Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.07 Кб
Скачать

51. Балаларға арналған көркем туынды эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.

Қазақ балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады (қ. Қазақ балалар фольклоры). Қ. б. ә-нің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этик., эстет. тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879) бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы Қ. б. ә-нің негізін қалады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға, өнерге үндеді. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20 ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де Қ. б. ә-н дамытуға сіңірген еңбегі мол. Қ. б. ә-нің Қазан төңкерісіне дейінгі белгілі үлгілері қатарында М.Кәшімовтің “Әдеп” (1907), “Ақыл” (1908) атты жинақтарын, М.Нұрбаевтың “Көргенді бала – үлгілі ана” (1908), Ғ.Мәжитовтың “Қазақ шәкірттеріне ақыл” (1910), М.Дибердиевтің “Қазақ балаларына қирағат кітабы” (1910) кітаптарын, сондай-ақ, Т.Жомартбаевтың “Балаларға жеміс” (1912) атты өлеңдер жинағын атауға болады. Ақын С.Торайғыров балаларға арнап өз кезіндегі өзекті мәселелерді өрнектеген өлеңдер жазды (“Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Бір балуанға”, т.б.).

Балалар әдебиеті — балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді.

Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу. Балалар әдебиеті — балалардың эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалар ғана емес, оның сырлас досы, қорғанышы және ақылшысы да болып табылады. Олар негізінен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықтап жазылады. Х.К. Андерсеннің ертегілері, М. Твен, Ж.Верннің романдары, т.б. суреткерлердің шығармалары балаларға арналып жазылған. Д. Дефоның, Дж. Свифтің В.Скоттың шығармалары балаларға арналып жазылмағанымен, олардың сүйіп оқитын кітаптарына айналған.

Кеңес дәуірінде идеологияның өзекті бір саласы ретінде балалар әдебиетінің де дамуына арнайы көңіл бөлінді. Алғаш шыға бастаған “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті мен “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында, “Пионер” (“Октябрь балалары”, “Қазақстан пионері”, қазіргі “Ұлан”) газетінде балаларға арналған өлең-жырлар, әңгімелер жарияланды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ш.Иманбаева жеке өлеңдерін, І.Жансүгіров “Малта”, “Шәркей” (1929), “Жұмбақ” (1930) сурет-кітапшаларын, Ө.Тұрманжанов “Қошан кедей” (1927) әңгімелер жинағын шығарып, Қ. б. ә-нің дамуына елеулі үлес қосты. 30-жылдары Қ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ж.Саин, Ж.Сыздықов балаларға арнап өлеңдер жазды. 40-жылдардағы Қ. б. ә-нде Қ.Аманжоловтың, М.Хакімжанованың, Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Ормановтың балаларға арналған өлең-тақпақтары жиі жарияланып тұрды. 50-жылдардан бастап қазақ балалар поэзиясында бала психологиясына терең бойлаған балалар ақындары бой көрсетті. Ақын-жазушылар Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Баянбаев, С. Қалиев, Е.Егеубаев, т.б. балаларға арнап, көптеген кітаптар жазды. Оларда балаларды Отанды сүюге, ғылым, білімге жетелейтін тартымды тақпақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегілер мол. Қ. б. ә., сондай-ақ, сатиралық шығармалармен (О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы), жаңа поэмалармен (Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсенбаев), жаңаша ертегілермен (Ө.Тұрманжанов, Қ.Мырзалиев, Ә.Ахметов, Ыдырысов), ақындар Ж.Өмірбековтің, І.Мәмбетовтің, Қ.Мүсіреповтің, Т.Молдағалиевтың жинақтарымен, суретше-кітаптарымен толысты. Қ. б. ә-нің проза саласын дамытуға Тұрманжанов, Бегалинмен қатар М.Иманжанов, С.Омаров, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, т.б. жазушылар айтарлықтай үлес қосты. Қ. б. ә-нде ерлікті (С.Бақбергенов, “Талғат”, Қ.Қайсенов, “Жас партизандар”, еңбекті (М.Сүндетов, “Балық аулай барғанда” т.б.), спортты (С.Бердіқұлов, “Жұмыр жерде теңбіл доп”), оқу мен тәрбиені, ар-намысты, адамгершілікті, тарихи дәстүрді (Иманжанов, Н.Сералиев, М.Гумеров) дәріптейтін көркем повестер, романдар жазылды. Ғылым жетістіктерін бейнелейтін шығармалар туды. Қ. б. ә-нің өрісі одан әрі кеңейіп, “Бөбектерге тарту” (1961), “Алтын күн аясында” (1963), “Балдырғанның базарлығы” (1965), “Жыл он екі ай” (1965 жылдан бері жыл сайын шығып тұрды). “Біздің кітап” (1967, 1974), “Кел шырқайық, балалар” (1973) сияқты жинақтар басылып шықты. 30-жылдардан бастау алған драматургия саласы да Қ. б. ә-нде қызу қолға алынып, лайықты жалғасты. Жазушылар І.Жансүгіров, Ш.Хұсайынов, С.Омаров, Т.Ахтанов, Ш.Ахметов, т.б. – балаларға арналған алғашқы пьесаларын жазды. 50-жылдары Хұсайыновтың “Есірткен ерке”, М.Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин“ пьесалары Респ. жасөспірімдер мен балалар театрының сахнасында қойылды. 1960 – 70 жылдарда Б.Ысқақовтың, Б.Тәжібаевтың, Қ.Ыдырысовтың пьеса, инсценировка жинақтары шықты. Қ. б. ә-нің ең қаулап дамыған кезеңі – 70 – 80 жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын “Жалын” баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық әдеби байқау өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша игі әсер етті. Т.Нұрмағамбетов, О.Бөкеев, К.Ахметова, М.Қабанбаев, Н.Дәутаев, Қ.Омаров, М.Айымбетов, А.Асылбеков, Т.Сәукетаев, Ө.Ақыпбеков, т.б. ақын-жазушылар Қ. б. ә-н жанрлық-көркемдік тұрғыдан байытуға айтарлықтай үлес қосты. Бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда, 70 – 90 жылдардағы балалар әдебиеті өмір шындығын қамту өрісінің кеңдігімен, шеберлік деңгейінің биіктігімен ерекшеленеді. Мыс., шытырман оқиғалы шығармалардың төм. сынып оқушыларына арналған үлгілері (С.Жұбатыров, “Отты өткел”, Н.Мұраталиев, “Жасылкөлдің құпия тұрғыны”), таңғажайып оқиғалы повестер (Жұбатыров, “Алыстағы аралдар”, Н.Мұраталиев, “Ғажайып мекенге саяхат”) балалардың қызыға оқитын шығармаларына айналды. Мұндай шығармалар өз кезінің өзекті әлеум.-моральдық мәселелерін балалардың ой өрісіне, талғамына лайықтап, өрнектей білді. Әлімбаев, Мырзалиев, Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, әрі қысқа, әрі нұсқалығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтерінің молдығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Бұл жылдардағы балалар әдебиетінің мәселе қою сипаты да айрықша. Қ.Омаровтың, Р.Әбілқадырованың, Дәутаевтың, Н.Ақышевтың, С.Дүйсенбиевтің, Қ.Түменбаевтың, Ж.Қорғасбектің, т.б. балаларға арнаған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылумен бірге, заманымыздың көкейкесті мәселелеріне араласады, оны шешудің жолдарын іздейді. Қ. б. ә-нің әр кезеңде әрқилы дамуына қоғамдық-әлеум. жағдай, тарихи-саяси талаптар шет ел әдебиеті әсер етті.

Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаев қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлғалар. Аталмыш жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлер мен олардың лақап аттары, жер-су атауларының мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен повестерінде дүниені танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы көрінісі айрықша рең беріп тұрады. Мысалы: «Менің атым – Қожа» шығармасының тілдік жүйесі Қожаның психологиялық қабылдауы мен оның когнитивтік санасындағы дүниетанымы деңгейінде құрылған. Шығарманың басты кейіпкері Қожаберген өз есіміне деген танымдық көзқарасты психологиялық тұрғыдан былай көрсетеді: Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер [Б.С.] т.б. Бұл жерде Қожаның пікірін пайымдау үшін алдымен оның таным деңгейін түсіне білу қажет. Мұндағы ең басты әсер етуші фактор қоршаған орта, қоғамдық сана. Егер индивид өзінің жеке ойы мен қабылдауын әлеуметтік сананың пікірімен байланыстыра алмаса, онда мұндай логикалық құрылым болмаған болар еді. Ұлттың болмысына қатысты мұндай құбылыс «Ортаншы ұл» шығармасында былай суреттеледі: Тақыр бас бала тақылдап біраз сөйледі. Алмастың ұққаны: Өлместің шын аты Өлкебай екен. Көршісіндегі бір келіншек қайынағасының атын атамау үшін, оны ойнап жүрген балалардың көзінше ылғи «Өлмес» дей беріпті. Бұл сөз бірте-бірте балалардың құлағына сіңіп, ақыры олар оны «Өлмес» деп атай бастапты [М.Ғ.]. Мұндағы бір көрініс, қазақ халқындағы отбасына келіп түскен келіндердің жаңа түскен үйдегі адамдардың атын атамай, астарлап жеткізудің әсерінен болғанын байқатса, халқымыздығы ырым-тыйым сөздердің әсері де болғанын көрсетеді. Сонымен бірге, «Қала және қыз бала» әңімесінде де адамға ат қоюдағы ырымға сену құбылысы анық байқалады. Мысалы: Елубір деген бала ылғи мені сыртымнан бағып жүреді дедім ғой. Өзі аппақ шөлмектей жүдеу, артқы партада отырады. Әке-шешесі ұзақ жылдар перзент көрмей, елу бір жасында осы бала дүниеге келіпті. Елубір деп сол себептен атапты [М.Қ.]. Мұның өзі адамзаттың, оның ішінде қазақ халқы, қай кезеңде өмір сүрсе де ұлттық таным мен ойлаудың ежелгі дәстүрлі тәжірибесіне сүйенетінін байқатады. Жалпы, жалқы есімдер өз бойында белгілі бір кезеңге, тіпті тұтас бір елдің тарихына қатысты ақпараттарды жинақтай отырып, көркем мәтіндегі қолданыста ерекше маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Б.Соқпақбаев шығармаларындағы тағы бір жиі кездесетін атаулар – ру атаулары. Бұл атаулардың барлығы да қаламгердің дүниетанымы мен өскен ортасымен тығыз байланысты. Автор бұл атауларға қатысты көркем мәтінді образды түрде бере отырып, кейбір ру аттарына қатысты этимологиялық этюдтерді сәтті ашып көрсетеді. Мысалы: Беснайзалар ежелден жауынгер, ұры ел болған. Рудың Беснайза атануы да тегін емес. Бір үйдің шаңырағынан сорайған бес найзаның ұшы шығып тұрыпты, содан Беснайза атаныпты деген сөз бар [Б.С.]. Осы берілген мысалда Беснайза руына қатысты мәдени ақпараттарды жазушы шеберлікпен бере білген. Сондай-ақ: Қостөбеде, негізінен, Құрмандар тұрады. Құрманның «Киікбай», «Найза» деп аталынатын екі руы. Біз Найзамыз, Дұрысы Беснайза. Беснайза екіге бөлінеді: Байқазақ, Жолыш. Біз – Жолышпыз. Барлығы Алаштың балалары ғой [Б.С.] т.б. деген сөйлемдер арқылы Қостөбедегі этникалық құрамды нақты көрсетіп кетеді. Жалпы, балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілінде жалқы есімдердің қолданылуында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Себебі, балалар әдебиетінің негізгі кейіпкері де, оқырманы да – бала. Сол үшін автор әрбір жалқы есімдерді қолдануда оған байланысты мәдени ақпараттарды – аңыз-әңгімелер, тарихи оқиғалар, қоршаған ортаға тән белгілерді балаға ұғынықты, қабылдауға ыңғайлы етіп қолданады.

Балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами беруіне, жетіле түсуіне елеулі үлес қосқан, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сапарғали Бегалин. Атақты ақын, жазушы-журналист атамыздың шығармалары әзірбайжан, өзбек, армян және корей тілдерінде жарық көрді. Аударма саласында да жемісті еңбек етіп біраз атақты жазушылардың шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Бүгінгі күні «Сырлы қайнар» (1963), «Ермектің алмасы» (1963), «Жеткіншектер» (1960), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976) және т.б. кітаптары бар. Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.