Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4)ТЕХ ПРОГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.92 Кб
Скачать
  1. Программаны өңдеу принциптері: жиілік, модульдік, функционалдық іріктеуін көрсетіңіз.

  2. Программалау тілдерінің негізгі түсініктері; синтаксис, семантика, программалау тілдерін сипаттаудың формальды тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

  3. Есептерді ЭЕМ-де шешудің негізгі кезеңдері; программаның сапа критерийі; программаның өмірлік циклы; есептің қойылымы және программа спецификациясы; жоғарғы деңгейлі тілдегі программаға анықтаңыз.

  4. Өрнекті жазу тәсілдері, модельдеу механизмдері және деректер құрылымын басқару: массивтер, құрылымдарын ашып жазыңыз.

  5. Программаны құрудың технологиялық тәсілі (подход). «Кодтау және жөндеу» тәсілдеріне мысал келтіріңіз.

  6. Программаны құрудың каскадты тәсіліне мысал (подход).

  7. Құрылымдық программалау. Объектіге-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін сипаттаңыз.

  8. Динамикалық программалауға анықтама 2.

  1. Программаны өңдеу принциптері: жиілік, модульдік, функционалдық іріктеуін көрсетіңіз.

Жиілік принципі

Бұл принцип алгоритмді көрсетуге және қолдану жиілігіне қарай негізгі топ мәліметі. Программа жұмысында жиі кездесетін іс- әрекеттер үшін тез орындалатын шарт құрылады. Мәліметті қамтамасыз ететін жылдам қол жетімділік қолданылады. Жиілік операциясы программаны қысқа етіп жасайды. Айта кетсек, тек 5 %  оператор бағдарламасы пргграммасының жұмыс жасау жылдамдыған арттырады. Программаның көптеген операторлары бағдарлама тескті оның жылдам жұмыс жасауына емес, оның дұрыс орналасуын және көркемділігіне мән береді.

Модульдік принципі

Модульдік принцип қарастырып жатқан жүйенің функционалды элементіне түсініктеме береді, яғни сәнделуі, аяқталғанын және жүйе талабына сәйкес шектеулерінің орындалуын, және жоғары дәрежелі элементтермен немесе басқа ішкі жүйелермен жұмыс жасауға, сонымен қатар орындалуына көмек тигізеді. Жүйені дәржесіне сәйкес модульдерге бөлінуі бағдарламаны жобалау әдісі арқылы анықталады.

Функционалды іріктеу принципі

Бұл принцип жиілік және модульдік принциптердің логикалық түрі болып келеді және программаны жобалауда қолданылады. Бағдарламада маңызды кейбір модуль бөліктері бар, яғни есептеуіш процессті тиімді ұйымдастыру үшін ол кез-келген уақытта дайын тұруы керек. Бұл бөлікті программаның ядросы немесе мониторы деп те атайды. Монтордың құрамын өңдеуде екі қарама-карсы талаптарды ескерген дұрыс. Монитор құрамында модульді басқаратын жиі қолданылатын модульдер болу керек. Модульдердің көлемі могитор жадысынның орнын алмайтындай аз болу керек. Программаның қалған бөліктері үнемі сыртта сақтаушы құрылғыда сақталуы керек және опертивті жадыға керек болған жағдайда жүктеледі,керек болғанда бір-бірінің қызметін жасай береді.

  1. Программалау тілдерінің негізгі түсініктері; синтаксис, семантика, программалау тілдерін сипаттаудың формальды тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

Формальді жазу түрінің бір қатар артықшылықтары бар.Ол алгоритмдерді математикалық обьектер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, алгоритімнің формальді бейнесін негіз ретінде алып,мысалы формальді бейнелері жалпы құрылымдық қасиеттерге ие болған алгоритмдер классы туралы теорема дәлелдеуге мүмкіндік береді.Формальді жазба түрі алгоритмді сондай дәл бейнелеуге мүмкіндік береді, егер аргуметтер мәні берілсе (кірісі), онда сәйкес жауаптың (шығысы) қандай болуы керектігіне қатысты ешқандайкүмән болмайды. Формальді бейнеленген алгоритм мен аргуметтерін қабылдап алып, есептеу жүргізетін автомат одан әрі адамның қатысынсыз-ақ жауабын шығарады.

Мұндай автоматты есептеуіштерге арналған алгоритмдер программа деп аталады. Программаны жазудың формальді әдістері программалау тілдері деп аталады. Тілдер деген терминнің қолданылуы табиғи тілдер үшін бұрыннан қолданылатын “грамматика”,”синтаксис”,”семантика” программалау тілдері үшін терминдерін де қарастыруға жағдай жасады. Бұл термин ұғымдары программалау тілдерінде былайша баяндалады:

Синтаксис-қайсы бір тілдің элементтерінің құрылуын анықтайтын ережелердің жиынтығы. Басқаша айтқанда берілген символдардың симантикалық мағынасы бар тізбегінің ережелер жиынтығы. Синтаксис қайсы бір тілдің ұғымдарын сипаттайтын ережелер арқылы беріледі. Ол ұғымдардың мысалы ретінде айнымалы, өрнек, оператор және процедураны алуға болады. Ұғымдардың тізбегі мен ережелері бойынша пайдалануы программаның синтаксистік дұрыс құрылымын анықтайды.

– Дұрыс программалар (сөздер ) жиыны (синтаксис )

Семантика-тілдің элементтері мен және олардың мағыналы мәндері арасындағы қатынасты анықтайтын ережелер мен шарттар.Семантикалық анализатор-берілген операторлардың синтаксистік ережеге және берілген программалау тілінің семантикасына сай болуын тексеруді қамтамасыз ететін компилятор компоненті. Анализатор синтаксис пен семантиканы тексерумен айналысады. Олардың әрқайсысы белгілі бір мәселені шешетін бірнеше блоктан тұрады.

– Әрбір дұрыс программаның “мағанасы ”(семантика )