- •Программаны өңдеу принциптері: жиілік, модульдік, функционалдық іріктеуін көрсетіңіз.
- •Программалау тілдерінің негізгі түсініктері; синтаксис, семантика, программалау тілдерін сипаттаудың формальды тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •3. Есептерді эем-де шешудің негізгі кезеңдері; программаның сапа критерийі; программаның өмірлік циклы; есептің қойылымы және программа спецификациясы; жоғарғы деңгейлі тілдегі программаға анықтаңыз.
- •Өрнекті жазу тәсілдері, модельдеу механизмдері және деректер құрылымын басқару: массивтер, құрылымдарын ашып жазыңыз.
- •Программаны құрудың технологиялық тәсілі (подход). «Кодтау және жөндеу» тәсілдеріне мысал келтіріңіз.
- •Программаны құрудың каскадты тәсіліне мысал (подход).
- •Құрылымдық программалау. Объектіге-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Динамикалық программалауға анықтама.
Өрнекті жазу тәсілдері, модельдеу механизмдері және деректер құрылымын басқару: массивтер, құрылымдарын ашып жазыңыз.
Өрнек деп - арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы: (5+7*х)/1.8; (sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т.б
Арифметикалық өрнек – арифметикалық тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан және оларға қолданылатын операциялардан тұрады.
Математикада жазылуы |
Программалау тілінде жазылуы |
a + b a - b
|
(a + b)/ (a – b) |
a b |
exp (b * ln (a)) |
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.
Логикалық өрнек - логикалық мәндерден, логикалық операциялардан және қатынас операцияларынан құралады. Қатынас операцияларында арифметикалық және логикалық өрнектер, сол сияқты символдық мәндер болуы мүмкін.
Реті |
Амалдар түрі |
Амалдар немесе оның элементі |
1 |
Жақшы ішіндегі өрнектер |
( ) |
2 |
Функция мәндері |
Фкнуциялар |
3 |
Унарлық амалдар |
@ , not, бірорынды +және - |
4 |
Көбейту, бөлу түріндегі амалдар |
*, /, div, mod, and, shl, shr |
5 |
Қосу амалдары |
+,-,or, xor |
6 |
Қатынас амалдары |
=, <>, <,>,<=, >=, in |
Деректердің құрылымданған типі: массивтер.
Массив дегеніміз – қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (Integer, real) және қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көпетген программаулау есептерінің шешімін табу барысында әрбір элементтің деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.
Массив сипаттамалары:
Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
Көлемі – массив индексінің саны;
Шектелімі - әрбір индекстардің шектеу бойынша сәйкестігі;
Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады. Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды сипаттау (var) бөлімінде хабарлану қажет.
Жалпы жазылу түрі: Type
Массив типінің атауы = array [индекс типі] of элемент типі;
Var
Массив атауы: массив типінің атауы;
Мысалы:
Type
GRUP = array [1…8] of integer; Var A:GRUP; {А – массивіне жады бөлу }
