- •Билет 1.
- •3.Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай ң түрі бар: хабарлы, сұраулы, бұйрықты,лепті.
- •Билет2.
- •Билет3.
- •3.Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай ң түрі бар: хабарлы, сұраулы, бұйрықты,лепті.
- •Билет4.
- •Билет 6.
- •Билет9.
- •Билет10.
- •2. Ұлттық ойындар туралы әңгімелесейік. Қандай ұлттық ойындар білесің ?
- •Билет11.
- •2. Қазақ әншілері туралы әнгімелесейік.
- •Билет13.
Билет 6.
1. Үлкен балалары отау тігіп, бөлек шыққанда ең кенже ұл (кіші ү. әкесімен бірге қалады. Әке-шешені асырау осы кенже ұлдың міндеті.Әкесі бар кезінде де, немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй "қара шаңырақ" деп аталады. Бұл"үлкен" үй деген мағынаны білдіреді. Егер "қара шаңырақ" батыр, би, өулие, молда, сыйлыкісілердің үйі болса, онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса, немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады.
2.- Ұлттық тағамдары туралы әңгімелейсейік. Қазақта қандай ұлттық тағамдар бар?
- Қазақта ұлттық тағамдар көп.
- Олар қандай бөлінеді?
- Олар- нан, сүт, ет тағамдары болып бөлінеді.
- Нан тағамдарына не жатады?
- Нан тағамдарына бауырсақ, шелпек, самса ши бауырсақ, бәліш жатады.
- Сүт тағамдарына не жатады?
- Сүт тағамдарына сүт, айран, құрт, ірімшік, қоспа, бал қаймақ, қымыз, шұбат, сары май жатады.
- Ет тағамдарына не жатады?
- Ет тағамдарына беспармақ, қуырдақ, сірне, кәуап, сірне, түшпара жатады.
- Саған қандай ұлттық тағам ұнайды?
- Маған айран ұнайды.
3.Оқшау сөз- сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. Оқшау сөздің 3 түрі бар
1. Қаратпа сөз
Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз.
САМАТ, ертең сынақ болады.
2. Қыстырма сөз- сөйлеушінің ойға қатысты көзқарасын білдіретін сөз. Меніңше, Әрине, Сірә.
Меңінше, сенің айтқаның дұрыс.
3. Одағай сөз
Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз.
Қап, оны кеше сұрау керек еді.
Ә, шіркін.
Билет №7
1.1973 ж. Алматыда археология мұражайы ашылды. Мұражайда Есік обасынан табылған Алтын адам экспонатты. Басында төбесі шошақ бас киім бар. Бас киім алтын заттармен әшекеленген. Мойнына алтын алқа таққан. Алқада жолбарыстың басы бейнеленген. Сырт – киімі бешпент және шолбар. Жейдесінің жағасы мен жеңіне алтын өрнек қадалған. Қайыс белдіктегі әшекей алтыннан құйылған. Белдіктің оң жағында – семсер, сол жағында – қанжар.Қолында екі жүзік бар. Біреугі – мөр. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар дүниежүзілік маңызы бар жаңалық.
2.-Шолпан сен қазақтың ұлттық аспаптар жайлы не білесің? -Маржан, Ұлттық аспаптар - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. -Оларды қалай жасаған? -Ертеде аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. -Қазақтың ұлттық аспаптары қандай? -Домбыра,қобыз,жетіген,сазсырнай,адырна,дауылпаз, Домбыра - ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. -Ол аспапта не орындалады? Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.
3. Төл сөз—жазушының сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.
«Ол ертең келеді»,-деді али.
Пли оның ертең келетінің айтты.
Автор сөзі- төл сөздің айналасында берілген жазушының өзз сөзі.
Төлеу сөзө жазушының біреудің сөзінің мазмұны сақтап, бірақ өз сөзімен өзгертіп берген сөздері.
Билет № 8
1.Биыл Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығы тойланып жатыр. Осы шараға сәйкес біздің сыныпта «Сен құрметте оны, түсіндің бе қарағым» деген тақырыпта ашық сынып сағаты өтті. Сыныбы мыздың ұл балалары көкіректеріне қызыл қағаздан жасалған қалампыр гүлдерін тағып, ерлік рухын жалғастырушы ұрпақ екендіктерін танытты. Бүгінгі бейбіт күннің оңайлықпен елмегендіктерін оқушылар өздері жаттаған өлең-тақпақтары, еліміздің қаһарман батырларының ерліктері туралы атқан мәтіндері арқылы барынша жеткізуге талпынды. Жеңіс күнін бүкіл халық тойлайды. Ардагерлерді құрметтеу- біздің міндетіміз. Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Сол үшін ардагерлерімізге рахмета айтқымыз келеді. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға біз сө береміз.
2. – Наурыз мерекесі туралы әңгімелесейік. Наурыз қандай мерекесі?
- Наурыз қазақша жыл басы.
- Ол қашан болды?
- Ол наурыздың 22-де болады.
- Наурыз сөзі жаңа күн (нау-жаңа, руз-күн) дегенді білдіреді.
- Наурыз бұл күні неге тойлайды ?
- Өйткені бұл күні күн мен түн тенеледі, күн жылынады, табиғат тірлдейді, мал төлдейді.
- Халық бұл күнді қалай қарсы алады ?
- Мереке алдында адамдар үйінжинап, қорасын тазалайды, ағаш отырғызады. Мейрам күні адамдар жақсы киімдерін киіп, бір- бірінде жақсы тіліктер атайды.
- Бұл күні қандай тағам дайындалады?
- Бұл күні арнайы наурыз көже дайындалады.
- Ол неден дайындалады?
- Ол жеті түрлі тағамнан дайындалады. Ол- сүр ет, су, тұз, кеспе, бидай, құрт, сары май.
- Сен наурыз көже іштің бе?
- Иә, іштім.
3.Жалаң: тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
Ол келді.
Жайылма: тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
Ол ерте келді.
