Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
innov_menedzhment_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875.48 Кб
Скачать
  1. Шағын және орта бизнесті инновациялық тұрғыда дамыту.

Шағын инновациялық бизнес инновациялық саладағы маңызды қозғаушы күштердің бірі. Шағын инновациялық бизнес қазіргі күні бүкіл дамыған мемлекеттердің экономикасының өсуіне қомақты сома əкеліп отыр, өйткені бизнестің бұл түрі көптеген артықшылықтармен ерекшелінеді. Шағын инновациялық компаниялар тəуекелге өте жақын, сондықтан оларды венчурлы компаниялар деп те атайды. Шағын иновациялық бизнеске мынадай ерекше қасиеттер тəн: - Шағын инновациялық бизнес кез келген сала бойынша зерттеу жұмыстарын жасауға лайықты; - Ірі компаниялардың инновациялық жобаларды игеруге қаржылық мүмшіліктері көп болса да, күрделі басқару пирамидасының кедергілерінен инновациялық процесс өте баяу жылжиды; - шағын инновациялық компаниялардың басқару құрылымы күрделі болмауы себебінен олар рынок өзгерістеріне тез икемделіп, бейімделе алады; - инновациялық процесс тезірек жылжиды; - шағын инновациялық жоғарғы технологиялық компанияның өмір циклін белгілі бір кезеңдерге бөледі. Өйткені осы кезеңдерге байланысты венчурлы қаржыландырудың сомасы, уақыты анықталуы тиіс классикалық түрде шағын инновациялық компанияның өмір циклі мынадай кезеңдерден тұрады: 1-инвестиция салынғанға дейінгі; 2 -инвестициялық; 3- постинвестициялық кезең деп бөледі. Инвестиция салынғанға дейінгі кезеңде мынадай қызметтер атқарылады: жоба идеясының пайда болуы; потенциалды инвесторларды іздестіру; алғашқы бизнес-жоспарды əзірлеу. Инвестициялық кезеңде мынадай қызметтер атқарылады: инвестицияның бастапқы сомасын алу өнім моделін жəне маркетинг бағдарламасын жасау; өнімді рынокқа шығару жəне инвестиция бойынша пайданы бөлу. Постинвестициялық кезең инвестициялық қаржыландыру мерзімінің аяқталуы енді инновациялық компания мен инвестор əрі қарай бизнестің дамуы бойынша шешім қабылдайды.

Емтихан билеті № 11

  1. Қазақстанда лизингті дамыту негіздері

Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді. ренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар: Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін; Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін; Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.  

  1. Қазақстанда бизнес – инкубаторларды қалыптастыру.

Бүгінгі күнгі қолданылатын бизнес-инкубаторлар кәсіпкерлер арасында белсендік және танымалдық танытпай отыр. Негізінде, бұлар үй-жайды жалға алатын, коммуналдық қызметтерді төлейтін және олардың негізгі қызметтері әр түрлі кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының және бизнес-орталықтардың функцияларын қайталайтын офистік үй-жайларды жалға беруге ұсынуға және консультациялық қызметтерді көрсетуге бағытталған ұйымдардың шоғырланған стандартты инфрақұрылымдық қолдау орындары. Кәсіпкерлік инфрақұрылымын элементінің бірі болып табылатын, бизнес-инкубаторлар мемлекет, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, ірі, оның ішінде жүйе құратын, кәсіпорындар тарапынан басым көңілді және қолдауды қажет етеді, осылайша олардың дамуы бірыңғай жолдар арқылы шешімдерді әзірлеу мүмкін емес.  Бизнес-инкубаторлардың тиімді жұмыстарының басты көрсеткіші және негізгі өлшемдері нарықта көбірек немесе азырақ тұрақты орынға жеткен және бұдан әрі өздігінен дами алатын деңгейдегі өнеркәсіп сегментіндегі құрылған жаңа шағын кәсіпорындардың саны болуы тиіс. Бизнес-инкубаторлардың қызметі бастапқы кәсіпорын-өндірісші ретінде өндірістік үй-жайларды, жабдықтар және ілеспелі қызметтер түрінде, оның ішінде бизнес-жоспарын құрудағы талдамалық және маркетингтік зерттеулер, консалтингтік қызметтер (заң, бухгалтерлік және консультациялардың басқа түрлері) көмегімен кешенді қолдау алу керек. Бизнес-инкубаторларының негізгі мақсаты инновациялық жоғары технологиялық өндірістерді, сондай-ақ өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өндіріс орындарын қолдау болып табылады.  Аумақтардағы бар көптеген бизнес-инкубаторлар индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементінің бірі болып табыла отырып, өз қызметтерін технологиялық парк аумақтарында құрады және жүзеге асырады, өйткені олардың қызметі технологиялық парктердің, индустриялық аймақтардың дамуымен байланысты. Бизнес-инкубаторлардың қызметі халықаралық стандарттарды және сертификаттарды енгізу арқылы жоғарғы қосылған бағамен, жұмыспен қамтылған, шағын және орта бизнесті қолдау, өндірістің сапасын жоғарлатумен жаңа өнім өндірістерін құруға жәрдемдесуге бағытталған болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]