- •Жалпы жертану
- •Ғаламшардағы Жердің орнына сипаттама беріңіз. Күн жүйесінің геоорталық және гелиоорталық модельдерін анықтаңыз.
- •Ғарыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Күн жүйесінің құрамы және оның планеталарына талдау жасаңыз.
- •Жердің қозғалысы және оның географиялық салдарына сипаттама беріңіз.
- •Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.
- •Өзендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.
- •Педосфераның негізгі және топырақ құрушы факторларына талдау жасаңыз.
- •Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
- •Дүниежүзілік мұхит: негізгі жылы және суық ағыстар, судың температурасы және тұздылығы: таралу заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
- •Ауа массаларының циркуляциясы, қысымның негізгі орталықтарына талдау жасаңыз.
- •Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
- •Биосфера жайлы в. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз.
- •Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.
- •Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.
- •Жер бетіндегі жауын-шашынның таралуы, маусымдық жауын-шашындарды айқындаңыз.
- •Жанартаулар және Жер вулканизмі. Жер шарындағы жанартаулық іс-әрекеттердің қарқынды дамыған аудандарына талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
- •Көлді қазаншұнқырлардың генетикалық типтеріне талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
- •Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
- •Жер сілкінудің негізгі себептері мен салдарына сипаттама беріңіз .
- •Күн радияциясы және оның жер беті бойынша таралуын айқындаңыз.
- •Географиялық мониторинг, мазмұны, қағидалары және міндеттеріне талдау жасаңыз.
- •Географиялық қабықтың зоналылығы және секторлығына сипаттама беріңіз.
- •Биіктік белдеу және оның құрылымының қалыптасу факторларына талдау жасаңыз.
Өзендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[1] немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы. Өзен басқа бір өзенге,көлге,теңізге,мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан,еріген қар мен мұздықтардан,қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар,өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер,сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады. Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін жақын маңайдағы өзендерден артық тартып суарады. Өзендерде ,сондай-ақ, электр қуаты өндіріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда,диірмендер,ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын.Адам су екпінінің қуатын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі әрқалай.Бірақ олардың бәріне ортақ нәрсе-өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт. Өзен тасыған кезде оның арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып,жаңа аңғарлар пайда болады.
Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер – негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі – арна, тасқын сулар ғана жететін жері – жайылма) ағады. Өзен Өзен дегеніміз-арна деп аталатын табиғи ойпаң арқылы ағатын су. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м³/с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры – 170,6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле(Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен – арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын.[3]
