- •1.Көркем туынды және сын тұрғысынан ойлау технологиясы әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •2.Көркем шығарманы оқытудағы технологияның рөлі пікірталастық әңгімелеу әдісі
- •4.Хикаялық проза-репродуктивтік ә.Б.Т
- •7. Халық прозасы мен жазба әңгіме үндестігі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •8. Образ сомдаудағы психологиялық талдаудың рөлі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •9. Прозалық шығармалар бойынша әйел мінездерінің сомдалуын жинақтау эвристикалық әңгіме әдісі бойынша жеткізу
- •10.Романтиктер және ағартушылық идея эвристикалық әдіс бойынша жеткізу
- •13.Алаш қайраткерлерінің көркем шығармадағы образдары эвристикалық әдіс б.Т.
- •14. Б.Майлин әңгімелеріндегі сатиралық желіс түсіндіру-оқыту әдісі бойынша жеткізу
- •15.Мемуарлық шығармалар ізденіс әдісі б.Сипаттаңыз.
- •16.С.Сейфулиннің көркем шығармадағы бейнесі зерттеушілік әңгіме әдісі б.Т.
- •17. А. Алтай шығармашылығындағы фантастикалық антропологияның көріністері ақпараттық-рецепция ә сипат.
- •18. С. Мұратбеков шығармаларындағы образдар жүйесі индуктивтік әдіс б. Т.
- •20. Прозалық шығармалардағы ұлттық құндылықтар мәселесі- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз:
- •21. Әңгіме жанрының даму арналары: б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасы ақпараттық-рецепция ә.Қолд.
- •22. С.Мұратбеков «Жабайы алма» шығармасын оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •Vі. Жаңа сабақ
- •V. Жаңа сабақты бекіту
- •VIII. Бағалау
- •23. Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі» шығармасы кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •24. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романы репродуктивтік әд. Арқ. Тұж. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •25. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •26. М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасындағы әйел бейнесі түсіндіру-оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •27. Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» шығармасы түсіндіру-оқыту әд.Бой.Түсіндіру.
- •28. А.Сүлейменовтың «Бесатар» повесі экспрессивті әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •30. С.Шаймерденовтың «Инеш» повесі ынталандыру әдісін қолданы.
- •31. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, әлде кімбіз?» романы және замана көрініс индуктивтік әдісін пайд.
- •33. Ә.Әлімжановтың "Ақынның алтын тағы" шығармасын индуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •34. Шәрбану Құмарова "Ғасыр нұры", "Бір махаббат баяны" зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •35. Қуандық Түменбай "Төрт амал тіршілік" шығармасының идеялық ерекшелігі экспрессивтік әдіс бойыншы түсіндіріңіз.
- •36. Д.Досжанның "Ергежейлі" әңгімесі түсіндіру оқыту әдісі бойынша жеткізу.
- •37. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі өмір мен өлім –эксприссвті әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •38. Ш.Мұртазаның Ай мен Айша туындысындағы халық тағдыры-репродуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •39.Д.Исабековың Әке әңгімесіндегі психологизм формуласы- зерттеу әдісі бойыша түсіндіріңіз.
- •40. Көркем шығармадағы хронотоп катигориясының қызметін зерттеу әдісі бойынша анықтаңыз.
- •41Көркем және ақиқат уақыттың айырмашылығы эссе жазу арқылы түсіндіріңіз .
- •44Әңгіме құрамындағы уақыт пен кеңістік категорияларын эссе жазу арқылы талдаңыз.
- •49. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •50.Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көркемдік ерекшелігі эссе жазу әдісі
- •51. Балаларға арналған көркем туынды эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •52.Сатиралық проза жанры эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •57. Б.Нұржекеев туындыларындағы әйел тағдыры эссе жазу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •58. Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесіндегі философиялық түйін эссе жазу әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
31. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, әлде кімбіз?» романы және замана көрініс индуктивтік әдісін пайд.
«Біз – құлмыз ба, кімбіз?» романы 2005 жылы басылыпты. Бірақ жазылу уақыты ертерек. Автор оны 1987 жылы аяқтап, баспаға, ұсынғанын жазады. Алайда сол дәуірдің сұранысына қиғаш келгендіктен ол басылмай қалған. Роман кейін, тәуелсіздік кезінде ғана жарық көреді. Роман кеңестік дәуірдің соңғы кезінде ел ішінде қоғамдық тәртіптің бұзылуы, билік басындағылардың сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, адам бойында қатыгездік, зұлымдық мінездердің молырақ көрінуі, осыдан туатын әлеуметтік әділетсіздіктер сияқты заманның ең өткір проблемаларын қозғайды. Адам қай заманда да адалдықты ардақ тұтып, шындық жолын ұстанғаны белгілі. Бірақ өмір бойы жақсылықпен қатар жүрген жамандық оны көлегейлеуге, адам табиғатына жат мінездерді өршітуге тырысқаны да мәлім. Кешегі кеңес өкіметі, коммунистік қоғам адалдық пен тазалықты идеал етіп ұстады, оған бөгет жасаушылардың жолын кесуге тырысып бақты. Бұл салт Сталиннен кейін ғана бұзылды. 60-70 жылдары демократияны өрістетеміз деген сылтаумен жеке басшылардың байлық жинауы басталды. Кейін бұл кеңірек өріс алды. Партия кадрларын іріктеудің принциптерінің бұзылуы басшылыққа кездейсоқ мансапқорлардың өтіп кетуіне әкеліп соқты. Байлық жинаған билік адамдары өздері қолымен жасап отырған заңсыздықтарды бүркемелеп жауып, оны біліп қалған, сөз еткендердің бәрін жазғырып қудалауға салды. Адам екіге жарылды. Бастықтарының бетіне келмей, көрсе де көрмегендей боп жүретін «тілсіз құлдар» мен оған қарсы күресуші, әділдік жолын іздеуші «пәлеқорлар» болып бөлінді. Билік екінші топқа қарсы зұлымдық, зорлықшылық танытты. Астыртын кісі өлтіру, қорқытып-үркіту, соттау сияқты қолдан жасалған қылмыстарға жол берілді. Ол үшін арнайы адамдар ұстады. Софы романының кейіпкерлері – Ғазиз Құлтанович пен Мақандар – осындай ортада өсіп шыққан адамдар. Автор осылардың шығу тегін, іс-әрекетін ашып суреттей отырып, қоғамдық әділдік үшін үн көтереді. Ғазиз Құлтанович (қорықса да, сыйласа да, ел оны осылай атауға үйренген) пен Мақан тамыр-таныстық жолымен билікке жетіп, қызмет лауазымын байлық жинауға арнайды да, сыбайластарын, сенімді адамдарын жақын ұстап, оларды құлдық психологияға үйретеді. Оған көнбегендерді жау тұтады. Бірі қаланы, екіншісі ауылды қолға ұстау арқылы өзара байланысып, әрекет жасайды. Біріне бірі көмектесіп, қарсыларымен бірге күреседі. Жақсы, бай қызметті тамыр-таныстарына осылар үлестіреді. Соның арқасында біреулер байып, олардан қолдау тапса, екіншілері қайыршыланып, қудаланып, олардың зорлық-зомбылығына ұшырап жатады. Бұл жағдайларға жол беріп алған үлкен биліктің өзі екені меңзеледі. Ғазиз Құлтанович сәтті үйлену арқылы қызмет жолымен тез өседі. Әуелі қызметін аудан көлемінде бастаған Ғазиз тез-ақ облысқа ауысады, одан астанаға көшеді, министр болып шығады. Оның ең үлкен басшыға жақындығын білетін ел үндей алмайды. Соны пайдаланған Ғазиз жүгенсіз кетіп, ойына келгенін істейді. Қаладағы тәуір қыз-келіншектерді қолына түсіріп, артынан солар арқылы ер-азаматтарға қысым жасайды, оларды әділдік жолынан тайдырады. Көнбегендерін ұрып-соғуға, қорқыту-үркітуге, тіпті өлтіруге де барады. Ауылда осы әдісті Мақан қолданады. Олардың жұмсауымен қызмет ететін ұрда жық жігіттердің өздері де, сөзі мен әрекеті де қорқынышты. Романда осы жолға түскен адамдардың бейнелері жан-жақты жасалған. Соның бірі Майсара. Жас қыз абайсызда Ғазиздың қолына түсіп қалады да, кейін мойнына түскен қармақтан құтыла алмай азап тартады. «Кімге зар айтып, кімге жалынсам, уыз жастықтың пәктігіне қайта орала алам? Тұнығымды таба алам? Дарақы күлкі, думанды тірлік, шарап буы шалқытқан күндерді дүниенің қол жетпес қызығына балап, оп-оңай адасқанымды, алданғанымды кеш білгеніме кім кінәлі?... – деп күйінеді ол. Ыстық жас бетін күйдіре тіліп ағады. Өртенген іштің өкініші жалын боп шарпи ма, сырғанаған ізін қарып түсетін сияқты» . Кооперативтік институттың соңғы курсында оқитын Майсара әп-сәтте рынокке директор боп шыға келеді. Әркімнің Ғазизге деген сый-сияпатын жинап жеткізіп тұру қызметіне жегіледі. Ғазизбен бірге өзі де баю жолына түседі. Ғазиздің ауылдағы сыңары Мақан да заманның аңысын баққан алаяқтың өзі. Ол колхоз басқарып жүріп ауылына да, оның адамдарына қамқор болғансып, екінші жағынан өз байлығын күйттейді. Қарсы келгендермен ашық пікірлесуден де жасқанбайды. Мақан мен Бектемірдің айтысы – адамдық пен арамдықтың, әділдік пен зұлымдықтың айқасы дерлік эпизодты танытады. Айтыста Мақан жеңеді. Өйткені заман, қазіргі өктем күш оның жағында. Бектемірдің «Залымсың!», «Қанішерсің, сұрқиясың, жауызсың !», «Алаяқсың !» деген балағат сөздерін тыңдап алған Мақан: «Мақұл, Бектемір! Оныңа да келістім. Бірақ әзірге менен пысық, менен білгір, менен сенімді, менен іскер, менен жігерлі колхоз бастығын осы өңірден, тіпті облыстан тауып бере аласың ба? Таппайсың. Ендеше анау жақ (қолын шошаңдата аспанға көтерді) а-на-а-ау жақ сендерді емес, мені тыңдайды. Мені құрметтейді. Мені төбесіне хан көтереді. Орден мен медальдарын саусылдатып кеудеме тағумен келеді. Оныншы бес жылдықтың нәтижесі бойынша ауданнан Ленин орденін жалғыз мен алдым. Мен! ... Мен ешқашан да ұсталмаймын. Өйткені мені ұстайтынның өзі менімен ұрлық асты көмейлеп бірге асайды... Әлде мынау дүниенің түсі өзгеріп, кейде ақтың қараға, кейде қараның аққа айналғанын көргісі келмейтін әулиемсінген сендер ақымақсыңдар ма? Пілге үрген қанден болуды қою керек» – дейді. Бұл таластың аяғы Бектемірдің Қобыланды деген ер жеткен баласының өліміне әкеліп соғады. Онымен аңға бірге шыққан Мақанның жандайшаптары «жазым боп, өз оғы өзіне тиді» деп куәлік береді. Бектемірдің қууынуы, жазған арыздары аяқсыз қалады. «Бектемір Мақанның айтқандарына қарсылық білдірген жоқ, - деп жазады жазушы. – Қайта бастығының дәл қазіргі жағдайды қолмен қойғандай қып суреттеп бергеніне таң қалды. Өзінің шарасыздығын ұқты. Үңірейген қуыс кеудесінің үрейлі, сезікті, күдікті әлсіреуімен ұғынғанда, жер бетінен шынымен-ақ әділет, адалдық, тазалық бір жола жоғалғандай күйзелді. Мынау алдында тұрған адам аздаған билігімен-ақ анау ту сыртындағы арқа сүйер сұрғылт жартастай еңселенген әкімшіліктің, бюрократияның қолдауымен еш уақытта жеңілмес... тіпті қылшығы да қисаймас жауыздық өкіліндей көрінді» . «Заман да, дәуір де бүгін Мақандікі. Қит етші сүйегің табылмай кетсін! Не жазықсыз шырылдаған жаның темір тордың ар жағынан безілдесін... Біз – құлмыз. Кесік құлақ құлымыз Мақанның! Бұлқынбап па едік? Бұлқынғанбыз! Білекті көрінбейтін қыл арқан қыйып түскен. Арқаға дүре, жанға жара салынған. Сен құрдасың Қобыландыжанның қалай өлгенін білмейсің? Ал, оны...», – дейді Ескен таяқ жеген баласы Берікке. Романның негізгі идеялық нотасы осы сөздерге тіреледі. Онда сыбайлас жемқорлыққа шындап қарсы тұра алатын күш, тұлғалар жоқ. Қоғамдық жүйеге, жемқорлық пен зорлық үстемдік алған өмір шындығы мен оған наразылық үні шығарманың пафосы мен әркімдердің әлсіз әрекеттерінен, авторлық репликалардан құралады. Тік мінез Балтаның адалдық жолын сақтай алмауы, тазалық пен әсемдіктің символындай көрінген Сәуленің аяқ астынан былғанып, шырмаудан шыға алмай қалуы, Қатираның өлімі – бәрі де қараңғы түнектен жол тауып шығудың қиындығындай елестейді. Автордың мұндай позициясымен келісу де оңай емес. Дүние үмітке құрылған емес пе? Алыстан көрінсе де, бір жарық сәуле қалмауы шындықтан алыс сияқты
32. ---------------------------
