57. Психогеометриялық тест
Өткізу топтары: 1-5 сыныптар
Қатысушыларға 5 геометриялық фигуларды таңдауға беріледі. "Бұл – мен!" деуге тұрарлық қалаған фигураны таңдаңыз. Бірақ көп ойланып, логикалық талдаудың қажеті жоқ. Өз формаңызды сезінуге тырысыңыз. Егер қиналсаңыз, бір қарағандай – ақ назарыңызды аударған фигураның тұсына №1 белгісін қойыңыз. Қалған 4 фигураның ішінен өзіңіз ұнатқаныңызды №2 деп белгілеңіз. Осылайша қалған 5 –еуін белгілеп шығыңыз. Ең ұнатқан №1 және №2 фигуралары- бұл өзіңіздің психологиялық мінезіңізге жақын болатыны, ал №3,4,5 – бұлар сіз жақтыртпайтын қасиеттер. Сізге №3,4,5– фигураларын ұнататын адамдармен қарым – қатынасыңыз қиындау тиеді. Тесттің 80% - жуық келеді ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Фигура Тіктөртбұрыш
Жағымды
* Белсенді, қызба /* Ізденгіш /* Білімқұмар /* Жаңалықты тез қабылдағыш /* Артық шамданбайтын /* Батыл
Жағымсыз
* Қысылып сасқалақтаған кезде, абыржитын /* Тиянақсыз, тұрақсыз /* Анқау, көнгіш /* Эмоционалды түрде тұрақсыз /* Аңсыз, аңдаусыз адам
Фигура Үшбұрыш
Жағымды
* Өз соңынан ертер, топбосшы/* Жауапкершілікті өзіне қабылдайды/* Батыл/* Мақсатқа жетуге жинақталған/* Істің мәніне бағытталған/* Жеңісті көздеген бәсекешіл/* Өзін - өзі сенімді/* Намысшыл/* Жігерлі
Жағымсыз
* Өзімшіл/* Үзілді- кесілді, қарсы сөзді кешірмейтін/* Өзгенің сөзін бөлетін, шыдамсыз/* Арам, зұлым/* Менмен/* Атақ құмар/* Ұстамсыз
Фигура Шаршы
Жағымды
* Мұқиат, жинақы/* Ұсақ – түйекке ұқыпты/* Еңбексүйгіш/* Орынды, саналы (зерделі)/* Мағлұматты, білімді/* Табанды, өжет/* Шешімдерге берік/* Шыдамды/* Ұқыпты
Жағымсыз
* Педант (әріпшіл), яғни ұсақшыл, қазымыр/* Астындағы атын алты ай іздейді/* Еңбекқор/* Адам жатырқайтын, салқын/* Тым сақтанғыш/* Қиялы онша үлкен емес/* Қырсық, кертартпа, қарсыласқыш/* Аңысын аңдыған, шешім қабылдап болмайтын
Фигура Зигзаг
Жағымды
* Өмірге деген творчестволық көзқараста болуы/* Теориялық тұрғыда ұстануы/* Болашаққа бағытталған, арманшыл/* Интуициялы/* Сөз тапқыш, өткір тілді/* Мәнерлі, бейнелі/* Турашыл/* Жаңашылдыққа ұмтылған/* Шаттанғыш, жанданған
Жағымсыз
* Ұйымдаспағандық, жинақы емес құнтсыз/* Нақсыз/* Қисынсыз ойлайтын, тиянақсыз/* Қара басын ойлайтын/* Ұстамсыз, тіке, қарым – қатынасы және мінез – құлқы құбылмалы/* Аңқау
Фигура Шеңбер
Жағымды * Жылы шырайлы, тілектес, жақсылық тілеуші/* Ақкөңіл/* Қамқоршы, қолғабыс беруші, жан қияр, берілген/* Жаны ашығыш/* Кең пейілді/* Мырза, жомарт, қолы ашық/* Өзгелерді сендіруге қабілетті* Сенгіш/* Сабырлы, байыпты/* Рефлективті (сана – сезімге қабілетті)/* Дау – жанжалды жақтырмайды
Жағымсыз * Талап етпеуші, біреуге көнгіш/* Шалағай, бейқам, салақ/* Жабысқақ мінезді, жалықтырғыш/* Мылжың, өсек айтқанды ұнатқыш/* Өзін - өзі кінәлауға қабілетті/* Ысырапшыл/* Өзгелердің сезімде ойнағыш/* Көнгіш/* Жалқау/* Жетістікке жетуге онша ұмтылмайтын/* Жасқаншақ, тартыншақ* Әлсіз "саясаткер"
Қоғамдағы адамдарды психологиялық зерттеу қажеттілігі бүгінгі таңдағы тың белгі болып табылады. Ал мүгедек азаматтар да осы қоғамның толыққанды мүшелері – олар еңбек етеді, қоғамның іс-шараларына қатысады, белсенді өмір сүреді. Мінез-құлық ерекшеліктерін білу олармен де жұмыс жасауда, қарым –қатынас жасауда көмек берері сөзсіз.
