Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
innov_menedzhment_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875.48 Кб
Скачать
  1. Венчурлық капитал, венчурлық фирма, венчурлық бизнес туралы ұғымдар.

Венчурлы капитал дегеніміз – инновациялық компанияға тікелей инвестиция салу. Классикалық венчурлы қаржыландыру мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді: 1. қаржы тікелей акционерлік капиталдың белгілі бір үлесін құрайды; 2. инновациялық жобалардың не техникалық, не коммерциялық апробациясы болмайды, анықсыздық факторы жоғары болады; 3. шағын инновациялық кəсіпорынға салынатын қаржы кəдімгі дəстүрлі кəсіпорынның старттық капиталынан неғұрлым артық болады; 4. ол міндетті түрде күшті тəуекелге байланысты; 5. жобадан ұзақ мерзім уақытында пайда түспейді; 6. пайда компания акцияларын сатудан түседі; 7. «құпталған тəуекел» егер жоба ұтымды болса түскен пайда өте жоғары болады 8. инвестордың жеке қызығушылығы негізінде инновациялық жоба тиімділігі өседі. Жоғарғы технологиялы шағын инновациялық компаниялардың өмір циклдері. Венчурлы компаниялардың инвестиция салынуына байланысты мынадай түрлері болады: Seed – «өсіруге арналған компаниялар». Бұл тек идея жүзіндегі бизнес оны инновациялық жоба түріне келтіру үшін, қосымша зерттеулер, тəжірибелер жасауға, моделін құрастыруға белгілі бір қаржы бөлу керек. Егер инновациялық идея пайда əкелетіндей болса, онда оны əрі қарай қаржыландыруға шешім қабылданады, ал егер ол тиімсіз болатындай болса онда əрі қарай қаржыландырылмайды. Start-up – «жаңа ғана пайда болған компания». Бұл компанияда инновациялық процесстің алғашқы этаптары жүзеге асырылған. Бұл компаниялар енді ғана құрылып жатқан, бірақ менеджмент түрінде бар инновациялық процессті əрі қарай жалғастыруға дайын. Early Stag - «бастапқы кезең». Компания инновациялық процесстің ең соңғы сатысында, яғни инновациялық өнімді нарыққа енгізіп коммерциялық жолға түсуге əзір, бұл компаниялар инновациялық өнімді нарықта табысты сатып, қосымша зерттеулер жүргізуге қаржы алуға дайын. Expansion – «кеңейу» компаниялар кең түрде инновациялық өнімді сатып пайда табу үстінде, олар жаңа инновациялық жобаға қаржы алғысы келеді.

  1. ҚР-ғы венчурлық қорлардың даму жағдайы.

Ұлттық инновациялық жобаны құру мен дамыту жөніндегі бағдарлама көрсетілгендей ҰИЖ-нің ең басты элементерінің бірі – венчурлі қорлар. Осы бағдарламаларға сəйкес «венчурлік бизнесті инвестициялау» дегеніміз: - идеяның, жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер жəне оның коммерциялық əлеуетін бағалау; - алғашқы сериялық өндіріс жəне өнімді алғашқы сатулар; - өндірістің алғашқы кеңейтілімі жəне өнімді өткізу үшін жаңа нарықтарға шығу; Венчурлі қорлар – венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасау мен коммерциялауға бағытталған колмпанияларға жеке, отандық жəне шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қор - венчурлік инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құру арқылы немесе құрмай-ақ жеке жəне заңды тұлғалар капиталының шоғырлануын атайды. Қазіргі кезде елімізде ҰИҚ жəне шетелдік капиталдың қатысуымен бірнеше венчурлік қорлар жұмыс істейді. 1. «CASEF, LLC.» Шағын кəсіпорынды қолдау Орталық Азия Қоры. Қор «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, Шағын кəсіпорынды қолдау қоры – SEAF, Экономикалық істер жөніндегі Швейцария Үкіметінің Мемлекеттік Секретариаты – SECO, халықаралық қаржы Корпорациясы – қатысуымен құрылды. Қордың жарғылық капиталы – 4,2 млн. АҚШ долларын құрайды. 2. «Halyk Private Equity» АҚ «Halyk Private Equity» АҚ Венчурлік қоры 2005 жылы Ұлттық инновациялық қор АҚ жəне «Қазақстан Ұлттық Жинақ Банкі» АҚ қатысуымен құрылды. Басқарушы компания – «Halyk Finance» АҚ. Басқарушы компания банктік жəне кəсіпкерлік ортада жұмыс тəжірибесі мол, жоғары білікті мамандардан құрылған. Қордың жарғылық капиталы – 19,5 млн АҚШ долларын құрайды. 3. Венчурлік қорлар «Əрекет» Жоғары технологиялар Қоры АҚ «Əрекет» Жоғары технологиялар Қоры АҚ Қазақстан Республикасы экономикасының əртүрлі салаларындағы жоғары технологиялық жобаларды қаржыландырну мақсатында 2004 жылы ҰИҚ АҚ жəне «ТұранƏлемСекьюритиз» ЖШС қатысуымен құрылды. «Əрекет» Жоғары технологиялар Қоры қызметінің басты бағыты инновациялық жобаларды, сонымен қатар алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу жəне дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыратын компанияларды инвестициялау жəне оған инвестиция тарту болып табылады. 4.«Адвант» Венчурлік Қоры» АҚ «Адвант» Венчурлік Қоры» 2004ж. ҰИҚ АҚ жəне «Lancaster Group Kazahstan» АҚ қатысуымен кұрылды. Басқарушы компания- «Lancaster Group Kazahstan» АҚ. Басқарушы компания банктік жəне кəсіпкерлік ортада жұмыс тəжірибесі мол жоғары білікті мамандардан құрылған. Қордың жарғылық капиталы - 20,2 млн АҚШ долларын құрайды. 5. «Wellungton Partners Ventures III Technology Fund L.P.». «Wellungton Partners Ventures III Technology Fund L.P.» Венчурлік қоры 2004 жылы алдыңғы қатарлы еуропалық венчурлік қорлардың қатысуымен құрылды. Қор қатысушыларының құрамында ҰИҚ АҚ бар. Қордың Жарғылық капиталы 150 млн. АҚШ долларын құрайды. Басты қаржыландыру салалары: бағдарламалық құрулар, ақпараттық қауіпсіздік технологиялары, электроника. 6. «СентрасВенчурлік Қоры» Тəуекелдерді Инвестициялау «Акционерлік Инвестициялық Қоры» АҚ. «СентрасВенчурлік Қоры» Тəуекелдерді инвестициялау Акционерлік Инвестициялық қоры» АҚ ҚР экономикасының əр түрлі салаларындағы жоғары технологиялық жобаларды қаржыландыру мақсатында 2005 ж. ҰИҚ АҚ жəне Сентрас Капитал ЖШС қатысуымен құрылды. Қор қызметінің басты бағыты инновациялық жобаларды, сонымен қатар алдыңғы қатарлы жəне инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу жəне дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыратын компанияларды инвестициялау жəне оларға инвестиция тарту болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]