Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

Билет3.

1. Менің «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» туралы айтқым келеді.Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүниежүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді. Қазіргі уақытта көп тіл білу- өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды. Қазақтар: «Өнер алды-қызыл тіл», -- дейді. Біздің Республикамыздың мемелекеттік тілі- қазақ тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдері тобына жатады. Қазақ тілі – өте бай,көркем тілі. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркү»екте қабылданды. Мемлекеттік тіл білу – біздің борышымыз.

2. Мұқағали Мақатаев

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

3.Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай ң түрі бар: хабарлы, сұраулы, бұйрықты,лепті.

Хабарлы. Хабарлау мақсатында айтылған жай сөйлем арқылы жасалады.

Мысалы : Менің туып – өскен жері – Қазақстан.

Сұраулы: Ол қайда? Сұрау есімдіктері: кім?не?

Оқшау, көмекші сөз:ә, сірә

Сұраулық шылаулар: ма, ме, ба,бе, па, пе

Арқылы жасалады.

Бұйрықты – бұйрық рай арқылы жасалады.

Мысалы: Отыр!

Лепті сойлем – интонация арқылы жасалады.

Мысалы: Мен туған отанымды, халқымды құрмет тұтамын!

Сөйлемнің құрылысына қарай:

Жақты: бастауышы бар сөйлем.

Киіз үй қалай бөлінеді?

Жақсыз: бастауышы жоқ сөйлем.

Менің оқығым келеді.

Жалаң: тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.

Ол келді.

Жайылма: тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.

Ол ерте келді.

Толымды: ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.

-Балам, сен қайдан келдің?

-Мен Астанадан келдің.

Толымсыз түрі:

Тұрлаулы немесе тұрлаусыз мүшелердің бірі жоқ сөйлемі толымсыз сөйлем дейміз.

-Балам, сен қайдан келдің?

- Астанадан.

Атаулы: Жас

Билет4.

1. Ахмет Байтұрсынов . (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы)

Менің А. Байтұрсыновтуралы айтқым келеді. Ахмет Байтұрсынов- қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері , түрколог,, дарынды ақын, көсімсөзші, белгілі демократ. А. Байтұрсынов 1873 Торғай облысы, Тқрғай уезінде бала оқытуған бастаған.

Ол қазақтың тұнғыш әліппесін щқулықтарың жазады. Ол жазған мектеп оқулықтар пайдаланады. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш \әліппелердің бірі.

1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар.

2. – Қ-н неше экономикалық аймаққа бөлінеді?

- Қ-н – Батыс, Солтүстік, орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді.

- Қ-нда неше областар бар?

- Қ-нда 14 областар бар.

- Батыс Қ-н қай жерде орые тепкен?

- Батыс Қ-н – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен.

- Осы аймақта қандай теңізі, өзені және қандай шығанақ бар?

- Каспий теңізі, Жайық өзіні, Манғыстау шығанағы осы аймақта.

- Солтүстік Қазақстанда қай облыстары жатады?

- Солтүстік Қазақстанда- Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар облыстары жатады.

- Бұл жерже қандай орындары бар?

- Бұл жерде темір, асбест орындары бар.

- Екібастұзда қандай орындары бар?

- Екібастұз жылы энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар.

- Осында қандай сұлу жерлер бар ?

- Осында Көкшетау, Баянауыл сұлу жерлер бар.

- Шығыс Қаз-нда қандай облыстары жатады?

- Шығыс Қазақстан Семей және Шығыс Қаз-н облыстары жатады.

- Оңтүстік Қ-нда қай облыстары жатады?

- Оңтүстік Қаз-нда Оңтүстік Қ-н, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады.

- Мұнда қандай таулар бар?

- Мұнда Алатау және Қаратау таулар бар.

- Сен қай облыста тұрасың?

- Мен Павлодар облыста тұрамын.

3. Жаңа жылыңызбен! Сізге зор деңсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймің! Бар арманыңыз.

Билет5.

1. .Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зертеу қоғамы» базасы негізінде құрылды. 1958 жылы оған Орта Азияны зерттеуші, саяхатшы Г. Н. Потаниннің аты берілді.Музейдің негізін фотосуретші, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев қалады. Өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын экзпозициялар 8 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана және екі филиал бар, олар Д. П. Багаев музей- үйі және Майра Шамсутдинова атындағы өлең шығармашылық музей- үйі.

Экспонаттар саны - 72435

Қызметкерлер саны – 68

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.Қазіргі кезде музейде 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13 071 жуығы түпнүсқа болып есептеледі.

Павлодар облыстық көркемсурет музейі1964 жылы құрылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемсурет музейі еді. Бұған дейін тек Алматыдағы Т. Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы ғана болды. 1965 жылдың 18-ші желтоқсанында келушілерге музей өз есігін айқара ашты. Жыл сайын музей 15-тен астам экспозиция ұсынады.Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражай-үйі

Майра Уәлиқызы атындағы ән шығармашылық мұражай үйi 2001 жылдың 30 қаңтар айында ашылды. Бұл 1900 жылы салынған белгiлi көпес Абдул-Фаттах Рамазовтың үйі. Қазiр архитектуралық ескерткiш ретiнде айтылады.Павел Васильетің мұражай-Үйі

1994 жылдың 23 желтоқсанында, ақын П.Васильевтің туған күнінде мұражай-Үйі салтанатты ашылды. Жаңартылған мұражайдың экспонаттарының көбісін ақын Н.П. Фурманның қызы Е.А. Вялова, ақынның ағасы В.Н. Васильев берді. Мұражай-Үйіне АҚШ-тан, Франциядан, Польшадан, Белоруссиядан, Ресейден, Қазақстаннан қонақтар келді. П. Васильевтің шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Жарқын, дара ақынның шығармашылығы поэзияны бағалайтындар үшін өте қымбат. Павел Васильевтің поэзиясы - бұл біздің мәдениетіміздің қазынасына қосқан бағасыз үлес.

2. 1.Өнер алды- қызыл тіл.

2.Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

3.Білім кілті – тіл.

4.Сөз де ара сияқты

Балы да бар,

Зәре де бар.

5.Сөздің көркі – мақал,

Атасы - ақыл,

Анасы – тіл.

6. Тіл – шекер,

Бала – кетер,

Байлық – бекер.

7. Тіл – тиексіз.

8.Туған ел - түғырың,

Туған тіл – қыдырың.

9. Ең тәтті де - тіл,

Ең ашты да - тіл,

Ең жұмсақ та - тіл,

Ең қатты да - тіл.

10. Тіл - буынсыз, ой түпсіз.

3. Синоним, антоним, омоним – сөздің лексикалық мағыналары.

Синоним- айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы- жүз, бет, дидар, келбет,ажар.

Антоним- мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.

Мысалы- аласа-биік, ұзын-қысқа, ақ-қараша

Омоним- дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.

Мысалы- ат-жылқы

Ат- адамның есімі

Ат- мылтық «ату» етістігі

Жаз- жыл мезгілі

«Жазу» етістігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]