- •I. Компанияның инвестициялық саясаты туралы
- •1.1.Инвестиция түсінігі және оның түрлері
- •1997 Жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары,әлеуметтік сала мен туризм,ауыл шаруашылығы.
- •2.2.Инвестициялық қызмет және оны мемлекттік реттеу
- •2.3.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау
- •1) Операциялық; 2) инвестициялық; 3) қаржылық
- •III. Есеп бөлімі
1) Операциялық; 2) инвестициялық; 3) қаржылық
«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің» әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңдегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.
Әрине компания капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс компания қызметінің барлық кезеңінде оң болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында теріс шаманың болуы компанияның банкрот екендігін көрсетеді.
Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.
Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен алынған ақша ағымының жинақталған сомасы инвестицияға жұмсалған шығын мөлшеріне тең болған күн танылады.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияның тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың aca маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Компания сату көлемін өзгерткеннен, оның компаниясы қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның компаниясы зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқанда, зиянсыздық нүктесін табу қажет.
Зиянсыздық нүктесі - компанияның өз щығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.
Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз - бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.
Бүгінгі таңда, мамандар инвестицияның тиімділігін тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана, байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеулдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру қажет.
Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.
Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған. Басқаша айтқанда дисконттау және есім әдістері мынадай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:
• пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);
• жыл сайынғы төлемдер ;
• кезең саны (ай, тоқсан, жьш);
• ағымдық деңгей мәні;
• болашақтағы деңгей мәні.
Осы әдістерді қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:
•бүгінгі және болашақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын айнымалылардың мәндері белгілі болуы тиіс;
• пайыздар деңгейі тұрақты.
Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдау жүргізу барысында мынандай кең таралған қателіктер жіберіледі:
1) сәйкес пайыздық мелшерлемені талдауда шатасу;
2) осы пайдаланудың реттілігін сақтамау.
Пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады.
Нақты пайыздық мөлшерлеме инфляцияны ескермегендегі капиталдан алынатын табыс. Егер нақты пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын болса, онда жобадағы барлық бағалар мен капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс. Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме - бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан да онда инфляция ескеріледі.
