- •Жалпы жертану
- •Ғаламшардағы Жердің орнына сипаттама беріңіз. Күн жүйесінің геоорталық және гелиоорталық модельдерін анықтаңыз.
- •Ғарыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Күн жүйесінің құрамы және оның планеталарына талдау жасаңыз.
- •Жердің қозғалысы және оның географиялық салдарына сипаттама беріңіз.
- •Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.
- •Өзендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.
- •Педосфераның негізгі және топырақ құрушы факторларына талдау жасаңыз.
- •Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
- •Дүниежүзілік мұхит: негізгі жылы және суық ағыстар, судың температурасы және тұздылығы: таралу заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
- •Ауа массаларының циркуляциясы, қысымның негізгі орталықтарына талдау жасаңыз.
- •Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
- •Биосфера жайлы в. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз.
- •Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.
- •Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.
- •Жер бетіндегі жауын-шашынның таралуы, маусымдық жауын-шашындарды айқындаңыз.
- •Жанартаулар және Жер вулканизмі. Жер шарындағы жанартаулық іс-әрекеттердің қарқынды дамыған аудандарына талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
- •Көлді қазаншұнқырлардың генетикалық типтеріне талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
- •Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
- •Жер сілкінудің негізгі себептері мен салдарына сипаттама беріңіз .
- •Күн радияциясы және оның жер беті бойынша таралуын айқындаңыз.
- •Географиялық мониторинг, мазмұны, қағидалары және міндеттеріне талдау жасаңыз.
- •Географиялық қабықтың зоналылығы және секторлығына сипаттама беріңіз.
- •Биіктік белдеу және оның құрылымының қалыптасу факторларына талдау жасаңыз.
Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.
Карст термині Югославиядағы (солтүстік-батысындағы) Карст үстіртінің атауымен байланысы бар деп есептеледі. Себебі осы рельеф формасы осы үстіртте классикалық түрде қалыптасқан. Карст терминін халықаралық термин ретінде барлық тілдерге енгізген. Карстық құбылыстар – суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан ізбестастардан, доломиттерден, гипстен, тұздан құралған жердерге тән. Карстарды суға езілетін жыныстарға сай бөледі. Мысалы: гипсті карст, ізбесті карст т.б.
Карст рельефінің дамуы бірнеше себептерге байланысты жүреді.Ағын және жерасты суларының тау жыныстарын ерітуінің салдарынан жер бетінде шұңқырлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар, жер астында бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Карсталатын жыныстар жер бетіне шықса, онда ашық карсты немесе жерорталық карсты қалыптастырады. Карсталатын жыныстардың бетінде езілмейтін жыныстар орналасса жабық карст немесе орта европалық карстыны қалыптастырады.
Аэрация қабатынан жарықтардың бойымен аққан сулар тау жыныстарын езіп, жарықтардың жарларын түтік тәрізді формаларға айналдырады. Мұндай түтіктер бір-біріне жалғасып, нәтижесінде күрделі жүйелер қалыптасады. Осындай терең түтіктерді карст шахталары деп атайды. Карст шахталары терең болмаса және жалғыз, баурайы тік орналасса, оны қарст құдығы дейді. Тұрақсыз су қабатта судың қозғалысы өте күрделі болуына байланысты жерастында үлкен қуыстар пайда болады, оны үңгірлер деп атайды. Карст рельефі жер бетінде өте кең тараған рельеф формасы болып саналады. Ол 149 млн. км² құрлықтың 50 млн. км² алып жатыр. Карст рельефі тек қана суға езілетін жыныстар тараған жерлер де емес, сонымен бірге жерорта теңізі, тропик, поляр климаты тараған аудандарда да ашық карст рельеф формалары кездеседі. Неміс ғалымы Г.П.Коссак карст рельефінің таралу аймағын бірнеше зонаға бөлді.
Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады. Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.[1]
Қазақстан аумағы бойынша 1941‑2011 жж. кезеңдегі орташа жылдық және маусымдық ауа температурасының (°С) қалыптан тыс ауытқуының уақыттық қатары мен сызықтық тренды. Қалыптан тыс ауытқулар 1971‑2000 жж. базалық мерзіміне салыстырмалы есептелді.
