберудің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
