Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.07 Кб
Скачать

9. Прозалық шығармалар бойынша әйел мінездерінің сомдалуын жинақтау эвристикалық әңгіме әдісі бойынша жеткізу

Қазақ әдебиетінде көркем сомдалған Зере әже мен орыс әдебиетіндегі Акулина Ивановна – бүтін елдің анасына айналған ұлы бейнелер. Бұл аналар- жоғары адамгершілік, адамдарға деген шексіз махаббат сынды асыл қасиеттерді бойына жинаған әдемі бейнелер. Қазақ анасы баласына шексіз махаббаты мен мейрімін «айналайын», «ботам», «жаным», «құлыным», «қоңыр қозым», «алтыным» деген сөздермен білдіреді. Оқудан қайтқан Абайды мейірлене қарсы алып, аналық щуағын төгетін Зере әженің мейрімін, аналық асқақ сезімін автор романда шынайы суреттеген. Бұлдәстүр туындыларында әйел бейнесін сомдаған қазақ романшыларының шығармаларына ұласты. Сол көркемдік желі «Көшпенділер» трилогиясында, «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі», «Соңғы көш», «Дарабоз», «Тағдыр», «Ақан сері», «Жаяу Мұса», «Найзағай» романдарында қазақ халқының тарихында ерекше әлеуметтік мәні бар оқиғалар, аса бір күрделі кезең бейнеленген. Романшылар әйел жанын бейнелеуде ұлттық тәрбиемен астасқан нәзік иірімдерден тұратын қазақ әйелінің реалистік бейнесін сомдады. Бойындағы мейірімін, жылуын балаларына арнаған, шығыс әйелдеріне тән ұстамдылық, биязылық, парасаттылық лебі есетін Жаған бике, Аққозы, Күнімжан, Балжан, Жаңыл, Ханбибі, Майсара,Айтолқын, еркін,ерке, ашық та байыпты арулар Дүрия, Сәния, Бопай,Назым, адамгершілік, ар, намыс,адал махаббат жолында жанын пида етуге әзір, уыздац аппақ сезімнен тұратын, жаны жалынға толы әрі қарапайым, әрі қайсар, сырлы да сымбатты, ойлы да парасатты , әрінәзік, әрі асқақ Ақтоқты , Бибі, Ұрқия, Самал, сылқым, қызба сезімін салқын ақылға көбіріек жеңдіретін Жұпар, Нина-әрқайсысы бір-бір әлем, бояуы қанаық көркеме бейнелер. Авторлар Кенесары-Күнімжан , Ақан-Ақтоқты, Демежан-Бибі, Кенже-Сәния,Қабанбай-Майсара арасындағы шығысқа ғана түсінікті махаббат құпиясы арқылы ұлттық характер табиғатын ашуға ұмтылған. Аталмыш суреткерлер сомдаған әйклдер бейнесін қазақ халқында «пешене» деп аталатын шетсіз-шексізабстрактілі ұғымдар аясындағы жазымышқа орай өз характерін түрлі-түрлі жағдайларда, күрес, тартыс ауқымында аша алған. Әр автордың өз қаһармандарын динамикалық қозғалыста, эволюциялық даму бағытында алғаны байқалады.

Ғалым Ш.Елеукенов «Көшпенділер» трилогиясында сомдалған көркем бейнелерге талдау жасай отырып, «І.Есенберлиннің бастапқы екі кітабында бір-біріне ұқсас хан, сұлтандар «ақ төсінен шөлі қана тояттайтын» «бегімдер» көп те ел ішінен шыққан қазақ қыздары аз болатын. Қабанбайдың Гауһары тәрізіді романтикалық бейне бір жалт етіп көрінетін де жоғалып кететін. «Қаһарда» олай емес»- деген пікір білдіреді. Мысалы, «Қаһар» романында көркем сомдалған тарихи бейне Күнімжан- өжеттілігімен, ақылдылығымен, қылықты назды қылығымен дараланып сәтті шыққан кейіпкер. Күнімжан-ерінің алдында өзін еркін ұстатын бәйбіше.

Күш те менде, билік пен әмір де менде, айтттым болды, бітті деп тұратын бір беткей хан мен уәзірді, сұлтанды жіпсіз байлап, қаһарланып келген ханды да, төніп келген өктемдік, зұлымдықты да бырлы ізеттілігімен, шешендік тапқырлықтарымен жеңіп щығатын Мүсірепов сомдаған Ұлпан, Әезов сомдаған Ұлжан, Нұрғаным сынды дана қыздардың, әйел аналардың өнегелі дәстүрлерін тариха романшылар Күнімжан, Жаған бике, Бопай, Барын, Шырын, Нұрбике характерінен танытып, өзіндік ерекшелігімен айқындап суреттеген.

Ұлттық әдебиетіміздің өрлеу дәуірі ХХ ғасыр болса, сол кезеңнің өзінде қаламгерлеріміздің шығар­маларына арқау болған қаншама қазақ қызының бейнесі сомдалды. Қазақ ро­манистикасының өзі әйел бейнесінен, оның қайғысы мен мұңын суреттеуден бастауын алады (Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал»). Осылайша, сол за­ман­дағы әйелдер теңсіз­ді­гімен күресті жазушылар бастап кетеді.

Одан кейін әдеби шығар­малар аренасына еңбек озаттары, атқарған ісі арқылы белгілі бір жетістікке жет­кен қаһарман әйелдер бейнесі шығады (Бейімбет Майлин «Раушан коммунист»). Әдебиетіміздің алыптары Мұхтар Әуезов Ұлы Абайдың әжесі мен анасын суреттеу арқылы, Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романын жазып, тарихта болған әйелдердің бей­несін шығармаларына көшіреді. Олардан бөлек, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының бас кейіпкерінің бірі – Меңтай бейнесіне оқырмандардың талайы сүйсінеді.Жазушылармен қатар ақындар да әйелдер бей­несін өлең, поэмаларында ұлықтайды. Олардың арасында белгілі композитор Әбілахат Еспаев әнге айналдырған Садықбек Адамбековтың «Маржан қыз» өлеңі бар. Ән махаббат лирикасы тақырыбында болса да, өнер зерттеушілері әннің прототипі Маржан есімді озат жылқышы болғанын айтады.

Сондай шығармалардың біріне халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның иегері Абзал Бөкен­нің 1977 жылы жазылып, сиясы кеппей жатып «Жалын» баспасының жабық конкурсында үшінші бәйгені алған «Сейіткүл» дастанын да қосуға болады. Онда аға шопан болып жұмыс істеген Сейіткүл Тұрсынбаеваның ақтүтек боранда бір отар қойды сақтап қалған жанқиярлық ерлігі баяндалады.

«Абай жолындағы» Зере, Ұлжан бейнелері нағыз қазақ әйелінің үлгісі саналады. Осылар жайлы айтқанда, Абайдың әжесі мен анасынан бөлек арғы атасы Айдостың бәйбішесі Айпара ана қандай еді!

Әрине, сұрағыңызға орай есімі ел ұранына айналған Домалақ пен Қарқабат, ақылы ханның өзін жаңылдырған Қарашаш аналарымыз да еске түседі. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы аналар галереясы, Мұхтар Шахановтың «Танакөзі», Есенғали Раушановтың «Ғайша бибісі» қандай!

Ақын болсын, жазушы болсын шығармасына негізінен өз өмірін, өз басынан кешкенді түсіретіндіктен, олардың бейнесін де өздері жазған дүниелерден көре аламыз. Мысалы, кеше ғана дүниеден өткен Фариза Оңғарсынованың өр бейнесі өлеңдерінде атойлап тұр. Шынайы әйел бейнесін қазақ әдебиетіне көшіру үрдісі тым әріден бастау алған. Құртқа, Жібек, Еңлік, Естайдың Қорланы, Ақан серінің Ақтоқтысы, соған жалғас Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілегі, Мағжанның Гүлсімі, т.с.с. Осылардың барлығы қазақ қызын, ұлт анасын, қазіргі тілмен айтқанда, қазақ әйелдерін қастерлеуден, оған сүйіспеншіліктен туған бейнелер болатын. Өкініштісі, Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлуынан» кейін, Сәбит Мұқановтың «Ботагөзінен» бастап қазақ аналары шолақ шашты белсенділерге айналды. Соңғы кезде осы олқылықты орнына келтіру үшін еркін ойлы жастардың қазақ анасының бейнесін қайта қалыптастыруға ұмтылыс жасап жүргені қуантады. Мысалы, Дәурен Қуаттың «Мүйіз тарағындағы» Ұлт анасы – өте сәтті шыққан бейне.