- •Жалпы жертану
- •Ғаламшардағы Жердің орнына сипаттама беріңіз. Күн жүйесінің геоорталық және гелиоорталық модельдерін анықтаңыз.
- •Ғарыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Күн жүйесінің құрамы және оның планеталарына талдау жасаңыз.
- •Жердің қозғалысы және оның географиялық салдарына сипаттама беріңіз.
- •Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
- •Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.
- •Өзендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.
- •Педосфераның негізгі және топырақ құрушы факторларына талдау жасаңыз.
- •Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
- •Дүниежүзілік мұхит: негізгі жылы және суық ағыстар, судың температурасы және тұздылығы: таралу заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
- •Ауа массаларының циркуляциясы, қысымның негізгі орталықтарына талдау жасаңыз.
- •Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
- •Биосфера жайлы в. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз.
- •Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.
- •Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.
- •Жер бетіндегі жауын-шашынның таралуы, маусымдық жауын-шашындарды айқындаңыз.
- •Жанартаулар және Жер вулканизмі. Жер шарындағы жанартаулық іс-әрекеттердің қарқынды дамыған аудандарына талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
- •Көлді қазаншұнқырлардың генетикалық типтеріне талдау жасаңыз.
- •Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
- •Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
- •Жер сілкінудің негізгі себептері мен салдарына сипаттама беріңіз .
- •Күн радияциясы және оның жер беті бойынша таралуын айқындаңыз.
- •Географиялық мониторинг, мазмұны, қағидалары және міндеттеріне талдау жасаңыз.
- •Географиялық қабықтың зоналылығы және секторлығына сипаттама беріңіз.
- •Биіктік белдеу және оның құрылымының қалыптасу факторларына талдау жасаңыз.
Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
Булану – судың сұйық күйден газ күйіне, яғни буға айналып, атмосфераға таралуы. Буланушылық – су қоры шексіз болған жағдайларда булану мүмкіншілігі
Булану және буланушылық. Ылғал (су) айналымы - бұл климат құраушы факторлардың бірі болып табылады. Ылғал айналымын құраушыларға: судың жер бетінен булануы, атмосферадағы конденсация процестері, жауын-шашынның түсуі және ағын сулары жатады.
Булану дегеніміз - су молекулаларының сұйық жағдайынан газ күйіне айналуы. Молекулалы диффузия және конвекция, сол сияқты турбулентті араласу нәтижесінде су буының молекулалары тез әрі оңай жоғары қарай жан жақка таралады. Ал булану процесінің өзі су, топырақ беттерінен және өсімдіктерден үнемі жүріп жатады. Және оны жиынтық булану деп атайды. Сонымен қатар, атмосферада керісінше процестер - су буы молекулаларының қайтадан жер бетіне оралуы байқалады. Егер, буланған молекулалар мөлшері оралған молекулалардан артық болса, нәтижесі - булану процесі болады. Егер, оралған молекулалар мөлшері буланған молекулалардан артық болса, нәтижесі конденсация процесі, яғни, су буының сұйық күйге көшуі. Ал егер, буланған молекулалардың мөлшері оралған молекулалармен бірдей болса, яғни қозғалмалы тепе - теңдік сақталса, онда қанығу жағдайы орнайды. Булану жылдамдығы (W) Дальтон теңдеуі бойынша анықталады:
W = k(Е-е)/(V)/Р
Мұндағы: k-жел жылдамдығына бағынышты пропорционалдық
коэффициент;
Е - су буыньщ қанығу қысымы;
е - ауадағы су буының парциалды қысымы;
Р - атмосфералық қысым;
f(V) - жел жылдамдығы функциясы.
Тәулік бойына булану жылдамдығының mах - тал түс кезінде, mіn - кешке қарай байқалады.
Жылдық жүрісінде mах - жазда, mіn - қазан, желтоқсан айларында айқалады.
Белгілі бір жерден буланған су мөлшерін қарастырғанда нақты булану және буланушылық деп екі ұғымды бөліп қарастырады.
Нақты булану бұл - берілген уақыт аралығыңда буланган су мөлшері. Ол метеорологияда арнайы аспаптармен өлшенеді және әртүрлі әдістермен де есептеп табуға болады.
Буланушылық дегеніміз - берілген географиялық орындағы ылғал қорымен шектеліп қалмаған булану мүмкіншілігі, яғни буланатын мөлшердің ең жоғары мәні. Буланушылық ауа температурасына тура пропорционал.
Көбінесе нақты булану буланушылықтан кем болады. Мысалы, Қызылқұм, Мойынқұм сияқты шөлді аймақтарда жазда ауа температурасы
АТМОСФЕРАДАҒЫ СУ БУЫ
шылығының жоғары болуына байланысты буланушылық өте жоғары,ал нақты булану судың аздығына байланысты төмен болады. Ылғалдылығы өте аудандарда нақты булану буланушылыққа жақын келеді.
Буланушылықтың географиялық таралуы ауа температурасының таралуына ұқсас келеді.
Нақты булану мөлшері мұхиттарда буланушылықпен тең және құрлықтағы булану мөлшерінен әлдеқайда жоғары болады.
Құрлықта жылдық булану мөлшері полярлық аудандарда 100-200м-деп ылғалды тропиктік және субтропиктік аймақтарда (Азияның оңтүстігі, шығанағы мен Конго өзеі бассейні, АҚШ-ң оңтүстік-шығысы, Бразилия Австралияның шығыс жағалауы, Индонезия мен Мадагаскар аралдары 2500мм-ге дейін жетеді. Шөлді аймақтарда жылдық булану 100мм шама ал Антарктидада одан да төмен болады (сурет-11).
Ауа ылғалдылығының сипаттамалары. Жоғарыда айтылып өткендей, атмосфералық ауа үшін су буының маңызы өте зор. Атмосферадағы су буы-ның мөлшерін ылғалдылық сипаттамалары арқылы бағалайды және ылғал-дың мөлшері буланудың қарқындылығына, буланатын беттегі ылғал қорына атмосфера ағымдарына және температура режиміне байланысты болады.
