- •2. Бірінші кезеңдегі өңдеу және кез-келген физико-химиялық әдісті қолданудың қандай тәуелдіктері бар екенін көрсетіңіз
- •3. Аса таза материалдар заманауи классификация бойынша қандай заттарға бөлінеді
- •4. Әдіс сезгіштеріне: тазалық және қоспа арасындағы сандық көрсеткіштерінің байланыстарын құрастырыңыз
- •5. Сырттан енетін ластануды алдын алатын әдістің шарттары мен бөлімдерін сәйкестендіріңіз
- •6. Кейбір әдістердің сезгіштік шекараларын табыңыз. Мысалынкелтіріңіз
- •7.Қателіктерге тәуелді сараптамалардың дәлдігі мен қалпына келтіру қасиеттерін сипаттаңыз
- •8. Сандық әдістердің көбнесе қосылыстардың әр түрлі физикалық қасиеттеріне немесе жай заттардың физикалық қасиеттерімен өлшенетінің дәлелдеңіз
- •9.Энергиясы әр түрлі бірліктерде берілген электромагнитті шағылысу диапазондарын көрсетіңіз
- •10.Детекторлар мен электромагнитті шағылысу көзінің айырмашылығын түсіндіріңіз
- •11.Электромагнитті шағылысу спектр аймақтарын салыстырып, оларды атаңыз
- •12.“Жұтылу” түсінігінің енгізілу қажеттілігін бағалаңыз (жарықтың сіңірілуі, оптикалық тығыздық)
- •14. Атомды-абсорбционалды қондырғының принципті схемасын суреттеңіз.
- •15. Талдаудың хроматографиялық әдістерінің жалпы классификациялық схемасын жазыңдар.
- •16.Физикалық әдістерге сараптама әдістерінің қандай түрлері жатады. Мысалы келтіріңіз.
- •17.Сараптаманың оптикалық әдістерін классификациялаңыз.
- •18. Атомды спектроскопия сараптамасы неге негізделген.
- •19. Әр түрлі молекулалы топтарға тән ик- спектр жолағының орналасуын салыстырыңыз.
- •20. Колориметрияның негізгі заңы қай жағдайда орындалатынын бағалаңыз.
- •21. Жарық сәулеленуінің жұтылуы кезінде заттектер қандай күйге ұшырайды? Жарықтың сіңірілуі концетрациясының ұлғаюына байланысты өзгеруін графикалық түрде көрсетіңіз
- •Сіңіру спектрлері
- •22. Люминесценттік сәулелену дегеніміз не және оның негізгі қасиеті қандай?
- •23. Қоздыру тәсіліне байланысты люминесценцтің түрлері қандай?
- •24. Фосфоресценция мен флуоресценцияның арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •25. Жалынды фотометрияның негізінде атомдардың қандай қасиеті жатыр
- •26. Спектральды эталон дегеніміз не және олардың эмиссиялық спектральды талдау кезінде қолданылуы туралы жазыңыз
- •27. “Электродты патенциал” мағынасын түжырымдаңыз
- •28. Ионалмасу хроматография әдісінің негізін тұжырымдаңыз
- •29.Адсорбционалды хроматографияның негізі мен кемшіліктерін сыни түрде бағаландар
- •30. Рентгенді сәулелену туралы жалпы түсінік беріңіз
- •31. Физикалық әдістердің топтарын қасиеттері бойынша тұжырымдаңыз
- •32. Автоматты үдерісті реттеудің сызбасын сыни түрде бағалаңыз
- •33. Бұзылмаған үлгілермен жұмыс жасау үшін қандай себеп керек екенін бағалаңыз
- •34. Қоспалардың құрамына кіретін реактивтерді сыни түрде бағалаңыз
- •35. Абсорбция мен атомды эмиссияға негізделген атомды спектроскопияның әдістерін классификациялаңыз
- •36. Бугер-Ламберт және Бер заңдарының мәнін тұжырымдаңыз. Олардың математикалық формуласы қандай ?
- •37. Атомды – абсорбционылды спектроскопияның эмиссиялық спектроскопиядан айырмащылығын сыни түрде бағалаңдар
- •38. Жалынды фотометрия әдісі негізінде қандай элементтерді анықтауға болатынын сыни түрде бағаландар
- •39. Талдаудың электрохимиялық әдістерінің классификациясы туралы жазыңыз
- •40. Талдаудың потенциометрикалық әдісінің негізінде қандай принцип жатқанын бағалаңдар
- •41. Мембрандық электродтық құрылғынын әйнекті құрылғыдан айырмашылығын сыни түрде бағалаңдар
- •42. Массспектрометрия әдістері қандай физикалық құбылыстарға негізделеді және оларды қандай зерттеулерде қолданатынын сыни түрде бағаландар
- •43. Хроматография әдістерінің мәнін тұжырымдаңыз
- •44. Газды–адсорбциялық және газды-сұйықтық хроматографияның негізінде қандай принциптер жатқанын сыни түрде бағаландар
- •45. Газды хроматографияда заттектердің сапалық және сандық мәнін анықтауда қандай әдістер қолданылатынын тұжырымдаңдар
16.Физикалық әдістерге сараптама әдістерінің қандай түрлері жатады. Мысалы келтіріңіз.
Физикалық әдістің тура мақсаты – физикалық қасиеттер жиынтығына ие, өрістің немесе бөлшектер ағынының затпен әсерлесуінен кейінгі сәулелену өзгерісін анықтау.Физикалық әдістің кері мақсаты – физикалық әдіспен алынған, яғни тәжірибе мәндерінің берілген өзгерістерінің негізінде заттың немесе молекула параметрлерінің физикалық қасиеттерін анықтау.
Бұл оқу-әдістемелік құралында дифракциялық, спектроскопиялық, резонанстық және оптикалық зерттеу әдістері зерттеліп қарастырылады.
Спектроскопиялық
әдістер
толқын ұзындығы немесе жиіліктен
сәулеленудің шығарылуы немесе жұтылуы
интенсивтілігінің тәуелділігін
зерттейді. Өлшелінетін энергиялардың
аралықтары
бар әдістер үшін көп ретте айырады
(1-кесте).
1 кесте - Спектроскопиядағы толқын ұзындықтары мен жиіліктер диапазондарының мәндері
-
Спектрлар
Жиіліктер,
Гц
Толқын ұзындықтары
Өлшем
бірліктері
ЯГР
мм/с
Рентген
эВ
Фотоэлектрондық
эВ
Электрондық
нм
Тербелмелі
см-1
Айналмалы
МГц
ЭПР
МГц
ЯМР
МГц
ЯКР
МГц
Дифракциялық
әдістер
сәулелену
шашырауына немесе бөлшектер ағыны
энергиясының өзгеруінсіз қалуына, яғни
серпімді шашырауға негізделген.
Шашыраудың дифракциондық суреті,
бөлшектер және сәулеленудің толқындық
қасиеттерімен ескерілген. Дифракцияның
негізгі шарты, де Бройль толқын ұзындығы
шашырайтын заттың атомаралық ара
қашықтықтарынан аз немесе көп жақын
болуында түзеледі. Дифракциондық
әдістің: рентгено-графиялық,
электронографиялық және нейтронографиялық
ең
көп қолданылатын үш әдісі бар.
17.Сараптаманың оптикалық әдістерін классификациялаңыз.
Электрлімагниттік толқындардың заттармен әрекеттесу түріне байланысты оптикалық сараптама әдістерін былай жіктеуге болады:
1. Поляризациялық әрекеттесулердің әсерін өлшеуге негізделген әдістер (рефрактометрия, поляриметрия, интерферометрия);
2. Заттың жарық сәулелерін сіңіруін өлшеуге негізделген абсорбциялық әдістер (колориметрия, фотоколориметрия, спектрофотометрия);
3. Заттың бөліп шығаратын жарығының жиілігін өлшеуге негізделген эмиссиялық әдістер (флюориметрия, спектрлік сараптама, жалынды фотометрия);
4. Зат суспензиясының шашыратқан немесе сіңірген жарығының жиілігін өлшеуге негізделген әдістер (нефелометрия, турбидиметрия).
Сонымен қатар, құралсыз көзбен және арнайы құралдармен фотоэлементтердің бөлетін сәулелерін тіркейтін әдістер де қолданылады.
Рефрактометрия заттардың салыстырмалы сыну көрсеткіштерін өлшеуге негізделген.
Поляриметрия -оптикалық айналымды өлшейді.
Интерферометрия - бойынша заттың ерітіндісі және еріткіш арқылы өткен жарық сәулелерінің интерференциялық ығысуы өлшенеді.
Колориметрия заттың ерітіндісі арқылы өткен жарық ағынының жиілігін стандартты ерітінді арқылы өткен ағынмен салыстырмалы түрде анықтайды.
Фотоколориметрия жарық ағындарының жиілігін фотоэлементтердің көмегімен өлшеуге негізделген, ол үшін фотоколориметрлер қолданылады.
Нефелометрия суспензияның бөлшектері шашыратқан жарықтың жиілігін өлшеуге негізделген.
Турбидиметрия суспензия арқылы өткен жарық ағынының сіңірілуін өлшеуге негізделген.
Флюориметрия люминесценцияны (жарқырауды) тіркеуге негізделген, жарқырауды туындататын процестердің сипатына байланысты былай бөлінеді:
1. фотолюминесценция (көрінетін және УК жарықпен қоздырылады),
2. хемолюминесценция (химиялық реакциялардың энергиялары қоздырады),
3. катодты люминесценция (электрондық әсермен қоздырылады),
4. термолюминесценция (қыздыру арқылы қоздырылады);
5. триболюминесценция (механикалық әсермен қоздырылады).
4. Электрліхимиялық сараптама әдістері.
Электрліхимиялық әдістер зерттелетін ерітіндіде туындайтын электрліхимиялық құбылыстардың электрлік параметрлерін өлшеуге негізделген. Өлшеу зерттелетін ерітінді құйылған және электродтар салынған ұяшықтардың көмегімен жүргізіледі. Мұндай әдістерге потенциометрия, кондуктометрия, кулонометрия, вольтамперометрия жатады.
Потенциометрия құрамында анықталатын заты бар ерітіндіге салынған электродтардың арасында туындайтын электродтық потенциалдар айырмасын өлшеуге негізделген.
Кондуктометрия ерітінділердің электр өткізгіштігін өлшеуге негізделген.
Кулонометрия заттарды электродта тұндыру үшін қажетті электр күшінің мөлшерін анықтауға негізделген.
Вольтамперометриялық әдістер ұяшық арқылы өтетін ток шамасының электродтың потенциалына тәуелділігін анықтауға негізделген. Электродта потенциалдың жоғарылауы барысындағы белгілі бір уақытта тотықсыздану немесе тотығу реакциялары басталатындықтан, ұяшық арқылы өтетін ток жоғарылайды. Осы құбылысқа негізделген әдіс полярография деп аталады.
Хроматография компоненттерді қозғалмалы және қозғалмайтын екі фазаның арасында жіктелуіне негізделген қоспаларды бөлудің физикалы-химиялық әдісі. Қозғалмайтын фазаның ролін, көбінесе, қатты заттар (сорбенттер) немесе қатты заттар өңделетін сұйықтар атқарады. Қозғалмалы фаза ретінде қозғалмайтын фаза арқылы өтетін сұйық немесе газ қолданылады. Хроматографиялық әдістер әртүрлі қакидалар бойынша жіктеледі:
1. Фазалардың агрегаттық күйіне байланысты сұйықтық және газды. Сұйықтыққа сұйық-сұйық, сұйық-қатты, сұйық-гель жатады. Газды газдысұйық, газдықатты болып бөлінеді. 1- сөз қозғалмалы, ал 2 - сөз қозғалмайтын фазаның агрегаттық күйін көрсетеді.
2. Сорбент пен сорбаттың арасындағы әрекеттесу механизміне байланысты жіктегіш, иондыалмасқыш, эксклюзионды, аффинді, тұндырғыш, адсорбциялы-комплекс түзуші болып бөлінеді.
3. Орындалу техникасына қарай түтікте, қағазда және сорбенттің жұқа қабатында (жұқа қабатты хроматография) жүргізіледі.
4. Хроматографиялау мақсаты бойынша аналитикалық, препараттық, өндірістік болып бөлінеді.
