- •1.Көркем туынды және сын тұрғысынан ойлау технологиясы әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •2.Көркем шығарманы оқытудағы технологияның рөлі пікірталастық әңгімелеу әдісі
- •4.Хикаялық проза-репродуктивтік ә.Б.Т
- •7. Халық прозасы мен жазба әңгіме үндестігі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •8. Образ сомдаудағы психологиялық талдаудың рөлі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •9. Прозалық шығармалар бойынша әйел мінездерінің сомдалуын жинақтау эвристикалық әңгіме әдісі бойынша жеткізу
- •10.Романтиктер және ағартушылық идея эвристикалық әдіс бойынша жеткізу
- •13.Алаш қайраткерлерінің көркем шығармадағы образдары эвристикалық әдіс б.Т.
- •14. Б.Майлин әңгімелеріндегі сатиралық желіс түсіндіру-оқыту әдісі бойынша жеткізу
- •15.Мемуарлық шығармалар ізденіс әдісі б.Сипаттаңыз.
- •16.С.Сейфулиннің көркем шығармадағы бейнесі зерттеушілік әңгіме әдісі б.Т.
- •17. А. Алтай шығармашылығындағы фантастикалық антропологияның көріністері ақпараттық-рецепция ә сипат.
- •18. С. Мұратбеков шығармаларындағы образдар жүйесі индуктивтік әдіс б. Т.
- •20. Прозалық шығармалардағы ұлттық құндылықтар мәселесі- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз:
- •21. Әңгіме жанрының даму арналары: б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасы ақпараттық-рецепция ә.Қолд.
- •22. С.Мұратбеков «Жабайы алма» шығармасын оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •Vі. Жаңа сабақ
- •V. Жаңа сабақты бекіту
- •VIII. Бағалау
- •23. Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі» шығармасы кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •24. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романы репродуктивтік әд. Арқ. Тұж. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •25. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •26. М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасындағы әйел бейнесі түсіндіру-оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •27. Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» шығармасы түсіндіру-оқыту әд.Бой.Түсіндіру.
- •28. А.Сүлейменовтың «Бесатар» повесі экспрессивті әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •30. С.Шаймерденовтың «Инеш» повесі ынталандыру әдісін қолданы.
- •31. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, әлде кімбіз?» романы және замана көрініс индуктивтік әдісін пайд.
- •33. Ә.Әлімжановтың "Ақынның алтын тағы" шығармасын индуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •34. Шәрбану Құмарова "Ғасыр нұры", "Бір махаббат баяны" зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •35. Қуандық Түменбай "Төрт амал тіршілік" шығармасының идеялық ерекшелігі экспрессивтік әдіс бойыншы түсіндіріңіз.
- •36. Д.Досжанның "Ергежейлі" әңгімесі түсіндіру оқыту әдісі бойынша жеткізу.
- •37. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі өмір мен өлім –эксприссвті әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •38. Ш.Мұртазаның Ай мен Айша туындысындағы халық тағдыры-репродуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •39.Д.Исабековың Әке әңгімесіндегі психологизм формуласы- зерттеу әдісі бойыша түсіндіріңіз.
- •40. Көркем шығармадағы хронотоп катигориясының қызметін зерттеу әдісі бойынша анықтаңыз.
- •41Көркем және ақиқат уақыттың айырмашылығы эссе жазу арқылы түсіндіріңіз .
- •44Әңгіме құрамындағы уақыт пен кеңістік категорияларын эссе жазу арқылы талдаңыз.
- •49. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •50.Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көркемдік ерекшелігі эссе жазу әдісі
- •51. Балаларға арналған көркем туынды эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •52.Сатиралық проза жанры эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •57. Б.Нұржекеев туындыларындағы әйел тағдыры эссе жазу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •58. Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесіндегі философиялық түйін эссе жазу әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
17. А. Алтай шығармашылығындағы фантастикалық антропологияның көріністері ақпараттық-рецепция ә сипат.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды
меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы
әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен
түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.
Асқар Алтай - (12.02.1963 Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) - қазақ жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факульте-ін бітірген (1984).
Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқанов мұражай-үйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, « Жұлдыз » журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін атқарған.
2004 жылдан бастап «Арда» баспасының директоры.
Шығармашылығы: «Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998),
«Алтай новелласы» атты прозалық жинағы (2001),
«Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік» (2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалары,
«Казино» әңгімелер жинағы (2008) жарық көрген.
«Қызыл бөлтірік» кітабы (повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі — грантын жеңіп алған.
Қазақ әдебиетінде М.Қабанбайдың аяқталмай қалған шығармасы «Кентавр», А.Алтайдың «Кентавры» мен «Түсігі»,А.Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесін қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның үлгісін көрсететін туындылар деп айтуға толық негіз бар.
А.Асқардың «Түсік» атты әңгімесі қазіргі қазақ әңгімесіне қосылған антропологиялық негізде өзгеше пішінде жазылған көркем туынды болып табылады. Автордың алып отырған түсігі – кеше ғана жер басып жүрген, ғұмырында тарлық көрмеген, барлықта жалғанды жалпағынан басып жүрген тұрақсыз сезім иесі. Түсікке айналған адам түлкі бұлаңмен өткеніне көз жүгіртеді.
Шығарма өзегі – трагедия. Адамзаттың өз қолымен өзіне өзі жасап жатқан трагедиясы. Қоғам трагедиясы.
Қазіргі жас прозаиктердің шығармаларындағы мифологиялық образдардың бірі – Кентавр образы. А.Алтай әңгімесін «Кентавр» деп атапты. Жылқытұрпат қазақтың қаны мен жаны жайындағы Асқар Алтайдың кентавры – біздің түркілік болмысымыздың негізі. Қазақ пен жылқы бір тұтас. Біздер үшін кентавр – Еуропаның көзіндегі номад, көшпенділер символы. Қазақтың архетипі. Автордың лирикалық кейіпкері ол таңғажайып болмыстағы кентаврға айналады.
Қаламгер «Кентавр» атты әңгімесіндегі көркем антропологиялық ерекшеліктерге тоқталатын болсақ, атап айтарымыз: құлын сәбидің дүниеге келуін шығармасына арқау еткен. Фантастикалық антропологияға жататын шағын әңгіменің ауқымына автор экологиялық, ата-аналық жауапкершілік, өмірге құштарлық, т.б. бірнеше проблеманы сыйдыра білген. Әңгіменің аты − «Кентавр», яғни жартылай адам, жартылай құлын пішінді адам турасында әлемдік әдеби үдерісте шығармалар аз емес. «…Особо яркое впечатление производят в искусстве существа химерические, сочетающие в себе элементы тела человеческого с частями тела животных, насекомых и каких-то фантастических существ. Такие существа часто являются в фантастических романах, в произведениях экзистенциалистов, сюрреалистов»
Автор кейіпкері ертегідегідей тез өсіп-жетілуімен ерекшеленсе де, мифологиядағыдай түр-тұрпаты шығармаға ерекше реңк үстемелейді. Себебі, жазушының ұсынып отырған туындысы: Ертегі мен мифтің және әңгіменің қосындысы фантастикалық антропологияның белгілерімен тұтасып жатыр.
Қазақ прозасында айқындала көрінген бұл құбылысты архетип категориясы тұрғысынан талдаған А.Ісімақова: «Миф поэтикасы қазіргі әлемді ауқымды уақыттық мүмкіндіктер арқылы бейнелеулермен байытып, қолданыстағы мәдени метафоралар мен ассоциациялар қорын кеңейтеді. өз мағыналарын бұрын да танытып үлгерген поэтикалық формулалардың (архетиптердің) «қайта тірілуі» байқалады», – деген пікірді алдыға тартса
Бүгінгі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның іздерін А.Алтайдың «Көз жендет» атты әңгімесінен аңғаруға болады. Автор әңгімесіндегі «Соқыр», «Соқырлық» ұғымдарына терең символика жүктеген. Қаламгердің «Көзжендет» атты әңгімесінде автор бір әулеттің басына түскен трагедияны жұдырықтай алақанат сауысқанға апарып тірейді. Жазушы кейіпкерін өткеніне көз жіберткізіп, шегініс жасайды. Суреткердің шеберлікпен алып отырған психологиялық параллелизмі: соқыр сәби – соқыр адам «А.Алтай мифопоэтикалық ой жүйесі арқылы тарих пен бүгінгі күннің оногенетикалық тамырластығын тануымен, астарлы «қара» мысқылымен дараланады»
