Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы жертану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.55 Кб
Скачать
  1. Жердің қозғалысы және оның географиялық салдарына сипаттама беріңіз.

Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Жер - Күннен қашыктығы бойынша үшінші планета. Жердің өз осінен айналуы салдарынан, өзен суы оның бір жағасын кеулеп шайып отырады, ауа кұйындары және жел Жердің солтүстік жарты шарында оң жаққа, ал оңтүстік жарты шарында сол жаққа ауытқиды.

Жер Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Жердің Күнді айнала қозғалатынының бір дәлелі - бізге жақын орналаскан жұлдыздардың көрінерлік ығысуы болып табылады. Мұндай ығысулар ең алғаш рет XIX ғасырдың 30-шы жылдарында бақыланған болатын. Жер бетіндегі жыл мезгілдерінің ауысып отыруы мынадай үш себептен болады, олар: Жердің Күнді айнала қозғалуы, Жердің айналу осінің орбита жазықтығына көлбеу болатыны және Жер Күнді айнала қозғалғанда оның осінің өзіне-өзі параллель қалпын сақтауы. Жердің орбитаның белгілі бір бөліктеріндегі орналасуына сәйкес оңтүстік және солтүстік жарты шарларға күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсетін жылудың мөлшері өзгереді. Сол себепті оңтүстік жарты шарда жаз болғанда, солтүстік жарты шарда қыс болады. Осы кездегі астрономияның көптеген табыстары Жердің Күнді айнала қозғалу заңдарына сүйенеді.

  1. Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.

Магниттің кез келген темір денені өзіне тартатыны ерте заманда-ақ белгілі болған, бірақ оның солтүстік пен оңтүстік бағытты көрсететіні кейіннен анықталды.

Біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда қолын созып тұрған адам бейнесін көрсететін “оңтүстікке сілтеу” аспабын жасай білген. Бұл фигура айналып тұрған магнитке бекітілген көне компас. Кейіннен VIII-IX ғасырда арабтар мен қытайлықтар теңізде жүзгенде компасты пайдалана бастады. Европалықтар компасты ІХ ғасырдан бастап пайдаланған, бірақ қытайлықтар мен арабтар сияқты неліктен компастың бір тілі оңтүстікке екіншісі солтүстікке бағытталатынына жауап таба алмады. ХІХ ғасырдың басында дейін жердің магниттік қасиеті туралы сұраққа былайша жауап алынды: “Жердің өзі магнит. Оның ортаңғы бөлігінде үлкен магнит орналасқан; ол компастың стрелкасының ауытқуын реттеп отырады – бүкіл жер шарын қоршап жатқан магниттік күш сызықтарының бойымен орнауын мәжбүр етеді”.

Ғылыми тұрғыда планетааралық кеңсістікпен салыстырғанда Жердің магниттік күш сызықтарының өрісінің жоғары екені дәлелденген.

Магниттік өрістің пайда болуын Жердің ядросы мен мантиясындағы процестерге байланысты деп есептейді. Үнемі қозғалыста болатын планетаның ядросының электр өткізгіш қасиетіне байланысты магниттік өріс өздігінен қозып, оның орталығынан 10-14 жер радиусына сәйкес келетін қашықтыққа таралады. Осы аралықта ол секундына 400 км жылдамдықпен қозғалатын зарядталған ағынмен – күн желімен кездеседі. Геомагниттік өрістің күн желімен байланысынан Жердің магнитосферасы пайда болады. Магнитосфера жер бетін зиянды электр зарядталған күн плазмасынан қорғайды. 44 мың км биіктікке дейін магниттік өріс біртіндеп әлсірейді, 44-80 мың км аралығында тұрақсыз, ал 90 мың км биіктікте зарядталған бөлшектерді ұстау қабілетінен айырылады.

Магнитосфераның пайда болуы мен оның жер бетін зарядталған Күн плазмасынан қорғауы – географиялық бағытта биосфераның дамуының негізгі шарты. Күн желіне магнитосфера кедергі болғандықтан оның біршама мөлшері магнитосфераны айнала ағып, оның қарама-қарсы жағында ұзындығы 5 млн км созылатын магнитосфера “құйрығын” қалыптастырады. Сондықтан магниосфера күн жағында қысыңқы, ал қарама-қарсы жағында созыңқы келеді.

Жердің магниттік өрісі құрылымының ендік бойынша өзгермелі екендігі дәлелденген. Ю.И.Витинский т.б. (1976) әрбір жарты шарда үш-үштен зоналық ендікті ажыратты:

1. Экваторлық зона (250 с.е. – 250 о.е.) – атмосфера қабатына жоғарғы энергиялы протондардың тигізер әсері әлсіз. Осы ендіктерде магниттік күш сызықтары жер бетіне параллель орналасқандықтан Космос кеңістігінен келетін зиянды ағындарды жер бетіне өткізбейді.

2. Қоңыржай ендік зонасы (300 с.е. – 550 о.е.) – ағынның қарқындылығы арта түседі, яғни полюстерге қара магниттік өрістің өткізгіштігі көбейеді.

3. Поляр маңы – магниттің күш сызықтарының өрісі жер бетіне перпендикуляр, сондықтан күн желі магнитосфераға, осы арқылы атмосфераның жоғарғы қабатына енеді.

Геомагниттік өрістің маңызы, ең алдымен жер бетіндегі тіршілік көзін зиянды космос сәулелерінен қорғауы. Нақтылы ғылыми деректер магнит өрісінің қарқындылығының ауытқуын жануарлардың, насекомдар мен балықтардың, өсімдіктер мен шыбын-шіркейлердің, жалпы бүкіл тірі организмдердің сезінетінін және оған жауап қайтаратынын дәлелдеп отыр.