Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5)ИСРП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.26 Кб
Скачать
  1. Инструменталды құрылғының программалық өңдеуге кіріспе. Өңдеудің қадамдары. ИҚПӨ-дің даму тарихын сипаттаңыз.

  2. UML. Өңдеудің функционалды жазбасы. Құрылғылар және әдістерін көрсетіңіз.

  3. Класс диаграммасын құру. Құрылғылар, әдістер, технологияларына мысал келтіріңіз.

  4. Өңдеу тілінің анықтамасы, жүзеге асу ортасы, құрылғыларды өңдеу. Бағдарламаның жүзеге асу ортасының виртуалды ерекшеліктері және олардың өңдеуде тіркелуін көрсетіңіз.

  5. Микропроцессордың жүйелік ортасы. Жүйелік тілдер және бағдарламалау тілдерін сипаттаңыз.

  6. Құрылғыны өңдеудің анықтамасы. Жүйелік макростар және оларды текстік өңдеуде қолдану. Инструменталды құрылғыжәне Windows, MFC, SDK технологияларына мысал келтіріңіз.

  7. MS Visual Studio, Borland, Delphi – бағдарламаның визуалды ортасын ашып көрсетіңіз.

  8. Бағдарламаның визуалды ортасы. Тексеру нәтижесі. Компоновщик және тексеру кестесі. (С++Builder) тексеруін басқаруын сипаттаңыз.

1. Инструменталды құрылғының программалық өңдеуге кіріспе. Өңдеудің қадамдары. Иқпө-дің даму тарихын сипаттаңыз.

Программалық өңдеудегі инструменталды құрылғы дегеніміз – бұл программалық қамтамасыз ету, проектілеу, өңдеуде, және де программаға қолдау көрсету кезінде қолдануға арналған. Бұл пәнді оқудағы басты мақсат,ол, программалық құралдарды санау және олардың классификациясын білу, инструменталды программалық құралдың әдіс-құралдарын, құрамын, қолдану бағытын анықтау, құрастыру құралдары, компиляция, бағдарламаны дұрыстау құралы, бағдарламаны орнату жұмыстарының әдісін меңгеру болып табылады.

Инструментальды құрылғыны қолданбалы программалық қамтамасыз етудің жалпылауыш классы деуге де болады. Программалық өңдеуді қамтамасыз ету бұл информатиканың, жобаларды басқарудың, математиканың және білімнің басқа да салаларының технологиялық әдістемесінің және тәжірибесін қолдану арқылы программалық қамтамасыз етудің сенімділігін, сапасын және жұмысқа қабілеттілігін қолдауға жасауға бағытталған қызмет пен процесс түрі. Программалық өңдеуді қамтамасыз ету келесі бөліктерге бөлінеді:

  1. Программалық өңдеуді қамтамасыз етудің міндеттемесі: анализ, спецификация және рацификация

  2. Жобалау:case – бұл автоматтандырылған программалық өңдеуді қамтамасыз ету және стандартты бейнелеу форматы. Мысалы, унитарлы модельдеу тілі

  3. Инжинериясы: программалау тілі көмегімен программалық қамтамасыз етуді құру

  4. Тестілеу яғни, программаның қамтама табу және қасиетін жөндеу

  5. Қызмет көрсету программаның көбінесе орын ауыстыруды қажет етеді

  6. Басқару конфигурациясы

  7. Басқару және өңдеу

  8. Өңдеу процесі

  9. Қасиеті

  10. Локализация және методологиясы

Программалық өңдеудегі инструментальды құрылғының тарихы.

Rational Rose компаниясы 90-шы жылдардың басында өздерінің UML стандартын ұсыну арқылы, инструменталды құрылғыларды өңдеудың пионері болды. Бұл компанияның программалық қамтамасы қазыргы таңда да нарықтағы ең үздігі болып қалып отыр. 2003 жылдың басында ол IBM фирмасына қосылды. Rational XDE пакеті Java және Microsoft.NET жаңа буынның пайда болған программалық технологияларын қолдану арқылы өңдеу ортасына кеңейтілген мүмкіндіктерді қаматамасыз етеді. Архитектуралық көз-қараспен қарайтын болсақ, бұл өнім енгізілген құрылғы ретінде құрастырылған, соның арқасында оның танымалдылығы модельді және модельді-бағытталған құрастырушылар арасында өсті. Бұл әдістеме өңдеуді дайын шаблондар негізінде іске асыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар программалық қамтаманы өңдеу кезінде қайтадан қолдану дәрежесін жоғарылатады.

2.Uml. Өңдеудің функционалды жазбасы. Құрылғылар және әдістерін көрсетіңіз

UML (ағылш. Unified Modeling Language — унифицияланған модельдеу тілі) — объектілі модельдеу үшін графикалық тілді бейнелеу бағдарламалық жабдықтау саласында қамтамасыз ететін  тіл. UML кең ауқымды профильді тіл болып табылады, бұл  — ашық стандарт, яғни графикалық мағынаны қолданатын абстрактілі модельдеу тілін құру үшін пайдаланады, ол UML-моделі деп аталады.UML анықтау, визуализациялау, жобалау және құжат жасауға, сонымен қатар негізінен бағдарламалық жүйені анықтау үшін құрылған. UML бағдаламалау тілі болып табылмайды, алайда UML-моделі негізінде  генерация коды болуы мүмкін.

UML тілі бірыңғай модельдендіру тілі, оны құруға индустриялық жағдай дәрежесінде болмасын, барлық салалары қатысты болады. UML бағдарламада жүйелердің орта факторларын көрсету үшін, сонымен қатар спецификациялау, конструкциялау және құжаттандыру, сондай ақ бизнес процестерді және бағдарламалық емес жүйелердің тілі болып табылады.

Бағдарламалық қамтаманың әдісі критерилерге байланысты қандай шешімдерді қабылдауға болатынын, оларды қандай ретпен орындауға болатынын анықтауға көмектеседі. Жобалау әдісі бір немесе бірнеше стратегияларды базалайды, сонымен қатар нәтижелер құжаттандыруына нотация жүргізеді. Белгілі бір қадамдардың орындалуы барысында әдіс өңдеушіге жүйенің бөліктелуіне қандай критерийлер тиімдірек екенін еске салып отырады. UML тілі өзінің қазіргі қалпына нотацияны және метамодельді біріктіреді. Нотация өзімен, моделдерде қолданылатын графикалық элементтердің жиынтығын көрсетеді. Метамодель UML тіліне көбірек қатаңдық беру құралы болып табылады. UML құрамына 3 категорияға бөлінген, 12 диаграмма жатады.

1) жүйенің статикалық құрылымын айқындайтын диаграммалар;

2) жүйенің динамикалық әрекетін айқындайтын диаграммалар;

3) модельді басқару диаграммалары.

UML тілінің COMET әдісі.

COMET әдісінде UML жобалау тілін сипаттау үшін қолданылады. Бұл әдіс келесі концепцияларға негізделген: ақпараттың жасырылуы, мұрагерлік және параллельді есептер. Параллельді жұмыс жасайтын объектілердің жобалау стратегиясы активті және пассивті объектілер интерфейстері арасындағы бөлінулерден тұрады. COMET әдісі сонымен қатар ұсақталу критериилерінен тұрады, ол жүйенің анализдеу этапында объектілерді бөлуге көмектеседі, сосын жобалау этапында бөлек-бөлек ішкі жүйелерді және параллельді есептерді шығарады.

4. Класс диаграммасын құру. Құрылғылар, әдістер, технологияларына мысал келтіріңіз.Класстар диаграммасы деп көптеген класстар және интерфейстер көрсетілген диаграммаларды атайды. Жобаның класстар диаграммасында класстар аттары және олардың атрибуттары мен негізгі жасайтын операциялары көрсетілген. UML–да класс зоналарға бөлінген тіктөртбұрыш түрінде кескінделеді. Жоғары зонада класс аты , ортасында оның құрылымы (атрибуттар тізімі ) оның астындағысында тәртібі сипаттамаларын анықтайтын функциялар беріледі. Класты қалай құрады

1.      Browser  терезесінің Logіcol Vіew элементіне тышқан сілтеушіні қойып, конткстік менюді белсенді ету үшін оң батырмасын шертеміз.

2.      менюді New--- Class элементтерін таңдау; Browser терезесінде кескінделген ағаш (бұтақ)жаңа класқа сәйкес келетінNew- Class элементімен толықтырылады.

3.      New-Class элементін таңдап және кластың қажет атауын енгізіп оны өзгертеміз.

Класс (Class) дегеніміз -  ортақ қасиетттері (атрибуттары), тәртібі (функциялары), семантикасы және басқа объектермен байланысы бар объектер тобын анықтайды. 

- класстың ең қарапайым түрі тек қана класс аты секциясынан тұрады.

- атрибуттары көрсетілген класс (айнымалылар)

- 3 бөлімнен тұратын класстың толық анықтамасы.

Класстың міндетті түрде аты болады, сол себепті бұл секция бос болуы мүмкін емес. Басқа секциялар бос болуы, тіпті болмауы да мүмкін.

Атрибут – бұл мәндер сақталына алатын атаулы орын.

Операция – бұл объектімен әс-әрекеттің спецификациясы: оның атрибуттарының мәнін өзгерту, объектіде сақталынған ақпарат бойынша жаңа мәнді есептеу.

Әрекет жасайтын бейнелер мен қолдану варианттарын анықтағаннан кейін, негізгі кластарды қарастыру қажет, кластарды қосымша жүйелердің атқаратын функциялары арқылы анықтайды:

а) мәліметтерді басқару жүйесі:

1)қолданушының жұмыс ортасын құру;

2) мәліметтерді басқаруды қадағалау;

ә) жүйемен администраторды байланыстыру жүйесі:

1) қолданушының аты мен паролін тексереді;

2) енгізілген мәліметтер қате болған жағдайда, байланысты орнатпайды. Кластар диаграммасы көмегімен жүйенің ішкі құрылымы құрылады, және бір-біріне салыстырмалы кластар жағдайы және мұрагерлігі анықталады. Мұнда жүйенің логикалық ұсынылуы сипатталады. Осылайша, кластар диаграммасы жүйе объектілері ұсынған жүйенің жалпы көрінісін сипаттайды.Кластар диаграммасы жаңа өңдеу кезінде және дайын жүйені талдау кезінде қолданылуы мүмкін.

1-сурет. Екі класс тармағының бір суперкласстан мұрагерлігін көрсететін класстар диаграмма.