- •25. Хix ғасырдағы айтыс өнері
- •26.Қазақ әдебиетінен сабақ талдамасын көрсету (сабақ жоспары)
- •27.Лиро-эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •28.Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер
- •29. Көркем шығарманы талдау жолдары
- •30.Әдеби бағыт, ағым және көркемдік әдіс
- •31.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
- •32.Мектепте әдебиет пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
- •49. Әбу Насыр әл-Фарабидің поэзия өнері туралы трактаттары.
- •50. Мәнерлеп оқу.
- •51. М.Әуезов шығармаларын оқыту жолдары.
- •52. “Қыз Жібек” жырындағы халықтық салт-дәстүр көріністері.
- •53. Көркем шығарманы проблемалық талдау жолдары
- •54. Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
- •55. Абай қара сөздеріндегі философиялық-дидактикалық толғамдар.
- •56. Әдебиет сабағында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.
- •57. Қорқыт ата кітабының нұсқалары,зерттелуі.
- •58. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” поэмасындағы тартыс
- •59.Фольклор поэтикасына негізделген дара шығармашылық жанрлар
- •60. Жыраулар поэзиясы және мемлекетшілдік сана.
- •61.Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары
- •62. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
- •65. Сабақты шығармашылық түрде ұйымдастыру.
- •66. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романындағы психологизм.
- •67. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ ағартушылығы.
- •68. Шығарма жаздыру.
- •77. Ертегі жанрын оқыту.
- •78. Әдебиет сабағында әдеби теориялық ұғымдармен танысу.
- •79. Көркем шығарманы талдау жолдары.
- •80.Хх ғасыр бас кезіндегі ұлт әдебиетіндегі Алаш идеясы.
- •81. Жыраулар поэзиясының болжалдық сипаты.
- •82. 1980-90 Жылдардағы қазақ әдеби сыны.
- •83.Поэзиялық шығармаларды оқыту жолдары.
62. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік-тағылымдық мәні, тақырыптық түрлері.
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған.Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын , сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл – мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар , оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі.Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады.Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп, олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды.Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған .Бала-бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу- білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.«Мақал дегеніміз – тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем…Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.
Мақалдар мен мәтелдер –мағынасы да,тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан, тез өзгере қоймайтын жанр.Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды: Отан, туған жер, атамекенге байланысты. «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елің — алтын бесігің», «Өз елім – өлең төсегім», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақал-мәтелдерде халықтың туған жеріне, атамекеніне, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігі терең түйінделген; еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең, емерсің», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет», «Еңбек ет те, егін ек – жарымасаң , маған кел, белді бу да бейнет қыл, байымасаң, маған кел» деген мақалдардан айқын аңғарылады; ерлікке, батырлыққа байланысты туған. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі», «Ер елімен жақсы», «Елі жоқ ер жетім, ері жоқ ел жетім» деп, халық ел қорғаны батырды мадақтаған; Ынтымақ – бірлік туралы , «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп, қазақ елді бірлікке үндеген. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» деген мақал елді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырып тұрғандай; достыққа, жолдастыққа арналған, «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты», «Жолдасы көптің олжасы көп», «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады», «Жолдасы жақсы жолды болар, жолдасы жаман қолды болар» деген мақалдарда достық пен дұшпандық, жақсы жолдас пен жаман жолдас салыстырыла отырып, адал дос, жақсы жолдастың үлгі етілгенін көреміз; төрт түлік малға қатысты мақал-мәтелдер де – өз алдына бір сала. «Мал – баққандікі, жер – жыртқандікі», «Ат – ер қанаты», «Өлкенің көркі мал болар, өзеннің көркі тал болар», «Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның – көл-көсір» деген мақал-мәтелдер – осы ойдың айғағы; егіншілік кәсібіне байланысты мақал-мәтелдер аз емес. «Жердің сәні – егін», «Ексең егін, ішерсің тегін», «Берген – алар, еккен – орар» деген сияқты т.б. мақалдар бар. өнер-білім, оқу, ғылым дәріптеледі, «Білімді өлмес, қағазда аты қалар, ұста өлмес, істеген заты қалар», «Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – қайық», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақал-мәтелдері білімге, өнерге үндейді; Адамгершілікке байланысты; «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Жарлы болсаң да арлы бол», «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» деген сияқты мақалдар көптеп кездеседі; Қоғамдағы қатынастарға, әлеуметтік мәселелерге, ата- ана, туған- туысқан, денсаулық т.б. тақырыптарға арналған қазақ мақал-мәтелдері тілімізде кең орын алған. «Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің», «Бала – ата-ананың бауыр еті, көзінің нұры», «Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал», «Баласыз ана – гүлсіз алма», «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет» деген мақалдар баланы ата-анаға деген құрметке, сүйіспеншілікке баулуды көздеген.
63. Айтыс жанрлық ерекшелігі, түрлері.
Айтыстың түрлері: 1. Бәдік; 2. Жар-жар; 3. Жануарлар мен адамның айтысы; 4. Өлі мен тірінің айтысы; 5. Жұмбақ айтысы; 6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы;
Бәдік– айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. "Үшкіру", "шақыру" арқылы сол іңдеттерден құтылуға болады деп білген. Сол аурудан құтылу амалы оның иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік" айтатын болған.
Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі.
Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. "Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды". Бұл – бастапқы қысқа түрі. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ
Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды. Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі "ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады.
64. І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы Ақан сері бейнесі.
Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетіледі.Поэмадағы әр көрініс, әр оқиға өз орнында, ақынның құдіретті шеберлігімен олардың бәрі табиғи бірігіп, үлкен бір жарқыраған тұтас мүсінге айналып кеткен. Бұл поэманың сюжетін, композициясын құрудағы ақынның үлкен ұсталығын байқатса керек.Ақын бас кейіпкер өмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды.Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, өшпес қайғы-қасіретке көміп тастайды. Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады. Өзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, көлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады.
