- •1.Көркем туынды және сын тұрғысынан ойлау технологиясы әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •2.Көркем шығарманы оқытудағы технологияның рөлі пікірталастық әңгімелеу әдісі
- •4.Хикаялық проза-репродуктивтік ә.Б.Т
- •7. Халық прозасы мен жазба әңгіме үндестігі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •8. Образ сомдаудағы психологиялық талдаудың рөлі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •9. Прозалық шығармалар бойынша әйел мінездерінің сомдалуын жинақтау эвристикалық әңгіме әдісі бойынша жеткізу
- •10.Романтиктер және ағартушылық идея эвристикалық әдіс бойынша жеткізу
- •13.Алаш қайраткерлерінің көркем шығармадағы образдары эвристикалық әдіс б.Т.
- •14. Б.Майлин әңгімелеріндегі сатиралық желіс түсіндіру-оқыту әдісі бойынша жеткізу
- •15.Мемуарлық шығармалар ізденіс әдісі б.Сипаттаңыз.
- •16.С.Сейфулиннің көркем шығармадағы бейнесі зерттеушілік әңгіме әдісі б.Т.
- •17. А. Алтай шығармашылығындағы фантастикалық антропологияның көріністері ақпараттық-рецепция ә сипат.
- •18. С. Мұратбеков шығармаларындағы образдар жүйесі индуктивтік әдіс б. Т.
- •20. Прозалық шығармалардағы ұлттық құндылықтар мәселесі- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз:
- •21. Әңгіме жанрының даму арналары: б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасы ақпараттық-рецепция ә.Қолд.
- •22. С.Мұратбеков «Жабайы алма» шығармасын оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •Vі. Жаңа сабақ
- •V. Жаңа сабақты бекіту
- •VIII. Бағалау
- •23. Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі» шығармасы кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •24. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романы репродуктивтік әд. Арқ. Тұж. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •25. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •26. М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасындағы әйел бейнесі түсіндіру-оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •27. Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» шығармасы түсіндіру-оқыту әд.Бой.Түсіндіру.
- •28. А.Сүлейменовтың «Бесатар» повесі экспрессивті әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •30. С.Шаймерденовтың «Инеш» повесі ынталандыру әдісін қолданы.
- •31. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, әлде кімбіз?» романы және замана көрініс индуктивтік әдісін пайд.
- •33. Ә.Әлімжановтың "Ақынның алтын тағы" шығармасын индуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •34. Шәрбану Құмарова "Ғасыр нұры", "Бір махаббат баяны" зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •35. Қуандық Түменбай "Төрт амал тіршілік" шығармасының идеялық ерекшелігі экспрессивтік әдіс бойыншы түсіндіріңіз.
- •36. Д.Досжанның "Ергежейлі" әңгімесі түсіндіру оқыту әдісі бойынша жеткізу.
- •37. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі өмір мен өлім –эксприссвті әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •38. Ш.Мұртазаның Ай мен Айша туындысындағы халық тағдыры-репродуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •39.Д.Исабековың Әке әңгімесіндегі психологизм формуласы- зерттеу әдісі бойыша түсіндіріңіз.
- •40. Көркем шығармадағы хронотоп катигориясының қызметін зерттеу әдісі бойынша анықтаңыз.
- •41Көркем және ақиқат уақыттың айырмашылығы эссе жазу арқылы түсіндіріңіз .
- •44Әңгіме құрамындағы уақыт пен кеңістік категорияларын эссе жазу арқылы талдаңыз.
- •49. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •50.Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көркемдік ерекшелігі эссе жазу әдісі
- •51. Балаларға арналған көркем туынды эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •52.Сатиралық проза жанры эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •57. Б.Нұржекеев туындыларындағы әйел тағдыры эссе жазу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •58. Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесіндегі философиялық түйін эссе жазу әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
52.Сатиралық проза жанры эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
«Сатира» грек тілінен аударғанда «қоспа», бұл нақты шындықты көрсету, жетілдіру мақсатында оны сынау деген мағына береді. Сатира ежелгі заманда қоғамдағы әлеуметтік құрылыстың пайда болуымен пайда болды. Журналистикадағы сатиралық жанрлар суреттеудегі шыншылдығымен, деректерінің нақтылығымен өзгешеленеді.
Журналистика теориясын зерттеушілер сатиралық жанрлардың мынадай түрлері: фельетон, памфлет, эпиграмма, мысал, шарж, карикатура, анекдот т.б. бар екенін айтады. Журналистиканың басқа жанрларынан сатиралық жанрлар сатира, әзіл, ирония, сарказм, гротеск, гипербола және басқа көркемдік әдістерді қолдануымен ерекшеленеді.
1. Фельетон - бұл ауқымды сатиралық жанр, үш бастаудың синтезі: публицистикалық дерек нақты, көкейкесті, өзекті ғана емес, сондай-ақ жедел болуы тиіс, сатиралық дерек әзілді мазмұнмен анықталады,оның бағасы сатиралық талдауды қарастырады сатиралық бейнені жасау, фельетонды сатиралық қысқа жазбамен айырады. Фельетон дегеніміз - шағын келемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі.
2. Памфлет - нақты, азаматтық, әлеуметтік-саяси мақсаты бар көкейтесті публицистикалық шығарма. Бұл жанрдың фельетонмен ұқсастығы айқын және сын әшкерелеуші, жоюшы қасиетке ие.
Памфлет - грек тілінің «Рап» - «барлығы», «флего» - «өртеймін» сөздерінен шыққан, әшкерелеу сипатындағы шығарма, мүнда сатиралық бастау сарказмды, патетиканы және ашулы экспрессив-тілікті, ал публицистикалық - көкейкестілікті, дәлдікті, құжаттылықты және әшкерелеудің ірі масштабын (ірі әлеуметтік құбылыс, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері) құрайды. Памфлет - әдебиет пен журналистикадағы сирек құбылыс. Ол Эразм Роттердамскийден «Письма темных людей» (1515 ж.), Франсуа Рабленің «Гаргантюра и Пантагрюэль» (1534 ж.). Даниэль Дефоның «Кратчайший путь расправы с диссертерами» памфлеті үшін масқара бағанасында тұрды. Дени Дидродың «Философиялық ойлары» өртке оранды. «Философиялық хаттар» үшін А.Чаадаев жарым ес деп танылды. В.Г. Белинскийдің «Гогольге хаттары» қара тізімге еніп таралды.
3. Пародия - мазақтау-жанры. Пародия мақсаты - сыналатын құбылыстың ерекшеліктеріне, оның мазмұнына, нысандарына нұсқау. Пародиялар көркем әдебиетке, театр қойылымдарына, кинофильм-дерге, өлеңдерге, музыкаға және тұрмыстық жағдайларга жазылады.
4. Эпиграмма - грек тілінен аударғанда «тастағы жазуі - бұл сипаттаманың, сынау ауқымының, мазақтың шекті тығыздығымен ерекшеленетін сатиралық миниатюра. Ол нақты объектіге, кейбір жағдайларда жағымсыз құбылысқа бағытталған. Эпиграмма карикатураға мәтін ретінде жиі қолданылады.
5. Мысал - нақыл сипатындағы сатиралық шығарма, кейіпкерлі жануарлар болады. Мысал әдеби және публицистикалық шығарМІ ретінде үш бөліктен тұрады, әр түрлі стильге және тіл ерекшеліктеріне ие. Бірінші бөлім немесе бастама оқырманды әрекетке келтіретін орташа стильге ие. Екінші негізгі бөлім - мұнда кейіпкерлердің негізгі әрекеттері, үшішнісінде жоғары стильмсн жазылған нақыл бейнеленеді. Ежелгі фек мысалшысы Эзоптың мысалдары біздің күнімізгс дейін жетті және қазіргі уақытта оларда көтерілген мәселелер өзекті болып табылады. Француз мысалшысы Лафонтен оның дэстүріи жалғастырып, кейін олар орыс мысалшысы И.А. Крыловпен қосталды. А. Байтұрсынов Эзоптың, Лафонтеннің және Крыловтың көптеген мысалдарын қазақ тіліне аударды және өзі де бірқатар мысалдарды жазды, олардың ішіндегі атақтысы «Маса» жинағы болып табылады.
6. Карикатура - бұл сыналатын құбылыстың, оқиғаның, адамиың гротекст бейнесі. Карикатуралар сөздік және бейнелі болады. Заманауи Қазақстан БАҚ-тарында карикатураның екі түрі де кездеседі. Мысалы, Ресей теледидарында «Куклы» бағдарламасын карикатураға жатқызуға болады.
7. Шарж - француз сөзі «ауырлық», адамның, оқиғаның құбылыстың сынамалы бейнесі. Карикатурадан шарж дененің немесе құбылыстың қандай да бір бөлігінің гипертрофиялық, гротекстілі бейнесімен ерекшеленеді. Достық және сатиралық шарждар қазіргі басылымдарда көп кездеседі.
8. Анекдот - көкейкесті өткір сын мазмұндалатын нақыл сипатындағы шағын сатиралық шығарма. Анекдот мәтіні «төңкерілген пирамида» қағидасы бойынша құрылады, яғни, нақтылығы ең соңында айтылады.
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қаймағы қалың қазақы қалжың мен уытты әзілдің салмағы тым жеңілдеп кетті. Қылышынан қан тамған қызыл империя билік құрып тұрған Кеңес заманы тұсында сатира садағынан атылған әрбір оқ нысанасын дәл тауып, сол кездегі қоғамның көлеңкелі жақтары мен әділетсіздіктің бетін ашуға көп мүмкіндік берді. Оның үстіне, кеңес идеологиясы өз мақсатын жүзеге асыру үшін, негізінен, шығармашылық адамдарын, оның ішінде әсіресе сатириктердің қарым-қабілетін баспасөз арқылы тиімді пайдалана білді. Ол уақытта сын-сықақ пен әжуа-фельетондардың, әшкерелеуші памфлеттердің кейіпкеріне айналған қатардағы жемқор басшылардың өзін айтпағанда, түрлі деңгейдегі лауазым иелерінің де іс-әрекеттері сая си бюрода қаралып, мәселенің ақ-қарасы айырылып жа- татын. Өйткені жер-жердегі билік органдары жауын- гер жанрдың сардарына айналған қаламгерлермен санасатын. Ал бүгінгі қоғамда сатираның қармағына ілінген қандай мәселеге болсын ешкім селт етпейді. Оқиды да қояды. Онда айтылған жағдайға бас ауыр- татын құзырлы орындар да жоқ. Бүгінгі сатира – тек бұқара халықты алдарқатып қана қоятын жеңіл жанр кейпіне түсіп кетті.
Бәріміз ауыз толтырып айтатын әлгі «сатира – күштілер қаруы» деген сөздің авторы – қазақы әзіл-қалжыңды ғылыми- теориялық тұрғыдан бүге-шігесіне дейін зерттеп-зерделеп кеткен белгілі ұстаз-ғалым Темірбек Қожакеев ағамыз да кезінде салмақты сатираның сұйылып бара жатқанына қатты қынжылған екен. Қазір сатириктеріміздің шығармашылығын ғылыми айналымға түсірмек түгіл, бар дүниеміздің өзін талғам таразысына салып, лайықты деңгейде бағамдай алмай жүрген сияқты- мыз. Қаламын қару еткен Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкіровтер қазақты күлдіріп қана қоймай, ойлантып әрі жылата білді. Осы бір қабырғалы қаламгерлеріміздің туындылары әлі де болса пәрменін жоғалтқан жоқ. Осы бір үштіктің соңын ала қазақ сатирасы тағы бір шоғыр таланттармен толықты. Бүгінгі қауымға есімдері белгілі Сейіт Кенжеахметов, Ғаббас Қабышев, Үмбетбай Уайдин, Мыңбай Рәш, Есенжол Домбай, Нұртан Төлепберген, Әбдірахман Асылбек, Қажытай Ілиясұлы, Дохтырхан Тұрлыбек, Есенбай Дүйсенбай, Жеңіс Шыныбеков сынды саңлақтар қоғам дертін сүзеген сөзбен түйреп келеді. Одан кейінгі Көпен Әмір-Бек, Толымбек Әлімбек, Берік Садыр, Мұхтар Шерім, Алпысбай Боранбайұлы, Асқар Наймантай, Ермахан Шайхыұлы сияқты сатира сарбаздары өздері ден қойған жанрға деген адалдықтарынан айныған емес. Осы қатарға кейін қосылса да, үлкен жанрға зейінімен қалам тартып жүрген Үміт Зұлқарова, Қанат Ескендір, Қанағат Әбілқайыр, Бейбіт Сарыбай, Олжас Қасым секілді жас дарындар қазіргі заман тақыры- бын шама-шарқыларынша қаузап жүр. Біз сатира саласына қатысты көпке белгілі есімдерді ғана атап өттік. Осылардың өзі біршама күш. Олай болса, соңғы уақыттарда «қазақ сатирасы әлсіреп кетті» деген сөз қайдан шықты. Осының мәнісін тап басып саралап беретін әдебиетші, сыншылар тағы жоқтың қасы. Осы орайда бізге қазақы қалжыңның бағыт-бағдарын бағамдап, оны жан-жақты зерттеп беретін бүгінгі заманның Қожакееві тумай тұр демеске лаж жоқ.
Есенжол Домбаев 1938 жылы 2 мамыр күні Атырау облысының Индер ауданындағы Шолақ Шағыл деген жерде туған. Елтай орта мектебін бітірген соң, Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының театр факультетінде білім алды. Бұдан кейінгі жылдары «Қазақстан пионері», «Ара», «Жаңа фильм» басылымдарында, «Қазақфильм» киностудиясында жауапты қызметтер атқарды. Жұмыс істеп жүріп, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Алматы ауыл шаруашылығы институтын сырттай оқып бітірген. Жазушының шығармашылық жолы 50-інші жылдардың аяқ шенінен басталады. 1957 жылы оның Әліби Жанкелдиннің өмірінен жазған «Алғашқы сабақ» драмасы Халық шығармашылығы үйі жариялаған республикалық бәйгеде екінші сыйлық алды. Ал, оқырман қауымды елең еткізген «Болмаған оқиға» (1965) сатиралық повесі әдебиеттегі жанр жаңалығы болуымен ерекшеленді. Жазушының ондаған жылдар бұрын жазылған «Ғашықтық туралы мың бірінші баллада», «Көктемнің қара суығы», «Менің бауырларым» повестері – әлі күнге дейін көкейкестілігін жоғалтпаған шығармалар.
Е.Домбаевтың «Жаман Жәутік» романы (1980) қазақ әдебиеті, оның ішінде сатира жанрындағы тосын құбылыс болды. Көркем проза мен драматургияны қатар ұстаған жазушының 1977 жылы республикалық бәйгеде екінші бәйге алған «Декретке дейін» пьесасы бір жерде туып, тел өскен, бірақ заман шырғалаңы екеуін екі лагерьге бөліп, текетірес етуге мәжбүр еткен қимас достар – Сейіт-қали Меңдешов пен Халел Досмұхамедов туралы жазылған тұңғыш тарихи туынды еді. Оның драмалық шығармалары астаналық, академиялық, облыстық драма театрларының (Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Талдықорған, Торғай) репертуарынан тұрақты орын алды. Сексенінші жылдардан бастап жазушы бірыңғай сатиралық жанрда қалам тербеді. Оның «Біздің ауылда қызықтар бола береді», «Біздің кластың қыздары», «Өтірік әңгіме», «Ғашықтық туралы баллада», «Аман жүрші, ақ келін», «Қар» комедиялары жұртшылық тарапынан зор ықыласқа бөленді. Әсіресе, «Желіккен жеңгейлер» пьесасы бірнеше жыл бойы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылып келді. Жазушы Е.Домбаев Н.В.Гогольдің «Мұрын» повесін, М.Салтыков-Щедриннің «Бір қаланың тарихы» романын, серб сатиригі Б.Нушичтің «Менің өмірбаяным» (Оспанхан Әубәкіровпен бірігіп), болгардың классик сатиригі Чудомирдің «Ескерткіш» деген әңгімесін, түріктің әйгілі сықақшысы Әзиз Несиннің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Т.Әлімбеков: Қоғамның дамуы барысында, қоғам мен адамның кемшілігін сынау сатираның маңдайына жазылған. Сондықтан Толымбек Әлімбеков сатираны әдебиеттегі оппозиция жанры деп атайды. Тіпті, сөз бостандығы мен демократия деген ұғымдардың иісі сезілмеген Совет Одағының тұсында да бұл жанрға ерекше мән берілген дейді сатирик. Оған дәлел ретінде «Ара» және «Крокодил» журналдарын атайды. Сол кезде журналға шыққан әрбір материал қадағаланып отырды, оны тексеріп, тиісті шаралар қолданылды.
Оның айтуынша, сол кездегі сатира мен қазіргі таңдағы сатираны салыстыруға келмейді. Өйткені, бұрын ешкімнің мүддесін көздемей, шынайы сынай алатын сатираға тиісінше жауап берілетін болса, қазір жағдай мүлдем өзгерген.
Қазір «Ара» журналы әлі бар, алайда сол журналды керек етіп жатқан адам шамалы. Өйткені, қазір бізде тек қана жеке адам емес, қоғамның еті сынға үйреніп кеткен. Және оның тура атын атап, түсін түстемесең, өзі туралы екендігін іші біліп тұрса да, сыртынан сыр бермейді. Көркем дүние болған соң сатира нақты фактілерге сүйенбейді ғой. Нақты фактілердің негізінде оның прототипімен шығарма жазылады. Оның ішінде барлық адамдар, біз көріп отырған, қоғам көріп отырған кейіпкерлердің бар екендігін барлығы да біледі. Біле тұра ешкім ешнәрсе демейді. Бүгінде сатираға деген көзқараспен қатар сатира туралы түсініктің өзі өзгерген, – дейді Толымбек Әлімбеков. Ол сондай-ақ қазіргі кезде өнердегі сатираның да бұрынғыдан өзгешелеу екенін айтады. Сатира театрының әртістері негізгі міндет сахнаға шыққаннан кейін елді қыран-топан күлкіге батыру деп түсінеді.
Сатира үшін түпкі мақсат – ойландыру, оның бір ауыз сөзі адамды ойға салса, немесе сыналған кейіпкер өзін-өзі танып, ұялса болды. Ал біздің әртістер сөз жаттамайды. Олар қисалаңдап, қисынсыз әртүрлі әрекеттер жасап, аузы-басын қисайтып, бір сөзге көрермен күліп қалса соны қайта-қайта қайталап, айтайын деген ойдың мәні мен мағынасын кетіреді. Қазіргі таңда әзіл - сықақ театрлары баршылық, алайда олардың барлығының да көтеретін тақырыбы мен көрерменге жеткізу мәнері өте төмен дәрежеде. Біздің театрларда қазір тіпті от басы, ошақ қасында болмайтын әңгімені айтады. Отбасыңмен отырып сол көріністерді көре алмайсың. Оспадарсыз, түк мағынасы жоқ, рухани азық болатындай ешнәрсе айтылмайды, – дейді сатирик. Сатира жанрында қалыптасқан жағдайға, әдетте, әртістер сатирик жазушыларды кінәласа, жазушылар әртістерді кінәлайды. Сатирик Толымбек Әлімбеков белгілі бір тақырып төңірегінде ойланып-толғанып жазған сценарийдің сәні мен мәнін кетірмеу әртіске байланысты деп санайды.
Ол өзі сатира жазарда «Даланың дара ділмарлары» кітабындағы билер, шешендердің сөзіне жүгінетінін айтады. Себебі, сатираны тек қана күлкінің, арзан қылжақтың құралы деп түсінуге болмайды. Сатираның түбі – парасат, ақыл-ой, пайым тауып сөз сөйлеу. Астарлап сөйлеу, ыммен түсіндіру, ойнап отырып ойдағыны жеткізу – қазаққа тән сөз өнері.
Бөлтірік шешен түнделетіп келе жатса, бір қарияның шөп ұрлап келе жатқандығын байқайды. Содан әлгі ақсақалға «мұныңыз не?» деп айтса, қария «түнде мені кім көреді» деп жауап берген екен. Сонда Бөлтірік шешен «түнде айдың жарығымен аппақ сақал әдемі көрінеді» деп айтқан екен. Сонда қария ұялғанынан не істерін білмей кешірім сұрапты. Көрдіңіз бе? Қандай керемет сөздер! Біздің қазақ соншалықты сөздің қадірін түсіне білген.
53.Алғашқы қазақ повестері, көркемдік ерекшелігін эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз. ХХғ басында қазақ әңгіме, повесть, роман жанрлары дами бастады. Алғашқы қазақ повестернің басты тақырыптары- қазақ әйелінің басындаағы әлеуметтік теңсіздік болды. Тұңғыш қазақ повестері әп дегенннен әдебиетіміздің ең ежелгі, дәстүрлі жанры поэзиядан бірден ат құйрығын үзісіп кеткен жоқ. Мысалы, Т.Жомартбековтың «Қыз көрелік» повесінің кіріспесі түгелдей өлеңмен жазылған. Осы аталған повесте өмірдің реалистік суреттері кейде ертегілердей қиял- ғажайып көріністерімен астасып жатады. Мәселеңки, осы шығарманың басты кейіпкері Ғайникамал өзінің күйеуге шығу үшін қолқа салған бай үш жігітті өзін таң қалдыратын дүниенің үш кереметін алып келу үшін алыс сапарға жұмсайды. Тумысынан прозашы болып жаратылған Б.Майлин ұлттық әдебиетімізге көркем прозаны жанр ретінде түбегейлі тұрақтандырып берді. Оның 1916ж шыққан «Шұғаның белгісі» повесі өз оқырмандарын қарапайымдылығымен, шыншылдығымен және нәзік лиризмімен таң қалдырды. Бұрын соңды қазақ прозасында осыған ұқсас шығарма болмаған еді, сондықтан да бұл баян әдебиетіміздің тарихына ұлттық көркемсөз өнеріміздің көтерілген жаңа бір белесі ретінде танылды. Қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі Ғ.Мүсірепов: Біздің қай- қайсымыз болсақ та Б.Майлиннің осыдан түп тура алпыс жыл бұрын жазылған «Шұғаның белгісі» повесінің құрсағынан шығып, етегіне орнап өскендейміз,-дейді. Т.Жомартбековтың «Қыз көрелік» повесі мен М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», С.Торайғырвтың «Қамар сұлу» секілді романдарының мәтіндерінде проза мен поэзия араласып келе беретін. Сонымен бірге, бұл шығармаларда суретттеуден гөрі баяндау әрі ХХҒ басындағы қазақ прозасында сыршылдықтан ғөрі үгіт- насихат, дидактикалық сарын басымдау еді. Б.МАйлинні ң «Шұғаның белгісі» повесі осы олқылықтардың орнын толтырды, сүйтіп жас қазақ прозасының шынайы реалистік мектебін қалыптастыра бастады, осылайша ұлтымыздың көркемдік ойлау жүйесінің жаңа бір көкжиегін ашты. Мұнда кейіпкер образдары біртіндеп, оқиға желісі бойынша, басынан өткен істердің арқасында анықталып, көрініп отырады. Махаббатқа деген адалық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба салт-дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған. Жазушы Шұғаның ажарлығымен қоса мінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көрсетеді. Өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді. Әрине, бұл көпке күйе жағу емес. Ал «Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді» деу арқылы Шұғаның зеректігінен, білімпаздығынан хабар береді. С.Сейфуллиннің 1922ж жазылған «Айша» повесі Б.М «Ш.Б» КЕЙІН дүниеге келген алғашқы қазақ повестерінің біріне жатады. Бұл әдеби туындының да басты тақырыбы әйел теңсіздігі еді. Сәке повестерінің ішіндегі көлемі жағынан да, әдеби көркемделуі жағынан да ең сүбелісі «Жер қазғандар». Бұл баян қазақ әдебиетінде жұмысшылар өмірін суреттеугеарналған тұңғыш шығарма болып табылады. Шығармада біз сондай-ақ Октябрь революциясына дейін, Ақ патша заманыда байларға жалданып, шахтаға түскен қазақ кеншілерінің ауыр тұрмысына да қанығамыз. Әзімханның аузымен айтылатын бұл әңгіме өзінің қарапайымдылығымен, шыншылдығымен тәнті етеді. Өз дәуірінің тамыршысындай болған Бейімбет Майлиннің әйел теңдігі тақырыбын қозғайтын ең сүйекті шы¬ғармасы – «Раушан-коммунист» деген повесі. Біз бүгінгі заманда даурыға айтып, мінбелерден көтеріліп, қайта-қайта тілге тиек етіп жүрген «гендерлік саясат» шаруасын Бейімбет жазушы сол ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ көтеріп, көркем дүниесі арқылы оқырманына ой сала білгені байқалады. Б.Майлиннің «Раушан- коммунист » повесі 1923ж жазылған. Бұл большевиктік зобалаңның енді-енді күш ала бастаған кезеңі болатын. Көркем туынды мінсіз болу ы үшін не керек? Бұл жөнінде әдебиет сыншысы Б.САрбалаев былай дейді: кез келген шығарма төмендегідей үш қасиетке ие болуы керек: бірінші, өмірдің шындығын ашу, екінші, өмір шындығын типтендіріп беру, үшінші, осы өмір шындығының жоғары көркемділікке жеткізіліп берілуі, сұлу болуы. Осындай үш қасиетке ие болған туынды шын әрі шынайы, шандоз шығарма болмақ. Б.Майлиннің «Раушан- коммунист» повесі осы көркемдік критерийлердің баршасына жауап береді: ОНДА ШЫНАЙЫ ӨМір шындығы да, типтік образар да, жазушылық шеберлік те бар. Ж.Аймауытов «Күнікейдің жазығы» повесі нде қазақ қызы Күнікейдің тағдыры арқылы ХХғ басындағы қазақ ауылының әлеуметтік шындығының салтын, әдет ғұрпын, бір сөзбен айтқанда бүкіл болмысын суреттейді. Бұл повесть те «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Айша» повестері сияқты әйел теңсіздігі тақырыбына арналған. Алайда өзінен бұрынырақ жазылған шығармаларпдан бір өзгешелігі бар. Айталық, шығарманың соңында өзінің теңдеріне қосылған Раушан мен Айша бақыттарына жолығып, қуанышқа кенелсе, Күнікей сүйген адамына қолын жеткізсе де, тіршіліктен бақ пен бақыт таба алмайды. Бұл жағынан алғанда Жүсіпбектің реализмі өзгелерден тереңірек жатыр. Ж.Аймауытовтың тілі ешкімге ұқсамайтын, ерекше тіл. Ол кейбір шығармаларын ақ өлең үлгісінде жазады.Соның бірі осы «КҮНІКЕЙДІҢ ЖАЗЫҒЫ»повесі. Повестің тілі таудан ескен самал желдей лекілдеп, биіктен құлдилай аққан бұлақ суындай мейіріңді қандырып отырады.
54-55.Қазақ прозасы және сын. Көркем шығарманың дамуындағы сынның рөлі.Әдебиет сыны әрқашан дәл өзі тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан- жақты талдау, оның идеялық- көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан, оқырмандарды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға тигізер сыннның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Әдеби сында көркем шығаманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, критерийлері бар. Көркемдік критерий ең алдымен, әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу. Сынның ең қиын міндеті осы.Шығарма несімен жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын. Қазақ әдебиетінің көркемдік мәселелерін танып –білуде әдеби сынның өзіндік орны бар.Қазір әдеби сынға қатысты біршама еңбектер бар.Бұнда сынның тарихы ғылыми тұрғыда сараланды, жеке қаламгерлердің сыншылық қызметтері зерттелді.Сынның ғылыми, идеялық, көркемдік дәрежесін зерттеу кезінде оның ұзақ жылғы бару барысында қалыптасқан өзіндік құрылымы, даму заңдылығы барын ұмытпау керек.Әдеби сынның теориялық мәселесі –орыс әдебиетінің сыншылары: Тредиаковский, В.А.Жуковский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев,А.В.Луначарский зерттеді.Сынның теориялық жағын зерртеу 70-жылдарда Б.Бурсов, Ю.Борев,М.Г.Долговтың,В.М.Литвиновтің зерттеу объектісіне айналды.Сынды ғылыми тұрғыдан алып зерттеу А.Гацфельдт, Е.Мустангова,А.П.Гроссман ,К.Кожинов,Л.Якименко,В.Иванов,В.Сахаров еңбектерінде орын алып, ғалымдар әдеби сынды көркем әдебиет саласы деп қарастырды. Т.Кәкішев «сынның жазба әдебиетке тән жанр екендігі теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шындық. Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді. Көркемдік даму мен эстетикалық талап- талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір- бірінің ілгері- кейінділігіне қарамастан, өзара байланыста болады. Бұл заңды да. Ал енді көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келген сынның дәрежесі қандай болмақ деген мәселеге келгенде, екі себепке, атап айтқанда, субъективтік және объективтік себептерге тоқтала кеткен жөн. Түптеп келгенде, сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігімен өлшенеді. Субъективтік себепті сөз еткендер, ең алдымен, сыншының білім деңгейі мен эстетикалық талғамының мол- аздығын еске алу керек. Екінші, объективтік сбеп- көбіне әдебиеттің жалпы дәрежесіне тәуелді. Егер көркем шығармалар өзінің қоғамдық мәні жағынан көркем бейнелер жасау, типтік жағдайларды көрініспен суреттеу, тіл байлығын игеру, оқушыны ілгері ұмтылдыратын эстетикалық идеяларды белгілеу жағынан биік деңгейден табылып жатса, онда сынның өресі биік болғаны.
56.Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романының жаңашылдық сипаты эссе жазу әдісін қолданыңыз. «Соңғы парыз» алғаш «Жұлдыз» журналында «Сең» деген атпен жария-ланды. Сосын кітап болып шықты. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының идеялық-композициялық құрылысындағы үш кейіпкер (Жәдігер, Бәкизат, Әзім) арқылы Адам – Табиғат – Қоғам тағдырларының біртұтас өріліммен, бір-біріне баламаланумен берілетін психологиялық сипат болмысын аңғарамыз. Романның тақырыбы – Арал теңізінің тартылуынан туындаған экологиялық-әлеуметтік дағдарыс ахуалы, идеясы – табиғаттағы, қоғамдағы күрделі қайшылықтар әлемін жеке адамдар тағдырлары арқылы ұқтыру. Романның реализмі – ХХ ғасырдағы адам мен табиғатқа, қоғамдық-әлеуметтік ортаға тән өрлеу мен дағдарыстар болуын әлеуметтік-психологиялық сипатымен аңғарту. Өмір шындығы қозғалысында адал жүрсе де еңбегі еш болмайтындар тағдыры Жәдігер бейнесімен ұғындырылады. Атақ-дәреже, мансап үшін туған жерін де, өзін сүйген адамды да сатып кететіндер Әзім бейнесі арқылы жеткізілген. Ал, осы екі еркекке де әйел болып жүрген Бәкизат – далбаса үміттің құрбаны. Романның көркемдік түйіні – адамдардың күрделі тағдырының да – сең үстіндегідей хал-ахуал екендігін аңғарту. «Соңғы парыз»-бүгінгі күннің бас тақырыбына арналған түйінді роман.Зейнолла Қабдолов былай дейді; «Соңғы парыз» - сөзсіз қазақ прозасының ең елеулі табысы.Осы бір жазушы бойына біткен табиғи талант тұтастығына таң қаламын.Егер де, «Қан мен тер» қазақ тағдыры мен тұрмысындағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қамтыса, «Соңғы парыз» сол халықтың кеңестік дәуірдегі тағдыр талайын қамтыған.Дей келгенде Нұрпейісов трилогиясы мен дилогиясы- отанымыздың ғасырлық тарихының айнасы».“Сондай бір күн болған”, “Сондай бір түн болған” дейтін екі кітаптан тұратын дилогия – жанрлық-стильдік бітімі жағынан да, кон¬цеп¬циялық өзекті ойы жағынан да ұлттық про¬замыздағы бүгінгі таңдағы оқшау құбылыс. Ол – біздің жаңа әдебиетіміздің жаңа арнасын салып беретін алғашқы мұз жарғыштай. «Соңғы парыздағы» жанрлық алуан түрлілікті, тіпті, өндірістік романға тән тұстарын аңғару да қиын емес. Мұндағы жұмысшылар артелінің тұрмыс-тіршілігі, балықшылардың жансебіл ауыр еңбегі, олар тұратын қамыс қақыра үйлер ара-тұра тізбектеліп өткеннің өзінде көз алдыңыздан кетпестей боп қалады.Мысал келтіретін болсақ:«Осы бір күл үйінділерін суырып, көкке ұшырып аңызақ жел еседі. Бүгінде балықшылар поселкесінің ақсақалды қарттары ғана осы бір репеті жаман құланды төбешіктердің маңынан өтіп бара жатып мұнда қашан, кім тұрғанын есіне түсірген болады. Міне, мынау Кәленнің үйінің орны, оның қасындағы Достың үйіне таман сірә, Мөңкенікі болу керек. Ал анау жарқабақтың басындағы ысырма құмның астында қалған от орнындай ғана кішкентай төбешік – баяғы аңғал-саңғал болып тұратын берекесіз Судыр-Ахметтің үйінің орны ғой.» … Бірақ сөйте тұра, «Соңғы парыздың» әлгі «өндірістіктігінің» өзі 20-шы жылдардың да, 50-ші жылдардың да өзімен тұстас 70-ші жылдардың да бірде-бір кеңестік «классикалық шығармаларына» мүлде ұқсамайды. Иә, «Соңғы парыз» ең әуелі өліп бара жатқан теңіз туралы зілмауыр қайғы-қасірет пен сол ажал алдындағы теңізге арналған ащы зарлы мұңлы әуен ретінде керемет тартымды. Бұл – романның негізгі арнасы. Жанының азалы жыры. Шығарманың жазылу үлгісі бұған дейінгі қазақ әдебиетінде болмаған. Ілияс Жансүгіровтің «Күй¬ші¬сін¬де» автор күйші мен Қарашашты кезек-кезек «талдап», кейіпкерлердің психологиясын танытса, Әбдіжәміл Нұр¬пе+йісов романында психологиялық талдау тәсілі ар¬қылы образдардың рухани әлемі ғана емес, жалпы адам табиғаты, адам шіркіннің артықшылықтары мен осал¬дықтары уақыт-қоғам контексінде әрі талданады, әрі сарапталады. Жеке адамның айрықшалықтары қоғам-мемлекеттің игі қасиеттеріне, сол арқылы игілігіне ұласпайтыны, қоғамдық сананың ауқымы ға¬жайып кең бола тұра, жеке факті – адамды тану мен ба¬ғалауға келгенде «аңқаулығы» мен қолапайсыздығы Жәдігер мен Әзім арасындағы бықсыған түтін тартыс¬тан, ашық көрсетуге көпшіліктен қымсынатын, жасырын текетірестен үнемі көрініп жатады. Романдағы көткеншек Көшен, Сары Шая, Аққұба жігіт, жуан Жақайым, Әзімнің құрылысшы ағасы, Адай шал, Жәдігердің шофері, анасы, енесі – кәрі қақсал, қо¬зы қарын, «Райымның» тас қайнатар пысықайы, т.с. ада¬мдар қазақ әдебиетіндегі типтік бейнелердің мол шоғырын толықтыра түспесе, кеміткен жоқ. Бұлардың барлығы да өзіміз күнде көріп жүрген замандастарға әрі ұқсайды әрі ұқсамайды. Ұқсағанда – кісілігімен, қайсарлығымен, аңғалдығымен әм тазалығымен ұқ¬саса, ал ұқсамағанда – тап солай ұқсамайды және қ¬а¬¬¬¬сіреттерімен өзгешеленетін тәрізді. Мысалы, Жә¬ді¬гердің отбасылық қасіреті, Әзімнің тарихи әрі пен¬делік екіжүзділігі, көткеншек Көшеннің тұрмыс дарытқан мінез-құлқы, Сары Шаяның этнопси¬хо¬ло¬гиялық болмысы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында жаңаша бейнеленген. Әрине, түп негізі «Қан мен терде» бар, бірақ «Соңғы парыздың» оқиғалық желісіне сай өзіндік қуаныш-қайғыларымен ерекшеленеді. Ка¬бинетте рушылдықты өрбітіп қойып, шыбын қуалап жүр¬ген жуан Жақайым лас әрекеттердің адамы; Жә¬дігерді «еңбек озаты» деп, «қырып жүрмегенін бетіне айтып», ал бірдеңе десе «өлтіреді, айтқаным айтқан» деп байбалам салатын Бәкизаттың шешесі кісіні сөз¬бен өлтіретін қасіретті бейне; Әзім «Мен неден қа¬те¬лес¬тім?» деп істің себебін ойламай салдарын сарап¬тବ¬ғыш академик. Астанада отырып ап, Арал мә¬селесімен, мем¬лекеттік мәселемен айналысады, өзі билік пен мансап жолында ештеңеден тайынбайтын байғұс ғалым; Қит етсе кодекс соғып, елдің есін шығаратын Сары Шая; «қайы¬ған інгендей» бет қаратпайтын құдағидан зәре¬зап болған кейуана; «бұл үйге аяғымызды тағалап кел¬месек болмас» деп, жалтыраған еденнен ешбір ж¬ы¬лылық көрмей қапа болатын Адай шал, т.т. бір-екі сөзбен тұжыра салатын образдар емес.
Ал өмір секілді табаның тайса қайта тұруың қиын мұз үсті, бар мен жоққа пара-пар із, мұз үстіндегі өзде¬рінің терісін жамылған адамдарға шабуыл жасайтын қасқыр, Жәдігердің қойнына кеп кіріп кететін торғай – «Соңғы парыздағы» жаңалық демесек те жаңаша тұжырымдар түюге аз штрихтар болмауға тиіс.
Қасіреттің өзі де осында: ең ақырғы сағаттарда бір-бірін таныған, шын түсінген ерлі-зайыптылардың ен¬ді өмірді қайта бастауға ешбір мүмкіндігі қалмады. Сең үстінде серейіп өлген Жәдігер, күйеуінің ақырғы де¬міндей болып, қойнынан шырылдап ұшқан суық тор-ғай, өз басын күйттеп қашып кеткен Әзім, міне осы¬лар кімнің кім екенін Бәкизатқа тым кеш ұқтырды, бі¬рақ ақиретке осыны түсініп кеткеніне сенгің ке¬леді.
