- •Программаны өңдеу принциптері: жиілік, модульдік, функционалдық іріктеуін көрсетіңіз.
- •Программалау тілдерінің негізгі түсініктері; синтаксис, семантика, программалау тілдерін сипаттаудың формальды тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •3. Есептерді эем-де шешудің негізгі кезеңдері; программаның сапа критерийі; программаның өмірлік циклы; есептің қойылымы және программа спецификациясы; жоғарғы деңгейлі тілдегі программаға анықтаңыз.
- •Өрнекті жазу тәсілдері, модельдеу механизмдері және деректер құрылымын басқару: массивтер, құрылымдарын ашып жазыңыз.
- •Программаны құрудың технологиялық тәсілі (подход). «Кодтау және жөндеу» тәсілдеріне мысал келтіріңіз.
- •Программаны құрудың каскадты тәсіліне мысал (подход).
- •Құрылымдық программалау. Объектіге-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Динамикалық программалауға анықтама.
Құрылымдық программалау. Объектіге-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін сипаттаңыз.
Модуль – бұл бағдарламаның функциональды аяқталған бір бөлігі.Мысалы, матрицаларды анықтайтын есептеу модулі; қатар элементтердің қосындысын табу.Модуль бағдарламалау тілінде – функция немесе процедура болып табылады.Құрылымдық бағдарламалау бұл модульдік бағдарламалаудың одан әрі дамуы.
Құрылымдық бағдарламалау әдісінің негізгі технологиялары мыналар болып саналады:
1)Модульдік бағдарлама әзірлеудегі принцип
2)Үш негiзгi құрылымдарды композицияның модулін әзiрлеуде пайдалану.
А) сызықты (соңынан жіру құрылымы)// структуры следования
Іс-әрекет бір-бірінің артынан жүріп отырады.
Б) тарамдау(ветвления) («егер-біресе-онда» құрылымдар)
Құрылымдық бағдарламалау бағдарлама мәтінін түсінікті қылады.Құрылымдық бағдарламалау GOTO(оператор безусловного перехода)-сыз бағдарламалау деп аталады.Оның жұмыс істеуі өзара байланысқан деректерді біріктіретін подпрограммалардың және тәуелсіз деректер құрылымына негізделген.Құрылымдық тәсіл түсінікті және жеңіл оқылатын бағдарламаларды жазуды қамтамасыз етеді.
Объектіге-бағытталған бағдарламалау құрылымдық бағдарламалауға қатысты бұрынғы өңдеу тілдеріне қарағанда құрылымды болып келеді.Сонымен қатар ол абстрактілі және модульді болып табылады.
Объектіге-бағытталған программалау үш принципке негізделген.Олар:Инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.
Инкапсуляция –объектінің өзі анықталған аралықтағы қасиеттердің аты көрінетін облыспен шектеледі.
Мұрагерлік – бұл керісінше, объектінің барлық ұрпақтарындағы қасиеттердің көріну облысын кеңейтеді.
Полиморфизм – объектілі бағдарланған программалау тілдерінде қандай да бір программалық кодтың әртүрлі типті мәліметтерімен жұмыс істеу қабілетін көрсетеді. Объектілі программаның орындалуы кезінде сол әдіс аргументтің типіне тәуелді әртүрлі объектілерде қолданылады.
Динамикалық программалауға анықтама.
Динамикалық бағдарламалау Математика, компьютер ғылымы, және экономика ғылымдарында күрделі есепті қарапайым кіші есептерге бөлу арқылы шығарылатын әдіс.
Бағдарламалау (орыс. Программирование; ағылш. programming) :
1) есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған программаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтінпен;
2) компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын" программалау тілінде бейнелеу (программа жазу); программаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да Программалау деп аталады;
3) мәліметтер өндеу істерін программалық басқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін теориялық жөне практикалық қызмет. Программалау— нақты программа құрылымын жасап, оның мәліметтерді кодтап жазып оны құрастыру істері кіреді.[1]
Бағдарламалау, программалау – 1) есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе орындалатын командалар тізбегіне келтіру процесі. Ол есептерді шешу алгоритміне сәйкесбағдарлама жасаудан, оны жөндеуден және қолдану барысында жетілдіру кезеңдерінен тұрады; 2) ақпараттанудың ЭЕМ үшін бағдарлама жасау тәсілдерін, сондай-ақ оны жөндеуді және жетілдіруді зерттейтін саласы. Бағдарламалау ғылым пән ретінде теориялық Бағдармалау, жүйелі Бағдарламалау және қолданбалы Бағдарламалау болып бөлінеді. Бағдарламалаудың негізгі принциптері 1947 жылы американ ғалымдары Дж. Нейман, А. Беркс және Г. Голдстайнның еңбектерінде дами бастады.Қазақстанда алғашқы ЭЕМ-дер (“ЭВ-80-3”, “ИПТ-5” және “Урал-1”), 1960 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Машина және есептеу математикасылабораториясында қолданылды. Онда кен қазбаларының мөлшері мен қорын анықтауға, астрофизика есептерін шешуге т.б. мәселелерге арналған алгоритмдер жасалып, бағдарламалар құрылды. Кейіннен фортран, алгол, паскаль, ПЛ-1, т.б. бағдарламалау тілі пайдаланылды. 1970—1990 жылы республикамыздың көптеген мекемелері, әсіресе жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ин-ттары жылдамдығы әр түрлі ЭЕМ-дермен қамтамасыз етіліп, бағдарлама құрастыру, жетілдіру және оны пайдалану жұмыстары одан әрі дамыды.
