- •Жалпы жертану
- •Ғаламшардағы Жердің орнына сипаттама беріңіз. Күн жүйесінің геоорталық және гелиоорталық модельдерін анықтаңыз.
- •Ғарыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Күн жүйесінің құрамы және оның планеталарына талдау жасаңыз.
- •Жердің қозғалысы және оның географиялық салдарына сипаттама беріңіз.
- •Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.
- •Өзендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.
- •Педосфераның негізгі және топырақ құрушы факторларына талдау жасаңыз.
- •Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
- •Дүниежүзілік мұхит: негізгі жылы және суық ағыстар, судың температурасы және тұздылығы: таралу заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
- •Ауа массаларының циркуляциясы, қысымның негізгі орталықтарына талдау жасаңыз.
- •Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
- •Биосфера жайлы в. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз.
- •Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.
- •Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.
- •Жер бетіндегі жауын-шашынның таралуы, маусымдық жауын-шашындарды айқындаңыз.
- •Жанартаулар және Жер вулканизмі. Жер шарындағы жанартаулық іс-әрекеттердің қарқынды дамыған аудандарына талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
- •Көлді қазаншұнқырлардың генетикалық типтеріне талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
- •Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
- •Жер сілкінудің негізгі себептері мен салдарына сипаттама беріңіз .
- •Күн радияциясы және оның жер беті бойынша таралуын айқындаңыз.
- •Географиялық мониторинг, мазмұны, қағидалары және міндеттеріне талдау жасаңыз.
- •Географиялық қабықтың зоналылығы және секторлығына сипаттама беріңіз.
- •Биіктік белдеу және оның құрылымының қалыптасу факторларына талдау жасаңыз.
Жер бетіндегі жауын-шашынның таралуы, маусымдық жауын-шашындарды айқындаңыз.
Жер бетінде жауын-шашын таралуы көптеген себептерге, соның ішінде тікелей бұлттылықтың таралуына байланысты. Дегенмен, тек бұлттылықтың аспан кеңістігін жабу деңгейі ғана емес, бұлттағы су буының мөлшері мен будың қатты фазасына өтуіне де байланысты, осының барлығы температураға тікелей қатысты.
Жоғарғы ендіктерде бұлттылық жеткілікті болса да жауын аз, өйткені оның температурасы мен ылғалдылығы төмен. Керісінше төменгі ендіктердің бұлттарында ылғал жоғары. Бірақ, су буы мқздану деңгейіне жетпесе жуын аз түседі, мысалы тропиктік ендіктің мұхит үстінде қалыптасатын пассаттар.
Жер бетінде жауын-шашын таралуы да бұлттылыққа байланысты, яғни зоналық байқалады. Бірақ жауын-шашыннлаың зоналығына азональдық факторлардың тигізер әсері едәуір: құрлықтар мен мұхиттардың таралуы, орографиялық фактор әсері.
Құрлықтарда жауын-шашынның таралуы бірдей емес. Ол жергілікті жердің табиғи жағдайына, әсіресе жер пішініне тәуелді. Сондықтан жер бетіндегі жауын-шашынның таралу ерекшеліктерін көрсететін картада жергіліңті рельефтің тигізер әсері есепке алынбаған. Көп жылдық жауын-шашынның орташа көрсеткіштері берілген картаға талдау жасай отырып, оның таралуына әсер етуші 2 факторды аңғаруға болады:
Ауа массаларының вертикаль бойынша қозғалу бағыты – жоғары кқтерілетін ауа массасы басым аудандарда жауын-шашын көп және керісінше.
Экваторлық ендіктен жоғары ендіктерге қарай температураның төмендеуіне байланысты ауаның абсолюттік ылғалдылығы азаяды, осы бағытта жауын-шашын мөлшері де төмендейді.
Тропикте жоғары температурада ылғалдылықжоғары конвекция процесі дамиды. Сол себепті жауын-шашын мөлшері жылына 1000 мм шамасында.
Жауын-шашын Орталық Американың Амазонка өзені бассейнінде, Гвинея шығанағында, Индонезия аралдарында мол. Орталық Америкада 5000-6000мм,Колумбияда 7000 мм-ге дейін, Африканың Батысында 4000-5000 мм, Камерун шыңының оңтүстік-батыс беткейінде 9000 мм-ге дейін.
Қоңыржай ендікте жауын-шашынның таралуында орографиялық фактордың – тау қыраттарының , олардың теңіз деңгейінен биіктігі мен орналасу бағыты да үлкен әсер етеді.
Жанартаулар және Жер вулканизмі. Жер шарындағы жанартаулық іс-әрекеттердің қарқынды дамыған аудандарына талдау жасаңыз.
Жер бетінде 660-қа жуық сөнбеген және сөнген вулкандар бар. Олардың географиялық таралуы да әрқалай: Австралия материгінде вулкан жоқ, Азия материгіндегі басым бөлігі Камчатка түбегінде, еуропада – жалғыз Италиядағы вулкан, Африкадағы вулкандар көп, ал ең кең тараған аймағы америка жағалауы мен тынық мұхиты. Тынық мұхиттың отты шеңбер деп аталатын белдеуінде 400-ге жуық вулкан болса, оның 100-ге жуығы Ява аралында орналасқан. Шығыс Азия доғасының кіші вулкандары: куриль және Алеут доғалары. Сонымен қатар вулкандар Камчаткада, Жапонияда, Анд тауларында, Орталық Америкада, Антарктидада көп кездеседі. Альпі белдеуінде вулкандық процесс Жерорта теңізі жағалауында қарқынды дамыған. Әрине вулкандық активтілігі жоғары рифті зоналар болып есептеледі: Италияда Ян-Майенмен бірге 38 вулкан, Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарында кездеседі.
Гавай типтес вулкандар- атқылауында газдар мен су булары болмайды, сол себепті оларда ұшып шығатын кесек қатты заттар да жоқ. Лавасы сұйық, қатты атқылау процесі байқалмайды, сондықтан лава жай, біркелкі ағып жатады. Тынық мұхиттың Гавай аралдарындағы вулкандардың, әсіресе оның ішінде Килауэа вулканының атқылау түрі осындай. Гавай аралындағы ең ірі үш вулканды қосып тұрған Гавай вулканы.
Вулкано типтес вулкандар- лава жабысқақ, тұтқыр келеді, сондықтан вулканның көмейі жиі бітеліп қалады. Біртіндеп жиналған газдар мен булар қызған кезде тауды қопара күл, лапилл және бомбаларды көп атқылайды. Бұл типтес вулкандар Жерорта теңізінде Вулкано аттас вулкандар, Силициядағы Этна, Италиядағы Везувий аздап ұқсайды, Камчатка вулкандары да осы типке жатады.
Пеле типі вулкандары- лава өте қою, вулканның көмейінен шықпай-ақ салқындап қатады, сөйтіп газ мен будың шығатын жолын бітеп қалады. Лакколиттер осылайша пайда болады. Атқылаудың осы түрі алғаш рет Мартиника аралындағы Пеле немесе Тазығыр атты вулкан атқылағанда байқалған. Осы атқылауда көтерілген ыстық қара бұлт бірнеше минут ішінде 26 мың адамы бар Сен-Пьер қаласын жойып жіберген.
