Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.07 Кб
Скачать

34. Шәрбану Құмарова "Ғасыр нұры", "Бір махаббат баяны" зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.

Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Шәрбану Құмарованың «Ғасыр нұры» романында өткен жиырмасыншы ғасырдың басы мен соңындағы оқиғалар кезек алмасып, бүгінгі жиырма бірінші ғасыр кезеңімен жалғасады. Теңіз асты иіріміндей кесек-кесек баяндар, әрқайсысы жеке дара хикаят болып жазылғанымен, бір-бірімен терең астаса, күрделі оқиғалар желісін құрайды. Бұл – шығарманың өзіндік ерекшелігі. Басты тақырып – адам тағдыры.

Жазушы махаббат тақырыбын да тыс қалдырмаған: Елшібек – Сұлуқас, Мінуар – Шынаргүл, Нұрқасым – Биғаным араларындағы шынайы сүйіспеншілік шытырман харекеттерге толы. Өмірдің бұралаң жолдары жарға соққан толқындай бұларды қуанышқа да, қайғы-қасыретке де ұрындырмай қоймайды.

Романның тілі шұрайлы, шеберлік пен суреткерлік атты көркемдік тәсіл қаламгер стиліне әу бастан тән. Кітапқа бұдан басқа «Мың жылдық сағыныш», «Замана зары», «Би әлемі – Шара» – хикаяттарымен бірге Ш.Құмарова жайлы жылы лебіздер енген.

Туындыгердің «Бір махаббат баяны» атты хикаяты 1937 жылғы заман зобалаңына тап келіп, қиын-қыстау күндерді басынан өткерген ананың өткен тағдырын есіне түсіріп, жадының жаңғыртуымен баяндалады. Хикаят жазықсыз жазалы болып, жер аударылған азаматтың соңынан ақ қар, көк мұзды кешіп, итжеккенге барған жас әйел Марғуаның ішкі жан дүниесінің сырлары десе де болады. Жазушы Марғуа ананы көзі тірісінде сөйлете білді. Әйел-Ана бойындағы сөз жеткісіз шыдамдылық пен қайсарлыққа толы қуатты еріне, балаларының әкесіне деген риясыз, шексіз махаббатынан алынғаны нанымды суреттеген. Жазушы Смағұл Елубай бұл хикаят туралы былай дейді: «Хикаят кейіпкер айтқан деректі әңгімесіне негізделсе де, қаламгердің нәзік жүрек сүзгісінен өтіп, биік көркем проза деңгейіне көтерілген. Әсіресе жібек талдай жымдасып мінсіз өрілген шырайлы шығарма тілі тұщынтады» [28, 279 б.]. Осылайша шығарманың мазмұны мен тілінің үндестігі, іштей гармониялық байланысы әйелдің адами болмысын ашудағы басты сипат болып табылады.

35. Қуандық Түменбай "Төрт амал тіршілік" шығармасының идеялық ерекшелігі экспрессивтік әдіс бойыншы түсіндіріңіз.

Экспрессивтік әдіс. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы.

Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да экспрессивтік әдіс арқылы жасалады.

Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы пьеса немесе психологиялық драма түрінде көрсету оқушыны жақсы болуға тәрбиелейді. Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға береді. Бұл баға өзгермейді. Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады. «Төрт амал» хикаятына арқау болған оқиға — қазақ жеріне келген урбанизация. Сол арқылы дала мен қаланың жайына тоқталып, сарапқа салып өтеді. Таразының бір басында қала тіршілігі болса, екінші басында қарапайым ауылдың күйбің тіршілігі. Төрт амалға түгел болуды меңзеген жазушы шығармасында ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласының білім, ғылым жолындағы жетістіктерін, ұлттық болмысын жоғалтпай елдікке меңзеген қайсарлығын, шетелде дәріс оқып жүрсе де, ұлттық рухы асқақ жанның бейнесін сипаттаған. Елбасы өз Жолдауында: «Жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа қаһармандарын көрсетуіміз, жасауымыз керек», — деген болатын. Шығарманың бас кейіпкері Жапалды осындай қаһарман ретінде тани аламыз. Себебі, мектепте үздік оқып, есептен алдына жан салмай, он екі жасында республикалық математиктер олимпиадасында бірінші орынды жеңіп алған, кейін Мәскеуде білім алып келіп, ел институтында дәріс береді. Парижге барып екі рет дәріс оқып келген. Математика саласында озық ойлы, өз ісінің шебері. Әлемді мойындатып жүрген қазақ баласы. Сонымен қоса қазақ даласына урбанизация келісімен ауылдағы әке-шешесін қалаға көшіріп әкеліп, өз өтініштерімен жеке үй әпереді. Бойынан қазақилықтың исі аңқып, қарапайымдылық байқалып тұратын, қанында ұлттық рух қайнап жатқан ұлт перзенті. Жапалдың ұлт интеллигенті екендігін қалаға әкесін көшіріп әкелгеннен кейінгі екеуара тілдесімі барысында сипаттайды. Әкесіне қала тіршілігін түсіндіре жүріп, тәуелсіздік алаңына келгенде сол кездегі оқиғадағы көзбен көргенін баян етеді. Кейіпкер сөзінен ұлттық рухты байқаймыз. Алаңға шығып ұлтына демеу болам деп, ұсталып, тұтқынға түскенде, өзінен жауап алған, өзінің кезінде математика мектебіне түсуге көмектескен адамы болып шығады. Ал ол оған танымаған кейіп танытып, бейтаныс адамындай тіл қатып, шығарып салады.

— Сіз өзіңіз атақты математиксіз. Сіздің интеллигент болып қалуыңыз керек қой. Неге ол жерде жүрсіз?

— Математиктің бәрі интеллигент болуы керек пе?

— Сіз жастарды кері тәрбиелейді екенсіз. Өзіңіз есепке жүйрік адамсыз, өзіңіз әлжуазсыз. Мұндай жер сізге абырой әпермейді. Барыңыз, боссыз…

Тұрды да жүре берді. Жауап қатпады. Ол торлы терезеге қамап тастаудан да тайынбайды. Ол өзінше жақсылық жасадым деп отыр. «Әлжуазсың дейді. Менің бұлшық етім білегімде емес, жүрегімде… Менің де әкем қасымда келеді. Есепке жүйрік еді. Әлгінің өмірдегі есебі басқа жаққа бұрылып кеткен екен. Кереғарлық көп қой бұл өмір шіркінде». Ұлттық болмыстың әлсіздігінен әлгі жігіт қателесіп, ұлтына қарсы айбат шекті. Ал Жапал соның куәгері іспетті. Шығармадағы Жапал бейнесіне қарап, мен де дәл солай етер едім деген ой туады. Ғылымның шыңырау шыңына шықсам деген арман да оянады. Шығарма арқылы жазушының айтпағы мынау: «қайда жүрсең де еліңді ұмытпа, қай биікке шықсаң да ұлттық рухыңды жоғалтпа». Қазақы болмысыңды сақтап, қазақ болып қал, қазақтың қамын жеп, игілігіне айналуға тырыс. Адамның адамдығының негізі осында екенін аңғартады. Жазушы өзінің туындысы арқылы жастарды бұл өмірде төрт амалға жетік болып, ғылым жолында ілгерілеуге талпынып, қазақы қарапайымдылық ауылынан алыстамай, ел мен жердің тарихын сана саңылауына түйіп, әлемге қазақ жұртшылығын таныту жолында болуға үндейді. Ел зиялысының бұл шешімге келу себебі де бар, өйткені қазірде білім-ғылым жолында жалындап алғы шепке ұмтылып жүрген жастарымыз баршылық. Бірақ оларда қазақы болмыстан гөрі батысқа еліктеу басым, қазақ қанымен тамырланғанымен, өзге тілде сайрап тұрады, елге оралған соң, сол елмен салыстырып жатады. Оданда, елді қайткенде сол дәрежеге жеткізсем деген талпыныс болсашы… Кіндік қаны тамған жері ауыл топырағы болғанымен, мұрындарына ауылдың иісі бармайтын шетелде оқыған ел перзенттері бар, солардың істеріне налыған ұлт жанашырының пікірінен туындаған. Әрине, бес саусақ бірдей емес, барлығы деуден аулақпын, бірақ бір құмалақтың бір қарын майды шірітетінін ұмытпайық.

Кейіпкер бойындағы қанымен тамырына тараған ұлттық болмыс, сені өзіне баурап, жаныңды жадыратады. Бір таңданарлығы, жазушы кез келген адамның бойынан рухани азық іздеп, тазаруға бағыттап, адалдықтың туын желбіретуді көздейді. Қазақ жұртшылығы үшін Түркістан киелі жер, міне жазушы да осыны аңғартпақшы. Осы шығармада Жапал жарын киелі Түркістан жеріне алып барады. Гүлім Мәскеуде білім алған, дала тіршілігінен бейхабар қала қызы болса да, қазақ елінің тәу етер киелі топырағы турасында естігенде байыз таппай аңсары ауады.

Қазақ даласынан бейхабар, бірақ шетелді көп көрген Гүлім алғаш Құл – Қожа Ахмет Иасауи кесенесін көргенде таңырқап, таңданады.

«— Мынау Эрмитаж ғой, — деді. — Бес жыл Эрмитажды көргенше, осыны неге көрмедім?!

— Сен мені кешір, Жапал. Эрмитаж бен Третьяков галлериясына барғанша, Арбатты мың айналғанша осында неге келмегенмін? Өмір бойы лабораториялық жұмыс, колба мен пробирка, жарылыс… Өкінем. Мен сенің адалдығың мен сеніміңе тәнтімін. Саған рахмет!.. Мен бүгін жан дүниемде болмаған жарылыс жасадым…»

Бұл әрбір рухы биік, ұлттық санасы таза, көзі қарақты қазақ баласының айтар ойы, өзіне қояр сауалы деп білем. Жазушы көкірек көмейіндегі шырмауы қиын ұлттықты көксеп, сана ағымына жарылыс жасап, кейіпкер көзімен ел ертеңі болар жастарға өзге елдің кереметіне аузыңның суы құрығанша, өз еліңнің кереметін көре біл деп ой салады.

Сәті келгенде айта кететін тағы бір түйткіл — айтыла-айтыла жауыр болған тіл мәселесі. Хикаят барысында кейіпкер бейнесі арқылы белең алып, бой көрсетеді.

« — Көке, мен жол жүремін. Француздар шақырып жатыр. Бұның алдында бармай қалып едім ғой. Екі рет бардым, екеуінде де лекцияны ағылшынша оқыдым. Олар ренжіді. «Енді үшінші рет келгенде біздің тілде оқырсыз. Біздің де мемлекеттік тіліміз бар ғой», — деп наз айтты. Олар нәзік халық. Тілі де нәзік, күмбірлеп, еркелеп шығады. Үш жыл жатпай-тұрмай үйрендім ғой, керек болып қалар деп. Бірақ біздің тілдің байлығына, шіркін, не жетсін! Тұспалдап та, тура да айта бересің. Француздар сәбидің көзі туысымен көреді дейді, біз бірте-бірте көреді дейміз. «Көре-көре көсем боласың» деген біздің сөзіміз бәрінен артық емес пе? Сөйтіп, мен де көсем болайын деп жүрмін.

— Көңіл күйім жаман емес, көке. Французша лекция оқыдым. Бәрі риза. Сіздердің мемлекеттік тілдеріңіз орыс тілі ме деп сұрайды. Жоқ, бұрын болған, қазір өзіміздің қазақ тілі деп мақтанып қойдым. «Сіздер өз тілдеріңізде лекция оқи аласыздар ма?» — дейді. «Сіздер тыңдасаңыздар, қазір-ақ оқып беруге дайынмын дедім ғой», — деп, жақын жерде тұрғандай кеңкілдей күлді. Оның Парижде тұрып әуелі жымиып, сосын езуіне жиған көңілді күлкісі мұнда күмбірлеп естілді.

— Көке, тыңдап тұрсыз ба, Франциядағы бір жаңалығым — теңдеуі төртке тең алгебралық амалды ашып, ақын Кененің қызы Төрткеннің есімін беріп, «Төрткен амалы» деп атадым. Кененің де, Төрткеннің де әні құлағымда күңгірлеп жүр. Әсіресе, шырылдаған «Бозторғай…».

Төрт амалымыз түгел болса, көштен қалмаспыз.