- •1.Көркем туынды және сын тұрғысынан ойлау технологиясы әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •2.Көркем шығарманы оқытудағы технологияның рөлі пікірталастық әңгімелеу әдісі
- •4.Хикаялық проза-репродуктивтік ә.Б.Т
- •7. Халық прозасы мен жазба әңгіме үндестігі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •8. Образ сомдаудағы психологиялық талдаудың рөлі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •9. Прозалық шығармалар бойынша әйел мінездерінің сомдалуын жинақтау эвристикалық әңгіме әдісі бойынша жеткізу
- •10.Романтиктер және ағартушылық идея эвристикалық әдіс бойынша жеткізу
- •13.Алаш қайраткерлерінің көркем шығармадағы образдары эвристикалық әдіс б.Т.
- •14. Б.Майлин әңгімелеріндегі сатиралық желіс түсіндіру-оқыту әдісі бойынша жеткізу
- •15.Мемуарлық шығармалар ізденіс әдісі б.Сипаттаңыз.
- •16.С.Сейфулиннің көркем шығармадағы бейнесі зерттеушілік әңгіме әдісі б.Т.
- •17. А. Алтай шығармашылығындағы фантастикалық антропологияның көріністері ақпараттық-рецепция ә сипат.
- •18. С. Мұратбеков шығармаларындағы образдар жүйесі индуктивтік әдіс б. Т.
- •20. Прозалық шығармалардағы ұлттық құндылықтар мәселесі- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз:
- •21. Әңгіме жанрының даму арналары: б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасы ақпараттық-рецепция ә.Қолд.
- •22. С.Мұратбеков «Жабайы алма» шығармасын оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •Vі. Жаңа сабақ
- •V. Жаңа сабақты бекіту
- •VIII. Бағалау
- •23. Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі» шығармасы кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •24. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романы репродуктивтік әд. Арқ. Тұж. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •25. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •26. М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасындағы әйел бейнесі түсіндіру-оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •27. Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» шығармасы түсіндіру-оқыту әд.Бой.Түсіндіру.
- •28. А.Сүлейменовтың «Бесатар» повесі экспрессивті әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •30. С.Шаймерденовтың «Инеш» повесі ынталандыру әдісін қолданы.
- •31. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, әлде кімбіз?» романы және замана көрініс индуктивтік әдісін пайд.
- •33. Ә.Әлімжановтың "Ақынның алтын тағы" шығармасын индуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •34. Шәрбану Құмарова "Ғасыр нұры", "Бір махаббат баяны" зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •35. Қуандық Түменбай "Төрт амал тіршілік" шығармасының идеялық ерекшелігі экспрессивтік әдіс бойыншы түсіндіріңіз.
- •36. Д.Досжанның "Ергежейлі" әңгімесі түсіндіру оқыту әдісі бойынша жеткізу.
- •37. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі өмір мен өлім –эксприссвті әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •38. Ш.Мұртазаның Ай мен Айша туындысындағы халық тағдыры-репродуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •39.Д.Исабековың Әке әңгімесіндегі психологизм формуласы- зерттеу әдісі бойыша түсіндіріңіз.
- •40. Көркем шығармадағы хронотоп катигориясының қызметін зерттеу әдісі бойынша анықтаңыз.
- •41Көркем және ақиқат уақыттың айырмашылығы эссе жазу арқылы түсіндіріңіз .
- •44Әңгіме құрамындағы уақыт пен кеңістік категорияларын эссе жазу арқылы талдаңыз.
- •49. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •50.Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көркемдік ерекшелігі эссе жазу әдісі
- •51. Балаларға арналған көркем туынды эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •52.Сатиралық проза жанры эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •57. Б.Нұржекеев туындыларындағы әйел тағдыры эссе жазу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •58. Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесіндегі философиялық түйін эссе жазу әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
25. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
Әбіштің тариха тақырыпта жазылған баяндарының ең мойны ұзындарының бірі- «Ханша-Дария» хикаясы. Мұнда алып-жұлып бара жатқан қым-қиғаш сюжет те, сол себепті «мені көр, мені көр» деп тұрған қызғарлық оқиғалар да жоқ. Повесть фабуласының ұзын-ырғысын бес-алты ауыз сөзбен тәмәмдауға болады. Жарты әлемді аузына қаратқан әмірші Шыңғыс хан қартайған шағында таңғұттардың астанасынң айран-ботқасын шығарып, бүкіл еркек кіндіктінің барлығын қырып салады. Ең соңғы болып олардың ханы Шидүргінің басы алынады. Таңғұттар отаны қан сасып, қаңырап бос қалады осылайша. Енді бүткіл таңғұт төменетектілері монғол әміршісінің қарауында: ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында. Оның ішінде ай десе- аузы, күн десе- көзі бар Шидүргінің әйелі Гүрбелжін ханша да бар. Кәрі Шыңғыстың есіл-дерті осы ханшада.Сұлуды қалайда өзіне қаратып, құмарынан шықпақ. Алайда жүрегін өзінің туған жері мен адал жарына деген махаббат кернеген сұлу ханшаны Шыңғыс ханның қаһары бағындыра алмайды. Гүрбелжін қойнында жатқан әміршіні жарып өлтіреді, сонан соң өзі де мерт болады. Енді қаһарымн жарты дүниені тітіркенткен қатігез қаған да, сұлулығымен жұртты аузына қаратқан ханша да жоқ бұл тіршілікте. Артарында тек аңыз қалды сүйтіп. Жай ғана көп аңыздың бірі емес, тағылымы ғасырдан ғасырға ұласатын әфсана. Сүйтіп жарты әлемнің еркектерінің қолдарынан келмеген әміршінің сазайын тал шыбықтай бұралған бір ару береді. Өктем күшті ауыздықтауға соның ғана шамасы келеді.
Гүрбелжін ханшаға осынша күш дарытқан оның бойындағы өз жұрты мн жарына деген щшексіз сүйспеншілік, махаббат еді. Мұндай асқан тектілік, асқан қайрат пен қайсарлық тек осындай жанның ғана қолынан келетін. Жазушыға осы бір көне аңызды қайта тірілту немене үшін қажет болды деген сауал туатыны анық. Өзіміз өркениетке жеттік деп санайтын мына біз өмір сүріп отырған әлем әлі де сол Шыңғыс хан мен Гүрбелжін заманының көкейкесті сұрауларына кесімді жауаптарын бере алмай отырғанға ұқсайды. Өктемдік, зорлық әлі де тыйылар емес, момындардың көз жасы әлі де төгілуде. Байлық пен барлыққа масаттанған қара күштер жершарының бүгін мына жерінен, ертең ана жерінен бас көрсетіп, азу тісін ақситып қояды. Мен баймын, мен бармын , сондықтан өктеммін, ал қыларыңды қылып көр деп сес көрсетеді. Осыған қарап-мынанда қорытынды шығаруға болады- адамзаттың ақылы әлі әдемілік пен әділеттің , сүйспеншіліктің күшіне толық иланып болмапты, тарих сабақтарының тағылымдары әлі көптің жетегіне жетіп үлгермепті. Ендеше, Әбіштің көне аңызды қайта тірілтуінің мәні бар. Ендеше, уақыт шаңына көміліп, ұмытылып бара жатқан Ханша-дария хикаясының біздің рухани тәжірибемізге, адалдық санамызға оралғаны жөн болған.
Кейс - технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
