- •Жалпы жертану
- •Ғаламшардағы Жердің орнына сипаттама беріңіз. Күн жүйесінің геоорталық және гелиоорталық модельдерін анықтаңыз.
- •Ғарыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Күн жүйесінің құрамы және оның планеталарына талдау жасаңыз.
- •Жердің қозғалысы және оның географиялық салдарына сипаттама беріңіз.
- •Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.
- •Өзендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.
- •Педосфераның негізгі және топырақ құрушы факторларына талдау жасаңыз.
- •Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
- •Дүниежүзілік мұхит: негізгі жылы және суық ағыстар, судың температурасы және тұздылығы: таралу заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
- •Ауа массаларының циркуляциясы, қысымның негізгі орталықтарына талдау жасаңыз.
- •Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
- •Биосфера жайлы в. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз.
- •Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.
- •Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.
- •Жер бетіндегі жауын-шашынның таралуы, маусымдық жауын-шашындарды айқындаңыз.
- •Жанартаулар және Жер вулканизмі. Жер шарындағы жанартаулық іс-әрекеттердің қарқынды дамыған аудандарына талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
- •Көлді қазаншұнқырлардың генетикалық типтеріне талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
- •Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
- •Жер сілкінудің негізгі себептері мен салдарына сипаттама беріңіз .
- •Күн радияциясы және оның жер беті бойынша таралуын айқындаңыз.
- •Географиялық мониторинг, мазмұны, қағидалары және міндеттеріне талдау жасаңыз.
- •Географиялық қабықтың зоналылығы және секторлығына сипаттама беріңіз.
- •Биіктік белдеу және оның құрылымының қалыптасу факторларына талдау жасаңыз.
Күн радияциясы және оның жер беті бойынша таралуын айқындаңыз.
Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы. Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді. Олардың 48%-ы спектрдің көрінетін бөлігінде (0,38 – 0,76 мкм), 45%-ы инфрақызыл сәуле (0,76 мкм), 7%-ы ультракүлгін сәуле (0,38 мкм) спектрінде жатады. Корпускулалық радиациянегізінен 300 – 1500 км/с жылдамдықпен қозғалатын әрі түгелімен жер магнитосферасында тұтылып қалатын протондардан тұрады (концентрациясы 5 – 80 ион/см3, ал күн активтілігі артқанда, ол да артады). Күн радияциясы – Жер бетінде және атмосферада болып жатқан экзогендік процестер үшін бірден-бір энергия көзі болып табылады; әдетте оны жылулық әсері бойынша өлшейді. Оның жер бетіне келетін мөлшері уақыт бірлігінде 1 см 2 жерге түсетін калориямен өрнектеледі. Жер әр минут сайын Күннен 2,4·1018 кал сәулелік энергия алады.
Географиялық мониторинг, мазмұны, қағидалары және міндеттеріне талдау жасаңыз.
Географиялық қабықтың зоналылығы және секторлығына сипаттама беріңіз.
Биіктік белдеу және оның құрылымының қалыптасу факторларына талдау жасаңыз.
Биіктік белдеулігі , тік белдемдік – тау биіктігіне байланысты табиғат құбылыстарының белгілі заңдылықпен өзгеруі. Биіктік артқан сайын күн радиациясы күшейеді, бірақ ауа температурасы (1 км биіктікте 5 – 6°С-қа) мен қысымы (11 – 15 м биіктікте 1 мм-ге) төмендеп, құрамы өзгереді; белгілі бір биіктікке (жауын-шашынның ең көп түсетін белдеуі) дейін ылғалдылық көбейе береді де, одан жоғары қайтадан азая бастайды. Климаттық белдеуге байланысты таудағы топырақ, өсімдік, жануарлар, жиналатын судың мөлшері, тіпті жер бедері, яғни бүкіл ландшафт өзгереді. Таудың ең төменгі белдеуінің ландшафтысы сол тау жатқан ендік бағыттағы белдемге сәйкес болады. Мысалы, Орта Азиядағы таудың етегінде шөлді ландшафт, одан жоғарыда шөбі шүйгін дала, одан әрі орманды белдеу, бұлардан жоғары альпі шалғыны, ең жоғарыда көп жылдық қар мен мұздықтың нивальдық белдеуі жатады. Көптеген жергілікті жағдайларға, тау беткейлерінің экспозициясына және желдердің соғуына байланысты Биіктік белдеулігі әр түрлі биіктікке сәйкес келеді. Биіктік белдеулігі Қазақстан тауларының барлығында дерлік тараған және ол солтүстіктен (Алтайдан) оңтүстікке қарай (Тянь-Шань тауларына дейін) әр түрлі Биіктік белдеулігі құрып отырады. Егер таулық орман белдеуі Алтайда 700 – 900 м биіктікте болса, Жетісу (Жоңғар) Алатауында 900 – 1100 м, Іле Алатауында 1200 м биіктіктен басталады. Қазақстанда Іле өзені аңғарынан (400 м) басталып, Талғар шыңына дейін созылып жатқан Іле АлатауыныңБиіктік белдеулігінде Жер бетіндегі табиғат белдеулері түгел кездеседі. 200 км-ге созылған табиғаттың ғажап Биіктік белдеулігі үлгісі Р.И. Аболиннің 1930ж. шыққан «Балқаш өңірінің шөл даласынан Хантәңірі қарлы шыңына дейін» атты еңбегінде баяндалған
