41.Оқушылардың агрессиясын Басса-Дарки әдістемесімен зерттеу. Зерттенушілердің мазасыздану деңгейін өлшеуге жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки) әдістемесі, пиктограмма (сурет салғызып, оны психологиялық талдау жасау әдістемесі пиктограмма деп аталады) әдістеменің үй, тал, адам және менің отбасым кешқұрым түрлерін қолданып, нәтижелерін ереже бойынша талдап шықты. Басса-Дарки әдістемесі. Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршағаң орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым куалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратып теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард). Агрессия терминімен жеке тұлғаның субьект субьекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екендігін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Жеткіншек жас кезінде себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, нормадан тыс дамыған жұмысын жүргізуі керек. А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі еқі топқа бөледі. Біріншісі – мотивациялық агрессия. Осы құбылысты туғызған себеп сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі - инструменталдық агрессия немесе өзін-өзі қорғау үшін, басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның формасын диагностикалауға болады. Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі.Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.А.Басс және А,Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі -мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі - инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.
Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасаған:
Әр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналған. Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.
Бағалау шкаласы.
Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады.
Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды баллға аударып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады. Біріншісі қастандық индексі деп аталады да ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады. Ал екіншісі, агрессия индексі - 1, 3, 7 шкалалар қосындысы бойынша анықталады.
6,5 плюс-минус 3 - қастандық көрсеткіші нормада екенінің белгісі;
21 плюс-минус 4 - агрессияның нормадағысын көрсетеді.
Баланың агрессиясын анықтағанда бір әдістемені қолданып, сол бойынша қорытынды жасауға болмайды. Міндетті түрде Кеттел, Шмишек, Спилбергер т.б. проективтік әдістемелердің нәтижесімен салыстырып анықтау қажет.
43. Айзенк сауалнамасы. Мақсаты: тұлғаның темперамент типін анықтау.Құрал-жабдықтар: 60 сұрақтан құралған, арнайы дайындалған бланкі.Нұсқау: берілген тұжырымдармен келіссеңіз «иә», келіспессеңіз «жоқ» деп жауап беріңіз. Қорытынды: Басында бақылау сұрақтары арқылы зерттелушінің берілген сұрақтарға қаншалықты шынайы жауап бергендігі анықталады. Егер бақылау сұрақтарына берілген жауап кілтпен 3 жағдайда сай келсе, онда зерттелуші жауап беру кезінде өзін жақсы етіп көрсету үшін асырмалы түрде жауап берген, яғни шынайы емес. Мұндай жағдайда берілген жауапқа сенуге болмайды және сенімді қорытынды жасай алмайсың. Егер сәйкестік 3 жағдайдан кем болса, онда сенуге болады.
Егер ол 9 не одан жоғары балл жинаса, онда қандай да бір темперамент қасиеті зерттелушіде басым деп саналады; 4 баллдан аз алса – төмен дамыған; 5-тен 8-ге дейін балл жинаса орташа дамыған даеп саналады.Адамдағы темперамент типінің басымдылығын қорытындылау үшін әр түрлі темперамент қасиеттері бойынша алынған көрсеткіштің нәтижесін салыстыру негізінде жасалады.
Сангвиник – барлық қасиет бойынша орташа көрсеткіш.
Холерик – Энергиялылығы, ырғақтық және эмоционалдық бойынша жоғарғы көрсеткіш; ептілік бойынша жоғарғы немесе орташа көрсеткіш.
Флегматик – Барлық қасиеттер бойынша төмен көрсеткіш.
Меланхолик – энергиялық, ырғақтық, ептілік бойынша төмен көрсеткіш; эмоционалдық бойынша жоғарғы немесе орташа көрсеткіш.
Адамның нақты қай типке жататынын анықтау үшін даму деңгейінің көрсекіші толық сәйкес келуі керек. Қалған жағдайда адамдарда темпераменттің аралас типі бар деп есептеледі. Әр зерттелушіге темпераменттің 2 типі орнатылады: біреуі – жұмыста көрінетін, екіншісі – адамдармен қарым-қатынаста көрінетін. Сипатталып отырған әдістеменің көмегімен адамның мына темперамент қасиеттерін анықтауға болады: энергиялылығы, ептілігі, ырғақтылығы және эмоционалдығы. Энергиялылығы – бұл адамның практикалық жұмыста немесе адамдармен қарым-қатынаста кезінде көрінетін белсенділік деңгейі. Ептілігі – бұл адамдармен қарым-қатынас кезінде іс-әрекеттің өзгеруі немесе бір істі орындаудан басқа іске ауысудың жеңілдігі. Ырғақтығы – бөлек әрекеттерді, операцияларды және қозғалыстарды орындау жылдамдығы. Эмоционалдық – адамдармен қарым-қатынаспен, практикалық іс-әрекетпен байланысты әр түрлі жағдайдағы адамдардың эмоционалды жауап беруге бейімділігі.
Адамдардың темпераменттік қасиеті жұмыста немесе қарым-қатынас сферасында әр түолі көрінуі мүмкін. Сондықтан бұл әдістемеде қарым-қатынаста немесе іс-әрекетте көрінген темперамент жеке бағаланады.
44. Кеттел тесті Жеке бастық көп факторлы Р.Б. Кеттел сұрақтамасы 1949 жылы басылып шықты, содан бергі психодиогоностикалық пратикада кеңінен қолданылып келеді.
Бұл тест әмбебап тиімді және даралық туралы көптеген мәліметтер береді. Қойылатын сұрақтар күнделіктік өмірлік жағдайларды көрсететін жай сұрақтардан құрастырылған.
Қазіргі кезде осы сұрақтаманың әр түрлі формалары жеке басты зерттеуде экспресдиогоностикалары әдіс. Бұл тест адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін білу керек болғанда, барлық жағдайда қолданылады. Бұл тесте Кеттел сұрақтамасының қысқартылған түрі ұсынылған. Ол 105 сұрақтан тұрады.
Зерттеу уақыты 20 минуттан 50 минутқа дейін сұрақтамасымен жұмыс істеу нұсқауда берілген. Жауаптар арнайы жауаптар бланкісіне тіркеледі. Содан соң арнайы «кілт» арқылы есептеленеді. «а» және «с» кілттері бойынша жауап сәйкес келсе онда ол 2 ұпайменесептеленеді «в» кілтімен тура келсе - 1 ұпай. Әр бөлігінен топ бойынша берілген сұрақтардың жауаптарының қосындысы белгілі факторды береді. Фактор в – да кез келген жауап - 1 ұпайға тең. Сонымен ең жоғарғы ұпай әр фактор бойынша - 12 ұпай, ал фактор в бойынша - 8 балл, ең төменгі – 0 ұпай.
Нұсқау: Сіздің алдыңызда бір қатар сұрақтар, олар сіздің жеке бастық қасиеттеріңізді анықтайды. Мұңда «дұрыс» немесе «қате» жауаптар болмайды. Адамдар әр түрлі және әркім өз пікірін айта алады. Шыншыл және дәл жауап беруге тырысыңыз.
Өзіңіздің аты жөніңізді берілген жауаптар бланкісінің жоғарғы жағына жазып қойыңыз.
Әр сұраққа жауап бере отырып, сіз үш жауаптың бірін таңдауыныз керек: Сіздің көзқарасыңызға, өзіңіздің пікіріңізге жақынырақ жауапты таңдауыңыз.
Келесі түрде жауап беру керек:
Дұрыс келетін жауапты жауаптар бланкісіндегі сәйкес клеткасына қосу таңбасы арқылы, анығырақ белгі жасаймыз. ( сол жақ клетка «а» жауабына сәйкес, ортаңғысы «в» жауабына, ал оң жағындағы «с» жауабы).
Сұрақтаманың өзіне ештеңе жазбаңыз және сызбаңыз! Егерде сізге қандайда бір сұрат түсініксіз болса, зертеушіден сұраңыз. Жауап беріп отырғанда мына 4 ережені есіңізде сақтаныз.
1. сұрақтың жауаптарын ойлауға көп уақыт кетірудің қажеті жоқ. Басыңызға келген бірінші жауапы беріңіз. Кейбір сұрақтар сізге ыңғайлырақ етіп қойымайды, бірақ жауап бере отырып, ондай жағдайда ортаңғы жауапты алыңыз. Жауапты дәлірек беріңіз. Бірақ сонша баяу емес, бір минутта шамамен 5 – 6 сұраққа жауап беріңіз.
Барлық жауапқа 30 минуттай уақыт жұмсауыңыз керек.
2. Жауап бере отырып өтпелі жауаптарды таңдай бермеңіз. Мысалы : «білмеймін» , «орташа» т.с.с.
3. міндетті түрде сұрақтарыңыз барлығына жауап беріңіз. Кейбір сұрақтар сіз үшін келіспеуі мүмкін, бірақ ең дұрыс жауапты беруге тырысыңыз. Кейбір сұрақтар жеке басты болуы мүмкін, бірақ сіз қорықпауыңызға болады, өйіткені жауаптар ешкімге көрсетілмейді. Жауаптар арнайы «кілттің» ашылады, бұл тек зертеуші ғана болады және әр бір жауап тексерілмейді, бізді тек көрсеткіштері ғана қызықтырады.
4. Шын және нақты жауап беріңіз. Өз жауаптарыңызбен жақсы әсер қалдыруға тырысыңыз. Олар шындыққа сәйкес келуі керек. Дұрыс берген жауап кезінде, өзіңізді жақсы білетін боласыз.
45 . К.ТОМАСТЫҢ ДАУ-ЖАНЖАЛ ӘДІСТЕМЕСІ
К.Томастың айтуынша екі жақты модельді дау-жанжалды бір арнаға келтіру болып табылады. Осы екі өлшемге байланысты К.Томас дау-жанжалды бір арнаға келтіру үшін келесі тәсілдерді ұсынды: 1) Бақталастық;2) бейімделушілік;3) мәміле; 4) қашқақтау; 5) ынтымақтастық.
К. Томастың айтуынша дау-жанжалдан қашқақтау кезінде бірде-бір жақ та жетістікке жетпейді, осындай жағдайда мінез-құлық бақталастық сияқты мәміле құралы немесе бір қатысушы жеңіске жетеді, ал екінші жеңіледі немесе екеуі де жеңіледі немесе мәмілеге келеді. Ынтымақтастық жағдайда ғана екі жақ та жеңіске жетеді. Өзінің сауалнамасында мінез-құлықтың типтік формасын анықтауда К.Томас кӛрсеткендей 5 оқылған нұсқа-лардың әр біреуін индивидтің дау-жанжалды ситуациясындағы мінез-құлық туралы 12 түрлі ойлармен бейнелейді. Әр түрлі сәкестіктерде олар 30 жұпқа біріктірілген, әр біреуінде респондентке оның қалыпты мінез-құлығына сай ойды таңдап алу ұсынылады.
46. Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады. Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын. Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді. Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады
48. Рөлдік ойын — біріккен топтық ойын, мұндай ойынға қатысушылар әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайды (әлеуметтік рөл): анасының, әкесінің, тәрбиешінің, дәрігердің, оқушының т.с.с. Рөлдер теориясы — әлеуметтік рөл түсінігіне сүйенетін, тұлғаның және тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік психологиялық теориясы. Рөлдер теориясы адамның рөлдік қылықтық терминдеріндегі тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады. Рөлдік ойынның мәні: а) тіл үйренушінің сол тіл арқылы қатынас жасауына деген қызығушылықтарын арттырады; ә) қажетті сөздерді неғүрлым көп меңгерсем, дүрыс жауап берсем деген ойды туғызады; б) ойын барысында тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады; в) тіл үйренушінің шет тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады. Рөлдік ойындар студенттердің болашақ мамандығының ерекшелігімен толығырақ танысуға да септігін тигізеді. Зерттеушілердің пікірінше, «рөлдік ойын, оның табысы көп жағдайда оқытушыға байланысты. Ол мүғалімнің ұйымдастыру және өткізу қабілеттеріне қатысты». Рөлдік ойынның барысы. Рөлдік ойындар дәстүр бойынша микроэтюдтар мен макроэтюдтарға бөлінеді. Микроэтюд бойынша ойыншылар төрт адамнан аспауы керек. Ал макроэтюдта ойынға бес адамнан бүкіл топқа дейін қатысуы мүмкін. Рөлдік ойындар бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге негізделеді. Мәселен, білімгерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын дұрыстау, әлеуметтік теңсіздікті жою т.б. Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қальштасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері хақ. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін, мамандыққа қатысты терминдерді қолдана білу деңгейлерін дамытады.
Қоғам дамуының осы сатысында ойынның жаңа түрі — рольдік ойын пайда болады. Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттілігін - үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес. Өзімен-өзі жүрген балалар өзара бірігіп, қоғамдасып, үлкендердің әлеуметтік қатынасы мен еңбек іс-әрекеттерінің негізгі белгілерін қайталайтын ойын ұйымдастырып, өздері үлкендердің ролін орындауды алады. Сөйтіп, өндіріс пен өндірістік қатынастардың күрделіленуіне байланысты баланың қоғамдағы ерекше орнына олардың үлкендермен ортақ өмірінің ерекше формасы ретінде біреудің ролін ойнау пайда болады.Рольдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.Рольдік ойынның алғышарттары ерте балалық шақ бойына заттық іс-әрекетте пайда болады. Олар заттың ерекше тегінің— ойыншықтардың іс-әрекеттерін игеруден тұрады. Ерте балалық шақтың өзінде-ақ балалар үлкендермен бірлесе қимыл жасап, ойыншықтарды ұстап-тұрудың кейбір әдістерін үйренеді, ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады. Мұндай іс-әрекеттерді, әдетте, ойын деп атайды, бірақ дәл мына жағдайда осылайша тек шартты түрде ғана айтылуы мүмкін. Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта,тілді меңгеруге ынтызарлықты оята отырып орындаушылық қабілетке де жетектейді.Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем,тауып айтсам деген ойды да туғызады.Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады.Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп,өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді. Рольдік ойындар,негізінен,тұрмыстық,қоғамдық-саяси,ғылыми,кәсіптік қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді.
49. Психогимнастика – бұл баланың көңіл-күй ахуалын реттеуге арналған арнайы жаттығулар кешені. Негізгі мақсаты – қарым-қатынас барысындағы кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау.
Біз белгілеген психогимнастика курсы 4 кезеңнен тұрады:бірінші кезеңде қозғалыстың мәнерлі белгілерін үйрету. екініші кезеңде көңіл-күйін реттеуге мәнерлі белгілерді қолдана білуге баулу; үшінші кезеңде жоғары сезімдерді дамытуға мәнерлі қозғалыстарды пайдалану;төртінші кезеңде босаңсу дағдыларын үйрету жүзеге асырылады.Психогимнастика курсынан толық өткен балалардың құрдастарымен қарым-қатынасы жақсарады; сезімдерін сыртқа шығаруды үйренеді; басқалардың көңі-күйін түсіне білетін болады; мінездерінде батылдық, әділдік, мейірімділік, өз-өзіне сенімділік сапалары қалыптасады; қорқыныш, сақтық, қауіптену, сенімсіздік секілді жүйке ауруының белгілері жойылады. Психогимнастикалық жаттығулардың нәтижесінде жалпы топта және оның әрбір мүшесінің жағдайында өзгерістер байқалуы мүмкін, сондай-ақ талқылау мен сезінуді қажет ететін деректер алуға болады, ол деректерді талқылау мазмұндылық жоспарды ілгерлетуге септігін тигізуі мүмкін. Психогимнастика – бұл танымдық және эмоционалды жеке аймақты дамытуға және түзетуге бағытталған арнайы сабақтардың (жатттығулар мен ойындар) курсы. Бұл курста келесілерге басым көңіл бөлінеді:Айқын қозғалыс техника элементтерін үйрету;Эмоция мен жоғары сезімдерді тәрбиелеуде айқын қозғалыстарды қолдану;Өзіy – өзі таныстыру дағдыларын игеру.Бұл әдістеменің жалпы міндеті балалардың психикалық денсаулығын сақтау және эмоционалдық бұзылудың алдын алу. Психогимнастика курсынан өткен балалар соңында, құрдастарымен қарым – қатынасқа жеңіл түседі, өзінің сезімдерін жеңіл білдіреді. Басқалардың сезімдерін жақсы түсінеді, мінездің оң қыры қалыптасады, жүйке жүйесінің көріністері ысырылады.Психогимнастика келесі жағдайларда қолданылады: Балалардың бойындағы қорқынышты жою Мектепке баруға қорқу;Кіші және үлкен дәретті ұстай алмауымен байланысты бұзылулар;Эмоционалдық аймақтың бұзылуы;Тәртіп пен мінездегі қиыншылықтар, Психоматориканың бұзылуы;Сабақ барысында қолданылады:Әр түрлі ойын түрлері;Еркін және тақырыптық суреттер;Музыка;Театрландырылған іс – әрекет элементтнрі.«Психогимнастика» тар мағынада ойындар, этюдтарды білдіреді, оның негізінде топтағы коммуникацияның басты тәсілі ретінде қозғалу экспрессиясын қолдану жатыр. Бұндай психогимнастика топтық психокоррекцияның мәселелерін шешуге бағытталған, яғни қарым- қатынасқа түсу, кері байланыстарды өңдеу және т.б. Кең мағынадағы психогимнастика - бұл адамның танымдық, эмоционалды-тұлғалық аумақтарын дамыту мен коррекцияға бағытталған арнайы жұмыстар курсы. Психогимнастика топтық жұмыстың вербальды емес әдісі ретінде әсерленулердің, эмоционалды жағдайларын, қозғалу, мимика, пантомимика арқылы мәселелердің айқындалуы, клиентке сөзсіз өзін көрсетуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл реконструктивті психокоррекцияның мақсаты- клиенттің тұлғасын тану мен өзгерту.
50. Психодрама (психо... және гр. drama — іс-әрекет) — топтық психотерапияның бір түрі; мұнда пациенттер актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталады: бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді. Психодрама ұғымын және процедурасын Д.Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір құралы деп түсіндірді. Шет елдерде сау адамдардың топтарындағы қақтығыстарды жою әдісі дегенді білдіретін "социодрама" деген термин де пайдаланылады. Ол үшін мінез-құлықтың ырықтылығы, белсенділігі, жағдайға оралымдылығы маңызды. Психодрама невроздар, соның ішінде балалардың невроздары кезінде, психосоматикалық аурулар мен алкоголизм кезінде, пспхопатиялардың асқынулары мен жасөспірімдердің ауытқыма мінез-құлықтары кезінде қолданылады. Отбасылық психодрама болуы мүмкін. Психодраманың элементтері мінез-құлықтық терапияға, әлеуметтік-психологиялық тренингке, іскерлік ойындарға кіреді.[1] Психодрама ведет свою историю с начала 1920-х годов. 1 апреля 1921 года в венском театре[2] врач Якоб Леви Морено представил публике экспериментальную постановку «на злобу дня». В процессе игры актеры импровизировали и вовлекали в действие зрителей. Постановка с треском провалилась, тем не менее этот день — день смеха — считается днем рождения психодрамы.После переезда в США Морено основал в г. Биконе институт, ставший центром развития психодрамы. Открытие центра в Биконе связано с историей, характеризующей Морено не только как философа, врача, психолога и социолога, но и как инженера. Морено вместе со своим другом разработал аппарат, являющийся прототипом магнитофона, и записывал на него свои группы. После переезда в США, Морено получил патент на свое изобретение, и на эти деньги открыл центр в Биконе. Его жизнь, а также много связанных с ней мифов и легенд (неизвестно даже точное место и время рождения Морено), описаны в книге Рене Марино «История Доктора».В журнале «Имаго» (основан Фрейдом в Вене в 1913 г., позже издаваемый в США) посвященном неклиническим аспектам психоанализа, психодраме, социометрии и групповой психотерапии, наравне с Морено публиковались такие известные психотерапевты как Фриц Перлз, Эрик Берн, и другие.
51. «Дос іздеу»
Мақсаты: Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.Құрал жабдықтар: қағаз қалам
Барысы:
Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:
- бір-бірін тындау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым-қатынас
- жағымды эмоция тудыру
Ережелерді оқушылар хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.
Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өз аттарын айтады және қасындағыға адамға жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)
Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.
I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?
-Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?
ІI. Тақырып бойынша жұмыс: Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын...
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...
Ашық айтқанда, маған ұнамайды...
Ашық айтқанда, мен қуанамын...
Психолог:
-Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?
-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?
ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».
Психолог:
-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,
хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».
-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.
Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.
ІV. Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма?
V.Үй тапсырмасы. Оқушыларға «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта өз портретін салу ұсынылады.
Қорытынды: Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек йтып сабақты аяқтаймыз.
52.Адам кейпі Психологиялық жаттығулар, ойындар (тренинг) адамдар арасындағы қарым-қатынасты, таным процестерін, қасиеттерді корреляциялауда пайдаланылады. Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділігін туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзіңді бақылауға байқағыштықты дамытуға жол ашады.
Треннингтің қандай модификациясы ұйымдастырылса да топтық жұмыстың бір қатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір мүшесінің дамып, кез келген іс-әрекеттерін игеруіне өзіндік белсенділік таныту топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоциялыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болады.
Мұнда ең алдымен өткізудің тәртіптері жасалады.
1. Әрбір жаттығудың жағымды эмоциялық фонда жүргізілуін қамтамасыз ету керек.
2. қатысушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік беру керек
Зейінді дамытудың дұрыс жолы - ол өзіңді түрлі жағдайларда жұмыс істей білуге үйрету. Жалпы зейінді аудару үш жолмен жүреді.
- Объектіден объектіге зейінді тез аудару қаблеті
- Маңызды объектіні бөліп қабылдау
- Оптималды маршрутты қабылдауды таңдау қабілеті
Сондықтанда біз қарым-қатынаста зейіннің қасиеттерін дамыту мақсатында әр түрлі психотехникалық жаттығулар жүргіземіз.
53. «Кірпіш»Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.Қорытынды: Оқушылар бүгінгі өткен сабақ жайлы өз ойларын «кілм тоқу» әдісімен өтеді (бір-бірлеріне жіп шетін ұстату арқылы) тоқыған кілемді жерге қойып оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.
