Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көркем шығарманы СТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.07 Кб
Скачать

18. С. Мұратбеков шығармаларындағы образдар жүйесі индуктивтік әдіс б. Т.

Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады.

Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.

Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.

Сайын Мұратбеков 1936 ж 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

Ұлттық идеяның әдебиеттегі көрінісі – кейіпкердің мінезі арқылы көрінетін даралық ұлттық сипаты. Ұлттық мінез – әр халықтың ділі, тарихы, дәстүрі арқылы қалыптасатын көркем шығармадағы бөлінбес бөлшек немесе кейіпкердің ұлттық болмысымен ерекшеленген үрдіс. Әр халықтың түпкі тамыры, табиғи қалпы әріде жатқан мінез-құлықта болатыны секілді, қазақ болмысын, түр-тұрпатын түзейтін кейіпкер де ұлттық кейіпкер болуы үшін оның бойында кешелі- бүгінгі мінез-бітімі болуы заңды. Жазушы идеясы көркем образ арқылы танылса, шығарманың құндылығын анықтайтын белгінің бірі де осы образ. Ал толысқан образ характер мәселесімен терең ұштасатыны белгілі. Осы орайда Сайын - өте талғампаз. Жазушының көркем бейнелері – қазақ ортасынан ойып алынған кейіпкерлер. Сайын кейіпкерлері ұлттық даралық сипаты айқын, эстетикалық талғаммен сұрыпталып, типтік бейне тұрғысынан қарауға болатын жинақтық мәніне ие оқшау тұлғалар. «Менің қарындасымдағы» Әлиман, «Күсекен - Күсекеде» Күсеке, «Еркек желдегі» Рысжан, «Тау үйдегі» Ұзақ пен Тана, «Ананың арманындағы» әже, «Ұлтуғандағы» Ұлтуған, «Басында Үш қаранындағы» Зағипа, «Жеңешедегі» Қамар, «Кәментоғайдағы» Кәмен бейнелері - жазушылық шеберлікпен қырланып сомдалған, жинақтау арқылы даралық танытатын көркем жасалған образдар. «Ананың арманы», «Отау үй», «Құданың фокусы» тәрізді әңгімелерінде адамгершілік мәселесі жалғасын тауып, ұлттық идея жаңа қырынан көрінеді. Бұл әңгімелерде жанұялық тіршіліктегі ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық психологияның, сыйластық категориясының жаңа заман ырғағымен өзгеріске түсе бастаған сипаттарын, кейбір жақсы қасиеттерді жазушы сезімтал зердемен, әлеуметтік астармен айшықтайды. Ғасырлар бедерінде халық дамуындағы ұрпақтан–ұрпаққа ауысып келе жатқан, әлі де ауыса беруге тиіс, адамгершілік қасиеттің қандай болмыс–бітіміне де сиятын озық дәстүр, ұнамды салтты бүгінгідей «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда жаңғырта берудің орнына «тойып секіретін» , «жаны кедей» жандардың бейнесін көрсетеді. Жанұя жүгін ажырамас қалпында сақтау, ата–ананың бала–шаға арасындағы байланыс иірімі, ұлттық дәстүрді бойға сіңіру, өнегелі өмір салты қоғамдық мәнге, әлеуметтік құбылысқа айналып отыр. Жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі инабаттылық, сыйластық қағидаларын ұлттық өнегеден, қалыптасқан халықтық дәстүрден іздеуді мұрат еткен жазушы ой-өрнегін кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы кестелейді. Сайын «Отау үй» [1, 36 б] проблемасының ең терең тұңғиығына бойлайды. Кәдімгі күнделікті тұрмыс-тіршілік көрінісінен әдемі сурет ойып, терең ой нақышын жасайды. Махаббат, ата-ана көңілі, семья шырғалаңы, өмір туралы түйсік – бәрі осында. Шағын әңгімеде ата-ана мен болашақ ұрпақ желісі, әдет-ғұрып заңдылығы, өмірдің нәрі - өзегі асқан сезімталдықпен, басыр түйсікпен суреттелген. «Отау үй» өмір факторына құрылған адам тағдыры хақындағы хикая. Ұзақ, Тана тағдыры өмір суретін жадағай көшіру емес, оны жанды типке айналдыру. Филология ғылымының докторы Н.Ғабдуллин «Қаһарман және ұлттық сипат» мақаласында [3, 27 б] бірнеше топтама образды талдауда Танаға біраз тоқталады. Ғалым қазақ қыздарының бойындағы ұлттық бояу – ұяңдық, моральдық, кіршіксіздік және адамгершілік парасатын баса айтқан-ды. Тана, міне, осындай образ. Тәнті характер. Бір-екі мысал келтірелік. Ұзақ анасының айдау арызымен Тананы бір-екі мәрте жазықсыз жазалайды. Алғашқысында «Тананың ернін тістеп, солқ-солқ жылаған кейпі» көрінсе, кейін «Тана сол көзі боталаған күйінен ауған жоқ. Не жақсы, не жаман деп» ләм демейді. Жас келіншектің бұл мінезі оның ынжықтығы, пәк көңілділігінен әрі жатыр. Бұл характердің парасат биігінен көрінуінен. Тіпті өз алдарына шығып кеткен күнде де Тана: - Рас айтамын, Ұзақ мен саған титтей де ренжімеймін, үйге апарып тасташы... мен үшін әке- шешеңді ренжітпеші.., - деуі характер қайнауын ширата түседі. Тана – Сайын мүсіндеген әйел образдарының ең мөлдірі. «Күсен-Күсеке» [1, 18 б] әңгімесінде жазушы Сайын Мұратбеков мүлде жаңа қырынан көрінді, жаңаша творчестволық ізденіс үстінде екенін танытты. Жазушы осы әңгімесінде сырын терең білмеген сырт көзге алаңғасар, аңқау, аңқылдақ, тіпті берекесіз көрінетін Күсен секілді қазақ Дон-Кихотының жаңа типін жасаған сияқты. Ал шындығында мүлде олай емес. Рас, Күсен өзінің адамгершілік қасиеті, сезімі жағынан Сайынның бұрынғы кейіпкерлеріне ұқсас. Сөйтсе де бұл образ өзінің әлеуметтік салмағымен әлдеқайда күрделі. Күсен - ой көзімен қараған адамға ешқандай да комикалық герой емес, керісінше езу тартқызып отырып еңсеңді көтеріп тастайтын, ойламаған жерден терең ойға қалдыратын

ойлы образ. «Халық іші - қазына» демекші, Күсен сияқты тұрған бойы көркем тұлға боларлық ақ көңіл адамдар ел арасында жүздеп кездесетіндігі анық. Жазушы солардың типтік бейнесін Күсен арқылы әдебиетімізге алып келді. Кейбіреулер үшін Күсен ақ қар, көк мұзда қоғам малын бағып жүріп тапқан-таянған мол ақшасын бей-берекет шашушы, дүниенің ығын білмейтін берекесіз көрінуі де әбден мүмкін. Себебі, тапқан ақы, маңдай термен келген ақша түгіл, жолдан тауып алған қара бақырын да шығаруға қалтырап, соны қарақан басы үшін ортаймас олжа көретіндер жоқ па екен?! Тоғышар, дүниеқоңыз адам үшін дүниенің кілті тек ақша ғана екені түсінікті. Белгілі сыншы Сағат Әшімбаев Күсен образы туралы: «жазушы Сайын Мұратбеков аталмыш әңгімесіндегі Күсен образы арқылы үлкен әлеуметтік идея көтеріп, оқушыны оймен бетпе-бет қалдырды. Сайынның концепциясы бойынша, адамның адамгершілік қасиеті, мейлі ұлық бол, мейлі кішік бол, көлеңкесіз көңіл тазалығынан, өзінен бұрын өзгеге деген сүйіспеншілік сезімінен көрінеді екен. Сондықтан да Күсен жақыны мен жамағайынына ақшасын үлестіруші емес, шынайы көңілін үлестіруші. Ол үшін дүниедегі ең қастерлі нәрсе ақша табу емес, адамның көңілін табу, адамның қуанышына да, қайғысына да ортақтаса білу. Міне, осының өзі - біздің қоғамымыздың әлеуметтік моралінен, адамгершілік принципінен туындайтын қасиет» [4; 328] , - деп көрсетеді. Демек, Күсен өз әрекетімен әлеуметтік тұлға екен, Күсеннің жанына бататын нәрсе, кейбір адамдардың бір-біріне деген қайырымының жетпей жататындығы, тым өзімшілдігі, көңілдерінің көрсоқырлығы. Күсенді тағы бір мазалайтын жағдай, ағыл-тегіл молшылықтың, барлық пен байлықтың кезінде көңілдің таралуы, сезімнің жұтаң тартуы, шынайы сүйіспеншіліктің азаюы. «Таңғы шық» [1, 12 б] - адам тері жөніндегі парасатты әңгіме. Мұнда өмір суретін қарабайыр қайталау емес, мықты ойдың қазығы бар. Осы сөз өнеріндегі жаңалық – ашылым кейіпкер Тұраштың тоғымарлық торына қалай шырмалғанын баяндап береді. Сатушы Тұраштың бағын байлап, сағын сындырған – қу құлқын мен құбылмалы әйелі. Түрмеде күйеуіне жолыққан әйелі «Е, қойшы сол он метр пүлішке бола соттар деймісің? Шығасың ғой, амандық болса» десе, кейіпкер «Оу, мәселе пүліште емес қой, басқада... Енді неде? Бәсе?..» деп түйіткіл сансыз сұрақ астында қалады. Шынында да басқасы несі, тіршілік тиянағы, өмір бақыты не? Сайын сұрақтар мәселесіне характерді де, оқырманды да жұмылдырады. Тұрмыстық-отбасылық проблеманың қоғамдық орны айқын да бедерлі. «Қызғаныштағы» Марияның, «Тұрақтамаған мекендегі» Өмірбайдың, «Таңғы шықтағы» Тұрардың жұбайы, «Отау үйдегі» Ұзақ анасы, «Үскіріктегі» Қайрақбай, «Ұлтуғандағы» Сәндібала, «Ана арманындағы» келіндер – бір қоғамның, бір отбасының бөлшегі, бірақ жарықшақ мінездері, көріксіз характер құбылыстарымен тәнті типтер. С.Мұратбековтің моральдық-этикалық мәселені көтерген әңгімелерінің бірі – «Ана арманы» [2, 25 б]. Хикаяда адамды білудің күрделілігі, жақсы мен жамандықты ажырату, туған адамдар арасындағы дүниеқоңыздық сыры ашылады. Сайын әңгімесінің алғашқы жолын «Мен әжемді дүниедегі ең бақытты ананың бірі санайтынмын» деп басталады. Расында солай ма екен? Негізі, Мұратбеков шығармалары өзегі ащы болып келеді. Онда жылтырақ характер, дәмді оқиғалар легі жоқтың қасы. Өмір атты үлкен ұғымның ащы-тұщысын алма-кезек алмастырып отырады. Сонымен әженің сырт көзге қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Үш бала, бір қыз. Шетінен азамат. Немерелерді қосса бір тайпа ел... Жоқ асықпай тұра тұрыңыз. Бұл алыстан қарағанда ғана. Ал әңгіме орманына Жеңісбектің көзімен бір сүңгіңізші. Бала мен бала, келін мен қыз арасы дүр араздылыққа толы. Дүниеге талас, ұрыс-керіс. Бақытты әженің бір сәті: «Әжем ләм деген жоқ. Бір-ақ уыс боп шөгіп, бүрісті де отырды. Төсекке де со бойын жазбаған күйінде бір уыс қана боп жатты. Түні бойы ұйықтаған жоқ, әлсін-әлсін естілер-естілмес күрсінумен, уһілеумен болды. Түннің бір уағында оның үнсіз жылап жатқанын да сездім» [2, 27 б]. Мынау бейбітшілік шуағы мол заманда туғандар арасында кикілжің көп. Сондағысы – бірінің қолын бірі қойып, сыйлық қақшу, бірінің дүниесін бірі алып кету, бірін-бірі көре алмау. Сайын бақастық, дүниеқорлық тамырын дәл басады. Құлқын көмейін ашады. Шығармадағы «Беу-у, құдай-ай, осылардың арасында дәнекер болам деп-ақ өлетін болдым... Бәрінің емгені бір ананың ғана – бір менің ғана ақ сүтім еді...» [2, 26 б] – десе, әже қайғысына қалай ортақтасқанымызды білмей қаламыз. Қарт кісі ақтық демін алып жатқанда, балаларының іс–әрекеттері арқылы кейбір замандастарымыздың психологиясындағы келеңсіз мінездер мен рухани мешеуліктер бой көрсетеді. Ағайынды үш жігіт арақ ішіп жүрсе, келін мен қыз әлі жаны шықпаған кемпірдің қолындағы алтын жүзікке таласып, саусағымен қоса жұлып ала жаздайды. Шымылдықтың ішінде жатқан мүрденің Жеңісбекке күрсінгендей болып естілуі көзі тірісінде арманы орындалмай кеткен ананың ішкі шерімен лирикалық кейіпкердің жан тынысындағы өкінішті сезімнің ортақтастығын аңғартады. Сайын Мұратбеков шығармаларындағы басты ерекшелік – әдебиетте социалистік реализм салтанат құрып, социалистік идеология дәуірлеп тұрған кезде ол жазушы ретінде социалистік құрылысты дәріптеген емес. Бұл өмір шындығын бәрінен жоғары қоюды мақсат тұтқан жазушы

позициясының беріктігін танытады. Қаламгер менталитеті туған топырағына сәйкес қалыптаса отырып, рухани дүниесі, ойлау жүйесі, мінез–құлқы – жалпы психологиясы жазушының өзіндік болмыс–бітімімен бірге тұрақталған. Қорыта келе айтарымыз, Сайын Мұратбеков әдебиеттегі ұлттық дәстүр мен жаңашылдықты қатар игеріп, қазіргі қазақ прозасының биік белеске көтерілуіне атсалысқан, әдебиеттегі өзіндік орны бар азамат жазушы.

19. О. Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі мифология репродуктивтік әдісі бойынша түсіндіріңіз.Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің шыншыл шығарма болып түзілуі – автордың көрген-түйгені, өз басынан кешкен оқиғалары әсер еткенінен. Олай дейтініміз – повестегі Нұржан болмысынан авторды айнытпай тануға болады. Егер танығанымыз шын деп сендірсек – осы оқиғаның өз басынан өткендігіне, бір кезде өзінің тракторшы болғанына тірелеміз. Міне, өмірде түйгендерін қорыту, жинақтау деген осы. Оны романтизм мен реализм тұрғысында жеткізе алу – жазушы шеберлігі.

Жазушының «Қар қызы» повесінің көркемдік әдісі жөнінде әдебиет сыншылары арасында әртүрлі пікірлер бар. Мысалы А. Қодаров повесті философиялық-романтикалық шығарма қатарына жатқызады. Ал зерттеуші Ө. Көзбеков повестің реалистік сипатының басым екендігін анықтауда жазушы өз сөзіне жүгінгендігін дәлел етеді. Яғни, ол жазушының шығарма кейіпкері тәрізді тракторшы болып қызмет еткенін тілге тиек етеді. Повесте жазушының негізгі айтқысы келген ойы тракторшы жігіттердің еңбек жолы емес. Шығарманың идеялық-философиялық ойы тылсым күшке деген сенімі. Сол бір жұмбақ бейнені талмай іздеуі маңызды орын алады. Повестегі жас жігіттердің совхозға шөп жеткізу мақсатымен шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығы реалистік тұрғыдан суреттелген. Бірақ Нұржанның сол сапарға шыққандығы негізгі мақсаты – шөп жеткізу емес, Қар қызын көру еді. Романтикалық сипат шығарманың Нұржанның Қар қызымен кездесетін тұстарында анық көрінеді.

Повесте романтизм мен реализмнің байланыстары бар. Кез-келген өнер туындысында олар ажырамас бірлік. Сондықтан Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" повесі ел арасында ерекше бағаланып, төл әдебиетіміздің дамуына, байуына мол үлес қосты деп ойлаймыз.

Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып, 40 градус суықта қардың тұтқынында қалады. Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің күресі басталады. Міне, осы кезде кімнің кім екені танылып, адамға тән жақсылы-жаманды әртүрлі қасиеттер ашыла бастайды. Автор мұны бірден жарқыратып жайып тастамай, біртіндеп жеткізіп отырады. Осылайшы сюжет кезегімен шым-шытырық жалғаса береді.Суреттеу, монолог, тұрақты сөз тіркестерін тауып, оқу. Ой толғау. Шығарманың идеясы.Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер арқылы шығарманың идеясын айту.

Қозғаған мәселелері Проблемалық сұрақтар арқылы шығарманың көтерген мәселесін айқындау

— Автор неліктен шығармасында Нұржан, Бақытжан, Аманжан сияқты кейіпкерлерін әкесіз өскен балалар ретінде бейнелейді?

— Шығармада Қонқай шал неліктен өзінің қылықтары , қылмыстары үшін жазаланбайтынына сенімді?

Шығарманың тақырыбы Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер арқылы шығарманың идеясын айту.

Қозғаған мәселелері

Проблемалық сұрақтар арқылы шығарманың көтерген мәселесін айқындау

— Упрай бөлімше басқарушысы қыстың ортасында, қақаған аязда жас механизаторларды неліктен ит өлген жерге – Айыртауға шөп әкелуге жіберді? Бөлімше басқарушысы неліктен мал азығын табудың басқа амалын таппады?

Көңіл – күй

5) Автор орындығы

І топ: Аманжан мен Бақытжан тағдыры.

II топ: Нұржанның тағдыры

Қар қызын суреттеу.

6) Ой қорыту.

ІV. Бағалау

Бағалау парақтарына бағаларын қойып, қорытынды бағаларын шығару.

V. Үйге тапсырма беру.

«Алтайдың ақиық

жазушысы – Оралхан» эссе жазу