- •1.Көркем туынды және сын тұрғысынан ойлау технологиясы әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •2.Көркем шығарманы оқытудағы технологияның рөлі пікірталастық әңгімелеу әдісі
- •4.Хикаялық проза-репродуктивтік ә.Б.Т
- •7. Халық прозасы мен жазба әңгіме үндестігі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •8. Образ сомдаудағы психологиялық талдаудың рөлі зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •9. Прозалық шығармалар бойынша әйел мінездерінің сомдалуын жинақтау эвристикалық әңгіме әдісі бойынша жеткізу
- •10.Романтиктер және ағартушылық идея эвристикалық әдіс бойынша жеткізу
- •13.Алаш қайраткерлерінің көркем шығармадағы образдары эвристикалық әдіс б.Т.
- •14. Б.Майлин әңгімелеріндегі сатиралық желіс түсіндіру-оқыту әдісі бойынша жеткізу
- •15.Мемуарлық шығармалар ізденіс әдісі б.Сипаттаңыз.
- •16.С.Сейфулиннің көркем шығармадағы бейнесі зерттеушілік әңгіме әдісі б.Т.
- •17. А. Алтай шығармашылығындағы фантастикалық антропологияның көріністері ақпараттық-рецепция ә сипат.
- •18. С. Мұратбеков шығармаларындағы образдар жүйесі индуктивтік әдіс б. Т.
- •20. Прозалық шығармалардағы ұлттық құндылықтар мәселесі- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз:
- •21. Әңгіме жанрының даму арналары: б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасы ақпараттық-рецепция ә.Қолд.
- •22. С.Мұратбеков «Жабайы алма» шығармасын оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •Vі. Жаңа сабақ
- •V. Жаңа сабақты бекіту
- •VIII. Бағалау
- •23. Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі» шығармасы кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •24. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романы репродуктивтік әд. Арқ. Тұж. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •25. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы- кейс әдісі арқылы жеткізіңіз.
- •26. М.Мағауиннің «Әйел махаббаты» шығармасындағы әйел бейнесі түсіндіру-оқыту әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •27. Б.Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» шығармасы түсіндіру-оқыту әд.Бой.Түсіндіру.
- •28. А.Сүлейменовтың «Бесатар» повесі экспрессивті әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •30. С.Шаймерденовтың «Инеш» повесі ынталандыру әдісін қолданы.
- •31. С.Сматаевтың «Біз құлмыз ба, әлде кімбіз?» романы және замана көрініс индуктивтік әдісін пайд.
- •33. Ә.Әлімжановтың "Ақынның алтын тағы" шығармасын индуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •34. Шәрбану Құмарова "Ғасыр нұры", "Бір махаббат баяны" зерттеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •35. Қуандық Түменбай "Төрт амал тіршілік" шығармасының идеялық ерекшелігі экспрессивтік әдіс бойыншы түсіндіріңіз.
- •36. Д.Досжанның "Ергежейлі" әңгімесі түсіндіру оқыту әдісі бойынша жеткізу.
- •37. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі өмір мен өлім –эксприссвті әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •38. Ш.Мұртазаның Ай мен Айша туындысындағы халық тағдыры-репродуктивтік әдіс бойынша түсіндіріңіз.
- •39.Д.Исабековың Әке әңгімесіндегі психологизм формуласы- зерттеу әдісі бойыша түсіндіріңіз.
- •40. Көркем шығармадағы хронотоп катигориясының қызметін зерттеу әдісі бойынша анықтаңыз.
- •41Көркем және ақиқат уақыттың айырмашылығы эссе жазу арқылы түсіндіріңіз .
- •44Әңгіме құрамындағы уақыт пен кеңістік категорияларын эссе жазу арқылы талдаңыз.
- •49. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •50.Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көркемдік ерекшелігі эссе жазу әдісі
- •51. Балаларға арналған көркем туынды эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •52.Сатиралық проза жанры эссе жазу әдісі бойынша сипаттаңыз.
- •57. Б.Нұржекеев туындыларындағы әйел тағдыры эссе жазу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
- •58. Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесіндегі философиялық түйін эссе жазу әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
Көркем шығарманы СТО
Әдебиетті оқыту ӘДІСТЕРІ БҰЛ ЖАЙ ӨЗДЕРІҢЕ КЕРЕК БОЛЫП КАЛАДЫ МА ДЕП ЖІБЕРДІМ.
Сабақтың жоспары:
1. Оқытудың ауызекі және көрнекілік әдістері.
Сабақтың мақсаты:Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.
Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.
Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:
-Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық т.б мәселелер бойынша)
-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
-Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)
-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)
-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)
-Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш.Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау, т.б.
1.Көркем туынды және сын тұрғысынан ойлау технологиясы әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз.
2.Көркем шығарманы оқытудағы технологияның рөлі пікірталастық әңгімелеу әдісі
3.Алғашқы қазақ повестері,әңгімелеу әдісі бойынша түсіндіріңіз. ХХғ басында қазақ әңгіме, повесть, роман жанрлары дами бастады. Алғашқы қазақ повестернің басты тақырыптары- қазақ әйелінің басындаағы әлеуметтік теңсіздік болды. Тұңғыш қазақ повестері әп дегенннен әдебиетіміздің ең ежелгі, дәстүрлі жанры поэзиядан бірден ат құйрығын үзісіп кеткен жоқ. Мысалы, Т.Жомартбековтың «Қыз көрелік» повесінің кіріспесі түгелдей өлеңмен жазылған. Осы аталған повесте өмірдің реалистік суреттері кейде ертегілердей қиял-ғажайып көріністерімен астасып жатады. Мәселеңки, осы шығарманың басты кейіпкері Ғайникамал өзінің күйеуге шығу үшін қолқа салған бай үш жігітті өзін таң қалдыратын дүниенің үш кереметін алып келу үшін алыс сапарға жұмсайды. Тумысынан прозашы болып жаратылған Б.Майлин ұлттық әдебиетімізге көркем прозаны жанр ретінде түбегейлі тұрақтандырып берді. Оның 1916ж шыққан «Шұғаның белгісі» повесі өз оқырмандарын қарапайымдылығымен, шыншылдығымен және нәзік лиризмімен таң қалдырды. Бұрын соңды қазақ прозасында осыған ұқсас шығарма болмаған еді, сондықтан да бұл баян әдебиетіміздің тарихына ұлттық көркемсөз өнеріміздің көтерілген жаңа бір белесі ретінде танылды. Қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі Ғ.Мүсірепов: Біздің қай-қайсымыз болсақ та Б.Майлиннің осыдан түп тура алпыс жыл бұрын жазылған «Шұғаның белгісі» повесінің құрсағынан шығып, етегіне орнап өскендейміз,-дейді.
Т.Жомартбековтың «Қыз көрелік» повесі мен М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», С.Торайғырвтың «Қамар сұлу» секілді романдарының мәтіндерінде проза мен поэзия араласып келе беретін. Сонымен бірге, бұл шығармаларда суретттеуден гөрі баяндау әрі ХХҒ басындағы қазақ прозасында сыршылдықтан ғөрі үгіт- насихат, дидактикалық сарын басымдау еді. Б.МАйлинні ң «Шұғаның белгісі» повесі осы олқылықтардың орнын толтырды, сүйтіп жас қазақ прозасының шынайы реалистік мектебін қалыптастыра бастады, осылайша ұлтымыздың көркемдік ойлау жүйесінің жаңа бір көкжиегін ашты. Мұнда кейіпкер образдары біртіндеп, оқиға желісі бойынша, басынан өткен істердің арқасында анықталып, көрініп отырады. Махаббатқа деген адалық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба салт-дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған. Жазушы Шұғаның ажарлығымен қоса мінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көрсетеді. Өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді. Әрине, бұл көпке күйе жағу емес. Ал «Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді» деу арқылы Шұғаның зеректігінен, білімпаздығынан хабар береді. С.Сейфуллиннің 1922ж жазылған «Айша» повесі Б.М «Ш.Б» КЕЙІН дүниеге келген алғашқы қазақ повестерінің біріне жатады. Бұл әдеби туындының да басты тақырыбы әйел теңсіздігі еді. Сәке повестерінің ішіндегі көлемі жағынан да, әдеби көркемделуі жағынан да ең сүбелісі «Жер қазғандар». Бұл баян қазақ әдебиетінде жұмысшылар өмірін суреттеугеарналған тұңғыш шығарма болып табылады. Шығармада біз сондай-ақ Октябрь революциясына дейін, Ақ патша заманыда байларға жалданып, шахтаға түскен қазақ кеншілерінің ауыр тұрмысына да қанығамыз. Әзімханның аузымен айтылатын бұл әңгіме өзінің қарапайымдылығымен, шыншылдығымен тәнті етеді. Өз дәуірінің тамыршысындай болған Бейімбет Майлиннің әйел теңдігі тақырыбын қозғайтын ең сүйекті шығармасы – «Раушан-коммунист» деген повесі. Біз бүгінгі заманда даурыға айтып, мінбелерден көтеріліп, қайта-қайта тілге тиек етіп жүрген «гендерлік саясат» шаруасын Бейімбет жазушы сол ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ көтеріп, көркем дүниесі арқылы оқырманына ой сала білгені байқалады. Б.Майлиннің «Раушан- коммунист » повесі 1923ж жазылған. Бұл большевиктік зобалаңның енді-енді күш ала бастаған кезеңі болатын. Көркем туынды мінсіз болу ы үшін не керек? Бұл жөнінде әдебиет сыншысы Б.САрбалаев былай дейді: кез келген шығарма төмендегідей үш қасиетке ие болуы керек: бірінші, өмірдің шындығын ашу, екінші, өмір шындығын типтендіріп беру, үшінші, осы өмір шындығының жоғары көркемділікке жеткізіліп берілуі, сұлу болуы. Осындай үш қасиетке ие болған туынды шын әрі шынайы, шандоз шығарма болмақ. Б.Майлиннің «Раушан- коммунист» повесі осы көркемдік критерийлердің баршасына жауап береді: ОНДА ШЫНАЙЫ ӨМір шындығы да, типтік образар да, жазушылық шеберлік те бар. Ж.Аймауытов «Күнікейдің жазығы» повесі нде қазақ қызы Күнікейдің тағдыры арқылы ХХғ басындағы қазақауылының әлеуметтік шындығының салтын, әдет ғұрпын, бір сөзбен айтқанда бүкіл болмысын суреттейді. Бұл повесть те «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Айша» повестері сияқты әйел теңсіздігі тақырыбына арналған. Алайда өзінен бұрынырақ жазылған шығармаларпдан бір өзгешелігі бар. Айталық, шығарманың соңында өзінің теңдеріне қосылған Раушан мен Айша бақыттарына жолығып, қуанышқа кенелсе, Күнікей сүйген адамына қолын жеткізсе де, тіршіліктен бақ пен бақыт таба алмайды. Бұл жағынан алғанда Жүсіпбектің реализмі өзгелерден тереңірек жатыр. Ж.Аймауытовтың тілі ешкімге ұқсамайтын, ерекше тіл. Ол кейбір шығармаларын ақ өлең үлгісінде жазады.Соның бірі осы «КҮНІКЕЙДІҢ ЖАЗЫҒЫ»повесі. Повестің тілі таудан ескен самал желдей лекілдеп, биіктен құлдилай аққан бұлақ суындай мейіріңді қандырып отырады.
