Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.07 Кб
Скачать

8. Образ сомдаудағы психологиялық талдаудың рөлі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.

Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім.

Прозадағы психологизм әлем әдебиетінде ХХғасыр басында-ақ әр түрлі бағытта дамығаны мәлім. Сол кездері жарық көрген Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың т.б. шығармалары дәлел. Ж.Аймауытов-суреткердің ішкі өміріне психологиялық талдау жасаудың үздік үлгісін "Ақбілек" романы арқылы көрсетеді. "Ақбілек" романының ұстанып отырған нысанасы-әйел тендігі. Бұл-сол кезеңдегі демократия бағытындағы жазушылардың ортақ тақырыбы. Романда бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен, яғни пенделік қалтастарымен қаз қалпында бейнелейді.

Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді. Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамүрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты бедерленеді. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып, жүкті болуы, оны білген атастырылып жігіт Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтық т.б. бәрі Ақбілектің тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің қиын тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс т.б. секілді әдеби тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезендік қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Сөйтіп, жазушы Ақбілекті үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Романның әрбір беті бізге Ақбілектің өміріндегі тоқтаусыз өзгерісті, бір байламға келе алмаған ой арпалысын аңғартады. Және бір айтар жай, оқиғаны баяндау барысында автор мен кейіпкердің ойы мен сөзі көбіне бірігіп кетіп отырады.

Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кеиіпкерлерінің рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын ашу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" деп жеке-жеке тарау етіп алады да басты деген үш кейіпкердің портреттерінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін осы монолог арқылы барлау жасайды. Олардың өз ауыздарына сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі.

Тегінде адам анадан туғанда жаман болып тумайды. Оның жақсы, жаман болуы да өмір сүрген ортасына, алған тәрбиесіне байланысты болса керек. Олай болса әрбір адамды өмір бақи бір ғана нәрсе- ар-ұят қана азаптап өте алады. Мәселен, Мұқаш осындай сатқындыққа неге барды? Оны күнәсіз жас қыз Ақбілектің тағдыры талғандырмады дейсіз бе? Осы әрекеттеріне есеп бермей төсегінде тыныш ұйықтай алатын Мұқаш па? Роман сонда Мұқаштың жоқ болып кетуі себепсіз емес қой. Міне, бүл жайлар " Мұқаш" деген тақырыппен берілген кейіпкерлердің монологында жан-жақты ашылған. Яғни бұл автор тұрғысынан ішкі монологты кейіпкер болмысын, оның ішкі ойын, ой ағысы мен драмалық құбылысгарын талдау құралы ретінде пайдаланған әдісі екенін аңғарамыз. Суреткердің бұл тәсілі кейіпкердің рухани жан әлемін ашудағы қазақ прозасында алғаш қолданылған өзіндік түрлік ізденіс.

Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Кейде ішкі монолог кейіпкердің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да берілуі мүмкін. Немесе тура автордың өз атынан, әйтпесе кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі ретінде көрінуі ықтимал. Міне, біз айтып отырған осы үш тәсілдің бәрі "Ақбілектің" өн бойында тұнып тұр. Біздің жоғарыда ішкі монологты не автор, не кейіпкер айтып тұрғаны белгісіз деуіміз сөбебі де сондықтан. "...Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенің Ақбілектің жүрегі сезөді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?... деп сарылыг, сарғайып күтеді: әкесінің көзі түсер ме екен деп көзінің қырымен жаңсыз аңдып отырады. Бір қарасада қайғысы жеңілетіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен де мынау жаман батты. "Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді кімге сыямын? " деп қайғырды. Міне, Ақбілекті ендігі ауыр күрсіндіретін жаңа қайғы осы еді".

Бұл-ішкі монологтың кейіпкерлерінің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысынан берілуі."... Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз...Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ түрсын, атағына орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ. Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлылының бірі шығар... ".

Бұл-кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі екендігі сөзсіз. Міне, қарап тұрсаңыз роман бастан-аяқ монологтан тұратын секілді. Және көбі белгілі бір оқиға, сезім, не жан толқуы туралы бір кейіпкердің монологы емес, қапыда үлкен қасыретке душар болған бойжеткеннің айналысындағы адамдардың болмашы ғана жылы қабақ, мейірім, тағдыры титтей пенделігі бақыт тілеген тынымсыз жан арпалысы тоқу мен тебіреніске мұң мен налаға толы тынышсыз ішкі әлемі, эмоционалдық сезім жағдайы т.б. жүйелі түрде жүріп жатқан психологиялық процесс.

Аймауытов адам психологиясын, жан-жүйедегі дүлей толқындардың сыртқа сыр беріп қалатын осынау оңтайлы әдістерін де әдемі түрлендіреді.

Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі ой ағысы М.Жұмабаев шығармашылығын зерделі зеттеушісі Ш. Елеукенов былай деп жазады: «Шолпанның күнәсі» атты әңгіме, сөз жоқ, қазақ прозасының көркем дамуындағы ірі қадам, қазақ әдебиеті психологизміне соны дем бітірген шығарма".

Автор «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекелеген әйел образы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі жан сырын ашып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар.

Жанры жағынан қарастырғанда бұл шығарма-психологиялық әңгіме. Автор адам жанының құпия сырларын шұқшия зерделеп, саралайды. Мағжан Жұмабаевтың көркем мінез жасау жуйесінде күрделі психологизм алдыңғы сапқа шығып, көркем зерттеу нысанына айналған. Бұл әңгімедегі бар оқиға, сыртқы әлем Шолпанның санасындағы құбылыстар арқылы өрбиді. Шолпанның өмірі де ойлау логикасы да өзгеше, ешкімге ұқсамайды. Ол-ойдың адамы, сондықтан да ол көп қателеседі. Баланы керек етпеген қателігін Шолпан кеш те болса, түсінді, бармағын тістеді. Сүйгені Сәрсенбай бала сүйгісі келеді екен. Сол түннен бастап Шолпанның ойына не келіп, не кетпеді, не істеп, не қоймады. Қолынан келгенің бәрін істеді. «Пірәдәр келін» де атанды, молданың сасық түкірігін де жұтты. Бір бала үшін дүниеден бас кешіп кеткен ол ақырында беттегі арын белге түйіп, күйеуінің көзіне шөп те сала бастайды. Осының бәрі сүйгені, соның бақыты үшін жасалған әрекеттер. Алайда, оның ойын да, жанын да, түсінер жан табылмады. Жанына жалау болар жалғыз жары да оның ойының тілегінен тысқары болғасын.

Шынында да, ірі сезімнің иесі ғана ірі әрекетке бара алады. Біреудің бақыты үшін өзін қүрбандыққа шалу да үлкен жүректің, ерен ерліктің белгісі. Тәңірден сұраудан, тәуіптен емделуден бала болмасын білген Шолпан басын өлімге тігеді. Ол өлдің өсегіне, құдай алдыңдағы күнәден де қорқпай Сәрсенбайдың бір ғана тілегі- бала үшін Әзімбайға келісім береді. Бұл, әрине, арзан мінез, жеңілтек қылық емес. Мұндай қадам тек батыл әйелдің ғана қолынан келмек. Шолпанға елдің сыпсыңы емес, Сәрсенбайды бақытты ететін бала керек.

Бұрындары ойы түгіл түсіне енбеген бола міне осы сәтте бастап Шолпан үшін жатса да, тұрса да арманға айналды. Бала Шолпанға жаңа ой, жаңа арман, жан толғанысгары мен азан арпалыстары алып келді. "Өмірдің әрбір минуты сайын Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір ұшқыны өліп жатты." Бірақ бала болмады. Қазақтың " Ұрлық қыл да мал тап. Ойнас қыл да бала тап" деген мақалына сүйінген Шолпан шын шатасгы. Осы бұзық ой келген сәттен бастап "баланы кімнөн табу керек" деген сауал мазалайды. Арлы әйел жанын жегідей жеген бұл сауал тағы да тынымсыз ой арпалысын, сана сергелдеңін тудырады. Сөйтіп, батыл шешімнің шешуін де тауып береді. Ақыры болашақ баласына ата болар адамға -Әзімбайды таңдайды, жастығы, тектілігі, деңсаулығының мықтылығына дейін таразыға салып, санасынан өткізіп әбден елеп-екшеуі Шолпанның тегін әйел еместігін, кең масштабты ойлайтын ақылды Әйел-ана екендігін дәлелдесе керекті. Жалпы автор кейіпкер тіршілігін өз бейнелік қадір-қасиетіне, мінез-құлқына, үміт-ынтасына, іс-әрекетіне қарай бір қою оқиға қомында бейнелеуге бейім. Адам психологиясы, толқу-тебірену, өмір жолындағы бұралаң-бұлтарыстарының логикалық құбылыстары, сананың үздіксіз күресі т.б. мұнда үлкен шеберлікпен суреттелген Бір ғажабы біз Шолпанның түр-түсін де жөндеп танымаймыз, ол сұлу ма, жоқ әлде көріксіз бе, түр-тұлғасы қандай? Жейіпкер" бізге Шолпан емес, оның ойы, санасы секілді. Өйткені, әңгімеде сана кейіпкердің рөлін толығымен атқарып тұр.

Көз келген психологиялық шығармада оның табиғатын ашатын тәсілдердің қолданылатыны хақ. Олай болса "Шолпанның күнәсінде" де адамның психологиялық құбылыстарын, жан дүниесін ашып, характер сомдауға сүбелі үлес қосарлық, іс-әрекеттің нанымдылығын да дәлелдерлік логикалық шешімдері ширықтыратын көркемдік компонеттердің жүзеге асқаны күнәсіз.

Жазушы тіршілік үшін, бала үшін ешбір жолдан тайынбайтын әйел бейнесін сомдаған. Әңгіме соныңда автор кейіпкерін азапқа салып өлтіреді. Әдөбиеттанушы - ғалым Ә.Ысмақова: «жазушы өз кейіпкерін ақтап отырған жоқ, бірақ оның білетіні біреу: ешкім адам өмірін қиюға құқылы емес, себебі, өмірді адамдар бермейді, ол жоғарыдан берілген» деп , Шолпан өлімінің себебіне үңіледі.

М.Жұмабаев ішкі монологты әңгіменің өң бойында ұдайы пайдаланып отырады. Автор Шолпанды көбінө іштей сөйлетеді, ойлантады, күйіндіреді, қуантады. Бала болуын алғашында тілемеген Шолпан кейін өзгереді. Өзінің қателескенің сезіп «аь» ұрады. Автор кейіпкер өмірінің бір ғана бөлігін алады да, сол ситуатция арқылы бүкіл болмыс-бітімін, жан-дүниесін ашып береді. Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі терең психологизм, ішкі монологтың барлық мүмкіндігін пайдаланып, жалпы көркем шығарманың сипатын сай баяндаудың драмалық тоқайласуын оқиға мен кейіпкердің ситуациясына сай мәнерлеу, бұл тұста адам жанының, оның бүкіл іоәрекеттің психологиясы мен ой-арманын, толғанысын болмыс пен қүбылысқа тән бүкіл қилы-қилы сезім қалтарыстарын иіріп отыратын М.Жұмабаевтың өзіне тән және осы тектес бүкіл классикалық шығармаларға тән үрдіс.