Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.07 Кб
Скачать

49. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.

Т.Нұрмағанбетовтің «Ұлттың дерті» атты әңгімесінде де қазіргі заманғы демократия мен демогогияны әшкерелеу үшін автор гротескіні таңдайды. Мылжыңдық, құр сөзді сапыру, теңіздей тасыған бос сөздер мұның бәрі өтірікті бір тұтып, көз бояуды амал қылып алған кез келген қоғамның малданары. Әңгіме кейіпкері зейнет жасына шыққан соң осы көк мылжың дертке ұшырайды. Ұзамай дерт асқынып, ұлына, одан немересіне жұғады. Ақыры ұлттың өзегіне түскен жегі құртқа айналады. Біз әсіресе дақпыртшыл халықпыз. Оған көңіл жықпастық тағы қосылады, жағымпаздық мүлдем буып тастайды. Өтірік пір тұту рухани құндылықтары азайған қоғамды меңдуанадай шырмап тастайды. Автор әңгімесінің соңына шейін үміт қалдырмайды. Әлеуметтік сауалдар қазақ қоғамын сансыз сұрақтармен шырмап отырғаны рас. Автор бұл әңгімені асқан отансүйгіштікпен жазады.

Қазіргі қазақ прозасындағы жете зерттелмеген саланың бірі сарындар, соның ішінде айқай сарыны. Т.Нұрмағанбетовтің «Айқай» повесі сонау грек түрік соғысы тақырыбына арналған. Өткенге көз жіберіп, шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әңгіме желісі өрбиді. Автор айшықты прозаның өрнектерін қолданады. Т.Нұрмағанбетовтің бұл шығармасындағы түрлік ерекшелігінің бірі осы «айқай» сарынына танылады. Қазіргі қазақ прозасына өз үнімен «айқайлап» келген О.Бөкейдің Айқайы қандай еді? Абайдың айқайы жартасқа барып соғылып, кері жаңғырып қайтқан сол Баяғы айқай еді. Ал, Оралхан Бөкейдің айқайы Алтай тауын жаңғыртқан, қайта қайта жаңғырып тұрар Анаулардың айқайы еді. Т.Нұрмағанбетовтің айқайы алапеспен ауырған тіліне, нәсіліне, ұлтына қарамайтын адамдардың, яғни тәніне ғана емес жан жүрегіне, жан дүниесіне алапес дағы түскен барша адамзат баласының айқайы.

50.Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көркемдік ерекшелігі эссе жазу әдісі

Тәуелсіздiк дәуiрi он жылдық әдеби процесс арнасын жаңа бағытқа бұрды. Ел көңілінің гүлiн ашқан әдеби дәуiрдiң алғашқы жемістерін тере де бастадық. Сөз өнерiнiң зор саласы – проза, жетекші жанры – роман бабында екені ерекше қуантады. Әбдіжамил Нұрпейісовтің “Соңғы парыз” роман-дилогиясы, Зейнолла Қабдоловтың “Менің Әуезовiм” роман-эссесі, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша”, Мұхтар Мағауиннің “Мен”, Қалихан Ысқақовтың “Ақсу – жер жаннаты”, Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы”, Әкiм Таразидiң “Жаза”, Төлен Әбдiковтың “Парасат майданы”, Софы Сматайдың “Жарылғап батыр”, Қабдеш Жұмаділовтың “Дарабоз”, Қалмұқан Исабаевтың “Шоң би”, Баққожа Мұқайдың “Өмірзая”, Оразбек Сәрсенбайдың “Шеңбер”, Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан”, Бексұлтан Нұржекеұлының “Әйел жолы жіңішке”, Тұрсынхан Зәкенұлының “Көк бөрiлердiң көз жасы”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Хасен Әдiбаевтың “Отырар ойраны”, Ұзақбай Доспамбетидiң “Қызыл жолбарыс”, Асқар Алтайдың “Алтай новелласы”, Әлiбек Асқардың “Өр Алтай, мен қайтейiн биiгiңдi”, Смағұл Елубайдың “Мiнәжат”, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары, т.б. қазақ прозасының он жылдығы аса шабытты, мол табысты еңбек кезеңіне айналып кеткенін көрсетеді. Бүгінгі шындықты бүгін бейнелеп беруге оңтайлы эпос түрі – әңгiме, одан соң повесть. Әңгiме адам өмiрiндегi тұтқиылдан кездесетiн бiр оқиғаға, эпизодқа арқа тiреп жазылса, повестiң шаруасы күрделiрек. Повесть яки хикаят бірер не әлденеше оқиғаны қат-қабатымен, дәуiр- дәуiрiмен суреттеуге неғұрлым ебдейлі жанр. Тәуелсіздіктің он жылы ішінде туған повестердің баяны – халық өмірінің кешегі күндерінен. Өткен шақпен есеп айырысады. Бүгінгі нарық заманы тақырыбынан жазылғаны саусақпен санарлық. Бiрақ аз жазылса да, саз жазылып жатқанын баса айтуымыз керек. Бiр хикаят нарықты сынай отырып, жақтайды, адам тiрлiгiне жаңа тыныс бергенiн алға тартады. Екiншiсi, нарық пен демократияның ел өмiрiне әкелген кесiрлi жақтарына шүйiледi. Қай тақырыпқа қалам сiлтесе де бүгiнгi повесть атаулы таптық тұрғыға тұтылудан, не жазса да ресми нұсқау-нормативтерге дөп тимей кете ме деп алаңдаудан әмiсе азат. Кеңестiк санаға өзiн қарсы қоятын сана қалыптасты. Ендiгi шығармалар iзденiске бай. Дүниенi жаңаша сезiну, еркiн ойлап, ойлағаныңды ашық жазу бұрын қалам тартылмаған проблемаларға, аттап баспайтын материалға жол ашты, образды өмiр философиясын жасауға, руханият, инсаният өлкесiне терең де батыл бойлауға мүмкiндiк бердi. Гротеск және күлкі түпкілікті тамыры халық танымы мен шығармашылығының сонау архаикалық қабатынан орын тепкен ежелгі құбылыс. Олдардың қайнар көздері миф, ритуал, мистерия, магия мағынасының саласында жатыр. Гротеск категориясының көркемдік мағынасының аплитудасының құрамына трагедия мен комедия да, рационалды мен иррационалды да, логикалық және абсурд та енеді. Гротесктің жанрлық мүмкіндігі нақтылы авторлық көркемдік жүйелердің интерпретациясы кезінде жанрлық канонның өзгерімділігіне бағыт ұстанатын отандық және шетелдік әдебиеттерде де қатар зерттелген.

Қазіргі қазақ прозасында Т.Шапайдың «Үйдің иесі» атты туындысы гротескілік әңгіме. Бұл әңгіме ә дегенде ұсақ түйек оқиғаға ұүрылғандай көрінеді. Кейіпкер өзі туралы айтқанда, «орташа» деген ұғымға екпін түсіреді. Бұл ойдың астында иллюзия бар. Т.Шапай прозасы қазақ әдебиетіндегі саяси гротескілік ерекше үлгісі. Үйдің иесі бұл қожайын емес, біздің қоғамның аллегориялық бейнесі. Қаламгер аталмыш шығармасында тұрмыстық, заттық, этнографиялық портреттік детальдар арқылы кейіпкердің рухани әлеміне тереңдей үңіліп, адам психологиясын ашады.

Қазіргі қазақ әңгімесіндегі өмір мен өлім концепті де қазіргі прозада баса назар аударатын сала болып отыр. Себебі, соңғы кезде көптеген қаламгерлер өлім тақырыбын өз шығармаларына арқау етіп алуы жиі кездеседі. Өмір сүре білу әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауртпашылықтары көтере алмай, өз өзіне қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда. Сондай көркем туындылардың қатарына Д.Амантайдың «Мен сізді сағынып жүрмін», Т.Нұрмағанбетовтың «Күнді жек көру», Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» т.б.

Қазақ қоғамының тарихи бетбұрыстағы кезеңі тәуелсіздік тұсында туған прозалық туындылар табиғаты күрделілігімен назар аудартады. Бұрын болып көрмеген тосын көркемдік амал тәсілдерге бару арқылы қаламгерлердің көпке белгілі жағдайлардың өзін жаңаша суреттеуі жаңа заман оқырманының талабынан туып отыр. Әсіресе, ұлттық идеяны берудегі әлеуметтік символиканың рөлі басымдық алуда. Ұлттық идеяға негізделген біршама дүниелер өмірге келді. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы үлкен бір жаңалық дін тақырыбы. Бұл туған әдебиетімізде үлкен шектеуге ұшырап, әдебиет ішінен өз орнын ала алмай жүрген тақырып. Міне, осындай рухани мешеулік жайлаған атмосферадан кейін С.Досанов, Т.Ахметжан, Ж.Амантай, А.Кемелбаева, Д.Рамазан, Е.Әбікен, т.б қазақ қаламгерлері өте жаңашыл,іріқадам жасады. Қаламгерлердің бір қатары А.Кемелбаева мен Д.Амантайлар өздерінің дінге бет бұруын жалған бояулармен әсірелемей, ішкі болмысты таза қалпында көрсеткісі келді. Тәуелсіздік тұсындағы шығармалар тек тақырыптық, образдық тұрғыдан ғана емес, көркемдік ерекшелік, поэтикалық стиль тұрғысынан да жаңарып, түлегені байқалады.