Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.76 Кб
Скачать

Лейкоплакия

Жалпақ лейкоплакия Шеттері анық, ақшыл – сұр түсті гиперкератотикалық дақ, қырғанда алынбайды, шырышты қабықпен қоршаған бөліктер деңгейіне көтеріліп шықпайды. Бір немесе бірнеше дақ көзге өзгермеген шырышты қабықта орналасады. Лейкоплакия орналасқан жер желімделген папирос қағазы сияқты. Зақымдалған ошақ қатпарға алынып, пальпацияда ауырмайды. Ұрт аймағындағы зақымдану ошағы негізі ауыз бұрышына қараған үшбұрыш пішінді

Таппейнер лейкоплакиясы (никотинді стоматит)- Жұмсақ таңдай мен қатты таңдай шырышты қабығының күңгірттенуі. Осы сәтте қатты таңдайдың артқы бөлігінде ортасында шығару түтіктерінің нүктелері бар ұсақ қызғылт түйіндер көрінеді

Веррукозды лейкоплакия- Зақымдану ошағы сау шырышты қабық деңгейінен көтеріліп шығады, білемді, сүйелді түрге енеді, жанындағы тіндерден түсі арқылы күрт айрықшыланады. Пальпацияда беткейлік тығыздалу анықталады. Қатты көрінетін кератоз орыны тістің өткір қырына, ілінген пломбаға, протез кламмеріне жақын орналасады

білемді түрі- Лейкоплакия ошағы шектелген білем тәрізді, қоршаған шырышты қабық үстіне көтеріледі, пішіні дұрыс емес, беті кедір-бұдырлы, шекарасы анық

сүйелді түрі- Зақымдану ошағы тығыз төмпешікті түзіліс тәрізді, қалыпты шырышты қабық деңгейінен қатты көтерілген, кедір-бұдырлы, астындағы шырышты қабықпен бірікпеген

Эрозивті түрі-

Жазылуға бейімделмеген, эрозиясы, сызаты бар шырышты қабығының бөлігіГиперкератоз және паракератоз ошағында – ауыз қуысы шырышты қабық бүтіндігінің бұзылуы

Қосымша тексеру әдістері

люминисцентті диагностика- Шырышты қабығының зақымдалған бөлігінің сұр- сары жарықтануы. Паракератоз, гиперкератоз

цитологиялық зертте-Жалпақ лейкоплакия: ядросыз немесе оның көлеңкесі сақталған мүйізгектенген жасушаларды анықтау. Веррукозды лейкоплакия: мүйізгектенген, парабазальды және базальды жасушаларды анықтау. Эрозивті – ойық жаралы лейкоплакия: дискератоз құбылысы бар парабазальды және базальды жасушаларды, ыдыраудың әр дәрежесіндегі нейтрофильді лейкоциттер, эритроциттерді анықтайды

Емі- аурусыздандыру-3% тримекаин, 2 % пиромекаин ертінділері, 5 % анестезиннің майдағы жүзгіні (зәйтүн, өрік), мундизал-гель, холисал

антисептикалық өңдеу-0,5% -1 % сутегі асқын тотығы, 0,06% хлоргекседин, 0,25% хлорамин, 0,05%-0,25% лизоцим ертінділері

эпителизацияны ширату - Ретинол ацетаты, каротолин, итмұрын майы, шырғанақ майы, солкосерил (желе, жақпа

Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті–организм реактивтілігі төмендегенде және ауыз қуысындағы жағымсыз жағдай кезінде туындайтын ауыз қуысы шырышты қабығының инфекциялы альтеративті-қабыну ауруы. Аурудың басқаша аталуы: ойық жаралы стоматит, фузоспирохетті стоматит, Венсан стоматиті, «траншея тәрізді ауыз». Ауыздың инфекциялы табиғатын ең алғашқы болып француз бактериологы Венсан анықтады. Ауыздың қоздырғыштары болып фузобактериялар (Bact.fusiformis) мен спирохеттер (Borrelie vincenti) табылады. Қалыпты жағдайда ауыз қуысының сапрофиттері болып табылатын фузобактериялар мен спирохеттердің саны жергілікті және жалпы факторлардың жағымсыз әсерінен күрт көтеріліп, ауыз қуысы шырышты қабығы мен қызыл иектің ойық жаралы некроздалған зақымдануына әкеледі Жеңіл, орташа және ауыр түрлерге, сол сияқты жедел және созылмалы процесске бөлінеді. Орналасу бойынша Венсан гингивиті, Венсан гингивостоматиті және Венсан ангинасы болып бөлінеді. Процесстің ауырлығына интоксикация белгілерінің айқындылығы байланысты: жалпы әлсіздік, бас ауыру, дене температурасының көтерілуі, буындар мен бұлшықеттердің ауыруы, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы, естен тануға бейімділігі. Ауыз қуысының шырышты қабығында гипермияланған жэне ісінген негізде сұр қақпен жабылған бір немесе бірнеше ойық жара орналасады. Көбінесе жиі ойық жара ретромолярлы кеңістікте, ұрттың шырышты қабығындағы тістердің қабысу сызығында, тілдің бүйір беттерінде орналасады. Қызыл иек патологиялық процесске ұшырағанда гиперемияланған, ісінген, тиіп кетсең қанайды. Тіс аралық бүртіктер некроздалады. Ауыз ішінен іріңді иіс шығады, тризм болуы мүмкін. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған және ауырады.

жедел ағымы- Тамақ қабылдағанда, сөйлегенде күшейетін ауыз қуысы шырышты қабығының ауыруы, күйдіру сезімдері. Әлсіздік, көңіл күйдің нашарлауы, бас ауыру, дене температурасының көтерілуі, естен тануға бейімділік, ұйқының бұзылу. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы. Сілекей бөлінудің күшеюі. Ауыз ашудың шектелуі

созылмалы түрі- Ауыз қуысы шырышты қабығындағы сұр-ақ қақпен жабылған ауыратын ойық жаралар

Қызыл иектің қанауы

Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы