Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.76 Кб
Скачать

Қосымша зерттеу әдістері

жалпы қан анализі- Өзгеріссіз.Қан формуласының солға жылжуы (лейкоцитоз, ЭШЖ жоғарылауы)

цитологиялық әдіс- Спецификалық емес қабыну көрінісі. Аурудың басында ыдырау жағдайындағы нейтрофилдердің күрт көбеюі, фагоциттеуші нейтрофилдердің, лимфоциттер мен гистиоциттердің көбеюі байқалады. Кейінірек ыдыраған нейтрофилдермен қоса толық фагоциттей алатын нейтрофилдер, өте көп гистиоциттер пайда болады. Жаңа басталған эпителизация кезінде жас эпителиальды жасушалар қабаты анықталады

бактериоскопиялық әдіс- Беткей қабатта спирохеттердің (Borellia vincenti), ұршық тәрізді таяқшалардың (Bact.fusiformis) және ауыз қуысының қалыпты микрофлорасының көп болуы. Терең қабаттарда фузобактерия мен спирохеттердің таза көбеюі. Ойық жараның жазылу кезеңінде спирохеттер мен фузобактериялар саны азаяды

Диф. Диагностикасы-

созылмалы лейкоз- Клиникалық көрінісін геморрагиялық және гиперпластикалық, анемиялық және интоксикациялық синдромдар анықтайды. Геморрагиялық синдром ауыз қуысы шырышты қабығында және теріде петехия, экхимоз, гематома түрінде көрінеді. Ауыз қуысында қызыл иектің кенеттен қанауы, ұрт шырышты қабығының тістер қабысатын сызығында, тілде, қатты таңдайда қан құйылу

Қатты шанкр (ойық жаралы түрі)- Тығыз шеті мен негізі бар ұзақ уақыт болған ауырмайтын ойық жара. Ойық жараның қырындысынан бозғылт трепонема табылады. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған тығызданған (склероденит). Вассерман реакциясы қатты шанкр пайда болғаннан кейін 3 аптадан соң оң болады

Жарақатты ойық жара

- Ойық жара жарақат алған жерде орналасады, ұзақ уақыт жүруі мүмкін, оның негізі инфильтрацияланған. Бактериоскопиялық зерттеуде спецификалық емес қабынумен жүретін (кокктар,таяқшалар, лептотрихиилар) ауыз қуысының кәдімгі микрофлорасы. Бірді-екілі фузобактериялар мен спирохеттер. Ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығу тән емес. Жарақатты факторларды жойғаннан кейін, тәртіп бойынша 5-6 күннен соң ойық жара жазылады

Емі – Аурусыздандыру

инъекциялық (жайылмалы процесстерде)- -2% лидокаин, 4% артикаин, 0,5-1% мепивикаин ерітінділері

Некротикалық қақтарды жою Механикалық өңдеу. Протеолитикалық ферменттер: трипсин, химотрипсин, химопсин, лидаза (некроздалған жерге аппликация түрінде 10 мин. ұстау)

Антибактериальды терапия- Антисептиктер (шаю, жуу, ауыз бұлауы). 1% сутегінің асқын тотығы, 0,25% хлорамин, 1:5000 калий перманганаты, 0,06% хлоргексидин, 1:1000 фурациллин ерітінділері, лизоцим (1 стакан суға шай қасықтың ½ ), календула тұнбасы (1 стакан суға 1 шай қасық), 1:1000 этакридин лактат ерітіндісі

0,2% Сангвиритриннің спиртті ерітіндісі, 1% сулы ерітіндісі

-Жарақатты факторларды жою

-Регенерация процесін қуаттандыру (эпителизация процесі басталғанда, некроздалған қақ болмағанда)

-Жазылу кезеңінде ауыз қуысын сауықтыру

Кандидоз - шартты-патогенді ашытқы тәріздес Candida тектес (C.albicans, krusei, tropicalis, pseudotropicalis және басқалары) саңырауқұлақтар тудыратын саңырауқұлақты аурулар. Жедел псевдомембранозды кандидоз (уылу) – ауыз қуысы шырышты қабығында жиі кездеседі.

Ауыз қуысы шырышты қабығында (ұрт,таңдай,қызыл иек,тіл) нүктелі жеңіл алынатын ақ түсті қақ пайда болады, олар қосылып ақшыл сұр қабық түрінде немесе ірімшікті массаны еске түсіретіндей үлкен зақымдану ошағына айналады. Қақты алғанда тегіс, гиперемияланған бет ашылады.

Ауыз бұрышының ашытқы тәрізді зақымдануын – ашытқы тәрізді жарылу деп атайды. Ол беттің төменгі бөлігінің биіктігі төмендеген ересек адамдарда жиі кездеседі. Ақ қақпен немесе сұр түсті қабыршықтармен жабылған эрозия, ауыз бұрышы терісінің терең қатпарларында орналасады

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз- Астындағы шырышты қабықпен тығыз біріккен дөрекі , ақшыл түсті қабық, оны алғанда ашық эрозиялы, қанайтын бет ашылады; қарағанда қақ жартылай алынады, зақымдану ошағы ұрттың ауыз бұрышына жақын орналасқан шырышты қабықта, тіл түбірінде жұмсақ таңдайдың артқы бөлігінде орналасқан. Ауыздың бұл түрін рак алды ауруы ауруы деп қарайды, жиі тері мен тырнақтардың зақымдануымен қосылып жүреді

Жедел және созылмалы атрофиялық кандидоз- Алынбалы-салынбалы табақшалы протез орнындағы шырышты қабық гиперемияланған, құрғақ, қатты ауырады, қақ болмайды

Қосымша зерттеу әдістері.

Қант диабетін анықтау

бактериологиялық зерттеу- Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымданған беті қағынан қырынды алу

диф диагностика

Лейкоплакия

жалпақ түрі- Зақымдау элементі – ауыздың шырышты қабығында орналасқан ақ-сұр түсті дақ (төменгі ерін, ұрт, таңдай), контуры анық қырғанда алынбайды

веррукозды түрі- Шырышты қабық деңгейінен көтерілген білем, ірі, тығыз сүйелді өсіндімен. Лейкоплакия созылмалы ағымды, жиі темекі тартушыларда кездеседі; қырғанда білем алынбайды, өйткені ол гиперкератоздалған; зақымдау элементтері ұрттың алдыңғы бөлігінде қатты таңдайда, ауыз қуысының түбінде орналасады, тері зақымданбайды; бактериоскопиялық зерттеуде зақымдану ошағынан қырындыда Candida- ның бүршіктенген түрі болмайды