- •1.Көркем туынды және сын тұрғысынан ойлау технологиясы әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •2.Көркем шығарманы оқытудағы технологияның рөлі пікірталастық әңгімелеу әдісі
- •4.Хикаялық проза-репродуктивтік ә.Б.Т
- •7. Халық прозасы мен жазба әңгіме үндестігі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •8. Образ сомдаудағы психологиялық талдаудың рөлі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •9. Прозалық шығармалар бойынша әйел мінездерінің сомдалуын жинақтау эвристикалық әңгіме әдісі бойынша жеткізу
- •10.Романтиктер және ағартушылық идея эвристикалық әдіс бойынша жеткізу
- •13.Алаш қайраткерлерінің көркем шығармадағы образдары эвристикалық әдіс б.Т.
- •14. Б.Майлин әңгімелеріндегі сатиралық желіс түсіндіру-оқыту әдісі бойынша жеткізу
- •15.Мемуарлық шығармалар ізденіс әдісі б.Сипаттаңыз.
- •16.С.Сейфулиннің көркем шығармадағы бейнесі зерттеушілік әңгіме әдісі б.Т.
- •17. А. Алтай шығармашылығындағы фантастикалық антропологияның көріністері ақпараттық-рецепция ә сипат.
- •18. С. Мұратбеков шығармаларындағы образдар жүйесі индуктивтік әдіс б. Т.
- •20. Прозалық шығармалардағы ұлттық құндылықтар мәселесі- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз:
- •21. Әңгіме жанрының даму арналары: б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасы ақпараттық-рецепция ә.Қолд.
- •22. С.Мұратбеков «Жабайы алма» шығармасын оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •Vі. Жаңа сабақ
- •V. Жаңа сабақты бекіту
- •VIII. Бағалау
- •23. Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі» шығармасы кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •24. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романы репродуктивтік әд. Арқ. Тұж. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •25. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •26. М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасындағы әйел бейнесі түсіндіру-оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •27. Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» шығармасы түсіндіру-оқыту әд.Бой.Түсіндіру.
- •28. А.Сүлейменовтың «Бесатар» повесі экспрессивті әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •30. С.Шаймерденовтың «Инеш» повесі ынталандыру әдісін қолданы.
- •31. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, әлде кімбіз?» романы және замана көрініс индуктивтік әдісін пайд.
- •33. Ә.Әлімжановтың "Ақынның алтын тағы" шығармасын индуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •34. Шәрбану Құмарова "Ғасыр нұры", "Бір махаббат баяны" зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •35. Қуандық Түменбай "Төрт амал тіршілік" шығармасының идеялық ерекшелігі экспрессивтік әдіс бойыншы түсіндіріңіз.
- •36. Д.Досжанның "Ергежейлі" әңгімесі түсіндіру оқыту әдісі бойынша жеткізу.
- •37. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі өмір мен өлім –эксприссвті әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •38. Ш.Мұртазаның Ай мен Айша туындысындағы халық тағдыры-репродуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •39.Д.Исабековың Әке әңгімесіндегі психологизм формуласы- зерттеу әдісі бойыша түсіндіріңіз.
- •40. Көркем шығармадағы хронотоп катигориясының қызметін зерттеу әдісі бойынша анықтаңыз.
- •41Көркем және ақиқат уақыттың айырмашылығы эссе жазу арқылы түсіндіріңіз .
- •44Әңгіме құрамындағы уақыт пен кеңістік категорияларын эссе жазу арқылы талдаңыз.
- •49. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •50.Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көркемдік ерекшелігі эссе жазу әдісі
- •51. Балаларға арналған көркем туынды эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •52.Сатиралық проза жанры эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •57. Б.Нұржекеев туындыларындағы әйел тағдыры эссе жазу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •58. Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесіндегі философиялық түйін эссе жазу әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
26. М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасындағы әйел бейнесі түсіндіру-оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
М.Мағауиннің жазушылық мәнерінің бәрімізді сүйсінтетін ерекшелігі- оның көркем туындыларын оқығанда, бұларда шертілетін сырлар сізге адам жанының мөлдір күйлерін ағыта бастайды. «Әйел махаббаты» деген шағын ғана әңгімеде баяндалған халді мысалға алайық. Әңгімеде Зия есімді әйелдің жай-күйі шертіледі. Мұңға толы жанары мен көкірегі шерлі осы әйелдің өткенге тыққан не сыры бар екенін автор кері шегініс арқылы баян етеді. Өнер илері қауымы мен өнер сүйетін жұртшылықтың арсында қалыптасқан «ақындар, өнер адамдарының бәрі жүргіш келеді» деген топас сенімнің санада жатталып қалған әсерінен, парықсыз әйелдің тәкаппарлығы басым түседі. Автордың кейіпкердің ішкі дүниесінің әсемдігін ашуда кейіпкерді өмірдің біріңғай күнгей бетіне шығара бермейді. Шығармада Зия Төлегенді ұмытып немесе өткен күндердің естелігін жылы жауып Арыстанмен бақытты да баянды тұрмыс кешуіне де болар еді. Бірақ, автор шығарманың шешімін басқалай шығарады. Пенделік пақырлық мінезден аса алмай жасаған тірліктің өкініші өмірлік опық жеумен аяқталады. «Өзім жат біреудің құшағында жатқан кездерімнің бәрінде де суретім Төлегеннің төсінде тыныстапты»,- деген Зияның өксікке толы сөздері әйел табиғатына тән олқылықтың орнын толтыруға бекінген қайрылмас қаттылықтың белгісі іспеттес. Кйіпкерінің кейде жаны өте жәбірленіп, қаны қайнап кеткенде, өзін-өзі ұста алмай, шарасынан асып төгілетіні де бар. Төгілетіні сол, Арыстанмен ажырасып, жасаған қателігін еске салмайтын, жүрегіндегі жараны тарнамайтын, өзін танымайтын, білмейтін жерге қашады, бәрін тастап қашады. Өз мұңымен оңаша өзеуреген өмір кешуге қащады!
27. Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» шығармасы түсіндіру-оқыту әд.Бой.Түсіндіру.
Шындығында Б.Нұржекеевтің бұл романның басты жетістігі сонда, талантты жазушыларымыз аса көп барған тақырып,көп шолған кезеңді ала отырып, өзіндік қолтаңба танытады. Ешқайдан ештеңе іздемей-ақ байырғы тәсілмен, белгілі сүрлеумен-ақ өмірдің өз жырын айтады. Шығарманың толық дәні бірінші бөлімде піскен. Бәрі әдемі-жазу да әдемі, қыз да әдемі, сезім де әдемі. «Ақ жазық», «Күреңбел», «Бүбіш», Жәмихан, Бәтжан, Мәмет осы атаулардың өздері-ақ бір сиқыр құдіретке бөгіп тұрғандай. Көркемдік әлемін ашуға сұранып тұрғандай. Жазушы соны жақсы сезінеді. Жазушының қарапайым баяндау стиліндегі олардың күнделікті пенделік әрекеттерінің тасасында поэзия. Автор орынсыз шашылып, төгілмей, сезім шоғын қордалай түседі. Сол арқылы кейіпкер де анық көрінеді. Сыртқа да шуақ шашады. Жазушы жүрек жалынын, асқақ үнін айнымас махаббатын суреткерлік тереңдікпен ұштайды. Жазушы ешқашан аптықпайды. Қажетті нотасын анық табады да, тым табиғи орындап шығады. Яғни, жазушы шешендіктен гөрі ішкі мазмұнды көздеп отыр. Орталық қаһарман Шеген төңірегіндегі әңгімені де біз жазушы Шеген емес бала жігіт Шеген тұрғысынан қарастырғанымыз ұтымды болады. Біріншіден, бала Шеген мен жазушы Шегеннің аорасында жік бар. Екуі тұтаса алмаған. Салыстыра қарағанда бала Шеген биік тұр. Бала Шеген суреткерлік електен өткен, әбден шыңдалған. Екіншіден, жазушы бала Шеген арқылы адамның ең асыл сезімін паш етеді. Жазушы Шегеннің тұғырын биіктетететін тұс-Бүбіш. Бүбіш арқылы Шегеннің біз өткенін білеміз. Оның бүкіл болмысын қалыптастыруда Бүбіштің рөлі ерекше. Бүбіш оны тек адалдыққа, адамдыққа ғана жетеледі. Жастайынан санасына сіңген алтын арқау оның азаматтық келбетінің де негізігі айқындаушысына айналды.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
