- •Инновация түсінігі. Инновация теориясының қалыптасуы.
- •Инновация түрлері. Инновациялық қызметтің дамуы.
- •Емтихан билеті № 2
- •Инновацияның өмірлік циклы және функциясы.
- •Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
- •Емтихан билеті № 3
- •Инновациялық идеяларды іздеу мен таңдаудағы әдістер.
- •Инновациялық қызметтің нормативтік базасы.
- •Инновациялық менеджменттің ұйымдық формалары
- •Емтихан билеті № 4
- •Инновациялық стратегиялар.
- •Инновациялық стратегиялар түрлері.
- •Инновациялық бизнес-жоспар.
- •Емтихан билеті № 5
- •Инновациялық ғылыми-техникалық бағдарламалар.
- •Инновациялық қызметті венчурлық қаржыландыру.
- •Интеллектуалдық меншік.
- •Емтихан билеті № 6
- •Инновациялық жобалар.
- •Емтихан билеті № 7
- •Емтихан билеті № 8
- •Емтихан билеті № 9
- •Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы.
- •Емтихан билеті № 10
- •Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар.
- •Қазақстанда инновациялық қорлардың даму бағыттары.
- •Шағын және орта бизнесті инновациялық тұрғыда дамыту.
- •Емтихан билеті № 11
- •Қазақстанда лизингті дамыту негіздері
- •Қазақстанда бизнес – инкубаторларды қалыптастыру.
- •Венчурлық бизнестің маңызы.
- •Емтихан билеті № 12
- •Қазақстанда ғылым мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау тетіктері.
- •Қазақстан Республикасында ғылыми – техникалық прогерсті басқару негіздері.
- •Емтихан билеті № 13
- •Емтихан билеті № 14
- •Инновациялық үрдістерді басқару жүйесі.
- •Инновациялық үрдістер және экономикалық даму.
- •Емтихан билеті № 15
- •Инновациялық үрдістің функционалдық біліктілігі.
- •Инновациялық әсер ету бағыттары.
- •Инновациялық үрдістерді басқару жүйесі.
- •Емтихан билеті № 16
- •Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерге талдау жасау.
- •Интелектуалдық меншік басқару обьектісі ретінде « Авторлық және сыбайлас құқықтар туралы», «Патентті заң» Қазақстан Республикасы заңдары.
- •Ғылымды ұйымдастыру және инновациялық ұйымдар мен кәсіпорындардың жіктелу нысандары
- •Емтихан билеті № 17
- •Қаржылар қажеттігін және қаржылық жағдайды бағалау.
- •Инновациялық қызметті басқарудың қаржы-экономикалық тұтқалары.
- •Емтихан билеті № 18
- •Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі тәуекелдіктерді азайту жолдары.
- •Венчурлық капитал, венчурлық фирма, венчурлық бизнес туралы ұғымдар.
- •Емтихан билеті № 19
- •Инновациялық жоба ұғымы және оның мазмұны.
- •Инновациялық жобалардың ұғымы мен мәні.
- •Басқару мәні мен қағидалары.
- •Емтихан билеті № 20
- •Инновациялық жобаларды жүзеге асыру.
- •Инновациялық процесс пен инновациялық қызмет түсінігі
- •Емтихан билеті № 21
- •Инновациялық жобаларды жүзеге асыру.
- •Инновациялық процесс пен инновациялық қызмет түсінігі
- •Емтихан билеті № 22
- •Инновациялық қызмет пен инновациялық процесс нәтижесінде пайда болатын тиімділік түрлері.
- •Инновациялық кәсіпкерліктің мәні.
- •Экономикалық дамудағы технологиялық кезеңдердің даму эволюциясы
- •Емтихан билеті № 23
- •Технологиялық кезеңдер.
- •Емтихан билеті № 24
- •Инновациялық өнімдер мен қызметтердің өмір циклдері.
- •Ғылыми – техникалық прогресстің қазіргі менеджмент жүйесіндегі орны
- •3. Білім, ақпарат алмасу жүйелерін басқару инновациялық технологиялар менеджментінің бір элементі.
- •Емтихан билеті № 25
- •Инновациялық технологияларды басқару процессінде шешім қабылдау ерекшеліктері
- •Бәсеке дамының рыноктағы инновациялық технологиялардың құндылығы.
- •Емтихан билеті № 26
- •Инновациялық қызметті ұйымдастыру түрлері.
- •Кәсіпорынның инновациялық деңгейін анықтау.
- •Инновациялық деңгейі бойынша кәсіпорындарды топтарға жіктеу.
Емтихан билеті № 17
Инновациялық менеджменттің технология мен әдістері.
1.Әкімшілік әдістер — басқарушы ішкі жүйе мемлекеттің заң актілерінің жүйесіне, фирманың нормативті- нұсқаулық және әдістемелік құжаттарына, жоғары тұрған ұйымдардың жоспарларына, бағдарламаларына, нұсқауларына, жобаларына сүйене отырып, басқарылатын ішкі жүйеге осы әдістер арқылы әсер етуі.
2.Экономикалық әдістер — мемлекеттің мекемелерімен (салық жүйеcі, қаражаттық – несиесаясаты) және фирмамен (фирманың қызметіне қажет экономикалық нормативтер, заттық марапаттау жүйесі, фирма жұмысының сапасы мен нәтижелілігінің жауаптылығы) реттеледі.
3.Теңдік әдісі – шаруашылық қызметінің өзара байланысқан көрсеткіштерін салыстыру. Салыстырудың негізгі мақсаты- көрсеткіштердің бір — біріне жасаған ықпалын өлшеп, айқындау. Сонымен қатар өндіріс нәтижелерін жоғарлауын есептеу;
4.Әлеуметтік – психологиялық әдістің негізгі бағыты — ұжымда адамгершілік ауа-райын басқару. Оның басты шарты — қызметкерлердің денсаулығын, моральді– психологиялық жағдайын, заң мен еңбек тұралы заң кодексі және басқа нормативті актілердің талаптарының сақтауынан тұрады.
5.Желілі әдістер – жұмыс кешенінің сүрет үлгілерінің құруынан тұрады. Оның негізгі бағыты — уақыт мезетінде сақталып қалған және жолдың ұзақтығы мен оның құндылығын санап, бағалап қойған өзара жүйелі байланысқан әрекеттер мен жұмыстардың бірыңғай нұсқаулардың орындалуынан тұрады.
6.Талдау әдістері–тұтас құрылымның элементтерге ыдырату мен олардың өзара байланыстыруынан тұрады. Негізгі мақсаты- сапасын арттыру, болжаулар жасау, ықшамдау, негіздеу, жоспарлау және объектінің даму туралы шешімін шапшаң басқару арқылы іске асыру (жоспарды салыстыру әдісі, факторлық талдау — фактордың нәтижеге жасалған ықпалының дәрежесі, функционалды- құндылықтың талдауы).
Қаржылар қажеттігін және қаржылық жағдайды бағалау.
Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сан алуан өзара байланыстар ақша арқылы қауышып, жүзеге асып жатады. Сонымен бірге ақша тауарлар айналысынан бөлектеніп, біршама өз алдына қозғалыс жасайды. Осы қозғалыстың нәтижесінде, біріншіден, мемлекеттің, кәсіпорындардың, фирмалардың және халықтың ақша қорлары құрылады, екіншіден, ақша айналысының өзі түзіледі. Экономикалық қатынастардың айрықша нысаны ретіндегі қаржы ұғымы осы ақша қорларының қозғалысымен тікелей байланысты және ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың кең көлемін қамтиды. Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категориясының жүйесінде (ақша, баға, несие, пайда, жалақы т.б.) тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен сипатталады.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелу кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар- ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды.
Қаржы аталымы тұңғыш рет «ақшалай төлем» мағынасымен ХІІ-XV ғасырларда Италияда кең қолданылды. Кейін ол халықаралық дәрежеде таралып кетті және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындауға жұмылдырылатын ақша ресурстарын жасаумен байланысты ұғым ретінде қолданыла бастады. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша тасқынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Экономикалық өмірде қоғамның сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушының қаражаттарының қозғалысы түрінде бейнеленеді. Құбылыстарда бұл құбылыстар нақты ақшамен немесе нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде көрінеді. Алайда ақшаның кез-келген қозғалысы қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі экономикалық категориялардың-бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын қауыштырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорынның, фирманың бір-бірімен нақты ақшасыз жасасатын есеп айырулары; негізгі капиталға жұмсалатын амартизациялық соманы есептеу; пайданы бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің, кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар.
Қаржының қажеттігі тауар-ақша қатынастарының болуымен байланысты. Тауар өндірісі иен дамыған нарықтық айырбас кезінде өндіріп, оны бөлу екі нысанда натуралды-заттық және құндық нысанда жүргізіледі. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды-заттық нысандағы өнім қозғалысын жүзеге асыратын белгілі ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Ақша қорлары қозғалысының процесінде пайда болатын ақша қатынастары, экономикалық қатынастар қаржының мәнін құрайды. Бұдан қаржыны өндірістің объективті түрдегі қажеттілігі категориясы деп айтуға болады.
