Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.07 Кб
Скачать

37. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі өмір мен өлім –эксприссвті әдісі бойынша түсіндіріңіз.

экспрессивтік әдіс студенттің қандай-да бір тапсырманы өз жанынан шығаруын (өлең, әңгіме, презентация) немесе жұппен, топпен жасауын қарастырады. Бұл әдістердің ерекшелігі оларды әрбір практикалық сабақта студенттердің қатысымдық бағытта өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу шеберліктерін қалыптастыруда қолдануға бейімділігі. Сондықтан, аталған әдістерді қолдану: сабақты тиімді ұйымдастыру, тілді кәсіптік бағытта оқыту және студенттің меңгерген білімін қолдана алу мүмкіндіктерін кеңейту, студенттердің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру, студенттердің танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру, бағалау дағдыларын қалыптастыру ағылшын тілін оқытуды тиімді жүзеге асырудың алғышарттары болады. Әдіс арқылы оқытушы түрлі оқу құралдарын, студенттердің білім деңгейін, берілген сағат санын ескере отырып, түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданады. Әрбір әдістің өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушіл

Белсенділігін арттырады.

Жастық¬тан ба, ерке-мастықтан ба, көзсіз махаббаттың құрбаны болған Шолпан о дүниеге бір емес, қатарынан үш күнәні арқалап кетеді: ең әуелі күйеуі Сәрсенбаймен арадағы ойын-күлкілі қызық күндерін әлі бойына бітпеген болашақ баладан қыз¬ғанып, Құдайдан «бала бере көрме» деп тіледі. «Ері мен екі ортадағы махаббат оты бәсеңдемей бір қалыпты тұрғаны сол ба¬ланың жоқтығынан ғой деп ойлады Шол¬пан. Үш жыл бойы ері де Шолпанның оттай ыстық, желдей жібек құшағынан басқа ештеңе тілемеген еді...». Құдай да оның осы тілегін бергендей, Шолпан бала тап¬қан жоқ. Бұл – Шолпанның бірінші күнәсі еді. Бірақ бұл – өмір тәлкегінің басы ғана екен. Үш жылдан кейін Шолпанның ойы бір-ақ күнде өзгеріп, енді Құдайдан бала тілейтін болды. Алайда, сегіз жыл өтсе де бұл тілегі қабыл болмады. «Бірін-бірі қуа¬лап, ой соңынан ой озды, тілей-тілей ті¬лек тозды. Соға-соға жүрек тозды», бірақ «қайы¬рылып қарау білмейтін, аяу бер¬мейтін өмір Шолпанның да жүрегінен сау¬лап аққан қанына, қанаты сынып өліп жатқан жанына кідіріп, бұрылып қараған жоқ...». Бастабында «өзім бедеумін бе» деп бақсы-балгерге қаралып, аузынан дұға түспей, аяқ астынан сопы болған Шолпан, түнде Сәрсенбаймен жатқанда мүлде басқа мінез көрсетіп, «денесі өртке, құшағы жалынға, аузы отқа айналды. Сәрсенбайдың қойнына жата бастағанда, мойнына бұғалық түскен киіктің асау лағындай, өмірінде ер затын бірінші рет көретін он үш жасар жас қыздай дірілдеп, күйіп-жанатын болды». «Бойыма бала бітсе» деп, бар ынта-шынтасымен беріліп бақты. Бірақ... күндердің күнінде, бедеу өзі емес, Сәрсенбайдың бедеу екеніне көзі жетті Шолпан пақырдың. Осылайша іштей алысқан, арымен арпалысқан талай күндер мен түндер өтті. Ақыры шарасыз Шолпан ең соңғы шешімге келді. «Теңізден терең, таудан зор күнә қылып болса да, ол бала табуға» бекінді. Сөйтіп, өзіне сүй¬кеніп, көңілін білдіріп жүретін ауылдағы Әзім-бай деген жас жігітпен бір орайы келгенде төсек ләззатын бөлісті. Күйеуінің көзіне шөп салып, екінші күнәға батты. Әрине, ізгі тілек үшін, бала үшін. «Әзім¬байға денесін уақытша беріп, жанын аман алып қаламын деп ойлады Шолпан. Бірақ ой мен ісі біріне-бірі қабыспады. Үш-төрт айдың ішінде Шолпанның жаны да Әзімбайға құл болып, берік байланып қалып еді...». Шолпанның үшінші күнәсі осы болды. Сөйтіп, күнәға белшесінен батқан сорлының бала көтеріп, бір тілегі қабыл болғаны не керек, мұның соңы ауыл-үй арасының өрттей өсегіне ұласып, бағы жанбаған байғұс Шолпан күйеуі Сәрсенбайдың ауыр соққысынан Құдайдан тілеген іштегі баласымен бірге жарық дүниемен қош айтысады. Өлер шағында күшпенен көзін ашып, сыбырлап: «Балам қайда? Балам!..» деуге ғана шамасы же¬теді. Әңгіменің өне бойынан домбы¬раның қос ішегінен жарыса шыққан бәсекелес егіз үндей, өмір мен өлім күйі қосарлана, қабаттаса естіліп тұрады. Кейіпкердің трагедиялық халі Мағжан ақынның өз басындағы мұң-шерімен ортақтасып, бірігіп, астарласып кеткендей. 1918 жылы сүйіп қосылған жары Зейнеппен небары тоғыз ай отасып, ол бала үстінде қайтыс болғанда туған тұңғыш ұлы ол да тоғыз айдан соң аурудан шетінеп кеткен еді. Нәзік жанды ақын жүрегін баураған ауыр қайғы енді оған «Мені де, өлім, әлдиле» деп өлең жаз¬дырған секілді. Жаралы жүрек, қапалы көңіл барлық құсасын осындай бір шерлі де өктем жігерлі жырлармен сыртқа шы¬ғарғысы келгендей.

«Қажыдым енді, күш бітті,

Көңілсіз, салқын, күн бұлтты.

Жел бұйығып тербелед.

Әлдекімнің өлгенін,

Оны қалай көмгенін

Әңгіме ғып күңіренед.

Жел, күңіренбе, жасың тый,

Өлім күйі – тәтті күй,

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле,

Әлдиле, өлім, әлдиле!..»

Бұл – өлім алдында басын иген дәр¬менсіз жанның дауысы емес, сол өлімнің көзіне тура қарап, онымен тепе-тең тілдескен, өр көңілмен тірескен, өмір үшін күрескен қаһарман ердің сөзі. Өліп бара жатып, соңғы күшін жинап көзін ашып, өмірінің гүлін, өзі арман еткен жас сәбидің үнін іздеп сыбырлаған Шолпанның жан дүниесінде де осындай арпалыс бар еді. Оның сыбырлағаны – өлім қақпасының есі¬гіне нары өтіп бара жатып, өзі үшін емес, артта қалып бара жатқан өмір үшін алаңдаған адамның жан айқайы болатын. Осылайша Мағжан ақын Шолпан тағдыры арқылы өзінің шексіз мұңды, түпсіз сырлы жырларындағы өр де тәкаппар лирикалық кейіпкерінің қасіреті мен қасиетін өзге бір реңкте ашып көрсетеді.